УДК 82-3’894.342
ДИАЛОГ ТАБИҒАТЫ
Ш.С. ӘБІШЕВА
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жҽне
инжиниринг университеті
Аннотация
Мақалада кҿркем прозадағы диалогтік қолданыс, Бейімбет
Майлиннің кҿркем шығармаларында қазақ даласындағы тарихи
жағдайды бейнелеуде, кейіпкерлер бітім-болмысын, кезең кҿрінісін,
заман талабын шынайы суреттеуде диалогті шебер қолданғандығы
айтылады.
Түйін
сӛздер:
повесть,
ҽңгіме,
бейнелеу
тҽсілдері,
психологиялық тартыс, кейіпкер, характер, образ, идея, диалог,
пейзаж, оқиға, авторлық ремарка, реплика.
Ҽңгіме
шебері
Б.Майлиннің
шығармаларында
диалог
түрлерінің барлығын дерлік диалог – деталь, диалог – қайшылық,
диалог – жинақтау, диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – түсінісу,
диалог – үндестік, диалог – тергеу, диалог – ҿсиет, аралас диалог,
жарыспалы диалог, полилог (кҿпдауысты диалог) т.б. кҿптеп
кездестіруге болады. Қаламгердің қай шығармасын алып қарасақ та
диалог арқылы кезең суретін, заман шындығын, кейіпкер бітім-
болмыс, табиғатын, кедей-кепшік, «белсенділер» образын, ауыл
ҿмірін нақты да барынша шынайы суреттегеніне кҿз жеткіземіз.
240
Ащы шындық, жеңіл күлкі, ҽзіл-оспаққа құрылатын юмор да,
астыртын мысқылмен берілетін сатира да Бейімбет творчесвосына
жат емес, екеуі де жазушы шығармасында кҿбіне диалог арқылы
кҿрінеді.
Бейімбет қазақ поэзиясына ҿлең-диалог түрін енгізді. Сұрақ пен
жауапқа ғана құрылған, екі адамның сҿйлесуі түріндегі
«Ыбыраймыз, Ыбыраймын» (1928) деген ҿлеңі соның дҽлелі.
Ҽрқайсысы екі-үш сҿз жарыстырулардан ғана тұратын сұрақ пен
жауап ҽдісі, тҿңкерістен кейін қазақ аулындағы ҿмір қалпын шынайы
кҿрсеткен. Ҿлеңде бірде-бір басы артық элемент жоқ, ҿлеңді оқып
отырғанда бейнебір Ыбырайдың ҿзімен тілдесіп отырғандай күйде
боласыз. Мҽселен, ҿлеңінде ақын бір кездегі атқамінердің ҿткен
күндердегі ҿктемдігі мен жаңа заман тұсындағы халін шағын диалог
арқылы білдіреді.
Ҿлеңде ешқандай баяндау да, суреттеу де жоқ. Берілген сұрақ
та, айтылған жауап та тұжырымды, қысқа ҽрі нақты. Ҽр сҿз образға
қызмет етеді, ҽркімнің сҿзінен ҿзі кҿрінеді, сол арқылы авторлық
идея айқын. Сҿйтіп, шағын диалогке заман шындығы сыйып кеткен.
Қаламгердің қай шығармасын алып қарасақ та, заман
шындығын, сол кездегі ҽлеуметтік жағдай, тіпті басты кейіпкерінің
де мінез-құлық, жай-күйін диалог тҽсілі арқылы оқырманына
таныстырып отырады.
Мҽселен, Б. Майлиннің «Түйебай» (1928) ҽңгімесі кҿпке мҽлім.
Түйебай мен молда арасындағы қарым-қатынасты оқырман тек
диалог арқылы аңғартады:
«Кҿзін сүзе қарап, Түйебайға қадала қалды. Ашуланғанда,
ортасын қырқып тастағандықтан, делдиіп тұрған мұртының жебесі
тікірейіп, қозғала беретін. Бұл жолы да сондай қалыпта қалды.
Кітабын сандықтың үстіне қойып:
–
Неге кешіктің? – деді.
Түйебай үндемей тізерлеп, бүкірейіп отырып, имандығын аша
бастады. Үндемеген сайын молданың ашуы үдейін деді.
– Неге үндемейсің, доңыз? Жат бері! – деп қолындағы екі айыр
қамшысымен сандығының жанын кҿрсетті. Түйебай барып жата
алмады. Қыбыжықтап тҿмен қарай берді.
– Доңыз, сен тіл алмайтын кім едің! – деп, молда қамшымен
осып жіберді» [1, 120].
Келесі абзацтарда ҽңгіме енді жазушы атынан емес, Түйебаймен
бірге оқитын бала атынан баяндалады да одан ҽрі екеуара диалогке
жалғасады. Мысалы:
«Мен ҽжемнің кенжесімін. Кенжесі болғандығымнан шығар
деймін, бҿтен балаларынан гҿрі мені еркелеткен секілденетін еді.
Киіз үйге шыққанда мені молдаға апарып бергенде де:
241
– Молдекесі, кенже балам еді ҿзі ҿте қорқақ, тым ұра бермессің
деген. Оның үстіне бейсенбі сайын тоң майы болмаса, майға ыстық
нанды жаныштырып, молдекемді қонақ қыламыз. Қонаққа ылғи мен
ҿзім шақырамын.
Ұзын желеңін сүйрете киіп, тіс шұқуышы мен кҿзіне сүрмесін
тартып алып, молдекем алдыма түсіп алып үйге келеді.
– Молдекесі, шҽкіртіңе батаңды берші, – деп, келген сайын
ҽжем 5 тиындық қара бақырды бармағына қыспай жіберген емес»
[1,120].
Қаламгер диалог арқылы талай суреттер беріп ҿтеді.
Кейіпкердің ішкі ҽлемі эмоционалды-психологиялық жай-күйін
ашуда Бейімбет Майлин ишара-қимыл, мимика, дауыс ырғағын
диалогтерді суреттеу барысында сҽтті пайдаланады. Кҿз алдымызға
бірден «тізесінің үстіне кітап қойып, қауырсын қаламмен тұқшиып
бірнҽрсе жазып отырған» молда елестейді. Түйебай кіріп келгенде,
ол «оған қадала қарайды», яғни басқа кейіпке енеді, ашуға булығады.
Кейін авторлық баяндау мен кейіпкердің ішкі монологі қатар ҿріліп,
ҽсіресе, жоғарыдағы диалогте кҿрінетін Түйебай тағдырының
себебін айқындай түседі. Автордың азаматтық кҿзқарасы, оқиғаға
деген қарым-қатынасы кейіпкер ойымен бірігіп кетеді.
Жазушы осы бір оқиға үстінде ҿмірдің керемет шындық
суреттерін диалог арқылы бере білген. Осы азғана суретте адам
тағдырлары айқын кҿрінеді. Бұл турасында ғалым Ш. Елеукенов:
«Адамды сҿйлету арқылы да мінез-құлқынан талай сыр түюге
болады немесе ҽркімнің сҿзі арқылы ҿзін танимыз. Ҿйткені ҽркімнің
сҿйлеген сҿзінде оның бүкіл ішкі болмысы, ҿзіне тҽн психологиялық
ҿзгешелігі, оның сезімі, ұғымы, нанымы, танымы, білімі, мҽдениеті
түп-түгел тұнып тұрады», – деп тұжырымдайды [2, 87].
Б.Майлин кейіпкердің сырт келбетін, жүріс-тұрысын, қимыл-
қозғалысын, амандасу секілді болмашы қимылдарының ҿзін оның
сипатын ашуға, оған баға беруде тиімді пайдаланады.
Қаламгердің «Сексен сом» (1918) ҽңгімесінде де амандасу
диалогінен басталған екеуара сҿз жарыстыруларда басты кейіпкер –
Егеубайдың бейнесі тіптен аянышты:
«Ҿзі шомына айналып тастаған кҿңнің үстіне шығып жайлап
салып жатқанда, біреу келіп:
– Ассалаумағалейкум! – дейді.
Егеубай кенет шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
кҿтеріп алды:
– Ҽликсалам... Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің?
– Бір-екі күннен бері неғып кҿрінбей жүрсің?
– Кеше жиналыстан келдім ғой – деді Тынымбай.
Егеубай шомның басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай
бастады:
242
– Е, жиылыстан келдім дейсің ба, Не жаңалық бар?
Бҿтен хабар жоқ. «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты делегат
келген екен, ішінен бір сұсты жігіт бар, сірҽ, бастығы болса керек.
Олар Найзалыға жүріп кетті. Болысқа «тез ақша жиып қой» деген
екен, сол ақшаны ауылнайларға бҿліп... Біздің ел кедей деп ақшаны
басқа ауылға ауыстырады. Сонымен, қалған ақшаны үй басына
бҿлгенде сексен сомнан келді.
– «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жерге
түсіп кетті. Ҿзі безгек болған кісідей қалтыранып, аузы жыбырлап
қайта-қайта «сексен сом» деп айта берді...» [1, 132]. Осы тұста,
Ш. Елеукеновтің: «Адамның қасиетін ашуға талпынған жазушы
қашанда ҿз геройының мінез бейнесіне кіріп алып, оның жан
түкпіріндегі ең аяулы дірілін басып, қуанышы мен мұңын, күдігі мен
қайшылығын бҽрі-бҽрісін суреттеуге тырысады», – деген пікірі дҽлел
[3, 188]. Жаңалық-хабарды естігенде Егеубай ҿзін қоярға жер таппай
дегбірі қашады.
Бай мен кедей арасындағы тартыстың ащы шындығын
тартымды суреттейтін ҽңгімесінің бірі – «Сара ала тон» (1928).
Бұл шығармада да заман келбетін кҿрсетуде басты тҽсіл –
диалог. Мҽселен:
« – Ҽй, Қожан-ай, заман бұзылды ғой, – деп Сейпен ауыр
күрсінді. Салмақты денесін қозғаңқырап қойғанда, ауыр дененің
екпініне шыдамай күрең жорға аяғын ҽлтек-тҽлтек басып,
жорғасынан жаңылып қалды. Сейпен жорғаны шаужайлап,
қамшымен тартып-тартып жіберді.
– Рас айтасыз, заман бұзылды, елдің баққаны пҽле. Үлкенді
сыйлау, аруақты сыйлау деген жоқ. Сіздің есігіңізде жүретін
Дҽуқараның баласы атқа мініп, ел билеген соң не оңбақшымыз?
«Кҿменеспін» дегенді шығарып алыпты. Осы Шермек те кҿменес
емес пе? Елге келгенде, Шермек ешкімге соқтықпай-ақ тең
құрбысымен ойнап-күліп қайтып жүр, – деп, Қожан да күрсінді» [4,
119].
Бай малын тҽркілеуді естігенде Сейпеннің іші ҽлемтапырық
болды. Ойы он саққа жүгірді. Қасындағы Қожанға ойын да айтып
салды. Белгілі ғалым Т. Нұртазин айтқан: «шағын репликамен,
тапқыр диалогпен характерді танытып тастайтын Бейімбет ҿнерінің
күші» осының дҽлелі [5, 212].
«Сары ала тонның» алғашқы екі бҿлімі сол кезеңдегі оқиға, ел
атқамінерлерінің, байлар мен мырзалардың басына қауіп-қатер
бұлтының үйірілгенін, оларға қарсы бағытталған жойқын соққыдан
жалтарып, бас сауғалауға ешбір лаж жоқтығын меңзейді. Кейінгі
диалогтерде байға таянған жиған-терген дүние-мүлікті тҽркілеу тура
айтылмайды, тұспалдап, астарлап сездіріледі.
243
«Ұлболсын» ҽңгімесі ˗ жазушының стильдік шеберлігі
кемелденген кездің жемісі. Шеберлік басқа тҽсілдермен қатар мұнда
нағыз Майлиндік диалог жазу үлгісін кҿреміз. Шығарманың басты
кейіпкерлері Ұлбосын мен Ҽбулақап арасындағы тҿмендегі диалогке
назар аударсақ:
« – Балтаңды ҽкел, мен ұсақтай берейін, – деп балтаны
Ұлбосыннан алып, жас қайыңға балтаны сілтеп жатыр.
–
Аяғыңызды абайлаңыз, шауып алып жүрмеңіз.
–
Кҿзім бар емес пе?
–
Қата болмасын дегенім ғой.
–
Біреу жаны ашып сҿз айтса, содан жақсы кҿрерім жоқ.
–
Оныңыз қызық екен, – деп Ұлбосын күлді. Ҽбулақап ағашты
ұсақтай берді.
–
Күн бүгін боран болып кетті-ау, – деді Ұлбосын.
–
Оқасы жоқ, үйдеміз ғой.
–
Неге, ашығы жақсы емес пе?
–
Боран күні ұйқы тҽтті болады.
– Жай күні ұйықтай алмай жүр ме едіңіз? Ҽбулақап бетіне қарап
еді, Ұлбосын қып-қызыл болып құлағына шейін қызарды» [1, 48].
Диалог арқылы берілген қыз бен жігіттің шынайы, сыршыл да
биязы ҽзілді жауаптасулары, сыпайыгершілік пен ҽдептілік, ішкі
жүрек сезімдерін бір-біріне байқату мен барлау – бҽрі де аса
жарасымды, шынайы шыққан.
«Қара шелек» (1930) шығармасында да ҽңгіменің негізгі
идеясын оқырманға ұғындыру үшін жазушы диалогке жүгінеді.
Шығарма қара шелектен басталады. Мҽселен:
« – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен
қорыққаннан – темекі алатын ақшама шелек алдым, – деп
Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап
ұстатқан.
Бірмағамбет мұны айтқанда, Айшаны ұқыпсыз деп, дүниесін
бүлдіріп ұстайды деп айтқан емес. Айшаның сҿзін аяқсыз
қалдырмағандығын
сездіргелі
айтқан.
Ҽйтпесе,
Айшаның
жинақтығы, тиянақтылығы бүкіл елге мҽлім. Ауылдың Айшаны кҿре
алмай қызғанатын қатындары оған мін таққысы келгенде:
– Кҿріне бірге алып кетсе, кҿрерміз: ҽйтпесе кімнен қалмаған
дүние, – деп бұрқылдасады» [1, 76].
Кейінгі оқиғаға қатысатындардың айтар ойлары полилогтерге
ұласады да ҽрі қарай Айшаның да, қара шелектің де жайынан
оқырман жоғарыдағыдай сҿз жарыстырулар негізінде хабардар
болады. Осылай жазушы қоғам ҿзгерісінің нҽтижесінде тұрмыс
жоқшылығынан тауқымет тартқандардың азаттыққа жеткісі
келетіндіктерін кейіпкерлерінің ҿміріне енген ҿзгерістер арқылы
бедерлейді. Диалогте Айшаның ҿз бойындағы сенімсіздік пен
244
тосылып кібіртіктеуді жеңіп, ҿзін-ҿзі қайрап, шешім қабылдауы
нанымды беріледі. Сонымен қатар, ҽңгімедегі Бірмағамбет бейнесі
арқылы ғасыр басындағы интеллигенцияның халықтық ҿкілдерін
еске түсіреді.
Суреткер кейіпкерінің беймҽлім орта жайлы ішкі ойын, сана
ағымына сыртқы ортаның ҽсерін, оны қабылдауын адамның
болмысына сай ой қорытуы турасында жеткізеді. Жазушы «Қара
шелек» ҽңгімесінде айтар ой-идеяларын диалог тҽсілімен бермей, құр
баяндап қана жазса, ҽңгіме мұнша тартымды кҿрінбеуі де мүмкін еді.
Ҽсіресе, сатиралық ҽуендерден айырылып қалар ма еді? Жалпы
қимылдың, іс-ҽрекеттің психологиясына мҽн беру Майлин
шығармаларында басым. Мұндайда автордың кейіпкерге беретін
адамгершілік тұрғыдағы бағасы белгілі бір дҽрежеде бой кҿрсетіп
тұрады.
Сайып келгенде, Т. Сыдықов: «Бес-он бет қана кішкене
шығарма кҿлемінде үлкен ҿмірдің бір бҿлігін жайып тастап, оқырман
алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп ҽкеп, жақсысына
сүйсінтіп, жаманына түңілтіп отыру – ірі шеберлік» [6, 17], – десе,
сол шеберліктің шыңына жеткен жазушының бірі – Б. Майлин.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Майлин Б. Повестер мен ҽңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1987.
˗ 303 б.
2
Елеукенов Ш. Ҽдебиет жҽне ұлт тағдыры. – Алматы:
Жазушы, 1997 ˗ 231 б.
3
Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. ˗
300 б.
4
Қазақ прозасы. Хрестоматия. Т. 3. – Алматы: Ғылым, 2001. –
548 б.
5
Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы:
Жазушы, 1966. ˗ 323 б.
6
Сыдықов Т. Қазақ тарихы романы. – Алматы: Ер Дҽулет,
1996. ˗ 250 б.
Резюме
В статье рассматривается художественный мир произведений
народного просветителя, общественного деятеля начала ХХ века
Беимбета Майлина. Восприятие целостности образов персонажей
через видение реальной картины того исторического периода в
казахской степи находит отражение в диалогах мастера короткого
рассказа.
245
Resume
The article is about Beimbet Mailyn's art world works who was
arepresentative of the national intelligency and public figure of the
twentieth century. However, this article considers the skillful use of
dialogue by the writer in his stories for true image of the nature and
essence of the character, the historical events that occurred in that period
in the Kazakh steppe, as well as image requirements of the time.
ӘОЖ 8 82 82-8 82-83
ХІХ ҒАСЫР АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
ӚМІР-ӚЛІМ МӘСЕЛЕСІ
А.Е. АЛИМБАЕВ
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Еуразия гуманитарлық институты
Г.А. СЕЙСЕМБАЙ
аға оқытушы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Аннотация
Мақалада ХІХ ғасыр ақындары – Сүйінбай Аронұлы,
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Базар Оңдасұлы, Шортанбай Қанайұлы
туындыларындағы ҿмір-ҿлім философиясы талданған.
Түйін сӛздер: ҿмір-ҿлім, дүние, ғұмыр, Сүйінбай Аронұлы,
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Базар Оңдасұлы.
Ҿмір философиясы қазақ ұлты болмысында үлкен мҽнге ие
ұғымдардың бірі. Ҽдебиеттегі ҿмір-ҿлім тақырыбын ҽр кезең
ҽдебиетінде кездестіруге болады. Қазақ ҽдебиетінде де бұл тақырып
кең кҿлемде жырланып, ҽдебиеттану ғылымында терең зерттелген.
Жаратылыстың
заңына
бағынатын
ҿмір-ҿлім
мҽселесі
жаратылушылар бар кезде ҿзекті болып қала бермек. Қазақ
ҽдебиетінде бұл тақырыптың кҿп жазылған кезеңі ХІХ ғасыр
ҽдебиеті.
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы – ҿзіне дейінгі ҽдеби кезең
дҽстүрін жалғастыра отырып, кҿркемдік сапасы жағынан кҿш ілгері
246
дамыған, тақырыптық жағынан да, идеялық құндылығы тұрғысынан
да сонғы ізденістер мен тың ой-пікірге толы кезең.
Адамды қызықтырған «қызыл түлкі» дүние сыры, мҽңгілік
құпия болып, адамзатты ойландырып, ақындарды толғандырып,
талай суреткердің туындыларына арқау болып келе жатқан, қай
кезеңнің ҽдебиетінде болсын мҽнін жоймаған адам ғұмыры туралы
философиялық сарын ХІХ ғасырда ерекше орын алып, поэзияға
айрықша сипат, сыршылдық пен терең ойшылдық дарытты.
Адам ҿмірі, дүние құпиясы мен ҿлім сыры – мҽңгілік ҿзектілігін
жоймайтын тақырып. Себебі, бұл – адамзаттың ақыл-ой тарихында
тым ҽріден бермен қарай, тіпті адамның ҿзімен бірге жасасып келе
жатқан, талай дарындар мен даналарды толғантқан тақырып.
Олардың бҽрі де жалпы бір арнада ой толғай отырып, ҽрқайсысы
ҿзінің ҿмір тҽжірибесіне, одан түйген тұжырымына қарай бұл
тақырыпқа ҿзінше үлес қосып, жырлап отырған.
ХІХ ғасыр ақындарының ішінде дҽл осы тақырыпты кҿтермегені
кемде кем. Кез келген суреткердің шығармашылық мұрасында бұл
мҽселе жырланып, ҽрқайсысы ҿзінше ой қорытады. «Сҧм дҥние»,
«шолақ дҥние», «жалған дҥние», «сағым дҥние», «боқ дҥние», «бес
кҥндік
дҥние»,
«көлеңкелі
бҧлттай
көшпелі
дҥние»,
«қызықтырған тҥлкідей», «көне сарай дҥние» т.б. сияқты
айқындаулар мен теңеулер арқылы ақындар дүниенің ҿтпелілігі мен
құбылмалығын сипаттап, мҽнін түсіндіруге тырысқан.
Ҿмірді кең қамтып, қоғамдық қайшылықтар сырын түсініп, жыр
шерткен ҿз заманының парасатты ақыны Майлықожаның ҿлең
жолдарына жүгінейік.
Ол ҿмір құбылыстарын, дүниенің ҿзгергіштігін, ҿткіншілігін ҽр
тұста ескеріп, адамға керекті ақыл ұсынады. Мысалы, оның «Дүние»
деген ҿлеңін келтірер болсақ, ақынның жарық дүние сырларын жан-
жақты да терең түсіндіре толғайтынын аңғарамыз.
Дүние, ісін сенің қиынсың-ай,
Тарқайтұғын базардай жиынсың-ай,
Дүние, талай жанды тастайсың-ай,
Түрленіп түлкілікті бастайсың-ай!
Дүние, сен бір кҿне сарайсың-ай,
Неше күн ашыналыққа жарайсың-ай!
Дүние,құлазығын даласың-ай,
Бҽрінде қарайғанның аласың-ай.
Дүние, сен бір кезеп ұрысың-ай
Баяндап ешкімге жоқ тұрысың-ай! [1, 45].
Келтірілген осы ҿлең жолдарына кҿңіл бҿлсек, ақынның айтары:
дүние сыры құбылмалы, тұрақсыз. Ол адам үшін қиын да кҿпшіл
жиын болып кҿрінеді. Сондай-ақ, ұшы-қиыры жоқ сайрандай беретін
247
кең, түлкідей түрленіп адамды қызықтырып, құмар қылар алдамшы,
кейін ҿмір ҿте құлазып, қуарып солар баянсыз сұм.
Майлықожа ақынның бұл мҽселеге арналған тағы бір ҿлеңі
«Дүниеге мейман кҿңілім» деп аталады. Ҿлең тақырыбының ҿзі-ақ
адам ҿмірінің мҽңгілік еместігінен, оның ҿмірге аз уақытқа келген
қонақ екендігінен хабар беріп тұр.
Ҿлшеніп берген ҿмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің
Бір қалыппен еш пенде,
Бітіре алмас үлесін [1, 36], - дей келе ақын ажалды мҽңгілік
ұйқыға теңеп, дүниені кҿптеген ақындар сияқты «қызыл түлкіге»
теңейді.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние ҿтер бір күні-ай [1, 36].
Сондай-ақ ақынның толғауларындағы үлгі-ҿнеге, тҽлім-
тҽрбиелік ойлары халықты ҿмірден не бір жүйріктің ҿткендігіне,
ешкімнің де басында қызық дҽуреннің тұра бермейтіндігі мен қуатты
кезді мҽнді істерге арнауға шақырумен аяқталып отыратындығы
байқалады. Бұл жағынан ақынның басқа да ақындармен үндесер
тұсы басым сезіледі.
Ҿмір-ҿлім филососфиясы басқа да ақындар сияқты Сүйінбайға
да тҽн. ХІХ ғасыр поэзиясындағы жиі кҿтерілген мҽселенің бірі –
ғұмыр диалектикасы.
Сүйінбай ақын ғұмыр, тіршілік, күн-ай-жылмен ҿлшенеді, біздің
дегенімізбен емес, тҽуелсіз ҽрекет етуші табиғат заңының ісі деген
материалистік
тұжырымға
келеді.
Ҿмірдің
бір
орнында
тұрмайтындығы, кезі келгенде ҽр нҽрсенің тозатындығына, адамның
да ҿлшеулі ҿмірі барлығына, ал ҿшкен тіршіліктің орнына жаңа
мазмұндағы тіршілік келетінін ҿз туындыларында ҿте шеберлікпен
жырлайды.
Ақынның философиялық ҿлеңдері ҽрқашан гуманистік оймен
астасып жатады. Ол ылғи адам тағдыры, заман жайлы терең
толғанып, ҿзінің ерекше пайымдауларын ұсынып отырады. «Дүние
ойлап тұрсам баяны жоқ» деп аталатын ҿлеңінде адам ҿзінің ҿлшеулі
ҿмірін ізгілік пен жақсылық жолына сарп етіп, жаман қасиеттен
бойын аулақ салса ғана оның ҽр күнінің мҽнді де сҽнді болатындығы
туралы мағыналы ой түйген ақын:
Ажалдан құтылмайсың қашқанменен,
Кетпейсің бір тосусыз тасқанменен.
Ҿлшеусіз жерден ұзап кете алмайсың,
Аспанға қанат байлап ұшқанменен.
Еңкейіп басың жерге бір тиеді,
248
Қаншама талассаң да аспанменен [1, 312], - дей отырып, «Кҿп
асқанға бір тосқан» деген халық нақылына орай адамгершіліктің ең
бастысы кішіпейілділік, ізеттілік деп таниды. Ҿзінің адамгершілік
қасиеттерімен елге үлгі бола білген ақынның ҿмір жайлы түйер
түйінінің бастысы – адамдардың асып-тасудан аулақ болып, бір-
біріне қамқорлық жасауы. Кҿрген түстей ҿте шығатын қысқа
ғұмырда адамгершілік пен арлылықтың, кішіпейілдік пен
адалдықтың орнының ерекше екендігі оның толғауларындағы басты
сарын десек болады.
Адам ҿмірінің балалық шақтан, қарттық кезеңге дейінгі кезеңді
суреттеп жазған туындылар Ақан сері, Сүйінбай Аронұлы, Мҽделі
Жүсіпқожаұлы сынды ақындар шығармашылығында кездеседі.
Мҽселен, Мҽделі Жүсіпқожаұлының «Басында қатыра судан
болдық пайда» деп аталатын ҿлеңінде адам ғұмырының туғаннан жүз
жасқа дейінгі кезеңіне сипаттама берілген. Ақын суреттеуінде
ҿзіндік ерекшелік те жоқ емес. Бір жастан бастап жиырма алты жасқа
дейінгі уақыттың ҽрбір бір жылына тоқталған ақын одан ҽрі ҽрбір бес
жас кезеңді бір алып жырлайды. Адам ҿмірінің ҽрбір сҽтінің ҿзінше
маңыздылығы, ҽр жастың ҿзіне тҽн сипаты мен кҿрінісі, жастық
дҽуреннің баста мҽңгілік емес екендігі ҿте шебер, ақындық кестелі,
мағыналы сҿздермен сипатталады. Сҿзіміз дҽлелді болу үшін ақын
туындысынан үзінді келтіре кетейік:
Басында қатыра судан болдық пайда,
Неше күн шайқатылып жүрдік бойда.
Сол судан қан-сҿл ғайып пайда болып,
Сүйек пен етке шаптық үш-тҿрт айда
Тарықпай тар құрсақтан тауып қорек,
Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда
Құдіреттің күшімен шарқи пҽлҽк,
Келіппіз дүние деген кең сарайға [1, 270], - деп келіп ақын
бұдан ҽрі ҽрбір жасқа тоқталады. Мҽделі ҿлеңінде байқалатын бір
ерекшелік: адамның ҿмірге келу заңдылығына тереңірек, адам
жаратылысын тану тұрғысында тоқталуы.
ХІХ ғасыр ҽдебиетінде терең пҽлсапалық ойларымен,
шығармаларының мҽнділігімен ерекшеленетін, ҽсіресе, адам ҿмірі,
дүние сыры туралы ҿзіндік ҿлең ҿрнегін жасаған ақын – Базар
Оңдасұлы.
Оның кҿптеген шығармалары, атап айтар болсақ «Жиырма
бес», «Жігіттік», «Ҽлеуметтер, құлақ сал», «Ҽр кемелге, бір зауал»,
«Ойналық та, күлелік», «Тіршіліктің түрлері» т.б. кҿптеген ҿлеңдері
адам ҿмірі туралы терең философиялық ой түюге арналған.
Ҽрқайсысында ҿмір мен ҿлім жайлы сан алуан ақындық пікір
білдіріп, адам тағдырын сан қилы суреттермен бергенімен ақынның
негізгі тұжырымы: «сҧм», «шолақ» ҿмірдің «бастан желдей
249
заулап», «мҧнарланған сағымдай», «бәйге атының шаңындай» ҿте
шығатындығы. Базар жырау туындылары тереңнен толғап, дүние
баянсыздығы жайлы ҽр ҿлеңінде ҽртүрлі сипаттама беруге, ҽсіресе,
дүниедегі барлық тіршілік иесін, адаммен салғастыра отырып,
бҽрінің мҽңгілік емес екендігі арқылы түсіндіруге кҿбірек мҽн береді.
Мысалы, «Ҽр кемелге, бір зауал» атты толғауында «Арқаның сары
белінде ешкімге ұстатпас жүйрік құлан да, мұзды балақ, қанды кҿз
қыран да, жарауы жеткен, бҽйге бермес тұлпар да, қайратты ер жігіт
те еш таусылмастай кҿрінген байлық та мҽңгілік емес, бүгін бар да
ертең жоқ» деген терең философиялық ой түйеді. Ал, ақынның
«Ҽлеуметтер, құлақ сал» деген ҿмірінің соңғы кезеңінде айтылған
жырында ҽртүрлі адамдарға қатысты дҽл осындай пікір айтылады.
Хан да, ҽулие де, бай да, би де, батыр да, тіпті «сайраған шайыр» да
ажалсыз емес. Бҽрінің де ҿлшеулі күні бар деген тұжырым жасайды.
Ақынның дүниенің ешбір жанның басында тұрақтамайтындығы,
батыр да, сұлу да, шешен де, бай да ҿмірде мҽңгілік емес деуде ой-
пікірлері жақын. Бұл ой ақын шығармасында былайша берілген:
Батпансыған бай да ҿлер,
Зулап ҿтер басыңнан
Баяны жоқ дүниелер.
Болжалды күн болған соң,
Дүниеден кім қалған?
Батыр ҿткен шабынған,
Жүйрік ҿткен шабылған,
Кербез ҿткен тағынған...[1, 120]
«Дүние», «Ҿмір» деген терең философиялық ұғымды Мұрат
ақын былай жеткізеді:
Дүние деген бҽйтерек,
Біз – бозторғай асылған
Дүние деген – ұшқан құс
Басыңнан шарлап ҿткен.
Құлыншақ Кемелұлы:
Дүние – ол бір кҿлдің қасқалдағы
Жұлдыздай сҽуле берген аспандағы [1, 137], - деп сипаттайды.
Ақындар адам ҿмірін бҽйтерекке, аспандағы жұлдызға, ұшар
құсқа теңеп, дүниеге сан алуан сұлу теңеулер де таба білген.
Ҿмір, дүние дегенің,
Ағып жаткан су екен.
Жақсы-жаман дегенің,
Ойлай білген у екен [1, 175], - деп Абай Құнанбайұлы да ғұмыр
сырын, оның ҿткіншілігі мен тұрақсыздығын ҿте терең түсініп, ҿмір
шіркінді ағынды суға теңеп, үлкен кҿрегендікті білдірген.
«Қамшының
сабындай
ғана»
ғұмырымыздың
асылдығын,
қымбаттығын түсіне білмейтін, ҿмір құндылығының нақты аңғармай
250
жүрген жандардың мінез-құлықтарын сынға алған. Ҿлімнің түбінде
бір соқпай ҿтпейтін біле тұра, дүниеқоңыздықты ҿмірлік мақсат
ретінде алып, келеңсіз іс ҽрекеттерге баратын жандарды сынап,
ақындар осы кемшілікке жіті кҿңіл бҿлген.
Сондай-ақ Шҽңгерей Бҿкеевтің «Ҿмірдің ҿтуі», «Жалғаншы,
жарық дүние», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Бұл дүние
пҽнилығын етеді екен» деген ҿлеңдері ҿмір, дүние сыры, адам ҿмірі
мҽселелерін терең тебіреніспен, философиялық ой түйе отырып
жырлауға арналған. Бұл мҽселелерді жырлауда ақынның түйген ҿз
қорытындысы, тҽжірибесі байқалады.
Бұл дүние пҽнилығын етеді екен,
Бір дҽурен ҿтіп, бірі жетеді екен.
Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,
Ескілер бірден бірге бітеді екен [1, 185],
немесе:
Түбінде бҽрі кетер, ажал жетер,
Құдайым жарық етпей ақиретін.
Тоң қатып, қара жерге қарлар жауса,
Астында неғып шыдар менің етім.
Құдайым, ҿлмей тұрып аш бағымды,
Тіріге ҿлсем-ай аз сый-құрметім [1, 185], - деп жырлаған ақын
адам кҿрер сый-құрметі мен алар бағасын тірісінде алуы керек деген
ой түйеді.
Ҿмірге келген қай пенде болмасын ҿмір жолдарын ҿзінше жүріп
ҿтеді. Осы қиындыққа ҽрі қызыққа толы сары жолда кездескен
кедергілерден сүрінбей ҿту үшін адамның бойында адами қасиеттер
ҽрқашан болуы керек, Абайдың келтірген толық адамында бар:
нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек ХІХ ғасыр ақындарының
ғұмыр диалектикасы тақырыбында қозғайтын, жырлайтын айдары.
Ҿмір мен ҿлім жайындағы ауыр толғаныстар мен тебіреністер
ақыр аяғында Алла туралы ойға келіп тіреледі. Жаңағы ҽрқилы
тағдырдың бір ғана билеушісі бар. Ол – Алла. Адамның бұл
дүниедегі барлық ісі де, бүкіл ҿмірі де бір ғана соның жазуымен
болады. Бірақ тіршілікте баян жоқ екен деп, Аллаға жазу – күпірлік.
Ҽркім ҿз пешенесіне мойын ұсынып, тағдыр таралғысын тапжылмай
да тайсалмай қарсы алуға тиіс.
ХІХ ғасыр ақындарының ең соңғы ҿмірде құлдық ұратыны – бір
ғана тҽңір ісі. «Күндіз ісің жемісті болса, түнгі ұйқың алаңсыз
болатыны сияқты, ҿмірің ҿкінішсіз ҿтсе, ажалды да алаңсыз қарсы
аласың», - депті адамзаттың данышпан перзенті Леонардо да Винчи [3].
Белгілі философ И. Кант: «Кімнің ҿмірі неғұрлым қымбаттырақ
болса, сол адам ҿлімнен де онша кҿп қорықпайтын болады» [3], -
деген екен. Былай қарағанда, қисынға кереғар айтылған сҿз сияқты.
251
Ал, ішкі мағынасына үңіле түссеңіз, терең мҽнді екенін кҿресіз.
Демек, кімде-кім ҿз ҿмірінде адамзатқа қымбат қазынаны неғұрлым
кҿбірек берсе, ол адамның ажал алдындағы қорқынышы да соғұрлым
аз болуға тиіс. Ҿйткені ол берерін берді, енді ҿкінбеуіне болады.
«Ал, Шығыс адамдарының оның ішінде Пайғамбар үмбетінің
ҿлім жайындағы түсінігі тіпті жайбарақат. Ҿйткені бҽрі де
тағдырдың жазуымен жоғарыдан келген бұйрық бойынша істеледі.
Пешенеңе туу басында не жазылса сол болмақ. Одан озмыш жоқ.
Оның үстіне, бұл дүниедегі тіршілігің ана жақтағы мҽңгі ҿмірдің
кіріспесі сияқты ҿткінші нҽрсе. Сондықтан «бұған онша қайғырмай,
ана дүниедегі түпкілікті мекен-жайыңның қамын ойла» дейді» [4,
251].
Жоғарыда келтірілген пікірлермен ХІХ ғасыр ақындарының ойы
да сабақтаса келеді.
Ҿмір атты ұзақ сапар қаншалықты жұмбақ болса, сол ҿмірге
үстемдік жүргізген адам – одан ҿткен құпия. Оның ішіндегі қалың-
қалың қатпарларға, иірім тұңғиықтарға кейде сол адамның ҿзі де
бойлай алмай қалады. Сҿйтіп жүріп, бір күні санаулы күнінің сағаты
қалай соққанын білмей қалады. Осыдан келіп адам, уақыт, ҿлім
туралы үштік проблема суырылып шығады.
Бұл тақырыпты ҽр ақын ҿзінше жырға қосқан. Қай ақынды алып
оқысақ та, олардың негізгі тақырып арқауы – сол ҿмір, уақыт, ҿлім.
Тек ҽр ақын ҿз ҿмір тҽжірибесі мен ой қорытындыларына жүгініп, ҿз
дүниетанымы мен адами түсінігіне қатысты тұрғыдан жырлаған.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Ай, заман-ай, заман-ай. (Бес ғасыр жырлайды): 2 томдық
(Құрастырушы М.Мағауин, М.Байділдаев). – Алматы. 1991. – 491 б.
2
ХІХ ғасыр қазақ поэзиясы. – Алматы: Ғылым. 1985. – 320 б.
3
[http://aitaber.kz/blog/kenester/2327.html]
4
Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. – Алматы: Ғылым,
1994. – 280 б.
Резюме
В данной статье рассматривается проблема философии жизни и
смерти в произведениях поэтов ХІХ века – Сүйінбай Аронұлы,
Майлықожа
Сұлтанқожаұлы,
Базар
Оңдасұлы,
Шортанбай
Қанайұлы.
Resume
This article studies the problem of philosophy of life and death in the
works of poets of ХІХ centuries such as Suinbay Aronuly, Mailykhozha
Sultankhozhauly, Bazar Ondassuly, Shortanbay Khanaiuly.
252
Достарыңызбен бөлісу: |