Сабақ тақырыбы Ажарлы қыс Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



Дата26.12.2023
өлшемі25,51 Kb.
#143958
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ


Пән: Сөйлеуді дамыту
Білім беру саласы: Қатынас
Күні: 13.12.2022
Сынып: 0 «Ә»

Мектеп: «№9 жалпы білім беретін мектеп»
Мұғалімнің аты-жөні: Айбалина А.



Сабақ тақырыбы

Ажарлы қыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

«Сөз», «Сөйлем» деген не екенін түсіндіру. «Ажарлы қыс» үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрену.

Сабақ мақсаттары

Сөз бен сөйлемнің не екенін біліп, ажырата алады. Сурет бойынша әңгіме құрауды үйренеді.

Сабақтың барысы




Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Балалардың іс-әркеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру
- Саламатсыздар ма, балалар! Көңіл күйлерің қалай?
- Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер қай жыл мезгіліне арналғанын айтыңдар.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
- Балалар, өлең не туралы?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды?
- Ендеше, «Пазл» ойынын ойнайық. Сендерге сурет қиындыларын беремін. Оларды дұрыс құрастырсаңыздар, әдемі сурет шығады.
- Суретте қарап, көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.
- Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер?
- Бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» деп атасақ қайтеді, келісесіңдер ме?
- Балалар "ажарлы " – сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны береді.

Психологияық ахуал қалыптастырады.

Өлеңді тыңдап, сұрақтарға жауа береді.


Сурет бойынша өз ойларын айтып, әңгіме құрайды.



Интербелсенді тақта, суреттер, дәптер



Сабақтың ортасы

- Балалар, сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.
- Балалар, сөз дегеніміз айтылатын бір ой. Егер сен «қыс», «қар», «шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады.
- Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдердің үш түрі болады.
Біріншісі – хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап айтады. Сөйлем соңынан нүкте қойылады. Мысалы: Мен доп ойнадым.
- Ал енді сендер хабарлы сөйлемге мысал келтіріңдер.
- Сөйлем соңына не қойылады?
- Сөйлемнің екінші түрі – лепті сөйлем. Адамның түрлі көңіл күйін – қуану, ренжу, өкіну, таңдану т.б. білдіреді. Мысалы: Алақай, бүгін менің туған күнім! Бүгін ауа-райы қандай тамаша!
Лепті сөйлем ерекше сезіммен айтылады. Ал енді сендер мысал келтіріңдер.
- Үшінші сөйлемнің түрін сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер бір нәрсені сұрап білуді білдіреді. Соңынан сұрақ белгісі қойылады.
Мысалы: Сен жүгіре аласың ба? Сен мектепке бардың ба? Ал енді сендер сұраулы сөйлемге мысал келтіріңдер.
- Жарайсыңдар, өте әдемі сөйлемдер құрадыңдар.

Суретке қарап, «сөз» бен «сөйлем» айтып, мысал келтіреді.

Суреттер

Сергіту сәті
«Аққала»

Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.

Орындарынан тұрып, бірге өлеңді айтады

Тақта

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық тапсырма. «Артығын тап» ойыны. Суреттерге сөйлемдер құрау.
І топ: Қыстық ойындар
ІІ топ: Қыстық киімдер
ІІІ топ: Қыстық ауа-райы
Рефлексия. «Қолыңмен көрсет»

Суреттерге сөйлемдер құрайды. Артық заттарды табады.



Суреттер, плакаттар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет