3. Поэмадағы өмірлік мақсаттары мен құндылықтары бойынша топтастыруға болатын және осы критерийлер бойынша ерекшеленетін кейіпкерлерді анықтап, түсініктеме беріңіз.
Дескриптор
Білімалушы
кейіпкерлердің өздеріне тән ерекшеліктерін поэмадан мысалдар келтіре отырып анықтайды;
өмірлік мақсаттары бойынша жинақтауға болатын кейіпкерлерді анықтайды;
поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады;
мысалдар келтіре отырып, өз пікірін дәлелдейді.
Оқумақсаты
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Берілген үзіндіні қолдана отырып, «Мен Масғұт болсам...» тақырыбында қай жемісті таңдайтыныңыз туралы пайымдау мәтінін жазыңыз.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,Сарыныалсаң,дәулетіңсудайтасар,Егердеқызылжемісалыпжесең, Ұрғашыдажанболмассененқашар.
Дескриптор
Білімалушы
мәтін құрылымын сақтайды;
тақырыпқа сай ұстанымын анықтайды;
өз ұстанымына түсініктеме береді;
үзіндіні орынды қолданады;
ойын қорытып жазады.
Оқумақсаты
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын
контекстермен үндестіру
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінде сынаған мінездерін анықтап, сол арқылы қандай құндылықты дәріптегенін табыңыз.
қазіргі кездегі мәселелерді шешуде құндылықтың маңызын анықтайды.
Оқумақсаты 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін
талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Тапсырма
Білімалушы
Әдеби шығарманы композициялық ерекшеліктерін анықтайды
Қолдану
Өлеңді берілген кесте бойынша талдаңыз.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың. Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың. Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың? Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың, Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
Шығарма
Стиль
Жанр
Идея
Тілі
Дескриптор
Білімалушы
стилін анықтайды;
жанрын анықтайды.
идеясын көрсетеді;
тілдік ерекшелігін көрсетеді.
Оқумақсаты 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы
көрінісін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Тапсырма
Білімалушы
Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды Жоғары деңгей дағдылары
А.Құнанбаевтың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңіндегі риторикалық сұрақтарға талдау жүргізіңіз.
Риторикалықсұрақтар
Автордыңкөңіл-күйі
Айтқысыкелгенойы
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе тәңірім саған
өзге туыс?
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тиянақ неткен қуыс?
Дескриптор
Білімалушы
риторикалық сұрақтар арқылы автордың көңіл-күйін анықтайды;
автордың ойын түсіндіреді.
Оқумақсаты
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен
қызметін талдау