«Қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет1/3
Дата15.10.2022
өлшемі23,83 Kb.
#43289
түріБағдарламасы
  1   2   3

Үлгі

«Қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
6-сынып

«Қазақ әдебиеті » пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.
Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері



Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

Анализ және интерпретация

Бағалау және салыстыру

І тоқсан
(16 сағат)

1-бөлім:
Туған жерім -аялы алтын бесігім

«Аяз би» ертегісі «Алып Ер Тұңға» жыры,
Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»,
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»

6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.2.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.3.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
6.3.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;
6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет