Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет3/8
Дата31.05.2022
өлшемі78,88 Kb.
#36016
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мағынасын ашып, «Өлгендер қайтып келмейді» романының ерекшеліктеріне, оның ішінде идеялық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктерін қарастыра отырып, оны анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға тоқталдым:

  • Романның негізгі тақырыбы қандай? Автор бұл шығарма арқылы қандай ойды жеткізгісі келді?

  • «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасындағы оқиғаның атауы нені білдіреді?

  • Кейіпкерлер психологиясындағы жазушы ойының көрінісі қандай?

  • Шығарма тіліндегі көркемдік ерекшеліктерді автор қаншалықты ұтымды қолданған?

  • Қазақ тілін байытудағы романның рөлі қандай?

Зерттеу нысаны:Жазушы Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы
Зерттеу пәні:қазақ әдебиеті
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Зерттеу жұмысының мақсаты – Жазушы Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романын идеялық-көркемдік тұрғысынан зерттеу, тілдік көркемдегіш құралдардың ерекшелігін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

  • Романның негізгі тақырыбын анықтау;

  • Шығарма кейіпкерлерінің болмысын зерттеу;

  • Шығарманың басталуы мен аяқталуындағы ерекшеліктерді, кейіпкерлердің өсу деңгейін зерделеу;

  • Тілдік тұрғыдан көркемдегіш тәсілдердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;

  • Көркемдегіш құралдардың романның жанры мен тақырыбына үндестігін айқындау.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері: Зерттеу жұмысында «Өлгендер қайтып келмейді» романыны туралы отандық ғалымдардың баяндауларымен тұжырымдары келтірілді. Сондай-ақ романның идеялық-көркемдік ерекшеліктерін анықтау мақсатында саралау әдісі қолданылды. Сондай-ақ мәліметтерді жинақтау, салыстыру, сипаттау және түсіндіру сынды жалпы ғылыми әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Бірақ автордың «Өлгендер қайтып келмейді» романын тақырыптық, идеялық тұрғыдан зерттелді;

  • Роман тіліндегі көркемдегіш құралдардың ерекшелігі айқындалды;

  • Роман тіл және әдебиет тұрғысынан қатар зерттеліп, жан-жақты талқыланды;

  • Негізгі идеясы мен тақырыбы, мақсаты анықталды;

  • Жазушы шығармаларының өзгелерден айырмашылығы айқындалды;

  • Шығарманың композициялық бөлігіндегі дамушылық белгісі зерттеліп, талқыланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет