Қарақшы босатады.
Сиқыршы: абра –кадабра,, сим сала бим ( 2рет)
Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!
Осы кезде қарақшылар күлімдеп :
Қарақшы -ООО қандай сүйкімді балалар!
Қандай әдемі балалар!
Киімдері сондай керемет екен!
Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды
Сосын бір-біріне қарап:
-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.Сендерге ше балалар?
ӘЙ біз бір би билеп жіберейікші кәне!
Қарақшылардың биі Жүргізуші: -қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар Мыстан кемпір: Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
Жүргізуші : -балалар мынау кім?
Балалар:-Мыстан кемпір
Жүргізуші: -Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады) Мыстан кемпір: -О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Жүргізуші:-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?