Түсінік хат 2018-2019 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
түсіну және жауапберу;
анализ жәнеинтерпретация;
бағалау жәнесалыстыру.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.
«Қазақ әдебиеті » пәні бойынша 8-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Жылдық жүктеме 102 сағат, аптасына 3 сағат.