Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Көркем шығарманы танымдық тұрғыда оқытудың ғылыми негіздері



бет59/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Байланысты:
жауаптары

56. Көркем шығарманы танымдық тұрғыда оқытудың ғылыми негіздері

Әдеби шығарма адамның бүкіл санасы мен қиялын баурап алады, терең әлеуметтік идеялар мен армандарға жетелейді. Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушы тек әдеби шығарманы оқып қана қоймай, ол туралы ойлау қабілетіне ие болып, оны түсіндірудің ғылыми негіздерін меңгереді. Көркем шығарма да өнердің басқа салалары сияқты заттарды эстетикалық тұрғыдан көрсетуге үйретеді. Бейненің себебі оқушыны қуантады, ойландырады, табиғаттың берекесін бөліседі. Жалпы әсемдікті түсіну, адами қарым-қатынасты түсіну, еңбекті сараптау – бәрі өмір шындығымен байланысты болса, оқушылардың мінез-құлқын жақсартуға, жақсы білім алуына мол мүмкіндік береді.Кӛркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы –


оның ӛміртанымдық, эмоциялық, эстетикалық тәжірибесіне сүйенетін күрделі шығармашылық үдеріс. Таным дүниесінде кӛркем шығарманың алғашқы әсері аса маңызды. Кӛркем шығарма күрделі танымдық жүйе деп қарастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлау үшін де алғашқы қабылдау аса маңызды. Оқушының алдағы кӛзқарасы мен танымына, сезіміне бірден бір
ықпал ететін де кӛрем әлеммен алғашқы қауышу. Егер ол поэзиялық шығарма болса, композициялық құрылым жігін айқындап, логикалық, психологиялық екпіндерін дұрыс түсіре, мәнерлеп оқылған мәтіннің ӨЗі оқушылардың алғашқы қабылдауына ықпал етіп, алдағы түсінік деңгейін
жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының ӛздігінен оқуына ықпал ету
– мұғалімнің аса жауапты ісі.Жеке туындыларды қабылдауда оны бүтіннің бӛлшегі ретінде ойлап, оқушылардың әдеби білімінің элементі ретінде, олардың ойының дамуына, қоғамдағы қа-
лыптасу мен эмоционалды-эстетикалық әсер алуы жайлы үнемі есте тұтқан
жӛн. «Адам баласы... кӛзбен кӛріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» – дейді3 Абай.
Баланың сыртқы ортаны тануы осындай жекелеген қасиеттерден, жеке
бӛліктерден тұрғанымен оқушы белгілі бір ұғым, түсінікті тұтастай
қабылдайды. Кӛркем шығарманы оқытқанда қабылдаудың осындай тұтастық
заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұрыс байланыстырғанда ғана
жақсы нәтижеге жетуге болады. Шығармадағы даралық ерекшеліктерді
ажыратып тани отырып, оқушы бірінен-бірі ажырамай тұрған тұтас әлемді,
шығарма табиғатын таниды. Осы ұғымның оқушы есінде берік орнығуының
бір шарты — ассоциациялық байланыстың дұрыс болуы. Іргелестік ассоциа-
циясын шақыра отырып, танымға қызмет етіп тұрған жекелеген сӛздер
тудырып тұрған ұғымдарды саралау, анализ жасау, сондай-ақ ұқсастық ассоциациясы тудыратын кӛріністерге сипаттама жасау, қажетті тұсында
қарама-қарсылық ассоциациясын да пайдалану қажет. «Чем большим
количеством ассоциаций мы располагаем, тем легче устанавливается новая
ассоциация и, следовательно, повышается качество нашей специальной
памяти»– деп психологтардың атап кӛрсеткеніндей аталған әдіс-тәсіл ақын
шығармасының ішкі астарын айқындап, оқушы есінде берік сақталуын
қамтамасыз етеді. Сондықтан мәтінмен танысар алдында шығарма тақырыбының ӛзі
оқушыларға қандай ассоциация туғызатынын білу маңызды. Мәселен, 5
сыныптағы М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» ӛлеңіне қатысты «Қысқы жол»
сӛзін естігенде «қандай ассоциация туындайды?» деген сауал тастауға
болады. Жауаптардың әрқилы болуы заңды. Біреуі «қар», «суық», «шана»
деп жатса, енді бірі «таза», «аяз», «қырау» т.б. кӛптеген ұғымдар туындайды.
Оқушы ассоциациясындағы ұғымдардың қай-қайсы болмасын мәтінді
қабылдауға алғашқы жәрдемші болары сӛзсіз. Себебі оқушы жаңа бір ұғым
түсінікті ӛз тәжірибесіне сүйеніп қана қабылдайды. Сабақ барысында
шығарма мәтінін кӛркем қабылдай отырып, оқушы санасы жаңа ұғымдармен
толыға түседі.Кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу қабылдауға жолбасшы
болатын ең басты тәсілдің бірі. Мәнерлеп оқылған мәтін оқушыға әр сӛздің
ӛзіндік ӛрнегі мен мәнін ашып, сезінуіне тиімді ықпал етеді. Ӛз мәнінде
мәнерлеп оқылған мәтін тыңдаушысына кӛркем кӛріністі де, мәтіндегі автор
толғанысын да, поэтикалық образды да т.б. шығарма ӛзегіндегі қат-қабат
ойлардың ағымын да сездіруге дәрменді.
Мәтінді мәнерлеп оқу мәселесін сӛз еткенде екі жақты жұмыс түрін
анықтаған орынды. Оның бірі, мәтінді оқушының алғаш қабылдауын
ұйымдастыру мақсатында мұғалімнің оқуы. Екіншісі, әдебиет пәні аясында
оқушылардың мәнерлеп оқу дағды, машығын қалыптастыру. Мұғалімнің
мәтінді мәнерлеп оқуы да аса маңызды. Себебі мәтінді қабылдауға, талдауға
алғашқы қадам ретінде мұғалімнің мәнерлеп оқуы, мәтін аясында
жүргізілетін басқа да оқу-танымдық жұмыстардың тиімді жүргізілуіне ықпал етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет