|
Көркем мәтін теориясының қазіргі кезеңдегі жағдайы
|
бет | 13/71 | Дата | 12.04.2023 | өлшемі | 1,45 Mb. | | #81809 |
| Байланысты: жауаптарыКөркем мәтін теориясының қазіргі кезеңдегі жағдайы
«Мәтін» категориясының барлық филологиялық ғылым сала ларына ортақ екені дау тудырмаса, онда гуманитарлық ғылым дардың денінің мәтінді негізгі зерттеу нысаны ететіні сөзсіз. Сонымен қатар әрбір мәтінді сараптау барысында лингвистика лық білік пен әдебиетшінің өресі бірдей керек болатын сәттер аз болмайды. Ендеше болашақ аудармашы-филолог бұл ғылымдар арасындағы қарым-қатынастан, әсіресе олардың мәтінтанудағы ортақ мүдделері мен өзіндік мақсаттарынан жақсы хабардар бол ғаны жөн.
ХХ ғасырдың екінші жартысында «мәтін теориясы» атты жаңа филологиялық пән пайда болды. Мәтіндегі жалпы жүйе мен жалқы ереже арасындағы түйткілдерді пәрменді зерттеу үшін атал- мыш бағыт ортақ филологиялық заңдылықтарға, әмбебап қағидат тарға сүйенеді. Сонымен қатар негізгі мақсаты адамдар арасын дағы аралас-құраластықты тиімді ұйымдастырудың алғышарт- тарын және оны дамытудың жағдайларын анықтау болғандық тан, «мәтін теориясы» салааралық типологияны көп қолданады.
Аударматануда түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстыра қа растыру барысында олардың арасындағы сәйкестік, эквивалент- тілік деңгейлерін дәйекті бағалау үшін лингвистика мен әдебиет танудың көмегіне сүйенген тиімді. Бұл зерттеудің сапасын арт тыра түседі. Ең алдымен, мәтіндегі басты жүйелілікке – оның тіл заңдылықтарына сәйкес құрылуына баға беріледі. Әрі қарай тілдік құрамның қарастырылып отырған мәтіндегі жалқы қолда ныстарына назар аударылады. Ал оның варианттарының әрқай сысының мәтіннің тұтастығы мен ішкі байланыстығына не кері, не оң әсер ететінін анықтау оңай емес, сондықтан мәтін талдауда модуляция, вариация, маневр деген сөз қолданыстарына қатысты ұғымдарға үрке қарамау керек. Тағы бір назар аударатын мәселе бар: ол – мәтіннің сыртқы тұтастығы мен ішкі байланыстарының арасындағы аса күрделі қатынастар. Оған қоса мәтін жалпы мен жалқының, жүйелілік пен даралықтың ерекше бірлігі деп санайтындардың пікірімен есептесудің де айыбы жоқ.
Мәтін ұғымы, алдымен, лингвистиканың арнайы зерттеу ны саны болған. Лингвист үшін әрбір мәтіннің кең және тар мағына лары бар. Кең мағынада мәтін – аяқталған ойды білдіретін ретті құрылым, ал тар шеңберде ол тіл арқылы мағыналық қабаттар мен қатарларды өрнектеу реті деп түсіндіріліп жүр. Осыған бай ланысты «сөздік шығарма» және «айтылым» деген ұғымдар пай да болған, алғашқысы – аяқталған ойды білдіретін сөз қатары, соңғысы тілдік қарым-қатынас түрі делініп отыр, осының бәрі мәтін лингвистикасы атты арнайы ғылымның еншісінде.
Компоненттердің іштей тығыз байланысы, бірізділік, комму никативтік ілкімділік сияқты мәтіннің тұрақты қасиеттері – қа зіргі филологиялық ғылымдардың ортақ зерттеу мәселесі. Мәтін бөліктерінің шекаралары әдейі ажыратылатыны – бөлу арқылы тұтастық құрау деген пікірге негізделгендей. Мысал келтірейік: Кітап бетінде мынадай мәтін бар. А.С. Пушкин. Капитан қызы. Әрі қарай эпиграф берілген: «Арыңды жастай сақта». Емле арқы лы бөлінген, өз алдына үш түрлі жеке мағына бере алатын бөлік терді тұтас мәтінге айналдыруды автор осылай шешкен. Екінші мысал: Ғ. Мүсірепов Кездеспей кеткен бір бейне. Романтикалық поэма. Көзге көрініп тұрған шекарасы анықталған үш жеке мәтін ді тұтастыру үшін жазушы ұсынған ойлау жүйесі қандай? Мұн дай структуралық түрде бөлініп тұрған компоненттерді рамалық деп атайды, бұларды «мәтіннің күшті позициясы» ретінде бағалау да бар, мұндай күшті позицияға мәтіннің аумағын анықтап тұра тын рамаларға жақын тұстардың бәрін жатқызуға болады. Әдеби мәтіндегі ерекше мағына мен эстетикалық мәндер де осыларға қатысты. Талдау барысында осындай «күшті позицияларға» жете назар аудару қажет. Негізгі тақырыптың жүйелі бейнеленуі үшін фразааралық, мәтінаралық сөздер, тіркестер, сөйлемдер мәтінге аса қажет, олардың семантикалық мағыналары дәл осы жерде өте анық болмауы да мүмкін, бірақ мәтінді тұтас қарағаннан кейін бәрі немесе көп нәрсе белгілі болады. Мәтіннің тұтастығын оның фабуласының шектелуімен, оқиғасының аяқталуымен ғана өлше меу керек. Романның бір тарауының аяқталуы шығарманың жал пы тұтастығын бұза алмайды, келесі тараулар да солай. Негізгі тақырып пен микротақырыптар қатынасына да осылай қарау ке рек. Эпилог, пролог сияқты функционалдық салмақ көп түсетін бөліктердің де мәтін структурасындағы орны мен маңызына мән берген ұтымды. Образдың тұтас эстетикалық қарымын көрсету үшін автор мәтіннің белгілі бір компоненттеріне ерекше салмақ артады, тіпті мәтінде оларды бөліп көрсету, емле белгілері ар қылы дәріптеу де осы үшін керек. Қорыта келгенде, мәтіннің тұ тастығы да, шектеулілігі де – жалпы алғанда, шартты. Мәтіндегі дискреттілік көріністеріне назар аудара отырып, оның бас-аяғын бүтіндеп тұратын рамалардың көркем мәтінді ұлттық әдебиеттің тұтас бір бөлігі етіп тұратыны да шындық, сондықтан рамалық компоненттерді мәтіннің тұтас бөлігі немесе бөліктердің тұтасуы деп қарауға болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында «мәтін теориясының» қағи даттары әдебиеттануда басқаша бағалана бастады. Көркем шы ғарманың предметтік-образдық аспектісі (шығарманың көркем әлемі) және идеялық-мағыналық аумағы (көркем мазмұн) оның тілдік қорын қоса отырып, көркем мәтін құрайды екен. М. Лот ман «Анализ поэтического текста» (Л., 1972) деген еңбегінде көркем мәтін мен әдеби шығарма бір емес деген өз көзқарасын айта келіп, мәтіннің көркем шығарманың бір компоненті ғана екенді гін өзінше дәйектеген. Әдеби мәтіннен автордың ой-ниетін, кон цепциясын, яғни көркем мазмұнды іздейтін ғалымдар «мәтін» мен «шығарма» синонимдер деп есептейді. Дегенмен бүгінгі күні көркем мәтінді ерекше ұйымдастырылған, сабақтас бөліктерден тұратын тілдік құрылымдар жүйесі деп бағалау басым. Әдеби мә тінді негізгі және қосалқы мәтін (атауы, ескертулер, эпиграфтар, т.б.) деп бөлу осыған байланысты. Зерттеушілердің көркем мәтіннің осындай болып ажыратылып жүргенінің себебін білгені дұрыс.
Мәтін талдауда кездесетін тағы бір қиындық – оның кейбір бөліктерінің автордың ықыласы мен стиліне кереғар болуы, яғ ни ойлауы мен сөзі бір-біріне бөтен адамдардың сөздерінің бір мәтінде қатар қолданылуы. Бұлардың қатарында бөгде сөздер, ауызекі сөйлеу көріністері, астарлы пародия, стилизация, сөз ойнату, еліктеу, реминисценция бар, оларды зерттеу үшін ғылым салалары «мәтін» ұғымынан туындайтын мағынасы әртүрлі тер миндер енгізе бастады. Астарлы мәтін (подтекст), үстіңгі мәтін (надтекст), мәнмәтін (контекст), интермәтін, т.б. ұғымдармен қатар метамәтін, протомәтін терминдері де ғылыми айналымға дендеп еніп кеткен. Үстіңгі мәтіннің мәні уақыт, заман, ортаға байланыс ты ақпараттар арқылы ашылады, ал мәнмәтін – мәтіндегі әдеби түсініктер мен құбылыстардың арасындағы сан алуан байланыс тарды зерттейді. Интермәтін – өте күрделі ұғым. Р. Барт өзінің «Избранные работы. Семиотика. Поэтика» (М., 1989) еңбегінде кез келген мәтінде басқа мәтіндердің бөліктерімен омонимдік си патта, яғни тырнақшасыз немесе бейсана қалыпта ырықсыз алынатын бөліктермен араласып жүре беретінін айтып, автор еңбегі не күмәнмен қараған, бірақ сөйте тұра өзі жаңа мәтіннің бұрынғы мәтіндермен арасындағы әрқилы диалогтар мен репликаларды сараптаған.
Соңғы жылдары «мәтін» термині музыкада, театр мен кинода жиі қолданылуда, бұл өнер түрлері мәтінді «байланысқан белгі лер жүйесі» ұғымы ретінде қарастыруды қолдайды, мұндай із деністер жүйелі жүргізілсе, нәтижелі болар еді. Мәдениеттану мен аксиология мәтінді белгілі бір жағдайдан тыс тұрғанда ғана есепке алады. Лингвомәдениеттану бағыты мәтінді әдеби-мәдени мазмұн тұрғысынан зерттейді.
Мәтінмен танысып болғаннан кейін оның авторы жөнінде гі мәліметті қайдан іздеу керек деген сұраққа жауап көп. Автор мәтін ішінде, сыртында, мәтіннен тыс әртүрлі кейіпте өмір сүре береді дейді көпшілік (Бюлер, Бахтин, т.б.), ал біреулер (Деррида, Барт) автор жоқ, ол мәтіні үшін өлген адам деп айтып кеткен. Мә тіннің авторы тек қана оқырманның өзі деген пікірді қуаттаушы лардың (Гумбольдт, Горнфелд, Потебня) да өз уәжі бар. Мәтінді талдау мен талқылау барысында автор образына ерек ше назар аудару маңызды. Бұл, әсіресе көркем мәтінмен жүйелі түрде жұмыс істеу кезінде анық байқалады. Сонымен қатар «жа ғалауы жоқ мәтін теориясы» бойынша: «Скриптор жазады, ал оқырман ол мәтінде еркін серуендеп жүреді, бірақ ештеңе ойла майды және одан ештеңе алмайды, себебі ол – мәтіннің иесі» (Р. Барт) деген көзқарас негізінен қазіргі модернистік мәтіндерге арналғандай. Әртүрлі ғылым салаларының «мәтін» категориясы на деген көзқарастарына шолу жасау барысында олардағы автор ұғымының әмбебап функцияларына, ортақ қасиеттеріне баса на зар аударылды.
Көркем мәтінді зерттеуде әдебиеттану мен лингвистикалық көзқарастардың көп және жиі түйісетін нысаны және екеуінің нә тижелері бір-біріне байланыса септесетін ортақ филологиялық пән – стилистика. Лингвистер «көркем әдебиет тілі», ал әдебиет танушылар «әдеби тіл» деп атап кеткен ортақ зерттеу нысанын лингвистер тілдің ерекше қолданылуының бір түрі десе, әдебиет шілер бұл ұғымды мәтіннің мазмұнды пішіні деп түсінеді. Көркем сөздің теориясын зерттеуде формалистер мектебі деп аталған теориялық көзқарастың өкілдері (Р. Якобсон, Б. Эйхенбаум, В. Жирмунский) әдеби норма мен жалпы халықтық тілдің арасындағы қатынастарға ерекше назар аударды. Олар тілдің аса белсенді лексика-фразеологиялық құрамын жіктеп, әдеби қолда нысқа қажеттерін анықтады. Сонымен қатар сөйлеу семантика сына, ассоциация түрлеріне астарлы мағына беретін тілдік құбы лыстарды атап көрсетті. Бұл бағыттың өкілдері оған қоса «есту филологиясының» қағидаларын дамытты, ономатопея және басқа да мағыналы дыбыс құбылыстарына, интонацияның мағына лық қырларына көңіл бөлінді. Осындай әдеби тілді жалпы халық тық тілден бөліп алуға тырысу немесе оған қарсы қоюға талай мәрте қадам жасалған. Бұл қатардағы зерттеулерден Ц. Тодоров- тың «Семиотика» (М., 1983) атты кітабын бөліп атауға болады. Ға лым дискурсты ғылыми, тәжірибелік, ресми, көркем-әдеби деп жіктеп, олардың әрқайсысының өз нормалары, ережелері, пайда болу жолдары барлығын діттейді, бұл дискурстардың арасында ғы шекаралардың жылжымалы, кейде шартты, бір-біріне ауысу мүмкіндіктері мол екенін көп мысалдармен дәлелдеген. Ол әде би тілді жалпы халықтық тілге қарсы қоюды қолдамаған. Ғалым көркем мәтіндегі эксплициттік, имплициттік мағыналардың, сим волдардың негізін әдебиеттің өзінен іздеуді ұсынды.
Көркем мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін талдауға әдебиеттану мен лингвистиканың жұмыла кірісуінің қажеттілігі бар екендігін көп елдің ғалымдары қайталап айтуда. Тілдік-образдық жүйенің шығарманың эстетикалық пішіні екеніне ден қойған зерттеушілер жеке авторлық стиль мәселесін тұрақты образдық жүйемен, ажарлаушы-айқындаушы амалдармен байланыстыра ды, сюжеттіліктің, суреттіліктің және психологизмнің де мәтін нің маңызды стильдік белгілері сыңайлы деген олардың пікірлері ойландырады. Зерттеушілердің көркем композиция стильдік до минанта бола алады деген көзқарасы да назар аударарлық.
Осындай үдерістердің бәрі көркем мәтінді жүйелі тануға ба ғытталған әдеби, лингвистикалық, стилистикалық талдауларды біріктіретін «Көркем мәтінді филологиялық талдау» атты жаңа пәннің қажеттілігін көрсетеді.
Тұжырымдап айтсақ, әдеби туындыны филологиялық талдау мен талқылаудың негізінде мына мәселелер жатуы қажет сияқ ты: 1) көркем мәтінді лингвистикалық тұрғыдан жүйелі талдауды жүзеге асырып алу; 2) тілдік құрылымдарды қолданудағы автор дың жеке стилін анықтау үшін стилистикалық әдістерді қолдану; 3) көркем мәтінді тарихи-әдеби факт және эстетикалық құбылыс ретінде әдеби тұрғыдан талқылау мен бағалау. Филологиялық талдау – аталған амалдардың құр жиынтығы немесе жай қосын дысы емес, қазіргі филологиялық пәндердегі интегративтік ізде ністерді біріктіруге және пәнаралық түйткілдерді ортақ мәселе тұрғысынан шешуге бағытталған кешендік талдау. Сонымен қа тар ол басқа да филологиялық ғылым салаларымен әртүрлі бай ланыс жасауға мүдделі ғылыми жүйе.
Көркем мәтінді филологиялық талдау тіл мен әдебиеттің түп қазығына тартатын ортақ қасиеттерге сүйене отырып, сөз бен мә тінге филологиялық негізгі және дәстүрлі нысандар ретінде қа райды.
Филологиялық талдаудың методологиялық қағидаты ретінде көркем мәтін – статикалық және динамикалық компоненттерден тұратын структурасы бар бір бүтін құрылым деген көзқарас алын ған. Мұнда әрбір сипат пен элемент айналасындағылармен тығыз бірлікте талданады, сонымен қатар ондағы мағыналық қабаттар дың авторлық қарым-қатынасы да қарастырылады. Көркем мә тінді талдау ондағы бір-бірінен туындайтын, бір-бірін айқындап тұратын мағыналар мен символдар арасындағы иерархияны көру, тану, түсіндіру, бағалауға саяды. Бұл көзқарас көркем мазмұн мен пішіннің құрамын оның грамматикалық формаларынан бастап образдарына, мотивтеріне, жанрлық-құрылымдық ерекшелікте ріне дейін қарастыруды көздейді. Көркем мәтіннің маңызын ашу үшін филологиялық талдау автор образына, оның мәтіндегі түрлі көріну бейнелеріне де ерекше мән береді, авторға байланысты әр бір дерек пен дәйекті ұқыпты қарастырады. Филологиялық талдаулардың бәрі мәтіндегі ең басты мәселе – көркем образ туралы ұғым дегенге тоқтайды. Демек, туындыда жалпы мен жалқы, типтік пен дара образдар болады, олар тұтаса отырып, көркем мәтін құрайды екен. Филологиялық талдау үшін мәтіндегі қарапайым байланыстарды есепке ала отырып, көркем мәтіннің ең маңызды қасиеттеріне баса назар аудару керек. Осы орайда белгілі орыс ғалымының Д.С. Лихачевтің «мәтіндегі жеке сөздің ғана мағынасын емес, бүтін мәтіннің көркемдік мәнін та ну керек» (М., 1989, 205) деген сөзіне ойлана қарау қажет болар.
Филология салаларында мәтіндерді өз қалауына сай жүйелеу ге деген ұмтылыс үнемі жүріп жатады. Соңғы жылдары бір кезде гі К. Бюлердің белгілі теориясына негізделген көзқарас бел алып отыр. Бұл функционалдық теория бойынша мәтіндегі салмақ ең көп түсетін компоненттер – стиль мен жанр, осыған қарап мәтін- дерді ақпараттық (ғылыми, ресми стильдердегі мәтіндер), экс- прессивтік (көркем мәтіндер), ақпараттық-экспрессивтік (публи- цистикалық мәтіндер) деп бөлуге болады. Өз алдына ерекше мә тіндер қатарына ораторика (соттағы сөз), гомилетика (уағыз, на сихат) жатқызылады.
Аударматану да мәтінтанумен тығыз байланыста, өйткені мә тінді аудару үшін алдын ала дайындық жасаудың қалыптасқан қа ғидалары, жүйеленген ережелері, арнайы дағдысы мен машығы бар. Алдымен, мәтіннің табиғатын, түрін, көлемін, мазмұны мен пішінінің ерекшеліктерін анықтап алған дұрыс. Әдеби мәтіннің анықтамасы көп: ол – шабыттың құпия еңбегінің нәтижесі, автор лық талдау мен талқылаудың нәтижесі, мәдени феномен, лингвис тикалық жүйе, архетиптік әлем, психолингвистикалық нақтылық, автор мен оқырманның кездесу алаңы; автор, актор, нарратор, бе нефицарий, скриптор, рецептор арасындағы делдал; семиотика лық құрылым, автордың өмір туралы көзқарастары мен дүниета нымының көрінісі, мәдениеттің ұжымдық жады, тарихи тағдыр дың ойыны (Горнфельд), субъектіден тыс структура (Р. Барт). Әр анықтама мәтіннің белгілі бір қырына, сырына, парқына, сапасы на, қызметіне негізделгені көрініп тұр, аудармашының әрі қарай мәтінді оқу, қабылдау, түсіну, талдау, бағалау, һашиялау (интерпретация) сияқты амалдардың ретін, байланыстарын айқындап алғаны өзіне оңтайлы. Ғалымдар мәтінде кем дегенде мынадай үш анық негіз бар деп жүр: объективтік, авторлық, оқырмандық. Ал әр мәтіннің өзі жеке тұрып өзі де негіз бола алады деп жүр гендердің пікірі назар аударарлық. Бұл пікірлердің ақпараттық, мағыналық, ғылыми сипаттарын жоққа шығаруға болмас. Қазіргі кезде жиі талқыланып жүрген мәтіннің шектеулілігі (тұйықтығы) мен шексіздігі туралы теориялардан хабардар адамның мұндай құрылымның көпмағыналылығы, көпқабаттылығы, әрбағытты лығы, өзгермелілігі туралы пікірлерге ден қойғаны абзал. Демек, көркем мәтінді талдауға, талқылауға, тәржімалауға дайындықтың да қиындығы мен дайындығы аз емес екен.
Әдеби мәтінді оқып түйсінудің түрлері көп, олардың әрбірі белгілі мақсат-мүддеге тәуелді, осы үдеріс барысында, алдымен, тілдік тұтастық пен қисындық сабақтастықты түсіну, жүзеге аса ды оқиға мағынасы мен мәнін аңғару, авторлық идиостильді ай қындау барысы мен нәтижесі де маңызды болғандықтан, мәтін ді қабылдаудың барысын рецептивті эстетика, коммуникативтік поэтика, әлеуметтану сияқты ғылым салалары арнайы зерттейді, олар оқырманның білімі, жасы, табиғи қабілеті, ортасы тақылет тес факторлардың көркем шығарманы қабылдауға, түсінуге, ба ғалауға тигізетін әсер-ықпалын сараптайды. Сонымен қатар мә тінді түсіну тілдік-семантикалық жүйені, одан кейін ой мен қиял өрнектеген көркемдік нақтылықты түйсініп түсінуге жетелейді, яғни автор бейнелеген дүниені, уақыт пен кеңістікті көру, елес тету де оны танудың түрлері деген ойдың жаны бар, бұған қоса зерттеушінің сөздің астарлы мәнін, жасырын мағынасын ұғынуға, ондағы түс, дыбыс, сезім, әрекет, қимылды қабылдауға мүдделі болуы керек, яғни мәтінтанушының әдеби антропологиялық көзқарастар туралы жүйелі дайындығы болғаны жарасады.
Әдеби шығарманы филологиялық талдау объективтік негіз дерге сүйеніп, белгілі амал-әдістер арқылы жүргізіледі, мұнда өнер атаулыға тән жалпы заңдылықтар да ескеріледі. Талдау әде биет теориясы мен мәтін поэтикасына тығыз байланысты болған дықтан, мәтіннің шығармашылық тарихы, автор тұлғасы, дәстүр, жанр мәселелері де назардан тыс қалмауы керек. Әдеби туынды ны зерттеу «қарама-қарсы ағыстар» теориясына сүйене отырып, мәтіннің ішінен сыртына, тысынан ішіне қарай жүргізілсе, тіпті өнімді болмақ. Мазмұн мен пішін байланысы туралы классика лық теорияларға жүгініп отыру нәтижелі болмақ.
Мәтінді талқылау үдерісінде оқушының герменевтика мен рецептивтік эстетикаға сүйенгені абзал, өйткені ол – саналы-ин туитивті әрекет, сондықтан интерпретатордың еркіндігі, субъек тивтілігі, өзіндік оқшау пікірге құмарлығы міндетті түрде мәтін арқылы дәйектеліп, дәлелденіп, нақтыланып отырғаны орынды. Түйіп айтқанда, мәтінді интерпретациялау оның мағыналарын түсініп отырып бағалау және мән-маңызын дәйекті бағалау де генге жақын. Көркем мәтінде бірнеше шығарма қатар өмір сүре алады деген пікірге ойлана қарағанның айыбы жоқ. Филологияда мәтінді, оқу, түсіну, талдау, бағалау бір-біріне байланысты түр де жүзеге асырылса, түпнұсқа мен аударма мәтінді идентифрика циялау барысы нәтижелі болады деп есептейді.
Көркем шығарманы тәржімалау барысында «мәтін» ұғымы бір-біріне тәуелді бірнеше нысанға бөлінеді: а) мәтін – түсіну ны саны, яғни мағыналар тудырушы құрылым; ә) «түпнұсқа мәтін – яғни басқа тілге аударуға, бейімдеуге болатын мәтін; б) аударма мәтін – басқа тілдегі оқырман үшін өзгертілген, лайықталған, бейімделген туынды.
Алдын ала талдауда мәтіндегі гносеологиялық байланыстар аса маңызды. Сол себепті мәтін теориясында «текстуалитет» тер мині пайда болып, қазіргі кездегі зерттеулерде жиі қолданылып жүр.
Мәтіннің синергетикалық әлеуеті мен ішкі ресурстарын арт тырудың амалдары іздестірілуде, әрбір филологиялық бағыт бұ ған өз үлесін қосып отыр. ХХ ғасырдың соңында пайда болған жаңа ғылыми парадигмалар аясында «мәтін лингвистикасы» де ген бағыт қалыптаса бастады. Аталмыш сала өкілдері мәтінді тіл дің ең негізгі және басты бірлігі деп таниды, осыны теориялық тұрғыдан негіздеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі кезде мәтінді антропоцентристік, функционалдық, когнитивтік парадигмалар өрісінде қарастыру пәрменді болып отыр. Тіл мен мәтін арасындағы байланыстар жан-жақты зерттелуде. Аталмыш бағыт өкілдері әрбір мәтінде ұлттық тіл табиғаты ерек шелігі көрініп тұратынына сенімді, сондықтан олар ұлттық ой лау жүйесінің сілемдерін айқындауға құлшынып отыр. Сонымен бірге мәтін авторының тұлғалық болмысы, әлеуметтік ортасы, мәдениет деңгейі, дүниетанымы, ұлттық ділі туралы сақталған ақпараттарды тауып, тануға деген ұмтылыс бар. Сайып келгенде, мәтінді функционалдық лингвистика, коммуникативтік синтак сис, стилистика, риторика, лингвомәдениеттану сияқты ғылыми бағыттар қарастыруда. Оған қоса «тілдік тұлға теориясы», «әлемнің тілдік бейнесі» сияқты тақырыптағы ізденістер де мәтіннің қатысуымен жүргізілуде.
Қазіргі таңда «адамның әлемі мен тілі» деген бағыттағы зерттеулер ерекше қызығушылық тудырып отыр. Аталмыш тақырып тың түп-төркіні былайша айқындалған: мәтіннен мағына іздеу, жалпы мәннен жеке мағынаға қарай індетіп зерттеу, тіл жайында ғы жалпы ұғымнан ұлттық тілдегі ұлттық сана («халық шынды ғы») көріністерімен байланыстыра қарастыру, мәтіндегі қисынды дискурсты авторлық стиль ерекшеліктерімен салыстыра тексеру.
Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіндік белгілерін айқындау жолында біршама жетістіктерге қол жеткізген, филолог-маман ның бұл ақпараттан хабардар болғаны абзал.
Қазіргі кездегі аса бір зәру ғылыми мәселе – мәтінге анықтама беру болып отыр. Бұл ізденістердің екі бағытта жүріп жатқанды ғын атап өтуге болады. Біріншісі – ғылымдағы дәстүрлі бағыт, яғни мәтін белгілері аристотелдік қисынға негізделіп айқындалады, мұнда әрбір зерттеу нысанының жалпы онтологиялық қасиеттері есепке алынады. Қазір аталмыш бағыт өкілдері мәтіннің мынадай белгілерін атап көрсетіп отыр: байланыстылық (қисынды, лекси калық, грамматикалық, стилистикалық), аяқталғандық, жүйелі лік, объективтілік, мақсаттылық, ашықтық, кеңістік пен уақыт қа байланыстылық. Екінші бағыт – когнитивтік көзқараст арға негізделген, мұнда мәтін анықтау басты концептілерге сүйене отырып, жүргізіледі, нәтижесінде айтылымды мәтін деп тануға болатын белгілер аталған. Олардың қатарында ақпараттылық, адрестілік, мақсаттылық, прагматикалық бағдар, ниеттілік, эмотив- тілік бар.
Мәтін парадигмасы жайындағы зерттеулерде тілдік белгі (код) және оны айқындаудың тиімді жолдары қарастырылуда.
Мәтіндегі тілдік бірліктердің байланысын қарастыру, пара дигма мен синтагма ұғымдары арқылы жүргізіледі. Мәтіндегі «айтушының грамматикасы» мен «тыңдаушының грамматикасы» арасындағы қарым-қатынастарға назар аудару – өте маңызды, өйткені қолданылған тілдік бірліктердің қабылдау бірліктеріне айналуының құпиялары көп. Осы орайда, синтаксема, текстема деген ұғымдардың табиғатына назар аударудың берері мол. Со нымен бірге танылатын әлемді антериориялық нысанға айналды рудың сырларына үңілген де тиімді болмақ.
Мәтін статусын анықтауда шешуін таппай тұрған күрделі мә селелер бар, олардың көбі «тіл-айтылым» атты дихотомдық көз қарастан туындап отыр. Мәтінді біресе тілдік бірлікке, енді бірде айтылым бірлігіне телу бар. Мұндай қайшылықты мәселені ста тика мен динамика тұрғысынан шешуге деген ынта байқалады, бірақ көңіл қоярлық нақты пікір жоқ. Мәтінді бірде үдеріс, кейде нәтиже деп тану кездесіп жүр, енді біреулер мәтінді ерекше эмерджеттік құрылым деп тануды ұсынуда. Мұндай көзқарастар мәтіннің әлеуметтік ортамен, мәдени кодпен, дискурспен байла нысына ерекше мән беруден туған.
Әлеуметтік орта, мәдени код, дискурс түрлері жаңа мәтінаралық байланыстарды қарастыруға бағыт сілтеуде. Мәнмәтін, мета мәтін, метакеңістік, тілдік кеңістік, интермәтін сияқты ұғым-түсініктер осындай ізденістерден туған. Көркем мәтін теориясы да осы мәселелерді жан-жақты зерттеуді діттеп отыр.
Қазіргі ғылыми парадигма мәтіннің персоналдығына, яғни оның субъектімен қарым-қатынасына қатысты мәселелер кө кейкесті болып отыр. Әрине, субъективтік бастауға қатысы бар әрқилы пікір жағдайды күрделендіріп отырғаны жасырын емес. Айтушы мен тыңдаушы, адресант пен адресат, автор мен рецеп тор сияқты ұғымдардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, мәтін де бұлардан басқа субъектілер бар деп есептеледі. Олардың қа тарында бақылаушы (перцептор), пайымдаушы (менталист) те байқалады. Бірқатар филологиялық пәндер автор, автор образы, баяндаушы, скриптор, лирикалық кейіпкер, авторлық персонаж сияқты терминдерді пайдалануда. Мәтін мен субъектінің арасын дағы, тіл мен оны қолданушы арасындағы күрделі мәселелер де зерттеле бермек.
Мәтіннің дүниетанымдық әлеуетін анықтау да – өте зәру мәсе ле. Сонымен қатар мәтіннің стратегиясы мен тактикасы, құрылы мы, деңгейлерін қарастырудың да маңызы жетерлік.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|