«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен ДӘрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет29/33
Дата10.12.2023
өлшемі260,05 Kb.
#135902
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақс-emirsaba.org

Сабақтың түрлері

Қазіргі кезде дидактикада да, әдістемеде де сабақтың түрлері (типтері) бірегей, тұрақты түрде сараланбаған. Ғалымдар тарапынан сабаққа классификация жасағанда екі түрлі жолмен сараланып жүр. Біріншіден, оқыту процесіне, көркем шығарманы талдауға негіздей отырып, ғалымдар сабақтың мынадай түрлерін атайды:


  • Кіріспе сабақ


  • Жаңа оқу материалдарынан білім беру сабағы


  • Көркем шығарма мәтінін талдау сабағы


  • Синтетикалық сабақтар


  • Қосымша материалдарды, сын-зерттеу мақалаларды, оқулықты оқып-үйрену сабақтары


  • Қорытындылау сабағы.


Екінші жолмен саралағанда пәннің өзіндік ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Мұнда әдебиет пәніне байланысты сабақтың 3 түрі көрсетіледі:


  • Көркем шығарманы оқып-үйрену сабақтары


  • Әдебиет теориясы мен тарихын оқып-үйрену сабақтары


  • Шәкірттің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл дамыту сабақтары.


Кез-келген сабақтың дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізілгені дұрыс. Ол талаптар мыналар:


  • Оқу-тәрбиенің ғылымилық сипаты


  • Сабақтың күнделікті өмірмен байланысы


  • Оқыта отырып тәрбиелеу


  • Берілген білімді сапалы түрде меңгеру


  • Сабақ процесіндегі көрнекілік


  • Сабақтың жүйелілігі


Сабақтың сыныпта өтілетін түрін сыныптық сабақ дейміз. Ол – кіріспе сабақ, баяндау сабақтары, дәріс сабақтар, оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізу сабақтары, бақылау сабақтары, пікірсайыс, рефераттық, сынақтық, конференциялық сабақтар болып бірнеше түрге бөлінеді.


Сондай-ақ сабақтың жүргізілу формасына қарай концерт-сабақ, кино-сабақ, саяхат-сабақ, көркем шығарманың жанрына, түріне қарай лириканы оқып-үйрену сабақтары, драманы, эпосты оқып-үйрену сабақтары секілді болып тарамдалады.
Сыныптық сабақтар орындалу жайына, дидактикалық принциптеріне қарай аралас сабақтар, дамыта оқыту сабақтары, кіріккен сабақ болып сараланады. Аралас сабақтар байырғы амалдармен орындалады. Дамыта оқыту сабақтары – бағдарламаланып, проблемалап оқытылады.
Аралас сабақтың бірнеше нұсқасы бар. Солардың біреуін келтірейік.
  • Өткен тақырыпты қайталау, оқушылардың білімін бақылдау, бағалау


  • Жаңа оқу материалын түсіндіру


  • Үйге тапсырма беру


  • Оқушылардың түсінбеген мәселелеріне жауап беру


  • Жаңа оқу материалын оқушының қаншалықты дәрежеде меңгергенін байқау (Б.С.).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет