тулау» тұрақты тіркесі кейіпкердің психологиялық сыртқы бет-
келбетін суреттеп тұр. «Ӛзі шарға бойлы, ешкінің асығындай ғана
шәкене жігіт екен» («Дарабоз», 53 б). «-Ау, ӛзің қарпуы жетпеген
киіздей неге болбырап тұрсың?Аздап былай ширасайшы!–деді
қолбасы езу тартып» («Дарабоз», 110 б). Қазақ тілінде адам
портретін беретін фразеологизмдер тұрмыс-салт, қоршаған орта,
ұлттық менталитетке байланысты қалыптасқан [3, 15]. Берілген
мысалдардағы адам бейнесін беретін фразеологизмдердің барлығы
да қазақ болмысына тҽн. Қазақ тіліндегі «шарға бойлы»
фразеологизміне ешкінің асығандай тіркесін қосу арқылы автор
кейіпкердің тұлға-бітімін дҽл, ҽрі нақты беруге тырысқан. Ал, екінші
сҿйлемдегі «қарпуы жетпеген киіздей» тіркесі кейіпкердің
болмысы, дене-пошымын, сыртқы келбетін суреттеу мақсатында
жұмсаған.
263
Кҿркем проза фразеологизмдері ҽсіресе, экспрессивті мҽнде
кейіпкерге мінездеме беруде, кейіпкердің ішкі жан дүниесін
кҿрсетуде, кейіпкердің портретін беруде жҽне тағы басқа стильдік
реңктерді таныту кезінде ерекше стильдік сапада қолданылып
жазушы шеберлігі мен қарым-қабілетін кҿрсетеді [1, 15].
Қорытындылай келе Қ.Жұмаділовтің қазақ халқының тілін,
шешендік
дҽстүрін,
жалпы
лексикалық
байлығын
ҿз
шығармаларында кҿркемдікпен қолданғанын анықтадық.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1 Авакова Р.Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ Университеті,
2009. – 292 б.
2 Сағынова Б.Ұ. Қазақ тіліндегі интеллектісіне қатысты лексика:
филол. ғыл. канд. автореф. – Алматы, 1999 ж. – 27 б.
3 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің кҿркем ҽдебиетте
қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1972. – 112 б.
4 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сҿздігі. – Алматы,
1977. – 615 б.
5 Қ.Жұмаділов. Дарабоз. І том. – Алматы: Арыс, 2009 ж. – 415б.
6 Қ.Жұмаділов. Дарабоз. ІІ том. –Алматы: Арыс, 2009 ж. – 415б.
Резюме
Языковая экспрессия показывает разносторонний характер и
чувства человека. В статье автор использовал эмоционально-
экспрессивные средства устойчивых словосочитаний для понимания
внутреннего состояния героя. Это особенно заметно при портретной
характеристике
героев,
когда
используются
авторские
фразеологизмы, показывающие высокое мастерство писателя.
Resume
Language versatile character illuhates the varivus human feelings.
In the article the author used emotional and expressional means of
set phrases for disclosure of the internal state of the hero. It is especially
allocated at the portrait characteristic of the heroes when the author`s
phraseolegical units are used. That shows great skills of the writer.
264
ӘОЖ 82.512.122.09
З. ШАШКИННІҢ КӚҢІЛ-КҤЙ БЕРУДЕГІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ПОЭТИКАСЫ
Д.М. ЖОЛМАКОВА-ДЖАРБУЛОВА
педагогика ғылымының магистрі,
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы
Аннотация
Зерттеу еңбегінің негізгі мазмұны З. Шашкиннің «Доктор
Дарханов» романына сараптама жасау болып табылады. Мұнда
кҿңіл-күй берудегі психологиялық-эмоционалдық поэтикасы: түс
кҿрудің ҽдеби тҽсілдерін сараптауға кҿп кҿңіл бҿлінеді. Түс дұрыс
шешім қабылдауға кҿмектеседі жҽне кейіпкердің қоршаған ортаға
деген кҿзқарасын кҿрсетеді. Аталмыш мақалада жазушы тарапынан
кейіпкерлердің түсін жору ҽрекеті түсіндіріліп, ашылады;
психологиялық ҽлемді жеткізу жолдары, олардың ішкі қайғыларын
кҿрсету қарастырылады.
Түйін сӛздер: роман поэтикасы, түс бейнесі, кейіпкердің ішкі
ҽлемі, түс сюжеті, кҿрініс.
З.Шашкиннің шығармаларын оқи отырып, бҽрінде де
поэтикалық тҽсілдер басым екенін аңғару қиын емес. Оның кез
келген туындысында кейіпкерлермен іштей сырласып, жүздесіп,
сҿйлескендей сезімде боласың. Жазушы ҿз кейіпкерлерінің жан
дүниесін, нҽзік сезімін, сырын ашуда жасандылыққа бой
алдырмайды. Олар туралы кесіп-пішіп ештеңе айтпайды. Олардың
іс-қимылы, сҿйлеген сҿздері, монологтары арқылы бар болмысын
танытады. Оқырман сол арқылы қай кейіпкердің қандай екенімен
таныс болып, ҿз бағасын береді. Шығарма кейіпкерімен бірге
қуанып, бірге қобалжып, уайымдап отырады. Мұның ҿзі жазушының
ҿзіндік стилін анықтап, шеберлігін кҿрсетсе керек. Оның
шығармаларының
шынайылығы
автордың
кейіпкерлерінің
психологиясын, сезімін ҿз кҿзімен қарап, жүрегімен сезініп барып
оқырманға жеткізуінде болса керек.
Осындай шығармаға сыршылдық дарытатын, кейіпкер
болмысының нҽзік қырларын аңдататын кҿркемдік ҽдістердің бірі –
түс кҿру.
Адамзат баласына тҽн табиғи, биологиялық, психологиялық,
эмоционалдық процесті бейнелейтін түс кҿру тҽсілі – біздің кез
келген жанрымызды жандандырып, оның мазмұн-мҽнін арттырып,
сюжеттік жҽне композициялық құрылымын айшықтандырып келгені
дау тудырмайды.
265
Түс кҿру ерте кезден бастап кҿптеген шығармалардың
кҿркемдік элементтерінің бірі ретінде қолданылып жүргені белгілі.
Түс кҿру – адамзат санасында құпия түрде жүзеге асатын
психологиялық процесс. Түстің анықтамасы психологиялық сҿздікте
былай деп түсіндіріледі: «Түс кҿру – кҿбіне ұйықтаған уақытта
негізінен, «жедел» ұйқы кезінде кҿру модальдігі түрінде пайда
болатын субъекті түрінде бастан кешірілетін елес. Түс мазмұны мен
эмоциялық бояуы, адамның ҿз түсіне «қатынасу» дҽрежесі «жедел»
ұйқы
кезіндегі
физикалық
ҿзгерістердің
қарқындылығына
байланысты. Түс сюжеті бейнелі, символды түрде субъектінің негізгі
жай-күйіне жҽне ықылас- ынтасынан хабар береді. Түсті кҿру мен
есте сақтау елеулі дҽрежеде адамның ҿзіндік ерекшелігіне, ұйықтар
алдындағы эмоциялық ахуалына тҽуелді» [1, 45].
Ж. Аймауытов: «Адамның есі бүтін болмайтын күйлері де
болады. Сондай күйдің бірі – түс кҿру. Ұйқы дегеніміз – мерзімді
демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана мүлде болмайды, не
кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер
ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген
күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс
кҿрсек керек. Түс дегеніміз, ояуда кҿретін нҽрселердің пернесі
болады. Түсімізде сол пернелерді ҿңіміздегі екен деп ойлаймыз» [2,
45],-дейді.
Ал ғалым В. Леви былай деп жазады: «Түс кҿру процесі мынаны
кҿрсетеді: Ұйқыға кеткен адам санасына алғаш ҿзін ойлантып-
толғантып жүрген актуальді мҽселе, жанын аяздай қарып жүрген жай
оралады. Мысалы, ҽлденені уайымдап, мазасыз күйге түскен адам
кҿзі ілінісімен-ақ, мазмұны ҿзі бастан кешкен жайға жақын түстен
бастығырылып оянады» [3, 115]. Яғни, түс бір адамның ҿзіне ғана
тҽн, соның санасында болатын, ҿзгелерге мҽлім бола бермейтін
құбылыс. Түс – кейіпкердің ішкі ҽлеміне енудің бірден-бір жолы.
Түс сюжетті ашатын кілт, характердің кҿңіл күйінен хабар
береді, оның қорқыныш-күдігін, арман-қиялын елестетеді. Мысалы,
«Доктор Дархановтағы» Нияздың мына сҿздерін еске түсірейік:
«Қандай ғажап түс. Тағы да қайталар ма еді кӛзімді жұмсам...
Биік таудың басында аң аулап жалғыз жүр екем, қарсы
алдымнан шыңырау шатқал кез болды. Енді қалай ӛтем? Біздің қала
осы шатқалдан ӛтсем жап-жақын. Қиналып, уайымдап алаңдап
тұрғанда, ар жағынан біреу жетіп кеп, қолын созды.
- Бер қолыңды! - деді. Қарасам, Ленин. Үстінде қара кӛк
костюм, басында кепка. Кӛзін шүйіріп тесіле қарайды. - Әне бір
тақтай жатыр, содан жүріп ӛтесің.
- Тақтай сынып кетпей ме, Владимир Ильич? - дейім.
266
- Жоқ, қорықпа, батыл жүріп ӛте бер. Тақтайға аяғыңды
басысымен, маған қолыңды ұсын, ӛзім тартып алам! - дейді қоңыр
даусымен әдетінше тез-тез сӛйлеп...
- Мен жас шағымда Швейцарияда қашып жүргенде, осындай
шатқалдан секіріп ӛтетінім бар. Жасыңа жетпей жасығаның
қалай? - деді сақылдай күліп.» [4, 70].
Соңғы кезде кҿркем прозадағы түс кҿру тҽсілінің кҿркемдік
қызметін теориялық тұрғыдан зерттеп жүрген ғалымдардың бірі
Г.Пірҽлиева былай деп жазады: «Кейіпкердің түс кҿру процесі мұнда
кҿркемдік тұрғыдан талданады. Жҽне түс кҿру мен одан кейінгі
күрделі кҿңіл-күй күйзелісі сюжеттің ҿрбуіне сҽйкес оны жүргізетін
эмоциялық тон, психологиялық хал-ахуал құрады. Жҿнейіттің
бірінші күнгі түсінен соң-ақ ұйықтау мен ояну мезеті психологиялық
тұрғыдан ҿте толыққанды түрде баяндалады. Егер де автор осы екі
аралықтағы байланысты үзіп алған болса, шығармадағы бүкіл
кҿркемдік-психологиялық шындық нанымсыз болып қалған болар
еді. Жҽне түстің ҿзінен гҿрі одан кейінгі кейіпкердің ойлану сипаты,
күрделі психологиялық процесс бүкіл шығарманың сюжеттік-
композициялық мазмұнын тереңдетіп, түстің психоаналитикалық
қызметін жан-жақты танытуға үлес қосары сҿзсіз» [5, 131-132].
Романның жанрлық табиғатынан туындайтын заңдылықтың бірі –
ҿмір шындығын жалқыдан жалпыға қарай суреттейтіндіктен, ол
(ҿмір шындығы) жеке адамның түйсік-түсінігі, ҿмірге ҿзіндік
кҿзқарасы түрінде кҿрінеді.
- Күрес!
- Кіммен күресейін, Владимир Ильич? Сіз патшамен күрестіңіз,
мақсатыңыз айқын, жолыңыз ашық болды. Мен кіммен күресемін? -
дедім жыламсырап.
- Әлгі, сені қуып жүрген жылқышы кім? Сонымен күрес!
Владимир Ильич иығыма қолын артып, маңдайымнан сипай
бергеңде... оянып кеткенім. Қап, әрі қарай неге созылмады бұл түс» [4,
71].
Осындай адам қиялы арқылы берілетін түсті шығармадан
кҿптеп кездестіреміз. Кейіпкердің психологиясын сыршылдықпен
ашып кҿрсету оқырманның сезімін селт еткізбей қоймайды.
Бұл шығармада түс Дҽмештің анасына деген сағыныш сезімін
ҽсерлі етіп жеткізіп, нақтылай түсу қызметін атқарады. Мҽселен,
«…Бурабайға жетпей, таң ата Дәмеш лақ-лақ қан құсып, кӛп
ұзамай жан тәсілім береді де, іле қасына мамасы келеді. Баяғы жас
кезіндегі қалпы, жүдемеген, үстінде ақ жібек кӛйлек, басында ақ
торғын орамал, аяғында ақ туфли… Апыр-ай, ӛлген адамды
ақыретке орайды деуші еді Құрышпай атасы, сол екен-ау, ақ кигені»
[4, 106].
267
Жазушы түйсігінде мына ҽлем, аңыздық таным тілімен айтсақ,
бұ дүние – аппақ ҽлем деп алынып, ҿлімнен кейінгі ҽлем, діни тілде о
дүние – қап-қара ҽлем түрінде сипатталады. Байырғы танымда түр-
түстің де символдық мҽні бар екеніне зерттеуші ғалымдар тоқталып
ҿткен. Ұлттық ұғымымызда ақ түс – киелі түс, қуаныштың,
жақсылықтың нышаны. Ал, қара түс – қасірет белгісі түрінде
кҿрсетіледі. «Қаралы үй», «қара жамылды», «қара қағаз», «қара
тікті» деген тіркестерде «қара» сҿзі қасіретті аңғартады. Жазушы
ҿмірді – бұ дүниені ақ түспен бейнелеп, ҿлімді – о дүниені қара
түспен бейнелеуде халықтық ұғымға сүйене отырып, сҽтті
қолданысқа енгізген.
Тегінде, түс кҿру тҽсілін қолданған қаламгерлер екі мақсатты
мұрат тұтады. Бірі – психологиялық талдау, яғни кейіпкерінің жан
дүниесін ашу, толғаныс-тебіреністерін нақты да шынайы жеткізу
тұрғысынан келсе, екіншілері – таза кҿркемдік компонент,
поэтикалық қуат тұрғысынан қарастырады. Кҿркем прозада
негізінен, соның біріншісінің кҿбірек пайдаланылатынын байқаймыз,
себебі мұндай шығармаларда жазушыны түстен гҿрі оның адамға,
кейіпкердің кҿңіл-күйіне ҽсері ҽлдеқайда қызықтырады.
Суреткер түс кҿру арқылы кейіпкерінің рухани ҿмірінің ішкі
иірімдерін, түрлі кҿңіл-күй кезеңдеріндегі психологиялық жағдайын,
түс кҿру сҽтінде жан азабын суреткерлік шеберлікпен бейнелеген.
Автор түстің символдық ҽрі спецификалық, эстетикалық, кҿркемдік
күш-қуатын да ҿзіне тҽн даралық стильдік ҿрнекпен ҽдемі ҿре білген.
Тағы да шығармадан мысал келтірейік: «Мамасы жылап, бас сап,
сүйе береді, сүйе береді. «Кӛзімнің қарашығы, жалғызым!» деп
құйқа тамыр шымырлатын дене балқытатын нелер ыстық сӛздерді
айтып, аймалады да қалды. О, сорлы ана!.. Әбден сағынған екен.
«Мама, енді қайтып сені кӛрмеймін ғой деп, опық жеуші ем, кӛрдім
бе?» Апырай, о дүние бар дегені рас болғаны ма?.. Дәмеш қайта
тіріліп, Асқар ағасына айтар ма еді: тез жет, мұнда бәріміз тосып
отырмыз десек, бәлкім, о да асығар?
Ананың иісі қандай тамаша! Бейіш иісі, тегі, жұпар иісінен де
артық-ау, кетпеші, мама, тағы да иіскейін!» [4, 107].
Жазушының бұл жердегі түсі ақиқат. З. Фрейдтің түс кҿру
механизмін жіктеуіндегі тҿртінші символизациялау (символизация)
тҽсілі бар.
Негізі, бір қарағанда түс кейіпкер үшін кенет пайда болған
сияқты, ал іс жүзінде ол міндетті түрде шығарманың кҿркемдік
жаратылысынан табиғи түрде туындап, жасалған характерлердің ішкі
логикасымен, сюжеттік механизмімен т.с. етене қабысып сабақтасып
жатады. Түс шығарманың негізі ой-толғамын, мазмұнын тікелей
немесе жанама түрде бейнелейді. Мұның ҿзі түс кҿру тҽсілінің
ҽдебиеттегі ҿзге ҽдеби құралдардан ҿзгешелігін, теңесуге келмейтін
268
кҿркемдік кҿп қырлылығын танытады. Түстегі ҿмір кҽдімгі ҿмірді
ығыстырып, оны жаңаша түсініп, жҽне жаңаша бағалауға мҽжбүр
ететіндігі бұл тҽсілдің адам тағдырын түбірінен ҿзгертудің, кейіпкер
психологиясын терең ашудың таптырмайтын кҿркемдік кеңістігінің
кілті екендігін дҽлелдесе керек.
Түс кҿру тҽсілін сан түрлі тұрғыда құбылта отырып, жазушы ҽр
алуан психологияны қалыпты танытады. Ҽр түске кҿркемдік сынау
жасап отыруға құштар.
«Сүйткенше болмады, алыстан бір шыңғырған дауыс келді
құлағына: «Бұл кім екен шыңғырып жатқан, тамықта біреуді қинап
жатыр ма екен», - деп Дәмеш үрейленіп еді, шешесі: «Қалқам, бұл
ракетаның сигналы, кәзір бізді кӛкке алып ұшады, тез киін!» деп
асықтыра бастады.
Дәмеш жалма-жан ұшып тұрып, алдымен әнеугі тойға
тіккізген ақ кӛйлегін іздеді. Табылсыншы, адыра қалғыр! Қайыр тығып
қойған да, уай, сараң жігіт-ай, соны да кӛпсінді ме екен Дәмешке!..» [4,
107].
Түс кҿрудегі психологиялық ахуал, эмоционалдық сезім
тасқыны кҿріністер еске алу, елестету, т.б. жағдайлар кейіпкердің
психологиялық жағдайын нанымды бейнеленуінің кҿркемдік кҿрінісі
болып табылады. Бұл түстегі кейіпкердің бастан кешкен жан азабы
мен ауыр психологиялық, физиологиялық сезінулер автордың түс
кҿру жағдайындағы рефлексиялық тҽжірибемен таныстығын
танытады. Жҽне мұндай түстердегі психологиялық кҿріністердің
адам айтқысыз ақиқатқа жақындығы, ҽрбір ұсақ бҿлшегіне, деталына
дейін анықтығы, толыққандылығы, ҿте нҽзіктікпен нақышталуы
кҿркем шығармадағы ҿмір шындығымен ҿзектес ҿрбуі кісіні
таңғалдырады. Жазушы кейіпкерінің осынау ала құйын кҿңіл-күйін
бір жерге тұрақтай алмаған сан алуан сезім сергелдеңі арқылы
айшықтайды:
«Жоқ, қалқам!.. Бұрын періштеге мінуші едік, бұл күнде ол
бишаралар қартайды. Ӛз бастарын әрең-әрең ғана алып жүр…
Мынау ракета ˗ күнге ұшырған совет ракетасы емес пе, жолшыбай
ұстап ап, ӛлген кісіні таситын қып қойды.»
…Ракетаға бұлар да мінді, о да сусылдап ала жӛнелді. Іші
қандай тамаша: алтын жалатқан, жарқ-жұрқ етеді. Кӛзің
тоймайды: ең ақыры орындығына дейін гауһар тастан жасалған.
Жердің әсерінен шыққан соң адам салмағын жоғалтып, шыбындай
шыр кӛбелек айналады деуші ме еді?
Шешесінің:
«Ал, кӛзіңді жұм, кәзір күнге қонамыз!» - деуі-ақ мұң екен,
бірдеңе сарт ете түсіп, жарқ етті» [4, 108].
Жаман түс кҿріп жантҽсілім бола жаздаған Дҽмеш түсінен
шошынып оянды.
269
Роман оқиғасы осы түспен іштей тұтасып жатыр. Жҽне түс
кейіпкердің (Дҽмештің) сол сҽттегі жағдайынан да жан-жақты хабар
береді. Түс мұнда характерлік қызмет атқарып тұр. Осы орайда
ҽдебиетші ғалым Ж.М.Степаньянның мына сҿзі біздің ойымызды
нақтылай түсетіндей: «Түстер қандай нақты қызмет атқарса да қашан
да шығарманың негізгі ой-толғамын тікелей немесе жанама түрде
бейнелейді, бұл дегеніміз – пафос. Бір қарағанда ғана түс кенет пайда
болатын сияқты, ал іс жүзінде міндетті түрде шығарманың кҿркемдік
жаратылысынан табиғи түрде туындап, жасалған характерлердің ішкі
логикасымен, сюжеттік механизмімен, т.с.с. етене қабысып,
сабақтасып жатады», - дейді.
«Дәмеш түсіне таңданып, жалғыз ӛзі жатып сақ-сақ күлді.
Тыстан оралған Асқар қарындасының күлкісін естіп, есінен ауысқан
ба деп шошып, бажырая қарайды.
- Ағатай, мен бір қызық түс кӛрдім!.. Новелла!..
Асқар «уһ!» деп енді демін алғандай:
- Түс? Зәремді алғаның... - Бұл сӛздің артында не тұрғанын
Дәмеш те сезеді.
- Түсте ӛлген адамды кӛрсе не болады?
- Қазақ «ауа райы ӛзгереді» дейді» [4, 108].
Жазушы кейіпкердің кҿрген түсіне кҿркемдік-эстетикалық,
ҽлеуметтік-философиялық жүк артып қояды. Кҿрген түс арқылы
қаламгер ақыл айтпайды, кеңес бермейді, жол да сілтемейді. Тек
тұспалдап, ой толғайды.
«- Жақсы, ракетаға мініп күнге жетсе ше?
- Бұл – түстегі жаңалық. Бұрынғы түстер тізімінде ракета
деген болмайтын. Биікке ұшу, әсіресе, күнді кӛру, ол – бақыт.
Жазылып, арманыңа жетесің!»[4, 108]
Қарап отырсақ, қаламгерлер түс кҿру тҽсілінің ғасырлар бойы
қалыптасқан дҽстүрлі түрін оңды-солды қолдана бермеген. Түстің
дҽстүрлі символикасы шығарманың сынын кетіретінін жақсы
сезінген. Түс тҽсіліне тҽн түрлік, мазмұндық, құрылымдық құбылыс
– қасиеттерді табиғат жаратылысымен жаза білу де үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Жазушылар түс кҿруді қалай ойнатып, ой айтамын десе де келе
беретін еркіндігін, мол мүмкіндігін асқан талғампаздықпен
пайымдап, терең білімдарлықпен, хас қаламгерлік қуатпен қолдана
білген. Олардың кҿбіне ҿмір шындығына сүйене отырып
жазғандығы,
кейіпкерінің
кҿңіл-күйін,
сезімін
жеткізуге
қолданғандығы байқалады.
Демек, кҿркем ҽдебиет ҿмір материалын талғамсыз ала
бермейтіні секілді, адамның мұндай психологиялық күйін де
талғамсыз суреттемеуі тиіс. Оған белгілі кҿркемдік-эстетикалық,
философиялық мағына сыйғызуы тиіс.
270
Біздің ойымызша, бұл жазушылардың қайсысы болмасын тҿл
ҽдебиетімізде түс кҿру тҽсілін түрлендіріп, кҿркемдік биік санаға,
жоғары сапаға кҿтере білген суреткерлік шеберлігі мол кең ауқымды
таланттарын танытты.
Сонымен, сҿзімізді түйіндесек, біздің тҿл ҽдебиетімізде түс
кҿру тҽсілінің ғасырларға ұласқан ұлан-ғайыр бай тҽжірибесі, ҿзіндік
дҽстүрі бар. Жҽне оны қолданудағы ҽр жазушының ҿзіндік
қолтаңбасы, жаңалығы да жеткілікті деп ойлаймыз.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Пірҽлиева Г.Ж. Түс кҿру табиғаты оның кҿркем ҽдебиеттегі
рҿлі. – Алматы, 2004. – 189 б.
2
Аймауытов Ж. Жан жүйесі. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым,
1995. – 189 б.
3
Леви В. Охота за мыслью. – М., Молодая гвардия, 1971. – 224 с.
4
Піралиева Г.Ж. Кҿркем прозадағы психологизмнің кейбір
мҽселелері. –Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.
Резюме
Основное содержание исследования составляет анализ романа З.
Шашкина «Доктор Дарханов», в котором значительное внимание
уделяется анализу литературного приема сновидения. Сны помогают
принять правильные решения и отражают взгляды героев на
окружающие события. В данной статье предпринята попытка
раскрыть и разъяснить толкование снов героев писателем, способы
передачи психологического мира, их внутренние переживания.
Resume
The main content of this research is the analysis of the novel by Z.
Shashkin «Doctor Darkhanov» in which considerable attention is paid to
the analysis of the literary perception of dreams. Dreams help make the
right decisions and reflect the views of the characters of the surrounding
events. This article represents an attempt to uncover and clarify the
interpretation by the writer of dreams of his characters, modes of
transmission of the psychological world, their inner feelings.
271
ӘОЖ 8 821 11
МҦХТАР МАҒАУИН ЖӘНЕ ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ж.А. РҤСТЕМОВА
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Е.А. Бҿкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
А.С. СҤЛЕЙМЕНОВА
магистрант
Е.А. Бҿкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Аннотация
Мақалада жазушы Мұхтар Мағауиннің туындыларындағы
ұлттық сипатымен ерекшеленетін кейіпкерлердің бейнесін ашатын
кҿркемдік тҽсілдер қарастырылып, кҿркем бейне ұлттық тҽрбие
контексінде пайымдалады. Сондай-ақ, ұлттық тҽрбие мҽселесі ҽдет-
ғұрып, салт-дҽстүр, кейіпкер дүниетанымы мен психологиясы
аспектілерінде кеңінен талданады. Дүниені ұлттық түсінікпен
қабылдаудың ұлттық тҽрбиеге байланыстылығы жазушының қазақ
халқының дүниетанымы мен мінез-болмысын айқындайтын
шығармалары негізінде дҽлелденеді.
Түйін сӛдер: тҽрбие, ұлттық тҽрбие, ұрпақ, жеті ата, бала, ата
тҽрбиесі, туған жер.
Тҽрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық
тҽжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн бойына сiңiру, ҿмiрге деген
кҿзқарасын жҽне соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру. Тҽрбиенің
негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау
дҽрежесі биік, мҽдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,
іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тҽрбиелеу. Бұл қоғамға қандай адам тҽрбиелеп, ҿсіру керек деген
сауалға толыққанды түсінік береді. Осы жерде ұлттық
ерекшеліктерді меңгеру үшін, ең алдымен, ұлттық сана-сезімнің
басым болуы керек екендігін баса айта кету керек. Яғни, бүгінде
қоғам алдында ұлттық сана-сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің
не екенін сезінетін азаматтарды тҽрбиелеу міндеті тұр. Бұл жҿнінде
белгілі тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлы «Ұлттық сана деген
абстракт ұғым емес, ол – ұлт тірлігінің тұрмыстық кҿрінісі, былайша
айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының,
ҽдет-ғұрпының, салт-дҽстүрінің, ҽдебиеті мен мҽдениетінің, ҿнерінің,
тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дҽрежесін, яғни халықтық ҿзін-ҿзі
жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді.
Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы ҿріс жайып,
ұлттық дҽстүр арқылы ҿз болмысын танытады», - дейді [1, 58].
272
Демек, ұлттық сана-сезімді ояту үшін халықтық дҽстүрді, ҽдебиеті
мен мҽдениетін, ҿнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу,
үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтық ерекше
қасиеттері арқылы кеңейтіп тҽрбиелеу, оны ҽрі қарай дҽстүрге
айналдыру бүгінгі күннің еншісінде.
Бұл ретте адам тҽрбелеуші бірден-бір құрал – кҿркем ҽдебиеттің
алар орны бҿлек. Ҽдебиетіміздегі бітімі бҿлек тұлға, ұлттық рух,
ұлттық сана, ұлттық тҽрбие мҽселелері жайында үзбей қалам тартып
жүрген суреткер – М.Мағауин.
М.Мағауин кҿптеген туындыларында ұлтттық тҽрбиенің озық
үлгілерін кҿрсетеді. Ол не туралы жазса да, қандай тақырыпқа қалам
тартса да негізгі түйіні қазақ тағдыры, ұлттық болмыс, бабалар
ҿнегесі, ұрпақ болашағы, тіл мен діл жайындағы ойларға барып
тіреледі. Мұхтар Мағауиннің «Құлаққа талас» ҽңгімесі 1990 жылы
жазылған. Бұл «Доңыз жылғы балалық» деп аталатын ҽңгімелер
цикліне енгізілген. Бұл кезде Мұхтар Мағауиннің жасы елуде.
Жазушы бұл шығарманы ҿз балалық шағынан естелік ретінде жазған
болуы керек. Автор ҿзінің неше жаста екенін кҿрсетпейді. Алайда
соғыстың соңғы жылы болу керек. Салқын күз екенін атайды. Бұл
Мағауиннің 5 жасқа толар-толмас кезі. Ҽңгімеде тҿрт-бес жасар
баланың ҿзімшілдік, қыңыр мінезі ҽшкереленген деген ой тууы
мүмкін. Себебі, Ҽскержан ҿзіне берілген шұнақ құлақты алмай,
Мадиярдың бүтін құлағына таласады. Мадияр да атасының:
«Мадияртай, сенің ақылың кҿп қой. Бере салшы қолыңдағы құлақты.
Тіл же. Содан соң жілік аласың» деген сҿзіне кҿнбей, ол да
қырсығып бермей қойды. Ақыры екеуі де ашуланып, не құлақты
алмай, тілге де, бүйрекке де қарамай аш қалды. Шығарманың
соңында жазушы ҿз пайымын келтірмегенде, оқырман қауым:
«Осындай кесел мінездің кесірінен екеуі де еншілерінен айырылды»
деп ой қорытуы мүмкін еді. Алайда қаламгердің соңғы айтары
ойлантарлық: «Құлақ – құрмет белгісі. Дастарқан басындағы, сол
үйдегі ең сыйлы адамдарға тартылады. Қазақта ең сыйлы адам –
бала. Ал баланың бҽрі бірдей, бҽрі тең. Ҽскержан теңдік үшін,
ҽділдік үшін таласыпты» [2, 200].
Баладан қымбат, баладан сыйлы қазақ ұғымында ешкім жоқ.
Мұны Тұрсын Жұртбайдың мына сҿздері дҽлелдейді: «Жалған
дүниедегі тірі пенденің жұбанышы не? Тҿрт құбыласы тең адамның
да түбінде бір жантҽсілім сҽтке келіп, жаны алқымға тығылған қасым
шақтағы үміті: бірінші – бақидың мҽңгілігі мен рухыңды ҿлтірмейтін
Алла есімі де, екіншісі – соңында қалып бара жатқан мына пҽни
дүниедегі жұбанышы – нҽресте. Бойыңдағы ыстық қаныңды құйып,
тамырыңды иітіп, ҿзің жан берген балаң»[3, 273].
М.Мағауин 1990 жылы балалық шағынан естелік ретінде
бірнеше ҽңгіме жазған. Мҽселен: «Тассудан ҿткен қашқындар»,
273
«Құлаққа талас», «Абақтыда ҿлген Уан атам», «Пұркоралдың кҿк
аты», «Климмен күрес». Бұл ҽңгемелерде оқиғаны автор бірінші
жақтан баяндайды жҽне ҿз есімін Мадияр деп береді. Біздің
білуімізше, Мадияр – М.Мағауиннің кенже ұлы. Мағауин не себепті
ҽңгімелерін Мадиярдың атынан баяндайды деген сауалға
қаламгердің «Мен» ғұмырнамалық хамсаның жауап іздедік.
«Бүгіннен біраз бұрын, қаламым жүріп, жұлдызым жанып тұрған
кезде, 1989 жылы кенже ұлым Мадияр баяғы менің жасым – он бірге
келіпті. Менің сол кезден қалған жалғыз суретім бар еді, аумайды.
Мҽселе онда емес, бала болған соң ҽкесіне тартады. Мен керісінше,
балама қарап отырып, ҿзімді кҿрдім» [4, 27]- дейді қаламгер.
Қазақ халқы атам заманнан бері үйдің кенжесін ҿзге баладан
ерекше кҿрген. Халық ауыз ертегісі «Ер Тҿстікте» Байназар: «Тоғыз
ұлым ˗ бір тҿбе, Тҿстігім – бір тҿбе» деп кенже баласын артық
кҿреді. Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта
кенже ұл ерекше мейіріммен ҿседі. Оған бала күнінен «Шаңырақтың
иесі» деген ұғымды құлағына құйып ҿсіреді. Атадан қалған ұяның
жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.
Оған берілетін тҽрбие де ерекше. Отбасының ұйытқысы болатын да
сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей
«кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ – үлкен үй, ата-ананың
үйі. Ҽдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары
жиналады. Шаңырақ пен ондағы ҽрбір құндылық кенже баланың
арқасында ҿз жалғастығын үзбейді.
М.Мағауин «Мен» ғұмырнамалық хамсасында ҿзінің кіндік
қаны тамып, сҽбилік, балалық шағы ҿткен туған жеріне дҽл осы
кенжесі Мадиярды ҽкеліп аралатқанын баяндайды. «Жазда мен туған
нүкте – бес атамның сүйегі жатқан бҽсіре мекеніміз Кҿпбейітке –
осыдан тура бір ғасыр жҽне үш жыл бұрын менің бабам
Құрымбайдың арнайы шақыруымен жаз жайлауға ұлы Абай келіп
қонған, атақты «Жаз» ҿлеңін шығарған, ерен ой, тың тыныс тапқан,
біздің шаңыраққа батасын берген, қазір мен кҿрген кездің ҿзімен
салыстырғанда біршама тозса да сынынан айырылмаған қасиетті
жұртыма алып бардым. Қалың тоғайлы ҿзен, екі ҿңірі кҿк шалғын,
қырат беті қау кҿде. Арғы қабақ – қаптаған тас бейіт, бергі қабақ –
біздің қыстау. Міне, мынау – атаңның қыстауы дедім. Жартасты биік
қабақ басына салынған алты бҿлмеде, қой қора, шошала, тағы басқа
шағын жайлардан құралған, ескі мекеннің іргесі ғана жатыр. Міне,
осы үйде, 1918 жылдан 19-жылға қараған қыста болса керек, ҿзіңнің
Міржақып атаң бастаған алаш зиялыларының үлкен бір тобы бой
тасалап, Орынбордағы Ахмет атаңнан хабар күтіп қырық күн
жатыпты... Ол ұзақ ҽңгіме, кейін айтам. Ал мына ортаңғы бҿлмеде
мен туыппын» [4, 27]. Ғалым Халел Арғынбаев «Қазақ отбасы» атты
кітабында: «Қазақ халқының тағы бір нақылы «ата балаға сыншы»
274
дейді. Ҽр ҽке ҿз балаларының жеке ерекшеліктерін, яғни қандай іске,
ҿнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше ҽрқайсысының
бойындағы табиғи қасиетін дамытуға тырысатын. Парасатты ҽке
балаларына ата-бабаларының іс-ҽрекетін, үлгі боларлық ҿнерін
айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынастарын түсіндіріп
отыруды ҿзінің парызы деп біледі. Балаларын да осыған баулып,
ҽркім ҿзінің ата-тегі туралы ҽңгімелеуді оның ҿнегелі жақтарын
уағыздауды дұрыс деп біледі» деген [5, 69]. Демек, М.Мағауиннің
бұл ҽрекетінен, ұлына айтқан ҽңгімесінен парасатты ҽке, ұлтының
ата дҽстүрін бойына жинаған жҽне оны ұрпағына дарыта білген
азамат деп білеміз. Жалпы, отбасындағы ұл тҽрбиесінде ҽке мен
атаның рҿлі ерекше. Ҽке – отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің
тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Ҿйткені, ҽкенің мінез-
құлқы, ҿзгелермен қарым-қатынасы, ҿнер-білімі – ұл баланың кҿз
алдындағы үлгі-ҿнеге алатын, соған қарап ҿсетін нысанасы. Қазақта
біреудің баласы жақсы, ҿнегелі азамат болса, оның атасы жақсы кісі
еді, ҿнегелі жерден шыққан ғой – деп мадақтайтыны сондықтан.
«Ҽкеге қарап ұл ҿседі, шешеге қарап қыз ҿседі», «Ҽке – бҽйтерек,
бала – жапырақ», «Жас – кҽрінің кҿзі, кҽрі – жастың тезі», «Ата –
балаға сыншы» деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан
туған.
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-ҽңгіме, мақал-
мҽтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тҽрбиелеген.
Мысалы, А. Құнанбаев, Ш. Уҽлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Ҽуезов
сияқты ақын-жазушылардың немесе Тҿле би, Қаз дауысты Қазыбек
би, Ҽйтеке тҽрізді би-шешендердің жастайынан елдің салт-
дҽстүрлері мен заңдарын, аңыз-ҽңгіме мен ҿлең-жыр, мақал-
мҽтелдерін жаттап, жадында сақтап, кҿп білуі – ҽкелері мен
аталарының ҽсері екені сҿзсіз. Тұрсын Жұртбай да отбасында ҽкенің
беделі қалпына келмей бала тҽрбиесі түзелмейтінін жоғарыда
аталған еңбегінде айтады.
Қаламгер «Менінде»: «Аруақтарға құран бағыштаған соң,
Бақанас ҿзенін қос бүйірден қыса келе, шатқалға айналатын, Қос
Босаға аталатын екі биікке де шықтық. Қай тастың қалай жатқанына
дейін білем. Қас таста, қай түкпірде қандай белгілер бар – ол да мен
ашқан құпия. Міне, мынау – киік, мынау – таутеке, арқар. Мынау –
ешбір хатқа түспеген түсініксіз таңбалар. Тағы бір тұста – бедерлі,
бес-алты жол кҿне жазу тұр, мен қайыра кҿрмегелі ... отыз бес ...
отыз сегіз жыл, қоян аулап жүргенде тауып едім, мен бұрын айттым
ба, он жасымнан мылтық аттым, сонда кездейсоқ үстінен түсіп едім,
кейін, ескілікті таныған, ересек кезімде бара алмай-ақ қойдым, бұл
жолы да бара алмаспыз...» [4, 27]. Осылайша Мағауин балалық шағы
ҿткен туған топырағының ҽр бедерін есіне алады. Кейін жадында
жатталып қалған бұл суреттерді кҿптеген туындыларына арқау етеді.
275
«Мынау – қоршалап аң аулау кҿрінісі. Мынау – садақ, мынау –
атты аламан. Тағы бір жалпақ жартаста қос ат жеккен ҽскери арба
бар. Міне! Біреу емес, екеу. Жарым дүниеге ҿктемдік жүргізген
тоқсан тоғызыншы бабаңның ерлік шежіресі. Менің қасіретімнің
куҽсі. Осы жерде кҿп отыратын едім, қайғыланып, мұңданып
отыратын едім, талай рет жылаған да шығармын... «Балам – дедім, –
үлкен жігіт боласың, еліңнің азаматы боласың, сол кезде осылай, ҿз
ұлыңды алып кел, айт, кҿрсет... Мүмкін мен баяғы он бір-он екі
жастағы кейпімде алдарыңнан шығармын...» - дедім» [4, 28].
Суреткердің ұлына айтқан сҿзі, ҽкенің балаға берген ҿсиеті іспеттес.
Сонымен қоса қаламгер «Меннің» екінші кітабын «Қия жолдар
немесе ғылымдағы машақат» роман-естелігінің алғы сҿзінде «Біздің
ҽулеттің қара шаңырақ иесі – кенже ұл Мадиярға арнадым» - дейді.
Осы бір сҿзбен ҽке кенже ұлға үлкен үміт артатынын аңғартады.
Мұхтар Мағауин ең алдымен атасы мен ҽжесінің тҽрбиесін
кҿрген. М. Мағауиннің ҿміріндегі атасының орны бір бҿлек.
Атасының айтқан нақыл сҿздерін, тҽрбие ҽдістерін қаламгер
шығармаларында келтіріп отырады. М. Мағауиннің сыныптасы,
жазушы Тҿлек Тілеуханов бір берген сұхбатында болашақ
жазушының балалық шағы туралы былайша сыр шертеді:
«Мұхтардың ҽкесі Мұқан соғыста жау қолына тұтқынға түсіп,
ұсталып кеткен. Мұхтар атадан жалғыз. Қазақы дҽстүр бойынша
тұңғыш немере шал-кемпірдің баласы болады емес пе?! Мұхтар да
атасының баласы болды. Мағауия ескіше сауаты бар, ҽңгімешіл,
кҿкірегі ояу кісі еді. Мұхтар атасының аузымен ескі қисса-
дастандарды, батырлар жырын жаттап ҿсті. Қазақтың қай жырын
сұрасаң да, мүдірмей айтып беретін...». Бұл деректерді Қабдеш
Жұмаділов те «Бітімі бҿлек қаламгер» мақаласында атап кҿрсеткен:
«Жазушының бұлайша ерте қанаттануына сенімді себептер бар.
Мағауиннің туған жері – бұл күнде ҽдебиетіміздің Меккесіне
айналған Абай ауылымен қоныстас Бақанас бойы, шежірелі Шыңғыс
тауының күнгейі. Қашан мектеп бітіріп, алыс астанаға аттанғанша,
қазақтың кҿне кҿз қарияларының бірі, атақты атбегі Мағауия
ақсақалдың тҽрбиесінде ҿскен зерделі баланың естіген-білгені,
сүтпен бітіп, сүйекке сіңген дүниесі аз болмаса керек» [6, 319].
«Абақтыда ҿлген Уан атам» ҽңгімесінде атасының немересін кіші
жастан бастап аңшылыққа, саятшылыққа баулығанын кҿреміз.
Мағауин ҿзі де он жасынан мылтық атқанын шығармаларында
бірнеше рет айтқан. «Ес білер-білместен-ақ атам менімен үлкен
кісіше сҿйлесетін»- дейді [2, 203] автор бұл туындысында. Бұл да
ұлттық тҽрбиеде бұрыннан бар тҽлім. Бұған халқымыздың «Балаңды
бес жасқа дейін хандай кҿтер, Он бес жасқа дейін құлдай жұмса, Он
бестен ары онымен досыңдай ақылдас», «Алты жасар бала алыстан
келгенде, Алпыстағы ақсақал сҽлем берер» мақалдары куҽ.
276
Жеті атасын білу – қазақ халқының дҽстүрлі салт-санасында ата-
тектің жалғасуын реттейтін қасиет. Осыған байланысты ежелден бері
қазақ халқында ҿзінің жеті атасын білуі ҽрбір азаматтың борышы
болып саналады. Сонымен бірге бұл – ата-ана үшін отбасылық үлгі-
ҿнегенің ҽліппесі. Тек ата-анасынан жастай айырылған жетімдер ғана
мұндай тҽрбиеден мақұрым қалатын. «Жеті атасын білмеген
жетімдіктің белгісі» деген сҿз де осыдан шыққан болса керек.
Жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мҽні, қоғамдық рҿлі
мен ҿнімі жайлы «Қазақ ұлттық энциклопедиясында» былай
делінген: «…ҿз ата-бабасын жеті атасына дейін білу ҽрбір қазақ
азаматы
үшін
міндет
болған.
Мұның
ҿзі
қазақтардың
этноерекшеліктерін танытуда. Бұл жеті аталық жүйе ел басынан
ҿткен қиын-қыстау кездерде тегінен кҿз жазып қалмауына жҽне
басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болды.
Жеті ата мен ру шежіресін білу кҿшпелі қоғамда ҿмір сүрген
халықтар үшін ҿмірлік қажеттілік еді. Жеті атадан үш жүзге дейінгі
біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы «қазақ халқы бір
атаның баласы, бір тамырдан тараған» деген ұстанымды
орнықтырған. Жеті атасын тарата білу арқылы ҽркім кҿрші рулармен
байланысын білетін. Сҿйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан
туыстығына кҿзі жеткен. …Жеті атасын, руын, жүзін білген соң,
қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында ҿзін туысқандарының
ортасында жүрген алып бір отбасының мүшесіндей сезінетін.
Нҽтижесінде, үлкен бір отбасы секілді ұлттың біртұтас зердесі
қалыптасты. Жер басып жүргендер ғана емес, жадында сақталған
баяғы ата-бабасы да тірілердің санасында тірілгендей, жалғасын
тапқан. Жеті аталық ұстаным бүкіл халықтың бойында еш
мҽжбүрлеусіз, мейлінше тегеуірінді рухани бірлік сезімін терең
сіңдіреді. Ол – этнотуыстықтың қуатты, арқаулы темір қазығы
болды» [5, 59]. Халық жадында берік сақталған жеті аталық
ұстанымның ұлт болып ұйысуымызға, ұлттық құндылықтарымызды
сақтап оны дамытуымызға ҽсері мол болды. Сол себепті балаға жеті
атасын жаттату ата-ана міндетінің бірі жҽне бірегей болып
табылатын. М.Мағауиннің жоғарыда аталған ҽңгімесінде де бұл
дҽстүр айқын кҿрінген: «Мен тілім шығар-шықпастан жеті атамды
жаттап алғам. «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары».
Жетімді кеміту емес, баласына шыққан тегін үйретпеген ҽкені жоққа
санау. Ҿйткені, «Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер!».
Сондықтан да біліп алғам. Мадияр – Мадиярдың ҽкесі... атасы –
Мағаш, Мағаштың ҽкесі – Құрымбай, Құрымбайдың ҽкесі – Бітен,
Бітеннің ҽкесі – Жанақ, Жанақтың ҽкесі – Есенбай, Есенбайдың ҽкесі –
Жанбай, Жанбайдың ҽкесі – Қожакелді... Жеті ме, сегіз бе? Одан арғы
жағын да білемін» [2, 207].
277
«Қант пен ірімшік» ҽңгімесі де «Доңыз жылғы балалық» цикліне
енгізілген. Бұл шығарма ұлттық құндылықтың жаһандану дҽуіріне
орай артта қалып бара жатқандығын айғақтайды. Ұлттық тағамымыз
ірімшіктің қазіргі заман талабына орай қантқа бҽсекелес бола алмай,
артта қалған ас ретінде бағалануына автор қынжылады. «Қой сауып,
құрт қайнатқан деген не? Ол – феодализмнің қалдығы, ол –
надандық. Ал қант деген – ол қант деген – мҽдениет! Қант деген ол –
социализим»[2, 228] деген сҿзді сол кездің шолақ белсендісінің
аузына салады. Сҿйтіп суреткер осындай ащы мысқылмен оқырман
санасына ой салады.
М. Мағауиннің бала тҽрбиесіне аса кҿп кҿңіл бҿлгендігін
тҽуелсіздік жылдары жазылған, бір-бірімен тақырыптық тұрғыда
байланысқан «Қылмыс» жҽне «Подонок» ҽңгімелерінен кҿреміз.
Қаламгердің қай шығармасын алсақ та, оның ұлт мүддесін жеке бас
бақытынан жоғары қоятыны бірден байқалып тұрады. «Қылмыс»
ҽңгімесінен ұлтшыл азамат, болашақтан үміті бар ғалым
Алпамыстың ҿз ҿлімімен екі үлкен «қылмыс» жасайды, бірі –
бойындағы ерекше дарыны – табиғаттың тегін сыйы емес, қарызға
берген аманатын ҿз бетінше зая қолдануы, қажетсіз тҽуекел мен
орынсыз қатерге байлауы, екіншісі – ҿз қанынан жаралған жалғыз
баласы, ұрпағына ҿз анасының сүтімен, атасының сҿзімен дарыған
ұлттық тҽрбие, сана бере алмағаны. Автор Алпамыстың
қылмысының нҽтижесінде «Қазақ рухы, оның тарихи-танымдық
санасы қырық жылда оналмас соққыға жығылғанын», екіншісінің
салдарынан ұлтына жау, жұртына дау, ертеңгі күні ҿз ұлтының
тарихын, тілін, ділін жоққа шығарған «Подонокты» дүниеге
ҽкелгенін, ҽкелгеннен бұрын тҽрбиелей алмағанын қайсар сҿзбен
суреттейді жҽне екіншісін «Алпамыстың ҿзі жасамағанмен, жол
ашып кеткен ең үлкен қылмысы»- деп [7, 215] бағалайды.
М. Мағауиннің «Жармақ» романының негізгі кҿтеретін
проблемасы – ҿз ұлтын сүйер, «толық адам» тҽрбиелеу.
«Егер бір адам ұлттық рухынан айрылса, ол – сор, ал бүкіл ұлт
рухынан айрылса, ол – қасірет», - дейді Шерхан Мұртаза бір
сұхбатында. «Жармақ» романы да осыны айтады. М. Мағауин ҿз
заманының «Жармағын» жазды. Ұлттық тҽрбиені бойына бесіктен
сіңірмеген боркеміктердің барлығы дерлік – жармақтар. Ондай
ұрпақтың ұлт мұңын жоқтауға намысы да, ҿресі де жетпейді. Қазақы
дҽстүрге, білімге толы жан денені рухтандыратынын кезінде
кемеңгер Абай да айтқан. «Толық адам» дейтіні де осы. Қазақы
тҽрбиеде «Бала бер, бала берме, сана бер» дейді. Рухтың санаға келіп
тұрақ тебетіні –белгілі жайт. Рухтың тіні берік болмаса, саналы
болмаса, ол ұрпақ – жармақ.
«Міне, қазақтың осы шемен шерін шебер тілімен кҿркем
шығарма арқылы осылайша жазып берді. Ашына айтқанда, ауызы
278
қара қанға толатын Алаш зиялыларының саңлағы Мұхтар Мағауин
«Жармақты» осылайша ҿмірге алып келді. Ҽдет-ғұрып, салт-сана,
тарих, ҽдебиет ҿнеріндегі жанышталып, тапталған ұлттық рухты
проза тілімен осылайша шебер жеткізіп берді» [8, 334-335].
Қаламгердің «Аласапыран» роман дилогиясы, тіпті, ұлттық
тҽрбиенің сан түрлі мысалдарына тұнып тұр. Бұл мҽселені жазушы
Нұрқасым Қазыбеков «Суреткер биігі» мақаласында жан-жақты
зерттеген: «Осы уақытқа дейін азды-кҿпті оқыған қазақ совет
ҽдебиетінің тҿл тума кітаптарын үш топқа бҿлер едім. Біріншісі – ҽлі
сен естіп, білмеген нҽрселеріңді айтып, оқытып отыратын; екіншісі –
сол солай дегізіп, ҿзіңді бұлтартпай мойындатып отыратын; үшіншісі
– миыңды ашытып, қан қысымыңды кҿтеретін. «Аласапыранның»
ҽлгі айтылған бірінші топқа жатары даусыз. Ҿйткені ол оқушысын
тарих арқылы тҽрбиелеп, оқытып отырады екен. Қысқасы қадам
басқан сайын, не атам заманда тарих қойнауына сіңіп кеткен
халқыңның бір жақсы салты; Қадау-қадау тарихи тұлғалардың
ҿздеріне ғана тҽн нақты сипаттары мен мінез-құлқы, заманына лайық
ұғым, ҿмірге кҿзқарасы ... баяу жылжып ҿтіп отырады. Автор бұл
тарихи фактілерді жай ғана тізе бермей, солар арқылы ауық-ауық
ғибратты ой түйіп, оны бүгінгі ҿмірімізге жанастыра келіп,
болашақты меңзейді» [9, 87].
Қашанда да, қай заманда да, қандай халықтың болмасын, оның
тұрмыс-тіршілігінде салты басты рҿл атқарған. Бүгін де солай. Роман
дилогияда қазақ халқының бала тҽрбиесіне қатысты ой-
тұжырымдары, салт-санасы шебер тілмен портреттер, диалогтер
арқылы берілген.
«Жеке адамның портретін жасағанда да ата салтқа сүйенеді.
Айдар қою, тұлым, кекіл қою салты қазақта күні кешеге дейін болды.
Дҽл биыл сексенге келіп отырған ҽкемді жеңгелерінің «Кекілдім»
дейтінін мен ҿз құлағыммен естіп ҿстім. Ендеше шашты тақырлатып
қырып тастау – мұсылман рҽсімімен кейін келген ақиқат. Елшілердің
құрамын: «Мұсылман рҽсіміне түскен тақыр бастардан гҿрі, ата
салтын бұза қоймаған қос ҿрім, үш ҿрім тұлымдылар мен бітеу
ҿрілген айдарлылар кҿбірек», - деп таныстыруы да содан»- деп
таныстыруы да содан [9, 89].
Бұған тағы бір дҽлел Ораз-Мұхамедтің інісі, Одан сұлтанның
екінші ҽйелі – Шүйім-ханымнан туған Кҿшек сұлтанның портреті:
«Сҽлден соң есіктен жасы жеті-сегіздер шамасындағы, жайнаң
қаққан кішкентай сары ұл келіп кірді. Аузына су толтырып алғандай,
ұрты томпақ, беті жалпақ. Тақыр қырылған басы күнге күйген қара
құйқа, екі шекесіндегі жалбыраған қысқа тұлым да күнге қурағандай
қоңыр күлгін. Жасыл, мысық кҿздері күлімдеп, тҽмпіш танауын бір
тартып қойды да, иіс иіскегендей сҽл бҿгелді. Содан соң дастарқаннан
279
қарғып ҿтіп, Ораз-Мұхаммед пен Ай-Шешектің арасына топ етіп отыра
кетті» [10, 36].
Сонымен қатар Ораз-Мұхамедтің інісіне айтқан ақылы сұлтан
тҽрбесінің ҿзгешелігін, сұлтанның ортада ҿзін қалай ұстау
қажеттілігін аңғартады. Автор мұны ағасы мен інісінің арасындағы
диалогтер арқылы шебер жеткізген:
«- Сұлтанның жалаң аяқ жүруі жарамайды, - деді Ораз-Мұхамед
Кҿшектің қара табан болған, жарылып кеткен аяғына қарап.
-
Ыстық. Кісілер келе жатқанда киіп алам ғой.
-
Мынауың не? Дабы кҿйлек, кенеп шалбар...
-
Шалбарым бар, - деді Кҿшек. – Екеу. Бұқар мақпалы. Кҿйлек
те... кҿп. Кеше ғана біреуін жырттым. Содан соң Асыл-ханым тҽтем
осыны кигізіп қойды. Бұл түріңмен ордаға кісі келгенде жалаңаш
отырасың дейді. Түркістан мен Сауранды алған соң күніне екеуден
жҽне ылғи жібектен киесің деді тағы.
-
Жарайды, - деді Ораз-Мұхамед. – Ер – кебенек ішінде
танылады» [10, 37].
Бұл диалогтен Ораз-Мұхамедтің інісіне кҿрсеткен ағалық
тҽрбиесі, жеті-сегіз жастағы бала болса да, жай баладан ҿзгешелігін,
сұлтан екенін есіне салады, сұлтанның киім-киісі, жүріс-тұрысына
мҽн берілетінін астарлап жеткізеді. Осы кезде тағы да баланың
кісілерге ұшына түйе құмалағы қадалған ши оқ атып жүрген
бұзықтығын сұлтанға жараспайтын, жат қылық екенін байыппен
түсіндіреді:
«- Торғай атқаның жҿн. Бірақ сен кісі де атып жүрсің ғой.
-
Аламан атаулының бҽрі кісі атады, - деді бала.
-
Жауды атады. Жауды ату керек. Ал сен мені аттың ғой. Сен –
мені атасың, содан соң мен барып хан ағаны... жоқ, Ҽз-ҽжеңді
атсам... не болады?
-
Ши оқтан кісі ҿлмейді, - деді бала тҿмен қарап.
-
Ҿледі, - деді Ораз-Мұхаммед. – Қазір сен маған ши оқ аттың.
Ертең үлкен жігіт болғанда кҽдімгі кез оқтың ҿзін атасың. Осы
бастан жаман үйренсең, ҽрине. Ақылың аз болса.
-
Момын-Сары сұлтанның ақылы кҿп, - деді Ай-Шешек.
-
Мен кҿкем сияқты батыр болам! – деді Кҿшек.
-
Батыр болу үшін ең алдымен ақыл керек, - деді Ай-Шешек» [10,
37].
Шағын эпизодта ұлттық салт-дҽстүр, таным-тҽрбие тұнып тұр.
Баламен дұрыс сҿйлесу ҽдебі айқын кҿрініс тапқан, яғни «Баланы
бастан...» деп болмашы ғана бұзықтығы ертеңгі күні немен
аяқталары сыпайы сҿзбен жеткізілген, керек жерінде мақтап та қою,
бала болса да үлкен адаммен сҿйлескендей сҿйлесу, тіпті жаңадан
келін болып түскен Ай-Шешектің Кҿшек сұлтанға ат тергеп
«Момын-Сары сұлтан» дегеніннің ҿзінде тҽрбиелік мҽн жатыр.
280
Қазақтың игі жақсылары жиылған жиындағы Сұлтанның баласы
Кҿшектің мына бір портреті назар аударуға тұрарлық: «Кҿшек... сҽби
жүзінде ерекше бір қатаңдық бар, алдында қымызы жартылай ғана
ішілген үлкен кҿк ала шара, тапжылмастан безірейіп отыр. Шатыр
астындағы игі жақсыларға да, ҽудем жерде, кҿк шалғын үстінде
«Айгҿлек» ойнап асыр салып күресіп жүрген балалар жаққа да
қарамайды. Кішкене пұт құдай сияқты» [10, 53]. Бұл – Ораз-
Мұхамедтің Кҿшекке қарап отырып түйген ойы. Кҿшектің тентек те
болса, ақылы бар бала екенін барлығы да мойындайтын. Оған
романдағы мына жолдар дҽлел: «Осы кіші шешеден туған жалғыз іні
Кҿшек мүлде басқа анадан жаралғандай. Мінезі де, бітісі де бҿлек.
Бірде Шүйім-ханымның ҽлдебір ісіне кейіген ҽженің: «Ақылы аз,
жатыры асыл шіркін!..» дегені бар» [10, 48]. Яғни, бұл қазақ
ұғымындағы тектілік дегенді аңғартады.
Суреткер «Соңғы сҿз» шығармасында былай дейді: «О, жаңа
ҿспірім ұрпағым! Алаш ұраны бҽрінен де жоғары! Туған халқыңның
ұлттық мүддесі бҽрінен биік! Кеуделеріңді кҿтеріңкі ұстаңдар.
Бабалардың бар мұратын берік тұтыңдар. Байырғы мекен, байтақ
қонысты сақтаңдар. Ынтымақ, мейірден айырылмаңдар. Аруақтың
аманаты ұмытылмасын. Сонда мҽңгілік салтанатқа жетесіңдер!» [2,
271]. Сонымен қорыта айтқанда, қаламгер Мұхтар Мағауин
шығармашылығының негізгі түйіні – ұлттық құндылықтарымызды
сақтау, оларды келер ұрпаққа сол күйінде жеткізу.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – 1- кітап. – Алматы: Ана тілі,
2005. – 136 б.
2
Мағауин М. Шығармалар жинағы. Ҽңгімелер. – Алматы: Жазушы,
2007. – 320 б.
3
Жұртбай Т. «Күйесің, жүрек...сүйесің...» (Абай: «Жан
бостандығы» немесе рухани тҽуелсіздік). – Алматы: Қайнар, 2009 ж.
– 464 б.
4
Мағауин М. Мен: Роман-эссе. – Алматы: «САҚ» АҚ, 1998. –
585 б.
5
Арғынбаев Х. Қазақ отбасы (Қазақ отбасының кешегісі мен
бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек). – Алматы: Жалын, 2004.
– 436 б.
6
Жұмаділов Қ. «Қалың елім, қазағым... – Алматы: Қазақстан баспа
үйі, 2000. – 368 б.
7
Мағауин М.Шақан-шері. Роман, хикаят, ҽңгімелер. – Алматы:
Атамұра, 2005. – 288 б.
8
Смағұлов Ж.Қ., Асан М. М.Мағауин жҽне ұлттық рух //
«Нарманбет Орманбетұлы жҽне азатшыл Алаш ҽдебиеті» атты
281
республикалық
ғылыми-практикалық
конференция
материалдарының жинағы. – Қарағанды, 2009. – 508 б.
9
Сарбалаев Б. Сҿзстан: Жас қаламгерлер кітапханасы. –
Алматы: Жалын, 1986. – 192 б.
10
Мағауин М. Аласапыран. Тарихи роман. – Алматы: Жалын,
1981. – 384 б.
Резюме
Статья посвящена видению и решению актуальной проблемы
национального воспитания в произведениях известного писателя
Мухтара Магауина. В статье рассматриваются художественные
приемы, через которые раскрываются образы героев, отличающиеся
национальным колоритом в произведениях писателя, где
художественный образ создается в атмосфере национального
воспитания.
Также
вопросы
национального
воспитания
анализируются в аспектах показа обычаев, проявления мирозрения и
психологии героев. Взаимосвязь восприятия мира посредством
национального понимания вопросов воспитания доказывается на
основе контекста произведений писателя, раскрывающего широкую
натуру казахского народа.
Resume
The article is devoted to studying of an actual problem as the
national education in the works of the famous writer Mukhtar Magauin. In
the article art means which open the images of heroes which are allocated
with national spirit in works of the writer, and the artistic image is argued
in the context of national education are concidered. Also, the question of
national education is widely analyzed in the aspects of customs, outlooks
and psychology of the hero. The interrelation of perception of the world
through the national concept with national education is proved on the
basis of the works of the writer revealing the opening outlook and nature
of the Kazakh people.
282
Достарыңызбен бөлісу: |