10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің
жаңашылдығына баға беру
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» әңгімесінде автор көтерген мәселені анықтаңыз. Қазіргі кездегі бұл мәселенің өзектілігіне пікіріңізді білдіріңіз.
мәселе
мәселе
Дескриптор
Білімалушы
шығармада көтерілген проблемалық мәселелерді анықтайды;
өзектілігін көрсетеді;
мәселелердің жаңашылдығына баға береді.
Оқумақсаты
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білім алушы
Адамгершілік құндылық тұрғысынан шығарманың идеясын анықтап, эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің басты идеясын анықтап, әдеби эссе жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
шығармада көтерілген адамгершілік құндылықтарды көрсетеді;
пікіріне қатысты шығармадан дәлелдер келтіреді;
эссе құрылымын сақтайды.
Оқумақсаты
10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға
әдеби сын жазу
Бағалаукритерийі Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Білімалушы
Ғылыми еңбектер негізінде әдеби сын жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесінің көркемдік ерекшелігіне байланысты әдеби сын жазыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
шығармаға қатысты дереккөздерден пікірлер, дәйексөздер қолданады;
сыни пікір жазады.
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқумақсаты
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
Тапсырма Ж.Бөдештің «Жалғыз» поэмасынан алынған үзіндіні тұлғалардың біріне хат жазыңыз.
Бұл жалғанда кім жалғыз?! Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз.
Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздығын сезінер, Таң алдында көз ілер...
Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда.
Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да. Аспанды бұлт торлайды,
жауынсыз жер сорлайды. Абылай хан жалғыз болғансын, Бұхар екеу болмайды.
Махамбет жалғыз құбылыс, Исатай оқыс бұрылыс.
Ақжайық көздің жасындай, Қарой топырақ бір уыс...
Қиял - қыран, ақыл - шың. Майдансыз қайтпас жау беті. Сен де, жалғыз батырсың.
Ер Баукең Момыш әулеті.
Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Ж.Бөдештің «Жалғыз» поэмасынан алынған үзіндіні оқып, автордың шығармада көтерілген мәселеге қатысты қарым-қатынасын анықтаңыз.
Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім? Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім? Жалғыз таудың қуысын қысы-жазы паналап, Жалғыз балға. Төрт таға.
Жалғыз атын тағалап.
Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап... Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде: Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.
Жалғыз Құран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз. Бес намазын оқиды. Күңіреніп білікті ұл,
Тыңдайды оны сай-сала, Орман тоғай, Тымық қыр. Жалғыз жарлы ас үйде:
Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан. Жалғыз шөміш. Жалғыз көсеу. Жалғыз табақ. Жалғыз кесе.
Жалғыз қасық. Жалғыз шәугім. Бәрі-бәрі жалғыздан.
Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам. Жалғыз жан. Тас қораның сыртында: Төңкерілген итаяқ.
Жалғыз боран. Жалғыз бөрі ұлып тұр.
Емен есік күзеткен жалғыз шойын құлып-құл... Босағада мөңірейді іші қуыс тұлып құр.
Ағаш науа ішінде қатып қалған тұнық су. Қатып қалған сіресіп жалғыз қайың құрық тұл. Беу, жалғыздық әлемі, беу жалғыздық әлемі.
Ғұламаға ғұмырлы жарасқаның әдемі... Жалғыздықтан қорқады обыр, жемқор, Топшыл, құзғын, күшіген.
Жалғыздықты – даралық, даналық деп түсінем. Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы.
Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы. Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел.
О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыздық, жасай бер!