Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекшелік мәселесі



бет40/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекшелік мәселесі. Кӛркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы – оның ӛміртанымдық, эмоциялық, эстетикалық тәжірибесіне сүйенетін күрделі шығармашылық үдеріс. Таным дүниесінде кӛркем шығарманың алғашқы әсері аса маңызды. Кӛркем шығарма күрделі танымдық жүйе деп қарастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлау үшін де алғашқы қабылдау аса маңызды. Оқушының алдағы кӛзқарасы мен танымына, сезіміне бірден бір ықпал ететін де кӛрем әлеммен алғашқы қауышу. Егер ол поэзиялық шығарма болса, композициялық құрылым жігін айқындап, логикалық, психологиялық екпіндерін дұрыс түсіре, мәнерлеп оқылған мәтіннің ӛзі оқушылардың алғашқы қабылдауына ықпал етіп, алдағы түсінік деңгейін жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының ӛздігінен оқуына ықпал ету – мұғалімнің аса жауапты ісі.
Р.С. Немов сӛзімен айтқанда: «қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиеттерінің жинақталғанын танытатын психикалық процесс»1– деген түйіндеме жасайды.
Б.С.Мейлах: «Қабылдау деңгейі әр факторларға: оқырманның мәдениеті мен білімі, эстеикалық-этикалық тәрбиесіне, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне, ӛмір құбылыстарына байланысты, ӛйткені кӛркем шығарманы қабылдау – тек шығарманың авторымен араласу емес, жаңа дүниенің, ӛзіңді танудың, ғибрат, ләззат алу мен ӛзіңді тәрбиелеу» дейді2 .
Психолог О.И.Никифорова кӛркем шығарманы қабылдауды үш кезеңге бӛледі: «1 кезең – елестеу, 2 кезең – идеялық мазмұнын түсіну, 3 кезең – кӛркем шығарманың оқырманның жеке тұлғасына әсері»3.
Кӛркем шығарманы қабылдау мен тану үдерісіне бірден-бір ықпал ететін талдау жұмыстары. Кӛптеген әдіскерлер мен психологтар «ӛнертану» дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Кӛркем шығарманы түсініп, түйсіну, қабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. Оқырмандықты қалыптастыру барысында оқушының дүниетанымы, рухани әлемі, тұлғалық болмысы дамиды.
Кӛркем шығарманың оқушы танымы мен қабылдауына ықпалы туралы әдебиетші-әдіскерлер де, психологтар да ӛз зерттеулерінде қарастырған (В.В.Голубков, А.Н.Леонтьев, П.М.Якобсон, Н.И.Кудряшев, О.И.Никифорова, Н.О.Корст, Н.Д.Молдавская, В.Г.Маранцман, О.Ю.Богданова). Оқушының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мәселелерін қарастырған әдістемелік еңбектер мен бай іс-тәжірибелер де бар. Оқушының кӛркем шығарманы түсініп, түйсінуі, қабылдауы әртүрлі аспектілерде қарастырылып жүр. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды қабылдау кезеңдері мен негізгі ерекшеліктері, оқырмандық қызығушылықты туғызуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқушы танымы мен кӛркем шығарманы талдаудың арақатысы туралы А.А.Леонтьева, З.Я.Рез, В.Г.Маранцмана, С.Тілешова, А.Тамаев еңбектерінде қарастырылған.
Кӛркем шығарманы қабылдаудың кӛптеген ӛзіне тән ерекшелігі бар: тұлғаға тән сыртқы ортаны ӛзіндік құбылыстары мен болмысына қарай қабылдау бар да, ӛнер туындысын кӛркем қабылдау бар. Бұл екеуінің аражігі алшақ болмағанымен, кӛркем шығарманы қабылдауда тұтастық, белсенділік, шығармашылық қабілет пен әрекеттер тиімділік танытады. Кӛркем туындыны қабылдауда шығарма тұтастығы мен бӛлігі, анализ бен синтез, сезім мен таным, эмоциялық және теориялық байлам, субъективті кӛзқарас пен объективті таным, репродуктивті баяндау мен ӛзіндік түсінік сияқты мәселелер маңызды. Қабылдау үдерісі ӛнердің бір түрі - кӛркем шығармаға қатысты болғандықтан, қабылдаушының әлемнің тұтас бейнесі туралы, сыртқы болмыс, жазушы пайымы туралы түсінік беретінін ескерген абзал. Сондай-ақ, оқушы шығармадағы адам ӛмірінің кӛрінісін, образ болмысын тану арқылы ӛзін тануға да мүмкіндік алады. Шығарма оқырманның кӛркем әлемін, дүниетанымын кеңейте отырып ӛзіндік ой мен пікірге баулиды. Нәтижесінде оқырман кӛркем шығармадағы образдар жүйесінен ӛз болмысының бейнесін табады. Кез-келген талдаудың негізіне кӛркем шығарманы алғашқы қабылдау жолбасшы болады. Егер шығарманы кӛркем қабылдау болмаса, шығарма адресатсыз болар еді.
Отандық және шетелдік психолог-ғалымдардың пайымынша (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, О.И.Никифорова, М.Арнаудов, Р.Арнхейм) кӛркем қабылдау шығарманы санаға қалыпты кӛшіру немесе қарапайым ақпарат алу ғана емес. Қабылдау – қажеттілік пен қызығушылықтан туындап, әртүрлі түсінік пен қандай да бір әсерге әкелетін сананың белсенді қызметі.
Шығарманы оқушының қабылдауы және мұғалім басшылығымен шығарманы оқуы оқу үдерісі болып есептеледі. Сол себепті оқу мен талдауда шығарманың ӛзіндік ерекшелігімен қатар оны қабылдаудағы оқушы ерекшелігін ескерген маңызды. Әсіресе орта деңгейдегі немесе тӛменгі буынды құрайтын оқушылардың ӛміртанымдық ұғым-түсінігін, олардың жалпы және тікелей сӛз ӛнеріне деген таным-түсінігі мен қарым-қатынасын ескеруді естен шығармаған абзал.
Әр жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін бақылау мен зерттеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауымызға болады. Мәселен, кішірек жастағы балаларды шығарманың жеке эпизодтары қызықтыруы мүмкін. Олар кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне бір жақты кесімді пікір айтуға жақын болады. Кейде ӛздерінің сүйікті кейіпкерінің іс-әрекетіне еліктеп, оларды жай-күйін бастан кешіргендей болуға бейім келеді.
Ал, жасӛсірімдерді кейіпкерлер бойындағы мінез ерекшеліктері, адам табиғатындағы тұлғалық қасиеттер қызықтыратыны байқалады. Кейіпкер характерінің жасалуына, оның шындық ӛмірдегі адамдарға ұқсастық жақтарына ден қояды. Шығармадағы кейіпкер тұлғасынан ӛмірдегі адамдар әлемінің болмысына, шынайы құндылықтарға ойыса бастайды. Кейіпкердің моральдік бейнесінен ӛмірдегі адамдардың сипатын тануға бейімделе түседі. Кейіпкерлердің қалыптасу жолына, іс-әрекетінің мотивін іздеуге қызығушылықтары артады.
Дегенмен, жасӛспірім үнемі кейіпкер болмысын тұтас, жан-жақты саралап, оның іс-әрекетінің әртүрлі жағдаяттық қыры мен мотивін тани бермейді. Оқушының кейіпкерді шынайы түсінікпен, ӛз санасындағы ӛлшеммен қабылдауы заңды. Әсіресе, 5-7 сыныптарда ақ пен қара, жақсы–жаман, жағымды-жағымсыз деп тану басымырақ болады. Жеткіншек тек 8-9 сыныптарда автор ӛрнектеп отырған кейіпкер болмысындағы реалистік мінез, құбылыстарды, оған себепкер жағдай мен мотивтерді бағалай бастайды.
Жоғары сынып оқушылары кейіпкерлердің ішкі күрделі болмысын тануға қызығып, автордың шығармашылық пайымын түсінуге талаптанады. Сондай-ақ, адамның ӛміртанымдық кӛзқарасын түсінуге, моральдық қасиетін бағалауға деген талпынысы молаяды. Кӛп оқушылардың 10-11 сыныптарда ӛзінің эстетикалық талғамына сай туындының кӛркемдік маңызын тануға қабілеті артады. Жалпы алғанда жоғары сынып оқушыларының шығарманы тұтас құрылым ретінде қабылдап, одан алған әсерін жүйелеу талабы басым болады. Қабылдауда оқушылардың типтік ерекшеліктерін есепке алу.
Оқушының кӛркем шығарманы қабылдауының жас ерекшеліктерінен ӛзге оқушылардың ӛзіндік ерекшеліктеріне де қатысты. Бұл кӛркем шығарманы қабылдауда аса мән беретін тағы бір нысан десе болады.
Әдетте сабақ үдерісінде сынып оқушыларының мінез-құлық, темперамент сияқты ерекшелігін ескере бермейтініміз бар. Кӛбіне оқу материалын тұтас сыныпқа бағыттап жататынымыз да кездеседі. Алайда сыныптың тұтастықтан гӛрі жекелік ерекшелігі басым екенін есте тұтқан абзал. Сыныпты құрайтын оқушылардың әрқайсысы – жеке тұлға. Оның бірі қиялға бейім, қиял әлеміндегі заттар мен белгілерді кӛбірек есепке алады, бірі керісінше кӛзбен кӛріп, қолмен ұстайтын дүниелерді ғана бағалайды. Одан ӛзге оқушы мінезіндегі ӛзгешеліктер де маңызды. Оқушылардың бірі пайымды ойға бейім, бірі эмоционалды қабылдауға жақын.
Пайымды саналатын типтегі оқушылар жоспарларды оңай құрастырып, белсенді түрде қорытынды жұмыстарымен айналысады. Бірақ оларға мәтінге байланысты тапсырмалармен жұмыс істеу қиынға түседі әрі кӛркемдік сӛздерге онша мән бере бермейді. Эмоционалдық типті оқушылар мәтінмен қызыға жұмыс жасап, авторға тән кӛркемдегіш құралдарды тез, жеңіл анықтайды, бірақ оларға жоспарларды құру мен қорытынды жұмыстары қиынырақ түседі.
Кӛркем шығарманы қабылдау үдерісінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп, әр типтегі оқушының ӛзіндік ерекшеліктерін дамытуға күш саламыз. Пайымды ойға бейім оқушының ойлау белсенділігін дамыта отырып, эмоциялық қабілетін дамыту маңызды.
Оқытудағы мақсат – оқушыда осы сезімдерді ояту ғана емес, оқушы эмоциясын тәрбиелеу. Л.С.Выготский ӛзінің ―Педагогическая психология‖ деген еңбегінде: «Почему-то нашем обществе сложился односторонний взгляд на человеческую личность, все понимают одаренность и талантливость только применительно к интелекту. Но можно не только талантливо мыслить, но и талантливо чувствовать. Эмоциональная сторона личности имеет не меньше значение, чем другие стороны, и составляет предмет и заботу воспитания в токой же мере, как ум и воля»1 деп атап кӛрсетеді. Бала эмоциясын тәрбиелеуде кӛзделетіні — тұлғаның ақыл-ой дамуымен қатар рухани болмысын да шыңдау, нақты мақсатқа, әрекетке қозғаушы болу. Үлкен үміт арқалайтын келешекте, болашақ қоғамда осындай ізгіліктен туындайтын әрекеттер ғана шешуші роль атқарары сӛзсіз.
«Жүректе айна жоқ болса, сӛз болмайды ӛзгесі»2–деп Абай айтқанындай оқуды мазмұнды іске асырудың бір жолы — оқушы эмоциясына әсер ету, игі ықпал жасау. Ӛлеңді оқығанда, талдағанда сабақты ерекше кӛңілге, эмоцияға құру, қаламгер шығармасындағы кӛңіл-күйді сезіндіру арқылы оқушыда күрделі эмоциялық күй қалыптастыруға күш салу. Берілетін білімнің оқушы эмоциясымен астасуы оның ойлау қабілетіне және ми қызметінің қабаттарында терең із қалдыруына кӛмектеседі. Кӛркем шығарманың танымдық, дамытушылық маңыздылығымен қоса, эстетикалық, эмоциялық әсері де басым. Осындай ерекшелігіне орай оқытуды эмпатиялық диалогқа (бала эмоциясына бағытталған) құру ӛте тиімді. Оқушы кӛркем шығармалардың эстетикалық әсерін, кӛркем сӛз айшығын, сӛз қолдану шеберлігін, сипатталып отырған кӛріністің әсерін сезінеді, сонымен қоса, баяндалып отырған мазмұнға сезіммен араласады. Осы араласу бала жүрегіндегі басқа қасиеттерге түрткі болуы маңызды. Кӛркем шығармалар оқытқанда аталған әдіс-тәсіл оқушы эмоциясына ықпалдылықты арттырады.
Әр жағдайда жұмыс жасағанда оқушының жұмыстан ләззат ала білу, оқушының білім, білігімен, оның эмционалдық, ӛнер туындыларын қабылдаудағы қажеттілігін аңғара білу маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет