Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары


Қазақ әдебиетін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар



бет3/13
Дата24.04.2023
өлшемі120,38 Kb.
#86387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2. Ä?ð³ñ òåçèñòåð³

Қазақ әдебиетін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар.
1.1.Мемлекеттік білім беру стандарты.
Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
1.2.Сабақ барысындағы жоспардың түрлері және оның маңызы.
Қазақ әдебиетін оқытудың педагогика, психология және басқа ғылым салаларымен байланысы. Жас ерекшелігіне байланысты оқушының әдеби білімді қабылдауының психологиялық ерекшелігі.Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік білім беру стандарты - әдебиеттің оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып үйрену арқылы оқушылардың рухани дамуын қалыптастырып, дамуын көздейтіндігі. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (І-ІҮ) базалық (Ү-ІХ) сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсты. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, әдістемелік құрылымы. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктері мен оқыту принциптері. Базалық білім беру және тарихи-әдеби куірстар негізінде дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік,т.б.принциптері. Ерекшеліктері.
Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдеби курстың базалық білім (Ү-ІХ) курсымен тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының кезең-кезеңмен, белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатындығы. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатындығы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін
пайдаланудың тиімді жақтары.
1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991ж) оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер.
Орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл, мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық құндылық деңгейлері.
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы (1997) және оның жаңашылдығы, бағыт-бағдарындағы тың ұсыныс-ұстанымдар.
Орташа Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары.
Ү-ҮІІІ сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілісі, түзілу принципі.
Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиет сабағындағы ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары.
Жазбаша жұмыстар: мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазбаша баяндау амалдары.
Қазақ әдебиеті пәнінен Ү-ІХ сыныптарда берілетін базалық білім.
Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстары.
Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.
Орта мектепте көркем әдебиет мәтіндерімен таныстырып, көркем шығармалардың мазмұн-мәнін жан-жақты оқытып үйретудің салалары. Олардың өзара бір-бірімен сабақтастығы.Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әдебиетті оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымдарымен бірге эстетика, мәдениеттану, философия, педагогика, психология, тіл білімі, тарих т.б. сияқты ғылым салаларымен байланыста дамиды.
Эстетика ғылымымен байланысы.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен шыққан. «Сезімдік, сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Эстетика – өмірді сезім арқылы танып білудің айрықша жолы.
Эстетикалық талдау әдісін жетік білген мұғалім ғана шәкіртті көркем шығарманы терең түсініп сезінуге бағыттай, сол көркем туындыдағы жазушының ой-сезіміне шәкіртті ортақтастыра, толғандыра алады. Оқушы көркем өнер туындысын өздігінен қабылдай отырып, шығарманың эмоциялық-эстетикалық табиғатын терең түсініп, ой жүгіртіп, ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына барады.
Әдебиеттану ғылымымен байланысы
Әдеби теориялық білім шығарманы оқып-үйрену барысында, сол туынды бойынан шығарылып, игеріледі. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері, шығарма құрылымы, әдеби жанр түрлері, көркем шығарма тілі туралы ұғым түсініктер қалыптастырылады. Оқушыларға әдеби білім беру арқылы, оларға ақын-жазушылардың еңбектерін терең түсініп оқи білуде, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін ажырата, талдап ұғуда әдебиет теориясынан мағлұматтар жүйелі түрде берілуі тиіс. Сонда ғана оқушыларымыз көркем шығарманың мазмұны мен формасын бірлестікте қарап, оның идеялық- тақырыптық мазмұнын, образ-кейіпкерлерін, сюжетін, композициясын, тілін, жанрлық ерекшелігін, көркем шығарманың қоғамдық, көркемдік және тарихи-әлеуметтік маңызын түсініп біледі, жазушының стилін таниды.
Тіл білімімен байланысы
Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын, оқиғаны дамыту, адам характерін ашу, күйініш-сүйінішін жеткізу, шындықпен астастыра суреттей білу т.б. барлығы тілдің күші арқылы танылады. Әл-Фараби «тіл-ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы ғылым баяндалады, білім алынады»,-деп тілдің орнын белгілейді. Тілдің қызметі шексіз,ақын, жазушы шығармасында өзінің идеялары мен образдарын тіл арқылы бейнелейді. Тіл көркем туындының талдауға жататын құрамды элементтерінің бірі болғандықтан, жазушы тілі де кейіпкер тілі де шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашудың басты құралы болып табылады. Оқушыға көркем шығарма тілін таныту да әдістеменің міндеті.
Тарих ғылымымен байланысы
Қай халықтың болмасын көркем әдебиеті сол халықтың тарихын танытады. Мектеп бағдарламасында берілетін әдеби шығармалар тарихи – хронологиялық бірізділікпен орналастырылған. Ақын-жазушылардың өмірбаяндарын өтуде дүниеге келген кезеңдері тікелей тарихпен байланыстырылады.
Жоғары сыныптарда қазақ әдебиетінің жеке дәуірі кезеңдеріне байланысты тарихи – әдебиеттік шолу тақырыптар берілген. Бұларды түсіндіру барысында тарихи және әлеуметтік жағдайлар түсіндіріледі. Психология ғылымымен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелері психология ғылымымен байланыста бір-бірін толықтырып отырады. Әдебиет әдістемесі психологиялық заңдылықтарға негізделіп, ереже, қағидаларды басшылыққа алады. Әдеби білім беруде оқушылардың психологиялық ерекшеліктері есепке алынады.оқушының жалпы психикалық дамуы оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мұғалім оқушыны жүйелі түрде зерттеп, оқырмандық қызығушылықтарын анықтайды, олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыған шығармасынқабылдау, түсіну дәрежесін саралайды. Әдебиетті оқыту арқылы жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады, баланың дамуы, өздігінен ойлауы жоғары сатыға көтеріледі. Әдебиетті шығармашылықпен оқыту барысында ой дербестігі, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Педагогика теориясымен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогикамен әдебиет сабағындағы бүкіл оқу-тәрбиелік үрдіс және сыныптан тыс уақыттағы әдебиетке байланысты жүргізілетін жұмыстар арқылы байланысады. Көркем туындының білімдік, тәрбиелік жақтарын оқушының сана-сезіміне жеткізеді, ал жеткізу амалдарын педагогика теориясына негіздейді.
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Оқушылардың психикасы үнемі даму үстінде болады. Психиканың дамуы дегеніміз - психикалық үрдістердің уақыт барысында заңды түрде өзгеріп отыруы. Оқушының психикасының дамуында оны оқыту мен тәрбиелеудің үлкен орын алатыны белгілі. Оқушы психикасы бірқалыпты әрі дұрыс дамуы үшін дұрыс білім беру мен тәрбиелеу керектігін ғалымдар дәлелдеген.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Тест:
1.Бағдарламадағы тақырыптардың оқу тоқсандарына бөлінетін жоспардың түрі
A) Календарлық
B) Күнтізбелік
C) Жылдық
D) Апталық
E) Айлық
F) Тоқсандық
G) Бағдарламалық
H) Оқулық

2.Мектепте әдеби білім беру бірізділік принциптерінің кезеңдері (сынып бойынша)


A) 1-кезең 1-4 сыныптар
B) 2-кезең 5-8 сыныптар
C) 3-кезең 9-11 сыныптар
D) 4-кезең 1-3 сыныптар
E) 5-кезең 1-7 сыныптар
F) 6-кезең 7-9 сыныптар
G) 7-кезең 7-11 сыныптар
H) 8-кезең -8 сыныптар

3.Әдебиеттік оқу хрестоматиясының мазмұны


A) Әдеби-көркем шығармалар
B) Әдеби-теориялық ұғымдар
C) Жаттығулар мен иллюстративтік материалдар
D) Әдеби ережелер
E) Дидактикалық материалдар
F) Өзіндік жұмыс тапсырмалар
G) Әдеби-қисындық талдау
H) Kейіпкерлер тілін ашу

4.Қазақ әдебиетінің тұңғыш бағдарламасы қай сыныптарға арналып шыққан


А) Төрт жылдық мектеп
В) Жеті жылдық мектеп
С) Бес жылдық мектеп
D) Тоғыз жылдық мектеп
E) Сегіз жылдық мектеп
F) Он төрт жастағы балаларға
G) Ортаңғы сынып оқушыларына
H) Он жылдық мектеп

5.Әдебиет пәні мемлекеттік құжат ретінде методологиялық принциптеріне сүйенетін ғылым


A) Әдебиеттану
B) Қазақ тілін оқыту әдістемесі
C) Педагогика тарихы
D) Саясаттану
E) Мәдениеттану
F) Қазақ әдебиеті
G) Педагогикалық психология
H) Оқыту әдістемесі

6.Қазақ әдебиетi жеке пән ретiнде мектептiң оқу жоспарына енді


А) 1932
B) 1931
C) Қуғын – сүргін жылы
D) 1987
E) 1989
F) ХХ ғасырдың І жартысы
G) Ашаршылық жылы
H) Ашаршылықтан 1 жыл бұрын

7.Қазақ әдебиетінің 1934 жылы шыққан 7 жылдық жаңа программасының 1932 жылғы программадан айырмашылығы


A) Әдебиеттік шығармаларды қоғамтану негізіне сүйенгендігі
B) Қоғамдық тақырыптар төңірегінде шоғырлануы
C) Әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытуға бейімдеуі
D) Әдебиет теориясымен шектелуі
E) Ауыз әдебиетін оқытуы
F) Қазақ хандық дәуір әдебиетіне шолуы
G) Ежелгі дәуірді оқытуы
H) Ағартушылардың өмірбаянын оқытуы

8. Мұғалімнің сабақ берудегі жоспары


A) Календарлық
B) Күнтізбелік
C) Жылдық
D) Апталық
E) Айлық
F) Тоқсандық
G) Бағдарламалық
H) Оқулық

9.Қазақ әдебиетінің тұңғыш бағдарламасы қай сыныптарға арналып шыққан


А) Төрт жылдық мектеп
В) Жеті жылдық мектеп
С) Бес жылдық мектеп
D) Тоғыз жылдық мектеп
E) Сегіз жылдық мектеп
F) Он төрт жастағы балаларға
G) Ортаңғы сынып оқушыларына
H) Он жылдық мектеп

10.Әдебиетті оқыту әдістемесінің заңдылықтары


А) Көркемдіктің,оны танытудың обьективтік шындыққа сәйкестігі
В) Даму ережесіне сәйкестігі
С) Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың әдеби туындыны жан-жақты түсінуінің сәйкестігі
D) Көркемдікті танытудың адамның рухани санасының дамуына сәйкестігі
Е) Көркемдікті танытудың баланың жас ерекшелігіне,білім көлеміне сәйкестігі
F) Теорияның практикамен байланыстылығының сәйкестілігі
G) Жеке тұлғаны тәрбиелеудің сәйкестілігі
H) Әдемілікті танытудың сәйкестігі
Сұрақтар:
1.Оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар.
2.Сабақ түрлері.
3.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
4.Сабақ жоспары
5.Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.
6.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары
7.Оқулықтың дмазмұны мен ғылым аппараты
8.Оқулықққа көмекші оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың «мұғалім кітапханасының» т.б. сериалы ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыға әдеби білім берудегі пайдасы
Тест:
1.Әдебиеттің басқа пәндерден айырмашылығы
A) Оқырмандардың жоқтығы
B) Сауатты жаза білуі
C) Білім берудегі реформалар
D) Әдеби білім тұжырымдамасы
E) Орыс тіліне ұқсастығы
F) Дәлелденген ешқандай заң жүйесінің болмауы
G) Формула, элементтердің жоқтығы
H) Айнымас ережелердің болмауы.

2.Әдебиетті оқыту әдістемесі жас ерекшеліктеріне қарай тығыз байланыстағы ғылым


A) Математика
B) Философия
C) Жаратылыстану
D) Психология
E) Жас ерекшеліктер физиологиясы
F) Адамның сана-сезімін зерттейтін ғылым
G) Физика
H) Астрономия

3.Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы


А) Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын түсіну
В) Сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу
С) Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру
D) Өзіндік пікір айта білуге баулу
E) Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету
F) Қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру
G) Танымын дамыту
H) Білім мазмұнын дамыту

4.Әдебиет сабағында көркем шығармаларды өтудегі оқушылардың икем-дағдысына, іскерлігіне қойылатын талаптар


А) Саралап оқу
В) Эпикалық шығармаларды талдай білу
С) Іштей оқу
D) Әңгіме, новелланың ұқсастық, ерекшеліктерін ажырата білу.
Е) Кейіпкерлер бейнесін ашу
F) Жазушылық баяндау
G) Әдеби пікірталастарға белсене қатысу, өз пікірін жеткізу
H) Автор позициясын айқындау.

5.Ғылымның қай салалары көркем шығармаларды өту барысында көрініс табады


A) Этнопедагогика
B) Жаратылыстану
C) Психология
D) Әдебиет тарихы
E) Педагогика
F) Тіл білімі
G) Әдебиет теориясы
H) Тарих

6.Көркем мәтінді оқу барысындағы оқушыларды қызықтыратын мәселелер


A) Оқиға желісі
B) Кейіпкерлер тағдыры
C) Аяқталу кезеңі
D) Авторы
E) Автордың өмірбаяны
F) Автордың әлеуметтік жағдайы
G) Оқиғадағы табиғат бейнесі
H) Отбасылық қарым – қатынас

7.Психологиямен ықпалдаса отырып әдебиетті оқыту әдістемесінің білім берудегі міндеті


А) Әрекетке деген таңдап - талғау
В) Темпераменті, мінезіндегі кемшіліктерді болдырмау
С) Күрделі проблемалардың теориялық жағынан шешу
D) Мұғалім мен оқушы әрекетін үйлестіру
Е) Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау
F) Баланың өзіне тән жеке,жалпы ерекшелігін,даму дәрежесін білу
G) Меңгеру қабілеті, оны жетілдірудің мәселелерін анықтау
H) Нақты өмірге сай шешімін айқындау

8.Әдебиетті оқыту арқылы тәрбиелеу


A) Әсемдік пен сұлулыққа құштарлық
B) Имандыққа, ибалыққа
C) Адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға
D) Жаттығу жасауға
E) Мәтінді талдауға
F) Ғылыми жинақ шығаруға
G) Диктант жазуға
H) Қыстырма сөздерді пайдалануға

9.Әдебиет пәні мемлекеттік құжат ретінде методологиялық принциптеріне сүйенетін ғылым


A) Әдебиеттану
B) Қазақ тілін оқыту әдістемесі
C) Педагогика тарихы
D) Саясаттану
E) Мәдениеттану
F) Қазақ әдебиеті
G) Педагогикалық психология
H) Оқыту әдістемесі

10.Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі


A) Көркем шығарманы жатқа айту
B) Көркем туындыны қабылдау
C) Көркем туындыдан әсер алу
D) Шығарманы бітім-болмысымен түсіну
E) Мәнерлеп оқу
F) Дауыстап оқу
G) Ой-толғау, эссе жазу
H) Мазмұндама жазу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет