Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі



бет1/6
Дата17.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#50748
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шешендік өнердің болашақтағы дамуы


Пәні: Шешендік өнер
Институт: Филология
Факультет: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Көшекова А. А
Орындағандар: Жаксылыкова Жансая, Жұмабай Ақерке, Серікова Бағила, Шыңғысбекқызы Айзат
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Шешендік өнердің болашақтағы даму бағыттары
ЖОСПАР:

Біріншіден, қазір қазақ ғалымдары Түркия, Қытай, Иран мемлекеттерінен, араб, Батыс елдерінен халқымыздың өткеніне, әсіресе түркі дәуіріне байланысты өте құнды жәдігерлерді, материалдар­ды іздеп, тауып әкеліп жатыр. Соған орай қазақ шешендігінің әрқилы дәуірлеріне байланысты жаңа зерттеу жұмыстары көбейеді деп ойлаймыз. Сол жәдігерлердің бәрі тыңғылықты, жан-жақты зерттеулерді қажет ететіні сөзсіз.
Екінші бағыт, біз ноғай, түрік, өзбек, түрікмен, қырғыз, әзербайжан, башқұрт, татар, тағы да басқа түркі халықтарының шешендікке байланысты ғылыми жұмыстарымен, жалпы бәрімізге ортақ көне түркі мұрасы туралы зерттеулерімен әлі де жақсы таныс емеспіз. Егер түркі халықтарының ғалымдары жалпыға ортақ ғылыми кеңістік құрып, бір орталықтан жұмыс істей бастаса, осы кезге дейін айқын болмай тұрған мәселелердің көбі ашылар еді, шешілер еді. Қазақ шешендік ғылымының жаңа өрісі пайда болар еді.
Үшінші, шешендік ғылымының тағы бір даму бағыты – қазіргі шешендікті терең зерттеу, шешен сөйлеудің методологиялық негіздерін дамыту, тереңдете түсу. Қазақ шешендігі билер шешендігі дәуірінен кейін тоқырап, тоқтап қалған жоқ. Біз демократиялық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің елімізді толғандырған егемендік, азаматтық, тіл, жер, демография, т.б. тәрізді мәселелердің бәрі бұрын да, қазір де қызу талқыланып, шешендік сөздің тезінен өтуде. Айтыс өнері тәрізді шешендіктің ең күрделі түрі де сахна төрінен орын алып отыр.
Шешендік ғылым болашақта 3 бағытта дамуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет