|
«Қазақ әдеби тілінің тарихы және диалектологиясы» пәнінен тест сұрақтары
|
Дата | 24.02.2022 | өлшемі | 20,92 Kb. | | #26313 |
|
«Қазақ әдеби тілінің тарихы және диалектологиясы» пәнінен тест сұрақтары
1-модуль
Әдеби тіл ұғымын қалай түсінесіз?
Жазба әдеби тілмен бірге ауызша әдеби тіл де жатады.
Еуропалық түсініктегідей тек жазба тіл, яғни хатқа түсіп өңделген тіл жатады;
Тарихи жазба ескерткіштердің тілі жатады;
Кітаби шығармалардың тілі жатады;
Ауыз әдебиетінің тілі, ауызша тараған әдеби тіл жатады;
Әдеби тіл туралы төмендегі анықтамалардың қайсысы оның статусына сай келеді?
Белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты анықталған, қолданылу қызметі әр алуан, стиль жағынан саралануға бейім, тілдің диалектілер мен қарапайым тілден жоғары тұрған түрі;
Халықтың әдебиетке түсіп қалыптасқан тілі;
Жазба әдебиет тілі арқылы жалпыға бірдей ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік нормалары сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан халық тілінің жоғарғы формасы;
Жеке бір индивидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой қорытындысынан, пікір түйіндеуінен өткізіп барып, өзінше бір үлгі-формада беру тілі;
Дұрыс жауабы жоқ..
Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы қай кезден басталады?
ХУ-ХУІ ғасырлардан (Р.Сыздықова, С.Исаев, Ғ.Қалиев).
Көне түрік дәуірінен, хундар мемлекеті кезінен (Ғ.Мұсабаев, Ә.Марғұлан);
ХУІІІ ғасырдан (Қ. Жұмалиев, М. Балақаев);
ХІХ ІІ жартысынан (Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев);
ХХғасырда қазан революциясынан кейін (Т.Қордабаев);
Қазақ әдеби тілінің даму дәуірлері қандай?
Әлі де зерттеуді қажет етеді.
3 әуірден тұрады: 1.ХІХғ. ІІ жартысына дейінгі
2.ХІХ ғ. ІІ жартысынан ХХғ. 30 жылдарына дейін
3. Кеңестік дәуір (Н. Сауранбаев)
4 кезеңнен тұрады: 1. ХУІІІ ғ. ІІ жартысынан ХІХғ. жартысына дейінгі
2. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы.
3. ХХ ғ. басындағы.
4. Қазан революциясынан кейінгі (М. Балақаев);
3 дәуірден тұрады: 1. Абай заманына дейінгі көне әдеби тіл
2. ХІХ ғ. жартысынан ХХ ғ. алғашқы жылдарындағы жаңа әдеби тіл
3. Қазіргі әдеби тіл.
2 дәуірден,3 кезеңнен тұрады: 1. Қазақ халқының ұлттық кезеңіне дейінгі әдеби тіл, өз ішінен 2 кезеңге бөлінеді:
1) ХУ-ХУІІІ ғ. І жартысындағы, 2) ХУІІІ ғ. ІІ жартысы мен ХІХ ғ. І жартысындағы әдеби тіл.
2. Қазақ халқының ұлттық кезеңіндегі әдеби тіл, ол ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталып, бүгінгі әдеби тілге ұласып отыр. (Р. Сыздықова)
Қазақ әдеби тілінің бұрынғы және осы күнгі формалары қандай?
Осы айтылғандардың бәрі де.
Ортаазиялық түркі жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілі;
Қазақ ауыз әдебиетінің тілі;
Қазақтың ауызша әдеби тілі;
Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;
Көне түркі жазбаларының сипаты қандай?
Жоғарыда аталғандардың бәрі де
Белгілі бір поэтикалық өлшемге бағындырылған поэтикалық шығармалар.
Түркі қағандары мен батырларының ерлік жорықтарын баяндайтын шежірелер.
Поэтикалық шығармалар.
Ерлік жорықтарын баяндайтын шежірелер.
Көне түркі жазбаларының қазақ әдеби тіліне қатысы қандай?
Көне түркі жазбаларындағы белгілі бір жанрлардың үлгілері ретінде қазақ әдеби тілінің арналарының бірі болып табылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі эпикалық (тарихи-ерлік) жырлардың ең әдепкі үлгілері.(М.Жолдасбеков).
Қазақтың жыраулар поэзиясындағы дидактикалық-философиялық, шешендік-толғау үлгілерінің қайнар көзі (Қ. Өмірәлиев).
Жыраулар поэзиясындағы толғау үлгілері.
Эпикалық жырлар.
Әдеби тіл тарихын зерттеген ғалымдар
С.Исаев, М.Балақаев
Ә.Болғанбаев, Ғ.Айдаров
М.Томанов, Ә.Керімов
С.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров
С.Жиенбаев, Т.Сайрамбаев
Көне түркі жазбалары мен қазақ тіліндегі ұқсастық, сабақтастық қандай сөз түрлендіруші формалардан жүйелі түрде көрінеді?
Аталғандардың бәрінен де.
Сөздердің тәуелдену жүйесінен;
Сөздердің септелу жүйесінен;
Сөздердің септелуінен;
Сөздердің тәуелденуінен;
Әдеби тілді жазба тілмен байланыстырып қарайтын ғалым
М.Балақаев
С.Исаев
Р.Сыздықова
Б.Әбілқасымов
Қ.Өмірәлиев
Ноғайлы заманында туған эпостық жырлар қандай?
«Едіге», «Ер Тарғын», «Ер көкше», «Орақ-Мамай» жырлары;
«Алпамыс», «Қамбар» жырлары;
«Ағыбай», «Қабанбай», «Бөгенбай» батырлар жайындағы жырлар;
«Қобыланды», «Қыз Жібек» жырлары.
«Наурызбай», «Атығай» батырлар жайындағы жырлар.
«Қараслан», «Көзді көл», «Қырық күншілік қазан», «Сырлы қала», «Қырлы қала», «Құба көл», «Ор төбе» сияқты жер-су атаулары қай эпостық жырда кездеседі?
«Қобыланды»
«Қамбар»
«Алпамыс»
«Ер тарғын»
«Бөгенбай»
«Қылаң етіп қылт етіп, сылаң етіп сылт етіп», «Тау суындай қылаңдап, сүбідейін сылаңдап» тұрақты тіркестері көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдердің қай түріне жатады?
Поэтикалық параллелизм
Поэтикалық эпитет;
Поэтикалық теңеу;
Шендестіру
Анафора
«Бұлт шайнап, мұз бүркіп, үркер мен айдай тоғысты», деген тұрақты тілдік композиция ауыз әдебиетінің қай жанрына тән?
Эпостық жырларға
Аңыз-әңгімелерге
Тұрмыс-салт жырлары
Эпикалық жырларға
Шешендік өнерге
«Жылқы – ішінде ала-ды, қымиық жүнді қара-ды» «Құланнан атты қодықты, көлден тартты бодықты», «Ат байлаған ақыр-ды, көк түскен жер тақыр-ды» деген тұрақты тілдік үлгілер қандай эпостық жырға тән?
Эпостық жырлардың көпшілігіне
«Қобыланды батыр» жырына
«Қыз Жібек» жырына
«Айман-Шолпан» жырына
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына
Ортақ мотивті поэзиялық үлгілерге жататындар:
Мақал-мәтелдер, афоризмдер, дидактикалық шешендік толғаулар.
Аңыз-әңгімелер
Жұмбақтар
Тұрмыс-салт жырлары
Дұрыс жауабы жоқ.
Сөйлемнің баяндауыштары шартты райлық –са, -мен есімшенің –ар, -мес тұлғалары мен жұптасып отыруы тұрақты сөз үлгілерінің қайсысында көп кездеседі?
Мақалда
Жұмбақта
Фразеологиялық оралымда
Идиомада
Фразада
«Белшеден күл ұшады, берекесізден пұл ұшады», «Есектің ақырына ат байласа, тәсірі ұрады», «Қырманы бірдің шамалы бір, заманы бірдің әлі бір» сияқты мақалдар.
Жергілікті сөйленістерге тән;
Әдеби тілге тән;
Кітаби тілге тән;
Әдеби тілге тән емес;
Кітаби тілге тән емес.
Эпостық жырлардағы символдық жер атаулары қандай?
Қарақантау («Қобыланды»жырында); Жиделі байсын («Алпамыс»жырында); Жерұйық (Асанқайғыда);
Алтай, Орхон;
Жетісу, Ыстықкөл;
Еділ-Жайық;
Сарысу, Қаратал.
Кейінгі поэзия үлгілерінде кездеспейтін эпостық тұрақты сөз тіркестері қандай?
«Қыдыра жалды қыл құйрық», «Атой беріп жүргенде», «Буырқанып бұрсанып, мұздай темір құрсанып»;
«Тәуекелге бел байлап, ел-жұртымен қоштасып»;
«Батыр жігіт жауда ойнар, шешен жігіт дауда ойнар»;
«Әуелеп ұшқан алты қаз, етің шекер, сорпаң баз»;
«Әуелеп ұшқан алтауың, жерге түсіп көрмейсің»;
Х-ХІІ ғ. Қараханид мемлекеті кезіндегі түркі тілдерінің жазба ескерткіштері қандай?
«Диуани лұғат ит-түрк», «Диуани хикмет», «Һибат-ул Хақайиқ»;
«Кодекс кумманикус»;
«Хұсрау уа Шырын»;
«Мукаббатнама»;
«Оғызнама».
ХІІІ-ХІУ ғ. Алтын орда дәуірінің жазба ескерткіштері қандай?
«Кодекс кумманикус»; «Хұсрау уа Шірін»; «Махаббатнама»;
«Диуани хикмет», «Хакім ата»;
«Құтадғу біліг»;
«Диуани лұғат ит-түрк»;
«Һибат-ул хақайиқ».
М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» шығармасының сипаты қандай?
Өз кезіндегі түркі тілдерінің сөздігінен, грамматикалық құрылысына, ауыз әдебиет үлгілерінен мол мағлұмат беретін тұңғыш әдеби жинақ;
Түркі тілдерінің тұңғыш салыстырмалы грамматикасы;
Түркі тілдерінің тұңғыш сөздігі;
Түркі тілдерінің фонетикасы;
Түркі тілдерінің лексикасы.
«Алп ер Тона өлді мү» деп басталатын, көне түрк қағанына арналған жоқтау өлең қай жазба ескерткіште кездеседі?
«Диуани лұғат ит-түрк»;
«Құтадғу білік»;
«Диуани хикмет»;
«Хакім Ата»;
«Хұсрау уа Шірін».
«Диуани лұғат ит-түркте» өз заманындағы ауыз әдебиетінің қандай үлгілері берілген?
Жоғарыда аталғандардың бәрі де.
Мақал-мәтел;
Тұрмыс-салт жырлары, Ерлік туралы жырлар;
Қанатты сөздер, көркем теңеулер;
Қисса-дастан үлгілері;
М. Қашқаридың «Диуанындағы» «Арслан қарыса, сычған енін күзетүр» («Арыстан қартайса, тышқан інін күзетер») «Ай толун болса, элігін ымламас» («Ай толы болса, қолымен көрсетпес») сияқты мақалдардағы қазақ мақалдарына ұқсас, тұрақты үлгі неден көрінеді?
-са, -ер, -са, -мес тұлғаларының жұптасуынан;
Мақалдардың құрамындағы сөздерінен;
Грамматикалық құрылысынан;
Фонетикалық жұптасуынан;
Лексикалық құрылысынан.
«Хұсрау уа Шірін» «Қыл йарған» тұрақты тіркесі қазақ тілінде қалай дамып қалыптасқан?
Қара қылды қақ жарған (әділдік мәнінде);
Қыл жарған;
Қазақ тілінде жоқ;
Бүр жарған;
Түк жарған.
ХІІІ-ХІУ ғ. д-тілді, д-й тілді, й-тілді жазба ескерткіштердің қайсысы қыпшақ тілдеріне тән.
Д(дз) дж-й тіл;
Д-тілді;
Й-тілді
З-тілді
Ж-тілді
ХУ-ХУІІ ғ. ауызша төл әдеби тіл өз алдындағы әдеби тіл арналарының қайсысымен тікелей жалғастықта?
Ауыз әдебиетінің тілі
Көне жазба ескерткіштерінің тілі
Ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі
Сөйлеу тілі
Жазба тілі
ХУ-ХУІІғ. Поэзиясындағы негізгі тақырыптар қандай?
Жоғарыда аталғандардың бәрі де.
Дидактикалық
Әлеуметтік хал-ахуал
Ел қорғау
Жаугершілік
ХУ-ХУІІ ғ. ауызша төл әдеби тілді сипаттайтын негізгі үлгілер қандай?
Жоғарыда аталғандардың бәрі де.
Жыраулар поэзиясының тілі
Дау-билікке байланысты шешенлдік сөздер
Шешендік сөздер
Жыраулық поэзия
ХУ-ХУІІ ғ. дидактикалық толғаулар көбінесе қандай жырауларға тән?
Асанқайғы, Шалкиіз.
Қазтуған
Марғасқа.
Доспамбет
Жиембет.
Ортақ мотивті, вариантты туындыларға поэзиялық үлгілердің қай түрі жатады?
Шешендік-дидактикалық өлең –толғаулар.
Портрет өлеңдері
Тұрмыстық өлеңдер
Ғашықтық жырлар
Аңыз әңгімелер.
Асан қайғының «Бұ заманда не ғаріп?» «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңдері қай жанрға жатады?
Дидактикалық өлеңдер
Арнау өлеңдер
Портрет өлеңдер
Тұрмыстық өлеңдер
Аңыз-әңгімелер
Қазтуғанның «Бұдырайған екі шекелі», Доспамбеттің «Айнала бұлақ басы тең» өлеңдері қай жанрға жатады?
Портрет өлеңдер.
Арнау өлеңдер
Дидактикалық толғау-өлеңдер
Тұрмыстық өлеңдер
Арнау өлеңдер.
ХУ-ХУІІ ғ. «Қарындас», «ауыр», «байтақ» сөздерінің қай мағыналары әдеби нормада тұрақта қолданылған?
«Қарындас» сөзінің-туысқан, рулас, «ауыр» сөзінің күшті, көп, «байтақ» сөзінің ел-жұрт мағыналары.
Бұл сөздердің халықтық тілдегі мағыналары
Жалпыхалықтық мағыналар
Фонетикалық мағыналар
Дұрыс жауабы жоқ.
Тұйық етістік тұлғаларының қайсысы жиі қолданылады?
-мақ тұлғасы
-у тұлғасы
-са тұлғасы
-мек тұлғасы
Бәрі де
Шешендік поэзияға тән сөз қолданыс тәсілдері қандай?
Аталғандардың бәрі де
Риторикалық сұраулар
Параллелизмдер
Жеке сөздерді я тұлғаларды қайталау
Қаратпалар
-лық жұрн. арқылы ХУ-ХУІІ ғ. қандай сөздер жасалған?
Дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер.
Нақты заттық мәнді сөздер
Сындық мәнді сөздер
Шылау мәнді сөздер
Деректі ұғымды білдіретін сөздер
Стильдік мақсатта ықшамдап қолдану жалғаулардың қай түрінде жиі кездеседі?
Аталғандардың бәрінде де.
Ілік
Табыс
Барыс
Тәуелдік жалғауларында
«Жәми –ат тауарих» қандай шығарма?
Шежіре
Поэзиялық шығарма
Аударма шығарма
Прозалық шығарма
Дидактикалық шығарма.
«Жами-ат тауарихтың» лексикасына тән ерекшеліктер қандай?
Аталғандардың бәрі де
Лексикасының негізгі қыпшақтық
Сөздердің қыпшақ-оғыз
|
|