Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі


Қазіргі заманда шешендік өнердің трансформациялануы



бет5/6
Дата17.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#50748
1   2   3   4   5   6

Қазіргі заманда шешендік өнердің трансформациялануы


Қазіргі уақытта редакцияда ең көп сұранысқа ие болғаны – әлеуметтік желілермен жұмыс жасайтын журналисттер немесе SMM менеджерлер болып табылады. Олар өздерінің кәсіби дайындығының арқасында қазіргі заманғы ақпараттық, коммуникациялық және медиа жүйелерінде қызмет атқара алады.
Саясаткер, кәсіпкер өзінің имиджін қалыптастыратын мамандарды таңдағанда бірден-бір қоятын талабы ел алдында сөйлейтін мәтінін дайындап беретін сауатты маман іздейді. PR-мамандары жеке тұлға қалыптастыруға жұмыс жасайды.Олардың жүріс -тұрысынан бастап ел алдында сөйлейтін сөзіне дейін дайындайды.
Әлеуметтік желілер революциясының көшбасшысы деп инстаграм желісін атауға болады. Бүгінгі таңда кез-келген тұтынып жүрген тауардың парақшасының өзі миллиондаған тұрғыны бар ірі қаланың халқынан артық болуы мүмкін. Жасөспірім блогердің аккаунты ұзақ жылдар бойы шығарылып келе жатқан белгілі журналдың тиражынан артық болуы мүмкін. Инстаграм қолданушылардың өзін-өзі танытуына, адамдардың өзара жаңаша араласуына, өз тауарларын тікелей сатуына мүмкіндік береді. Бұрын тек жарнама арқылы таралуы болатын тауарлар мен қызметтерді ел арасында танымал ету, жарнамалу әлеуметтік желісінде тудырмайтын болды. Инстаграм “жеке брендті” дамытудың ең тиімді құралына айналып отыр.
Айнұр Тұрсынбаева
@aidun_nury
“Мидағы миллион”, “Түпсана” авторы
Дәулет Төлеутайұлы
@dauletten
“Баспанаға бағыт”, “Дәулетті күнделік” авторы
Қайрат Құдайберген
@kairat_kudaibergenov
кәсіпкер

Қорытынды

Б. Адамбаев: “Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды. Сөз өнері тоқырайды”

Зайырлы, бейбіт мемлекетте өмір сүретіндіктен, еліміздің әрбір тұлғасы өз кәсібінің көшбасшысы, ата-бабадан мұра болып қалған тарихы мен тілін сақтай алған, қоғамдық ортада өзіндің көзқарасын білдіре алатын тұлға болып қалыптасуы тиіс. 21-ғасырға сай “көзі ашық, көкірегі ояу” азаматтар бар болғанда, еліміздің дамыған елдер қатарынан көрінері сөзсіз. Ал бұл үшін шешендік өнер мұраларын көбірек насихаттау, жас ұрпақтың бойында шешендік қабілетті дамытудың маңызы зор. Жаңа заманның даму бағытына ілесе отырып, шешендік өнердің болашақта өркендеуіне әрбір қазақтың ұрпағы үлес қосуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет