Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Мәтінтану бойынша филологиялық ізденістер



бет12/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
жауаптары

Мәтінтану бойынша филологиялық ізденістер

https://dokumen.pub/9786010408135.html
Қа­зір­гі кез­де­гі ғы­лы­ми жүйе­ден фи­ло­ло­гия өз ор­нын анық­тап ал­ған, ол жан-жақ­ты әрі же­дел да­мып ке­ле жат­қан көп­те­ген ғы­лы­ми са­ла­лар дан тұ­ра­ды. Жал­пы ал­ған­да, фи­ло­ло­гияны не­гіз­гі зерт­теу ны­са­ны мә­тін (textus – өрі­лу, бай­ла­ны­су) бо­лып та­бы­ла­тын гу­ма­ни­тар­лық ілім­дер ке­ше­ні деп тү­сі­ну қа­лып­тас­қан. Оның құ­ра­мын­да мә­тін­та­ну, әде­биет­та­ну, тіл­та­ну, ау­дар­ма­та­ну, де­рек­та­ну, жур­на­лис­ти­ ка сияқ­ты жал­пы ғы­лы­ми ар­на­лар­мен бір­ге се­ми­оти­ка, ри­то­ри­ка, мә­тін теориясы, гер­ме­нев­ти­ка, мо­ти­во­ло­гия, поэти­ка, сти­лис­ти­ ка, ког­ни­тив­тік линг­вис­ти­ка, құ­жат­та­ну деп ата­ла­тын же­ке ғы­лы­ми пән­дер де бар. Фи­ло­ло­гияны бел­гі­лі бір ха­лық­тың әде­биеті мен ті­лін зерт­теу­ге ар­нал­ған ғы­лым деп қа­на са­найт­ын­дар да бол­ған. Кең тұр­ғы­дан ал­ған­да, бұл ілім­дер­ді адам­зат­тың ру­ха­ни бол­мы­сы­ның та­ри­хы мен теория­сын зерт­тейт­ін ғы­лым­дар цик­лі деп ба­ға­лаудың қа­жет­ті­лі­гін ұсы­нып жүр­ген­дер көп. Осы­ның бә­рі фи­ло­ло­гияны жал­пы жә­не же­ке деп үл­кен екі топ­қа бө­ліп қа­рас­ты­ру­ға не­гіз бо­лып отыр. Жал­пы фи­ло­ло­гия мә­тін­нің бар­лық түр­ле­рін зерт­те­се, же­ке фи­ло­ло­гия бір тіл­де­гі не­ме­се бір­не­ ше туыс­тас тіл­де­гі мә­тін­нің жал­пы жә­не же­ке ас­пек­ті­ле­рін зерт­ теу­дің жиын­ты­ғы­нан тұ­ра­ды. Фи­ло­ло­гия ғы­лым­да­ры ара­сын­да тұ­рақ­ты та­би­ғи бай­ла­ныс­тар бар, олар­дың өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сы жан-жақ­ты жә­не өте күр­де­лі, олар­дың кө­бі сырт көз­ге бір­ден бай­қала бер­мейді, сон­дық­тан фи­ло­ло­гия­лық зерт­теу тө­зім­ді­лік­ті, көп ең­бек­те­ну­ді, мол бі­лім мен бі­лік­ті, уа­қыт па­ра­ме­тр­ле­рі­не сәй­ кес ғы­лы­ми түр­де ой­лап үйре­ну­ді та­лап ете­ді.
Мә­тін­ді қа­был­дау, тү­сі­ну, та­ну жә­не оны фи­ло­ло­гия­лық тұр­ғы­дан тал­дау, тал­қы­лау (ин­те­рп­ре­та­ция) мен ба­ға­лаудың ға­сыр­лар бойы қа­лып­тас­қан ұстаным­да­ры, ере­же­ле­рі, қа­ғи­дат­та­ры бар, бо­ла­шақ фи­ло­лог­тың олар­мен жүйелі түр­де та­ныс бо­луы – кә­сі­би бі­лік­ті­лік­ке же­те­лейт­ін жол.
Фи­ло­ло­гия­лық бі­лім­нің не­гіз­гі түп қа­зы­ғы мә­тін ту­ра­лы ір­ге­лі, жүйелі ғы­лы­ми ақ­па­рат пен құ­зыр­лы бі­лік еке­ні мой­ын­дал­ған. Со­ны­мен қа­тар мә­тін – тұ­тас­қан жә­не ма­ғы­на­лық тұр­ғы­дан бірбі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­ты сан түр­лі бө­лік­тер (сөз, тір­кес, сөй­лем, фрайм, кон­цепт) бір­лі­гі де­ген анық­та­ма­ға ден қой­ған ар­тық емес. Мә­тін жә­не оны­мен өте ты­ғыз бай­ла­ныс­та қол­да­ны­ла­тын дис­курс ұғы­мы тө­ңі­ре­гін­де та­лай пі­кір та­лас­тар туын­да­ған, қа­зір бұл тер­мин­дер­дің ара­қа­ты­на­сын, бай­ла­ны­сын ай­қын­дау жө­нін­ де ар­найы зерт­теу­лер жүр­гі­зі­лу­де. Ұзақ уа­қыт бойы мә­тін жаз­ба ес­ке­рт­кіш­тер­ге ға­на тән де­ген тү­сі­нік ба­сым бо­лып кел­ді, сон­дық­тан оны зерт­теу кө­бі­не­се та­ри­хи-фи­ло­ло­гия­лық әдіс­пен жүр­гі­зіл­ген. Оның та­ри­хы әрі­ден бас­та­ла­ды. Мы­са­лы, ежел­гі Александ­рия ғы­лы­ми мек­те­бі мә­тін­ді ар­найы зерт­теу­дің мы­на­дай төрт ас­пек­ті­сін бө­ліп көр­сет­кен: 1) шы­ғар­ма­ны үн­дес­тік ере­же­ле­рі­не, көр­кем­ді­гі­не сай мә­нер­леп оқу­ға үйре­ту ар­қы­лы та­ны­ту; 2) мә­тін­де­гі орын ал­ған ол­қы­лық­тар мен кем­ші­лік­тер­ді тү­зей бі­лу;­ 3) он­да­ғы ком­мен­та­рий қа­жет ете­тін нәр­се­нің бә­рін тү­сін­ді­ре бі­лу; 4) әр­бір мә­тін­нің маз­мұ­ны мен пі­ші­ні­не сай ор­нық­ты жә­не тиесі­лі ба­ға бе­ру­ге дай­ын­дық жа­сау түр­ле­рі.
Осын­дай көз­қа­рас­тар не­гі­зін­де қа­лып­тас­қан клас­си­ка­лық фи­ло­ло­гияда мә­тін­та­ну­дың өзін­дік қа­ғи­да­ла­ры пай­да бол­ды, олар не­гі­зі­нен үш ба­ғыт­та өріс­те­ді. Бі­рін­ші­сі – мә­тін­нің пай­да бо­луының нақ­ты жағ­дайла­ры мен оның ав­то­ры­ның ние­тін, ойла­рын анық­тайт­ын нақ­ты мә­лі­мет­тер жи­нау, мә­тін­нің кім­ге ар­нал­ған­ды­ ғын ай­қын­дау, маз­мұ­нын, жал­пы жә­не же­ке қа­сиет­те­рі­нің си­па­ты­на қа­рап өзін­дік пі­ші­нін ай­қын­дау бол­ды. Екін­ші ба­ғыт же­ке мә­тін­нің бел­гі­лі бір әде­би-мә­де­ни ор­та­ға кі­рі­гуін, оның өзі сияқ­ты бас­қа мә­тін­дер­мен бай­ла­ны­сын зерт­теу­ге ден қой­ды. Жал­пы та­ри­хи жағ­дай­дың, бі­лім мен ғы­лым­ның да­муының мә­тін­ді тү­сі­ну мен ба­ға­лауда­ғы ор­ны мен әсер-ық­па­лын қа­рас­ты­ру үшін­ші ба­ғыт­тың ен­ші­сі­не ти­ген. Уа­қыт өте ке­ле атал­мыш ба­ғыт­тар өсіп, өр­кен­деп, әр­түр­лі ғы­лы­ми са­ла­лар­ға ай­нал­ған. Фи­ло­ло­гия­ ның та­рих жә­не мә­де­ниет­та­ну­ға ты­ғыз бай­ла­ныс­ты­лы­ғы же­ке­ле­ ген пә­на­ра­лық ғы­лым­дар­дың да­му­ына түрт­кі бол­ған. Со­лар­дың бі­рі па­ле­ог­ра­фия, ол – жа­зу үл­гі­ле­рі­нің қа­лып­та­суы мен да­му­ын, мә­тін­нің та­ри­хи не­гі­зін, оны жаз­ған­дар­дың ерек­ше мә­не­рі мен ма­шы­ғын анық­тайт­ын ар­найы та­ри­хи-фи­ло­ло­гия­лық пән. Кө­не түр­кі әде­би ес­ке­рт­кіш­те­рі­нің мә­тін­де­рін, ор­та ға­сыр­лар­да­ғы қол­ жаз­ба­лар­ды ғы­лы­ми айна­лым­ға то­лық­тай қо­су үшін Қа­зақ­стан­да па­ле­ог­ра­фия­ның да­му­ына жағ­дай жа­сау ке­рек бо­лар.
Де­рек­та­ну бол­са – ақ­па­рат­тық си­па­ты бар мә­тін­дер­ді жүйелеу­ мен айна­лы­са­тын та­ри­хи-фи­ло­ло­гия­лық пән. Қа­зақы әр­түр­лі ше­ жі­ре­лер­дің, та­ғы бас­қа фольклор­лық не­гіз­дер­дің де­рек­тік құн­ ды­лы­ғын, ақ­па­рат­тың не­гі­зін анық­тау­да де­рек­та­ну­шы­лар жақ­сы ең­бек­те­ніп жүр, көр­кем мә­тін­де­гі осы не­гіз­дер­ге ба­са на­зар ауда­ ру­дың қа­зір­гі кез­де ерек­ше ма­ңыз­ды екен­ді­гі дау­сыз.
Гер­ме­нев­ти­ка – пә­на­ра­лық зерт­теу­лер жүйесі, ол көз­ге кө­рі­не бер­мейт­ін мә­ті­на­ра­лық бай­ла­ныс­тар­ды, мә­тін ішін­де­гі эле­ме­нт­ тер­дің әр қи­лы қа­ты­нас­та­рын ар­найы гер­ме­нев­ти­ка­лық шең­бер ар­қы­лы қа­рас­ты­ра­ды, мә­тін­нің іш­кі ст­рук­ту­ра­сы­ның сыр­ла­рын ашу­ға ты­ры­са­ды, оның өмір сү­руінің сырт­қы жағ­дайла­рын ай­­ қын­дау үшін әлеу­мет­та­ну, пси­хо­ло­гия сияқ­ты ғы­лым­дар­дың же­ тіс­тік­те­рі­не сүйене­ді.
Қа­зір­гі кез­де­гі мә­тін­та­ну­да өзін­дік ғы­лы­ми мақ­сат-мүд­де­ле­рі ай­қын­дал­ған мы­на­дай фи­ло­ло­гия­лық ба­ғыт­тар­да қар­қын­ды зерт­ теу­лер жүр­гі­зу­де: ст­рук­ту­ра­лық, се­ми­оти­ка­лық, се­ман­ти­ка­лық, сти­лис­ти­ка­лық, праг­ма­ти­ка­лық, та­ри­хи-мә­де­ни мә­тін ком­по­зи­ циясы, т.б. Бұ­лар­дың де­ні қа­зір­гі ақ­па­рат­тық тас­қын­дар жүйе­сін­ де мә­тін­нің ор­ны мен қыз­ме­тін жа­ңа­ша ба­ғам­дау­ға ұм­ты­лу­да.
Мә­тін түр­ле­рі­нің ара­сын­да­ғы бай­ла­ныс дең­гейле­рін анық­ тайт­ын көр­сет­кіш­тер­ді же­те бі­лу өте ма­ңыз­ды.
Ке­ңіс­тік­тер мен уа­қыт­тар­ды оң­тай­лы бай­ла­ныс­ты­ру­ға же­ту үшін сөй­леу­ді жа­зу ар­қы­лы рә­сім­деу­ге қол жет­кі­зу адам­зат та­ри­хын­да­ғы аса елеу­лі оқи­ға бол­ды. Ен­ді­гі жер­де жаз­ба мә­тін әр­түр­лі буын өкіл­де­рі­нің бір-бі­рі­мен ара­ла­су­ына, бі­лім мен ақ­ па­рат ал­ма­суына кең мүм­кін­дік аш­ты. Қа­зір­гі тех­ни­ка­лық да­му ға­сы­рын­да адам­зат ақ­па­рат та­ра­ту­дың ұялы те­ле­фон, те­ле­ди­дар, ра­дио, ға­лам­тор сияқ­ты түр­ле­рін үз­дік­сіз пай­да­ла­ну­да, бұ­лар­дың бә­рі дер­лік не­гі­зі­нен ды­быс­тал­ған, ес­тіл­ген, жа­зыл­ған, оқыл­ған не­ме­се ауызе­кі (айт­ыл­ған) мә­тін­ді ха­бар­ла­ма, ақ­па­рат ре­тін­де та­ ра­ту­мен айна­лы­са­ды. Мә­тін­нің ақ­па­рат­тық ты­ғыз­ды­ғын арт­ты­ру жә­не аз уа­қыт ара­лы­ғын­да көп мағ­лұ­мат бе­ріп үл­ге­ру үшін не­ше түр­лі амал­дар ой­лап та­бы­лу­да, бі­рақ жай ре­цеп­тор­ға мұн­дай мә­ тін­дер­ді қа­был­дау мен тү­сі­ну оңай емес, сон­дық­тан бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры үшін осы ақ­па­рат­ты тал­дайт­ын, тү­сін­ді­ре­тін жаз­ба мә­тін­дер­ді із­деп та­бу қа­жет бо­ла­ды. Қа­зір­гі кез­де ауыз­ша айт­ыл­ған сөз­ді жаз­ба мә­тін­ге ай­нал­ды­ра­тын ком­пью­тер­лік бағ­ дар­ла­ма­лар бар, олар ар­найы жа­зу ті­лін қол­да­на­ды, яғ­ни мә­тін ту­ды­ру­дың амал-тә­сіл­де­рі көп-ақ.
Осы тұс­та та­ғы бір на­зар ауда­ра­тын түйт­кіл бар. Су­рет­ші­нің кар­ти­на­сы, ба­лет­мейс­тер қой­ған спек­такль, му­зы­ка­нт­тар орын­ да­ған сим­фо­ния да адам­дар ара­сын­да­ғы қа­рым-қа­ты­нас­тың ар­ найы түр­ле­рі ғой, бі­рақ олар­ды мә­тін деп қа­был­дау­дың қи­сы­ны, ре­ті, жө­ні, ор­ны бар ма екен? Осы­ған бай­ла­ныс­ты не­міс ға­лы­ мы А. Бек­тің (1785-1867 ж.) мы­на бір пі­кі­рі на­зар ау­дар­т а­ды:­ «... Фи­ло­лог­қа Пла­тон сияқ­ты пәл­са­па со­ға бе­ру жа­рас­пайды, бі­ рақ ол Пла­тон­ды тү­сі­ну­ге мін­дет­ті». Мұ­ның бә­рін әр өнер мен ғы­ лым ті­лін сөй­леу ті­лі ар­қы­лы нор­ма­лауға ты­ры­су­дан туын­да­ған әре­кет деп қа­был­да­ған дұ­рыс бо­лар. Жаз­ба мә­тін­дер­дің ұлт­тық әде­би тіл­дің қа­лып­та­су­ына, да­му­ына ерек­ше әсер ет­ке­ні бел­гі­лі, сон­дық­тан әр­бір әде­би мә­тін­нің ұлт­тық тіл­дің өмір сү­руінің та­ри­ хи фор­ма­сы­ның үл­гі­лі тү­рі еке­нін ұмыт­пау ке­рек. Жаз­ба мә­тін­нің бел­гі­лі бір тәр­тіп­пен, рет­пен ор­на­лас­қан таң­ба­лар мен бел­гі­лер жүйесі еке­ні­не мән бе­ріп зерт­тейт­ін ғы­лым се­ми­оти­ка деп ата­ ла­ды, оның не­гіз­гі мақ­са­ты – әр­қи­лы мә­тін­нен ақ­па­рат­тық мә­ні бар код­тар мен бел­гі­лер­ді тауып, олар­дың қыз­ме­тін, мән-ма­ғы­на­ сын зерт­теп, яғ­ни мә­тін­де­гі кон­вен­ционал­дық­ты, ба­ғыт­ты­лық­ты, стиль­дік ұйым­да­су­ды, ком­му­ни­ка­тив­тік ас­тар­лы ма­ғы­на­лар­ды анық­тау­мен айна­лы­са­ды.
Мә­тін­та­ну­да­ғы ар­найы ғы­лы­ми зерт­теу­лер кө­не үн­ді жә­не ежел­гі қы­тай фи­ло­ло­гия­лық дәс­түр­ле­рі­нен бас­тау ала­ды. Олар мә­тін­де­гі жа­зу­дың тү­рі­не, эти­мо­ло­гиясы­на, ды­быс­та­лу­ына ерек­ ше на­зар ау­дар­ған, мә­тін­ді тү­сі­нік­ті етіп жа­зу шарт­та­рын қа­рас­ тыр­ған. Арис­то­тель «Поэти­ка» жә­не «Ри­то­ри­ка» ат­ты трак­тат­та­ рын­да мә­тін ар­қы­лы ойды өр­нек­теу­ге кө­мек­те­се­тін ең қа­жет де­ ген тіл­дік құ­ры­лым­дар­ды анық­та­ды, мә­тін­нің ба­сы мен со­ңы­ның ара­сын­да­ғы бас­ты бө­лік­тер­ді атап көр­сет­ті, ал оның із­ба­сар­ла­ры бө­лік­тер­дің са­нын се­гіз­ге дейін жет­кіз­ді, осы­дан кейін мә­тін­ді әр­ қи­лы та­ну­ға ба­ғыт­тал­ған грам­ма­ти­ка, диа­лек­ти­ка, ри­то­ри­ка ат­ты үш ілім­нен құ­рал­ған три­виум өнім­ді жұ­мыс іс­тей бас­та­ды, олар­ дың жо­лын жал­ғас­ты­ру­шы­лар қа­зір де бар.
Қайта өр­леу за­ма­нын­да Э. Рот­тер­дамс­кий, Ма­ки­аве­ли ат­ты ға­лым­дар өз­де­рі­нің фи­ло­ло­гия­лық трак­тат­та­рын­да әр тіл­де­гі мә­тін­дер ара­сын­да­ғы бай­ла­ныс­тар­ды анық­тау үшін ау­дар­ма мә­тін­дер­ді түп­нұс­қа мә­тін­мен са­лыс­ты­ра зерт­тей бас­та­ды.
Ағар­ту­шы­лық ке­зең­де Де­карт, Лейб­ниц, Нью­тон сияқ­ты атақ­ ты ой­шыл­дар жа­сан­ды тіл ар­қы­лы көп­ші­лік­ке ұғым­ды бо­ла­тын мә­тін құ­ру­дың жол­да­рын із­деуді мақ­сат тұт­ты.
К. Лонс­ло мен Ар­но де­ген ға­лым­дар «Ло­ги­ка» (1662) ат­ты ең­ бе­гін­де мә­тін­ді дұ­рыс құ­ру­дың фи­ло­ло­гия­лық нор­ма­ла­рын анық­ тап, олар­ды тиім­ді қол­да­ну­дың амал­да­рын ұсын­ды, бұл ав­тор­лар мә­тін­ді ерек­ше ұйым­дас­қан ло­ги­ка­лық бір­лік деп та­ны­ған. ХVІІІ-ХІХ ға­сыр­лар­да­ғы фи­ло­лог ға­лым­дар­дың са­лыс­тыр­ма­лыта­ри­хи зерт­теу­ле­рі­нің нә­ти­же­ле­рі ХХ ға­сыр­да ком­па­ра­ти­вис­ти­ка ілі­мі үшін мә­ті­на­ра­лық бай­ла­ныс­тар­да­ғы ор­тақ фи­ло­ло­гия­лық заң­ды­лық­тар­ды ашу үшін ерек­ше тиім­ді ма­те­ри­ал бол­ды, конт­ рас­ті­лік линг­вис­ти­ка да мә­тін­ді өз тұр­ғы­сы­нан са­рап­тау үшін не­гіз­гі зерт­теу ны­са­ны деп са­най­ды. В. Гум­боль­дт­тың ин­дук­тив­ тік жә­не де­дук­тив­тік грам­ма­ти­ка ар­қы­лы әр мә­тін­де сол ке­зең­нің дү­ниета­ны­мы, ха­лық­тың ру­ха­ни қа­сиеті сақ­та­ла­ты­нын анық­тап көр­сет­ке­ні мә­тін зерт­теу­ді жа­ңа са­ты­ға кө­тер­ді. Г. Штейн­таль (1823-1899 ж.) де­ген зерт­теу­ші мә­тін­нен ас­со­циа­тив­тік пси­хо­ло­ гия­ның нақ­ты сі­лем­де­рін із­де­се, ал В. Вунд (1832-1920 ж.) мә­тін­ де ха­лық­тың ру­хы жоқ еке­нін айт­ып, оны тек әлеу­мет­тік, қо­ғам­ дық қа­ты­нас­тар­дың бел­гі­лі бір ке­зең­де­гі тә­жі­ри­бе­лік өні­мі деп та­ны­ған.
ХІХ ға­сыр­да әде­биет­та­ну­да көр­кем мә­тін­ді ар­найы зерт­тейт­ ін ба­ғыт­тар пай­да бол­ды. Олар­дың ал­ғаш­қы­сы – ми­фо­ло­гия­лық мек­теп деп ата­ла­тын ба­ғыт­тың өкіл­де­рі­нен тұр­ды. Олар мә­тін­нен ми­фо­ло­гия­лық та­ным мен ой­лау­дың кө­рі­ніс­те­рін із­де­ді. Мә­де­нита­ри­хи ба­ғыт­тың көр­нек­ті өкі­лі И. Тэн (1828-1893 ж.) өз ең­бек­ те­рін­де мә­тін­нің мә­ні «нә­сіл, ор­та жә­не жағ­дайға» бай­ла­ныс­ты екен­ді­гі­не ба­са на­зар ау­дар­ды, оның жақ­тас­та­ры бұл те­зис­ті не­ гіз­ге ала оты­рып, көр­кем мә­тін­ді қо­ғам­дық са­на­ның ерек­ше кө­ рі­ні­сі ре­тін­де қа­рас­тыр­ды. Көр­кем мә­тін­нің түр­ле­рі­нің кө­беюіне орай олар­ды са­лыс­ты­ра зерт­теу­ге әде­би ком­па­ра­ти­вис­ти­ка бел­ се­не ара­ла­сып, мә­тін­де­гі ұлт­тық ерек­ше­лік­тер­дің кө­рі­нуін, ор­тақ фи­ло­ло­гия­лық заң­ды­лық­тар­дың бе­рі­лу түр­ле­рін ұзақ жыл­ғы әде­би үде­ріс­тің не­гі­зін­де қа­рас­тыр­ды. Әр­түр­лі тіл­де­гі мә­тін­де­гі ұқ­сас, сәй­кес ком­по­не­нт­тер­дің бо­лу­ын бұл мек­теп­тің өкіл­де­рі ха­ лық өмі­рін­де­гі тұр­мыс­тық жә­не пси­хо­ло­гия­лық ұқ­сас­тық­пен тү­ сін­дір­ді. Әр ұлт­тың көр­кем мә­тін­де­рін­де­гі ор­тақ са­рын­дар мен об­раз­дар­дың «та­би­ға­тын ауы­сып алу теориясы­мен» не­гіз­деу­ге күш сал­ды.
ХХ ға­сыр­дың ба­сын­да мә­тін­ді зерт­теу­ге пси­хо­ли­нг­вис­ти­ка­ лық жә­не әлеу­мет­тік линг­вис­ти­ка­лық мек­теп­тің өкіл­де­рі бел­се­ не кі­ріс­ті, 30-50 жыл­да­ры ст­рук­ту­ра­лық линг­вис­ти­ка жә­не глос­се­ман­ти­ка сияқ­ты ғы­лы­ми ба­ғыт­тар мә­тін­ді сег­мент­тер­ге бө­ліп алып, ар­найы тал­дау­ды ұсын­ды, әр сег­мент­тің бас­қа­дан тәуел­ді­лі­гін та­ну ар­қы­лы мә­тін­ді тұ­тас­ты­рып тұ­ра­тын бас­қа не­гіз­дер­ді анық­тау­ға күш сал­ды.
Қа­зір­гі кез­де та­ри­хи-са­лыс­тыр­ма­лы әдіс ау­дар­ма­та­ну­да да жиі қол­да­ны­лып жүр, ол көр­кем түп­нұс­қа мен ау­дар­ма мә­тін­дер­дің ара­ла­рын­да­ғы ба­ра­бар­лық­тың, сәй­кес­тік­тің әр­түр­лі дең­гейле­рін зерт­теу­мен шұ­ғыл­да­ну­да.
Әде­би мә­тін­нің көр­кем маз­мұ­ны­ның бі­ре­гей­лі­гі мен тұ­тас­ты­ ғы­ның сы­рын ашу үшін «жа­ңа сын», «швей­ца­риялық ин­те­рп­ре­та­ циялық мек­теп» сияқ­ты ба­ғыт­тың өкіл­де­рі мә­тін­ді көп рет­те фор­ маль­дық тұр­ғы­дан қа­рас­ты­рып жүр. «Жа­ңасын» ана­ли­ти­ка­лық оқу мен фор­маль­дық-сти­лис­ти­ка­лық тал­дау ар­қы­лы туын­ды­ның жа­ңа қыр­ла­рын ашу­ға әре­кет­те­ну­де. 1950 жыл­да­ры бұл ба­ғыт­ тар­дың не­гі­зін­де әде­би ст­рук­ту­ра­лизм да­ми бас­та­ды: ол – мә­тін­ ді ст­рук­ту­ра­лық-се­ми­оти­ка­лық бел­гі­лер­дің жүйесі деп та­ни­ды. Атал­мыш ғы­лы­ми ұстаным­дар көр­кем мә­тін­ді зерт­теу­ге бір­ша­ма үлес қос­ты, бі­рақ олар шы­ғар­ма­шы­лық үде­ріс пен оқыр­ман­ның мә­тін­ді қа­был­дау ерек­ше­лі­гі­не жет­кі­лік­ті түр­де на­зар ау­дар­ма­ды. Бұл ол­қы­лық­тың ор­нын тол­ты­ру­ды мә­тін­нің суб­ъек­тив­тік-шы­ ғар­ма­шы­лық не­гіз­де­рін зерт­тейт­ін пси­хо­ло­гия­лық мек­теп қол­ға ал­ды, оның өкіл­де­рі әде­би туын­ды­ның мә­нін об­раз бен сөз­ден із­де­ді, оқыр­ман­ның мә­тін­ді қа­был­дауына ба­са на­зар ау­дар­ды.
Орыс ға­лы­мы М.М. Бах­тин әр­бір көр­кем мә­тін – диа­лог­тық қа­рым-қа­ты­нас­тың кө­рі­ні­сі де­ген кон­цеп­ция ұсы­нып, мә­тін­та­ну­ ға жа­ңа сер­пін бер­ді, оның із­ба­сар­ла­ры көр­кем мә­тін­де­гі «диало­ ги­зм­нің» жа­ңа си­пат­та­рын ашу­ға тал­пы­нып отыр.
Мә­тін зерт­теу­де фи­ло­ло­гия­лық ғы­лым­дар­ға ор­тақ әм­бе­бап теория­лық әдіс ре­тін­де гер­ме­нев­ти­ка ілі­мі та­ныл­ған. Гер­ме­нев­ ти­ка­лық тал­қы­лау (ин­те­рп­ре­та­ция) әде­би мә­тін­ді көр­кем құн­ды­ лық деп та­ну­дан бас­та­ла­ды, оның бас­ты құ­ра­лы бо­лып мә­тін­ді қа­был­дау­шы тұл­ға­ның та­ным дең­гейі мен са­на­сы есеп­те­ле­ді. Қа­зір­гі кез­де көр­кем мә­тін­ді адек­ват­тық уа­қыт пен за­ман­ға сай әлеу­ мет­тік тал­ғам қа­лып­тас­ты­ра­тын, өмір­ге диа­лек­ти­ка­лық түр­де қа­ рауды үйре­те­тін бел­сен­ді не­гіз деп та­ну­ға ұм­ты­лыс бар. Тал­қы­лау өрі­сі «құн­ды­лық» пен «тү­сі­ну» де­ген екі ұғым­ның ара­сын­да жа­та­тын бұл та­ри­хи әм­бе­бап әдіс­тің жа­ңа өкіл­де­рі мә­тін­нің бол­ мы­сын­да­ғы әде­би ру­ха­ни, мә­де­ни дәс­түр­лер­ді ін­де­тіп зерт­теу­ге күш са­лу­да.
Соң­ғы кез­де­рі линг­вис­ти­ка­лық зерт­теу­лер­де «мә­тін­ді» «дис­ курс» ұғы­мы­мен ал­мас­ты­ру жиі бай­қа­ла­ды. Бұл тер­мин­ді ал­ғаш ғы­лы­ми айна­лым­ға ен­гіз­ген Э. Бен­ве­нист де­ген тіл­ші-ға­лым еді. Өзі­нің «Жал­пы линг­вис­ти­ка» ат­ты зерт­теуін­де ға­лым discours жә-­ ­не recit де­ген ұғым­дар­ды функ­цио­нал­дық тұр­ғы­дан бір-бі­рі­не қар­сы қой­ды. Бұл ди­хо­то­мия­лық көз­қа­рас әлі күн­ге дейін жал­ ға­сып ке­ле­ді. Дис­курс пси­хо­ли­нг­вис­ти­ка мен праг­ма­ти­ка­да кең қол­да­ны­лып, мә­тін­ге қар­сы қой­ыл­ды, өйт­ке­ні ол өзі­не мә­тін­нің пай­да бо­лу эле­ме­нт­те­рі (праг­ма­ти­ка) мен қа­был­да­ну ба­ры­сын (пси­хо­ли­нг­вис­ти­ка) қа­рас­ты­ру­ды өзі­не ауда­рып ал­ған. Ен­де­ше дис­курс – мә­тін­ге қа­ра­ған­да ауқы­мы ке­ңі­рек ұғым. Мә­тін линг­ вис­ти­ка­лық құ­бы­лыс бол­са, дис­курс – мә­тін­ді ар­наулы ба­ғы­ты бар әлеу­мет­тік әре­кет деп қа­был­дайт­ын, оның пай­да бо­лу­ын, ба­ ға­ла­нуын, тал­қы­ла­ну­ын қа­рас­ты­ра­тын тү­сі­нік. Дис­курс­ты зерт­ теу­ге ерек­ше ын­та­лы бо­лып отыр­ған ге­не­ра­тив­тік грам­ма­ти­ ка, әлеу­мет­тік линг­вис­ти­ка сияқ­ты жа­ңа ғы­лы­ми ба­ғыт­тар бар. Олар айтушы мен тың­дау­шы­ның мі­нез-құл­қын, ұлт­тық, әлеу­мет­ тік бол­мы­сын, олар­дың фи­ло­ло­гия­лық қа­рым-қа­ты­нас­қа әсе­рін зерт­тей­ді. Дис­курс­тық тал­дау ком­му­ни­ка­ция мү­ше­ле­рі­нің ой­ лауы мен сөй­леуін ға­на емес, олар­ға қа­тыс­ты әлеу­мет­тік, мә­де­ ни нор­ма­лар­ды, қо­ғам­дық ор­та­да­ғы мә­тін­нің тү­сі­ні­лу дең­гейін зерт­тей­ді. Де­мек, мә­тін дис­курс­тық фраг­мент­тің, ма­те­ри­ал­дық бір­лік­тің, зерт­теу ны­са­ны бол­са, ал дис­курс үде­ріс­тік бір­лік­ті тал­дайды. Ван Дейк «Дис­курс жә­не ком­му­ни­ка­ция» (М., 1985) ат­ты ең­бе­гін­де дис­курс­тың әлеу­мет­тік мән­мә­ті­ні бар­лы­ғы­на жә­не оның ком­му­ни­ка­тив­тік құ­бы­лыс екен­ді­гі­не ерек­ше на­зар­ ау­дар­ған.
Мә­тін мен дис­курс­тың бай­ла­ны­сын, қа­рым-қа­ты­нас­та­ры­ның түр­ле­рін ба­ға­лауға әр­түр­лі көз­қа­рас­тар не­гіз бо­лу­да. Оның бі­рі –­ «бір­сәт­ті­лік» өл­шем ат­ты тео­рия, оған сүйене­тін­дер, дис­курс нақ­ты уа­қыт ара­лы­ғын­да өте­ді, оның ақ­па­рат сақ­тау­ға мүм­кін­ді­ гі жоқ, сон­дық­тан ол тіл­дік қа­рым-қа­ты­нас біт­кен соң жо­ға­ла­ты­ нын, ал мә­тін өмір сү­ре бе­ре­ті­нін ал­ға тар­ту­да. Кей­бір ға­лым­дар дис­курс­ты са­на­мен бай­ла­ныс­ты­ра­ды, бұл жағ­дайда мә­тін сөз­дер мен син­таг­ма­лар­дың бір­лі­гі, ал дис­курс әр­түр­лі пі­кір­лер­дің тек қи­сын­ды бір­лі­гі бо­лып шы­ға­ды. Түйіп айт­сақ, мә­тін мен дис­курс жа­қын ұғым­дар бол­ға­ны­мен, олар­дың ара­сын­да елеу­лі айыр­ма­ шы­лық­тар бар, оған қо­са олар­ды зерт­теу тә­сіл­де­рі де бө­лек-бө­лек. Сти­лис­ти­ка, линг­вис­ти­ка мә­тін­ді зерт­те­се, пси­хо­ли­нг­вис­ти­ ка мен праг­ма­ти­ка­ның тал­дау ны­са­ны – дис­курс. Мә­тін­де жа­сы­ рын түр­де бол­са да ком­му­ни­ка­ция­ның көп ас­тар­лы эле­ме­нт­те­рі бо­ла­ды, яғ­ни экс­пли­цит­тік жә­не имп­ли­цит­тік ақ­па­рат­тық сі­ле­мі, со­ны­мен қа­тар он­да олар­ды ше­ше­тін бел­гі­лер мен кілт­тер де сақ­та­ла­ды. Мә­тін ар­қы­лы бір-бі­рін дұ­рыс ұғып-тү­сі­ну жә­не ор­най-­ т­ын дис­курс­тық бай­ла­ныс ор­нық­ты бо­лу үшін парт­нер­лер­дің тым бол­ма­са кей­бір бі­лім са­ла­сын­да­ғы дай­ын­дық­та­ры сәй­кес бол­ға­ны дұ­рыс де­ген қа­ғи­да­ны ұмыт­пау ке­рек. Сон­дық­тан әр­бір фи­ло­ лог­тың өз әріп­тес­те­рі­мен де лай­ық­ты бай­ла­ныс жа­сауы үшін көп оқы­ға­ны, үне­мі ең­бек­тен­ге­ні­нің мә­ні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет