Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Орта көлемді эпикалық түрге повесть, поэманы жатқызады. Повесть



бет24/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
жауаптары

Орта көлемді эпикалық түрге повесть, поэманы жатқызады. Повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғым берсе, бірде роман деген ұғым берген. В. Шкловский: «Ежелгі орыс шежіресінде, одан келе «Игорь полкі туралы сөзде» повесть деген атау бар, екеуінде де бұл термин «болған оқиға жайлы әңгіме» деген ұғымда қолданылған, ал ХҮІІІ ғ. елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп,
французша «роман» - орысша «повесть» деп түсіндірген». В. Сорокин: «Повесть – үлкен әңгіме немесе кішкене роман». Поэма (грекше poiema- туынды) – орта көлемді эпос түрі, өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Сюжетті, сюжетсіз поэмалар болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары әр алуан: эпикалық, лирикалық, романтикалық, реалистік
Роман (французша: roman) – композициялық құрылымы күрделі, уақыт жағынан тұтас бір кезеңді қамтитын, қоғам, адам өмірін жан-жақты, қырынан, терең қамтып, саралайтын ең үлкен эпостық жанр. Роман жанр ретінде Еуропада қайта өрлеу дәуірінде пайда болса, орыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, қазақ әдеиетінде ХХ ғасырда пайда болып, кеңестік дәуірде қатты жетіліп, толысты. Қазақ әдебиетінде роман орнын бұрын қиссадастандар («Алпамыс», «Ер тарғын», «Қыз Жібек»; «Бозжігіт», «Салсал», «Зарқұм» және т.б.) басқан. А. Байтұрсынов роман туралы: «Ұлы әңгіме, яки роман деп тұрмыс сарынын түстеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз... Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) өрісі деп ат қойылса да өресі ме н өрісі шағын болғандықтан о да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын», - деген. Роман жанрының шарттарын жақын, сәйкес жазылған тұңғыш роман – Ж. Аймауытовтың «Қарартқожа» романы (1926).
Лирика (грекше lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бері, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Лирикалық шығарма көлемі жағынан эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, барлық сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. В. Белинский: «Ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, - жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның
тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар». Лириканың күші – әсерлілігінде; баяндауда емес, суреттеуде. Лирикалық қаһарман, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйтсе де лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Шындықты қатал, сұсты, күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет