10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға
әдеби сын жазу
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Ғылыми еңбектер негізінде әдеби сын жазады Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма «М.Сәрсеке: «Шындықты ашу – оңай емес, есесіне ойың да, бойың да өседі...» сұхбатына (https://baq.kz/kk/news/kogam/m-sarseke-shindikti-ashu-onai-emes-esesine-oiin-da-boiin-da-osedi-61917) талдау жүргізе отырып, роман-эссенің ерекшелігіне қатысты әдеби сын жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
сұхбаттағы маңызды көзқарастарды ажыратады;
роман-эссенің ерекшелігіне қатысын анықтайды;
әдеби сын жазады.
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқумақсаты 10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Тапсырма
Білімалушы
Шығарманың сюжеттік құрылымы арқылы идеясын анықтайды
Қолдану
А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі эпиграфарға талдау жүргізіңіз.
№
Эпиграфтар
Маңызы
Қолданылу мақсаты
1
Тұлпардың тұяғы таптағанда даланы, Аспан алты, жер жеті ойран-асыр
болады. Фирдоуси
2
В этом мире, где счастье – пустая ложь, Лишь одно без обмана – хребет
коня. Сеитназар Сеиди
3
Көшпенділер – құм тәңірлері. Али
Акташ
4
Бабалар біздің шежіре жазып
қалдырған. Қасымхан Бегман
Дескриптор
Білімалушы
эпиграфтардың маңызын шығарма сюжетімен байланыстырады;
эпиграфтардың қолданылу мақсатын түсіндіреді;
шығарма идеясымен байланыстырады.
Оқумақсаты
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды
Қолдану
Тапсырма Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің жанрлық ерекшелігін А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесімен салыстыра отырып анықтаңыз.
Дескриптор
Білімалушы
композициялық ерекшелігіне байланысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;
оқиғаның шынайылығына байланысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;
кейіпкерлер жүйесіне қатысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Оқумақсаты
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау
мен даралау
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Кейіпкерлердің ерекшеліктері мен типтік образдарды анықтайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде сипатталатын лирикалық қаһарманға мінездеме беріңіз, автордың айтқысы келген идеясын анықтаңыз.
Дескриптор
Білімалушы
лирикалық қаһарманға тән мінезді анықтайды;
автордың ойын өлең идеясымен байланыстырады.
Оқумақсаты
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады
Қолдану
Тапсырма О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінен алынған үзіндіні қолдана отырып, шетелде жүрген отандастарымызға тарихи Отанына шақыру мақсатында хат жазыңыз.
Астында өз аспаның, өз туыңның, Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның, Қандастар қапы қалма, орны бөлек Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін. Бәріміз ұйымдасып көркейтейік Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Дескриптор
Білімалушы
үзіндіні қолданады;
үзіндінің идеясына сай хат жазады.
Оқумақсаты
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын
контекстермен үндестіру
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтарды анықтаңыз, шығармадағы маңызын анықтаңыз.
Дескриптор
Білімалушы
шығармадан сюжет, кейіпкерлер арқылы дәріптелген ұлттық құндылықтарды анықтайды;
шығармадан мысал келтіреді;
шығармадағы маңызын шығарма идеясымен байаныстыра отырып түсіндіреді.
Оқумақсаты
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін
талдау
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Әдеби шығарманы композициялық ерекшеліктерін анықтайды
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білім алушы
Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма О.Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып, Құтты орын тепсеңдер де ауырласып, Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып. Бөленіп онда бәрің байлық, баққа, Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа, Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа, Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына, Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына, Ілінбеу үшін елдік бірлік керек Ешқашан енді ешкімнің қармағына. Уақытша көрсендер де қиыншылық, Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып, Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып. Астында өз аспаның, өз туыңның, Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның, Қандастар қапы қалма, орны бөлек Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін. Бәріміз ұйымдасып көркейтейік Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Дескриптор
Білімалушы
- автордың бейнесін анықтайды.
Оқумақсаты
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен
қызметін талдау
Тапсырма А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінен алынған үзіндінің тіліне талдау жүргізіңіз.
...Құс ұшпас құла түзде жер-көкті тұтас шаңға ораған ордалы құлан кезікті. Аспанды қақ бөліп құйын тұрғандай жойқын үдерген құландар екі ортаны жара ұрымтал тұстан киліккен.Үйірдің алдында басы қазандай ірі айғыр құлан жер қайысқан салтаттыларды көргенде қас-қағымда осқырынып, қалт тұра қалды. Айғыр құлан тұяғымен жер тарпып, танауы делдие, иегіне өскен түгі сойдиып, көзі қанға толып, адыраңдай басын кекжитті. Сол замат оның соңына ерген үйірі, мың бас табын құлан қоса шалт тоқтаған. Жердегіні көре қоймайтын өткір көзі биіктегіні қалт жібермейтін айғыр құлан ащы дауыспен қатты кісінеді. Өмір мен өлім арасы мың құлан. Қияндағы Жайық бетке су іздеп шұбап бара жатқан мың сан тұяқ көсіліп, селдей жөңкіліп келеді екен. Өлі тыныштық буған маңғаз дала кенеттен тіріліп, жон арқасы жыбыр-жыбыр қозғалып, айдалаға маңып, құлан тайпа қопарыла көшіп барады. Көсем құланның ащы кісінеуін бұйрат қырқалар асқан қыпшақ ұл
естіген жоқ, қарғыстай тым ащы дауыс қарсы жолыққан жүз түрікпеннің құлағын жарды...
Дескриптор
Білімалушы
- үзіндіде қолданылған көркемдегіш құралдарды анықтайды.