Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі


Шешендік өнердің бәсекеге қабілетті көшбасшыларды қалыптастырудағы маңызы ( А. Қыдыршаев)



бет3/6
Дата17.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#50748
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шешендік өнердің болашақтағы дамуы

Президенттікке үміткерлердің телевизиялық дебаты

Шешендік өнердің бәсекеге қабілетті көшбасшыларды қалыптастырудағы маңызы ( А. Қыдыршаев)

Әділетті сағалаған шешен-билердің ,ақыл айтқан қадірлі ақсақалдардың атақтарын іргелі қазақ еліне әйгілі еткен –олардың ұлт атынан ,іргелі ел, аймақ атынан айтқан шешен сөздері, әділ биліктері, өмірдің өзгешеліктерін ақылға салып,өлшей айтқан болжал сөздері. Бұл тұрғыдан келгенде, от ауызды орақ тілді шешен билеріміз – ұлт көшбасшылары. Қазақтың үш жүзіне ортақ, сонау әріден келе жатқан Асан қайғы, Жиренше шешен,Сыпыра жыраулар – өткенді өрнектей ойына тізіп ,кезеңін кеңінен қамтыған, келешекті болжағыш ,нағыз самғаған саңлақтар.

Көшбасшылыққа тән қазақ шешендік өнерінің тарихи тармақтары сан қатпарлы. Ұлттық шешендік өнерінің тарамдарын білу –бүгінде ұтқыр ойлы ,шешен тілді көшбасшы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі . Халқымыздың сөйлеу өнеріне қай кезеңде де ерекше мән бергені аян. Ал қазіргі таңда тілдік қатынастың барлық түрлерін игерген жоғары мәдениетті көшбасшы тұлғаларға қоғам қажетсінуі айқын аңғарылады. Қайта оралған «тиімді коммуникация жағдайы мен формасының құралы» шешендік тану ғылымы қоғамдағы сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру мен көшбасшы шешен тұлғаларды баулу, қалыптастыру мәселесін шешу жолдарын ұсынуы тиіс.


Әрбір мамандыққа артық етпейтін , жәй ғана мамандығын меңгеріп қана қоймай, үлкен табысқа жетемін деген жан үшін аса қажет қабілет –сөйлей білу. Сөйлеу- қабілет, ал сауатты сөйлеу үлкен өнер. Тұлға ретінде қалыптасқан адамның артынан бүкіл қауымды ерте алатын лидерде шығады. Ал кез-келген лидерлік қабілетке ие болғысы келетін адамның бойында ораторлық өнер болу керек.
Әлеуметтік желіде :
-Привет, каксың?
-Норм ,өз?
-Қандай көйлек алдың?
-Жынды көйлек алдым
-деп тілдесіп жүрген өскелең ұрпақ ертең мұғалім, кәсіпкер, саясаткер болғанда тұшымды пікір, сүбелі сөз айта алатын маман боларына сенесіз бе?

БАҚ және шешендік өнер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет