Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі



бет29/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды окытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты. «Пьеса-драма, комедия — әдебиеттің ең қиын формасы», — дейді М.Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана емір сүреді» деуі осыған дөлел. Авторлық ой, максат, көзқарас бүл шығармаларда көмескі. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мүқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар окырман көз алдында жаңа өтіп жаткандай әсер калдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс,Гбмірдегі қарама-карсылықтар — ‘драманың езегі, негізгі арнасы. Әсіресе, драмалық кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бүл жанрдың өзіндік табиғатын дәл даралап береді. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам>> десе, үлы Дидроның: «Драмада адам өмірін-дегі ең маңызды, өнегелі дейтін, жүртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», — деуі осыдан туса керек.
Драмада каһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жакка шашырамай, бөрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды.
Драмалық шығармаларды оқытудың басты мақсатының бірі, жоғарыда айтып кеттік, оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, мысалы, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалық жырын (трагедия негізі осы жырдан алынған) «Қозы Көрпеш — Баян £~үлумен» салыстырудың маңызы зор. Трагедияны талдау барысында мынадай сүрақтар коюға болады:
1. Жырда қандай кейіпкерлер бар? Олар трагедияда сақталған ба?
2. Қандай кейіпкерлер трагедиядағы жырда жсж?
3. Қандай оқиғалар жырда алынған? Қайсысын автор қосқан?
4. Кейіпкердің жырдағы сөйлеу тілін автор трагедиясында пайдаланған ба?
5. Жырдағы негізгі тартыстар трагедияда пайдаланылған ба?
Салыстыру сүрақтарын алдын ала үйге беріп, оқушылардың ойлауына жағдай жасаған дүрыс. Салыстыру жүмыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын ажырату, аңдату жүзеге асырылады. Қорытынды сүрак ретінде (6-сүрақ): «Балалар, қалай ойлайсыңдар, жыр мен драманың айырмашылықтары неде?» деген сүрақ қоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет