Шығарманың көркемдік, тархи құндылығына пікір білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма А.Құнанбаевтың он жетінші қара сөзі бойынша ашық сұрақтарға жауап беріңіз.
Автор өз мақсатына жету үшін қандай тәсілді қолданған?
Он жетінші қара сөздің отыз екінші қара сөзден ерекшелігі неде?
Бұл ерекшеліктің мәтін идеясын жеткізудегі маңызы қандай?
Дескриптор
Білімалушы
автордың қолданған тәсілін сипаттайды;
қара сөздің ерекшелігін түсіндіреді;
идеяны жеткізудегі маңыздылығын көрсетеді.
Оқумақсаты
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің
жаңашылдығына баға беру
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма «А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым» өлеңі – өз заманындағы өзекті тақырыптарды көтере алған туынды» тақырыбында пайымдау мәтінін жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
тұжырымды түсіндіреді;
өлеңде көтерілген мәселелерді шығарма жазылған заманмен байланыстыра отырып талдайды, өзектілігіне баға береді;
пікірін дәлелдеу мақсатында өлең шумақтарына сай келетін тарихи оқиғаларды мысалға келтіреді;
қорытындысында осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді.
Оқумақсаты
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Адамгершілік құндылық тұрғысынан шығарманың идеясын анықтап, эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы арқылы айтқысы келген идеяларын анықтап, олардың адамгершілік құндылықтар тұрғысынан маңызын түсіндіріп эссе жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
автордың айтқысы келген идеяларын анықтайды;
шығармадан дәлел келтіреді;
негізгі идеяның адамгершілік құндылық тұрғысынан маңызын айқындайды.
Оқумақсаты
10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу .
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Ғылыми еңбектер негізінде әдеби сын жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Ж.Дәдебаевтың «Абайдың «Сегіз аяғы»: мән мен мағына поэтикасы» (http://abai- inst.kz/?p=1637) және Ә.Нарымбетовтың «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы» (http://abai-inst.kz/?p=1738) сыни мақалаларын мұқият оқып, А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінің ерекшелігі туралы сын жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
дереккөздерді қолданады;
автордың мәселені оқырманға жеткізу тәсілдеріне түсіндіреді;
шығарманың тілдік ерекшелігін көрсетеді.
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқумақсаты
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау
мен даралау
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Кейіпкерлердің ерекшеліктері мен типтік образдарды анықтайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Роман-эссенің «Кенжетай», «Қашаған құлын қасқырға алғызбайды» бөлімдерінде сипатталған Қаныш образына талдау жүргізіңіз.
Қанышбойындакездесетін барлықер Қанышқа ғана тән қасиеттербалаларғатән қасиеттер
Дескриптор
Білімалушы
кейіпкер бойындағы жинынтық қасиеттерді анықтайды;
кейіпкерге тән қасиеттерді табады;
мысал келтіреді.
Оқумақсаты
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білім алушы
Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады
Қолдану
Тапсырма Роман-эссенің «Биге шықты дөңгелеп» бөліміндегі Ертіс өзені мен Павлодар қаласына қатысты берілген ақпараттарды қолдана отырып, сипаттау мәтінін жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
тақырыпқа қатысты үзінділерді бөлімнің экспозициясы ретінде қайта өңдеп жазады;
оқиға өтетін жерді сипаттайды;
оқиға өтетін жерді кейіпкердің сезімі мен көңіл-күйі тұрғысынан сипаттайды.
Оқумақсаты 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың
маңыздылығын контекстермен үндестіру
Роман-эссенің «Биге шықты дөңгелеп» бөліміндегі Қаныш бейнесіне тән ұлттық құндылықтарды анықтаңыз. Ұлттық құндылықтардың кейіпкерді тұлға ретінде қалыптастырудағы маңызына талдау жасаңыз.
№
Қанышбейнесінетән ұлттық құндылықтар
Шығармадан дәлел
Маңызы
1
2
3
Дескриптор
Білімалушы
кейіпкер бойындағы ұлттық құндылықтарды анықтайды;
шығармадан мысал келтіреді;
құндылықтардың кейіпкерді тұлға ретінде қалыптастыруындағы маңызына пікір білдіреді.
Оқумақсаты
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін
талдау
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Әдеби шығарманы композициялық ерекшеліктерін анықтайды
Қолдану
Тапсырма М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романын-эссесінің бөлім атауларына назар аударыңыз, автордың шығарманы осы бөлімдерге бөлу мақсатын анықтаңыз.
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең,
әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу