31.Сұрақ.Көркем шығарманың тегіне және жанрлық ерекшелігіне қарай танымдық тұрғыдан оқыту
Әдеби жанр (французша-genre -тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады. 1. Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма; 2. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан; көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығын нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынасынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән күйі, нәзік және психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына - түрліше тағдырлар тұтасына құрылады. З.Қабдолов әдеби текті жанр деп қарайтын қағиданы ұстанады. Мәселен, эпос – жанр; эпостың үш түрі бар – шағын көлемді, орта және кең көлемді, шағынына – очерк, новелла, т.б. орта көлемдіге – повесть, поэма, кең көлемдіге – роман, эпопея жатады деп жіктейді. Сол арқылы өзі жанр деп таныған эпос, лирика, драма, олардан өрбитін жанрлық түрлерді жеке-жеке талдап, әрқайсысының даму, өзгеру жолдарын, қайсысының қандай тенденцияда дамып жатқанын әңгімелейді. Жанр мәселесін бұлай топтап, бұлай тұжырымдау бәлкім әлі даусыз дәлеліне ие бола алмай жатуы мүмкін, бірақ бұлай жіктеудің әдбиеттің тегі мен түрін саралауға біршама айқындық енгізетіні рас.
Танымдық әрекет дегеніміз - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой
қызметі. Мұның өзі көркем шығарманы талдауға, оқушы ізденісіне негіз болары сөзсіз. Бұл мәселені кеңінен қарастырған В.В.Давыдов, Г.К.Селевко сынды белгілі ғалымдар. Олардың: «Оқушы оқу үдерісі барысында, өз әрекетінің субъектісі, яғни білімді, жаңа ойды өзі табушы ретінде танылады», - деген пікір- тұжырымдарын біз де толық құптаймыз. Оқушының көркем туындыны талдау
әрекеті барысында сыни көзқарасы қалыптасады. Мұның өзі әдеби жаттығулар мен тапсырмалар негізінде жүзеге асады .
Достарыңызбен бөлісу: |