Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



бет16/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мектептердің ерекшеліктері қандай? Ондағы оқу мазмұнын сипатта.
2.Алғашқы бағдарламаларды құруда қандай ізденістер болды? Алғашқы бағдарламалардың құрылысы мен мазмұны қандай?
3.Алғашқы «Қазақ әдебиеті» оқулықтары. Олардың қалыптасу тарихы
4. Алғашқы әдіскер ғалымдарды ата. Әдістемелік еңбектері қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1.Әрінова Б. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу тарихы. – Алматы: 2003 ж.
2.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші сту-ке арналған) -Алматы: Білім, 2009.
Қосымша:
3.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –Алматы: Рауан, 1997.

І. 5. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҦНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы ӛзгерістер.
2.Тәуелсіздік жылдардағы жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны.
3.Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларын жетілдіру жолдары.
Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер. 1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жобасы жасалды. Ол 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы шықты1. Бағдарламаны түзушілер: С.С.Қирабаев, Ә.М.Дайырова, Г.С.Құрманбаева, С.Мақпырұлы, Т.Қ.Жұмажанова, С.Р.Дүйсебаева, Б.Ә.Әрінова, Н.О.Әбдіғаппарова. Бағдарламада бұрынғы оқу материалы қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса назар аударылды. Әдебиеттің эстетикалық бағыты күшейтілді. Ел егемендігімен қуаттанған ұлттық арман, мүдде кӛрнекті тұлғаларымыздың әдеби мұрасын оқыту барысында жас ұрпақтың дүниетанымы, салт-санасын, тілі мен ділін кӛркем шығарма ӛзегінде шыңдау мүмкіндігіне жол ашты. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы сынды тұлғаларымыздың шығармалары бағдарламадан орын алды. Басқа да оқу материалдары сұрыпталып, жаңа оқу мазмұнымен толықты.
Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 жылы алғашқы пән ретінде оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы біршама тұрақталып, жүйеленіп, бір ізге түскен болатын. Бағдарламалардың сапалы жасалуында Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Ол бағдарламалар ӛткен күннің еншісінде қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан беріде жаңа бағдарламалар дүниеге келді. Бағдарламаларға қосымша салалық бағдарламалар да жазылды. Оларға «Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 7-9 кластарында қазақ тілі мен әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдете оқыту программасы»1, Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған «Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы»2 (Авторлары –Ә.Қанафин, Ӛ.Тыныбаева ), «Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдарламаларын» айтуға болады3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет