«Қазақ әдебиеті» пәнінен колледждің 1 курс студенттері үшін оқу техникасын бақылау талаптары мен мәтіндері


Бейімбет Майлин "Шұғаның белгісі"



бет3/3
Дата19.10.2023
өлшемі24,14 Kb.
#119138
1   2   3
Бейімбет Майлин "Шұғаның белгісі"
Жазғытұрғы майдың айы бітер-бітпесте, шала-шарпы егін салып жайлауға жеткенше асығамыз... Бір жылы майдың 20-сы күні жайлауға барып қондық. Жаңбыр көп. Шөптің шығысы да жақсы еді. Бозбаланың басы құралған соң ертеңді-кеш асыр салып ойнау, есі-дертіміз жаппас. Есімбектікі қашан келеді?..Етке қашан тоямыз дейміз... Бір күні қызойнаққа барып таң ата келе жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады:
- Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп қарағымды сүйіп келдім, - дейді. Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, сәске түс болып күн ыси бастаған екен. Көлдің оң жақ беті жыбырлаған мал: қой, түйе... шоқиып-шоқиып жаппастың кішкене үйлері тұр. Көзімді ашып-жұма мен де жөнелдім. Мен келсем менен әлдеқашан бұрын жұрт жиналып қалған екен. Тоқты сойылып, қазан асылып, қайнап та жатыр.
Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдірігіндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақкөйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды. Маған қарап Шұға күлді.
- Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды.
- Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға.
Артыма жалт қарасам екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім.
- Әбдірахман ғой, - дедім.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
- Ия, әлгі учитель баласы ма?
- Ия.
- Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді.
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»
Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен.
Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некенсаяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Әкем со дан айтыс қуып, әндетіп жүре жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.
Қайран әжем өле өлгенше Рәзия келіннің қазасына қайғырып өтті. Мезгіл мезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келіннің аруағына бағыштап құран оқытар еді.
– Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен пе ріштем Рәзия, – деп өзінен өзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Сөйтіп, Рәзиядан қалған немерелерінің басынан сипап, маңдайымыздан сүйетін.
Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады.
Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті.
Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат са былтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп, қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана Байтоқ:
Жеңешем ұл тапты, – депті. Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз мейрам болып, қуаныштары қойын дарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырыпты. Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын - жегжат құтты болсынға жиналып қалған екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет