Қазақ билері



бет4/6
Дата25.01.2023
өлшемі14,93 Mb.
#62805
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ билері 7,1

Қазыбек би жайлы әңгіме

  • Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
  • Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
  • Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
  • - Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
  • Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
  • - Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.

Қазыбек бидің көңіл сұрауы

  • Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
  • Төсекте жатқан Бұқар жырау:
  • Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда
  • Қазыбектің берген жауабы:
  • - Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
  • Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
  • Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
  • Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
  • Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
  • Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
  • Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
  • Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
  • Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет