Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Көркем мәтінді функ. Сау. Тұрғысынан оқытуда талдаудың психологиялық негіздері



бет60/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
жауаптары

57. Көркем мәтінді функ. Сау. Тұрғысынан оқытуда талдаудың психологиялық негіздері
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық негіздері. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — олардың психологиялық қырынан даму мəселесін де қарастыруды қажет етеді. Оқушының дамуы дегеніміз — оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді жəне олардың оқу-танымдық процестегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып-білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру — теориялық ұғым жасаушы субъектінің болмысын анықтау болып табылады.
Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі — баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі — баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені қоғам баланы ертерек есейтуге əрдайым бейім тұратындықтан, оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін.
Қоғам дамуы барысында балаға əсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ оқу-танымдық процесс білім беру мен тəрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы жəне ішкі даму барысындағы тепе- теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек.
Ол үшін оқушы тіл туралы алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Əрине, оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану қабілеті болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игермеген оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде жақсы сөйлей алуы мүмкін.
58. Әдеби мәтінді талдаудың психологиялық негіздері
Көркем шығарманың құпиясын толық тануға деген ұмтылыс ертеден бері жалғасып келеді. Аристотель, Платон, Сенека сияқты ойшылдар негізін салып кеткен ғылыми бағыттар күрделі мәселелерді көтерді. XIX ғасырдың соңында көптеген ғылыми салалар автордың адами болмысына және оқырманның мәтінді оқу, түсіну кезіндегі психологиялық күйлеріне ерекше назар аудара бастады. Әдеби құбылыстарды белгілі психикалық үрдістерге сезім, түйсік, сана) бөліп тексеруге болатындығын негізге алған бұл бағыттың өкілдері қаламгердің «тұлғалық психологиялық формасын» табуға тырысты. Тілді- психологиялық форма деп есептеу де ғылыми тұрғыдан өнімді көзқарас болды. Жалпы психология мәселелерімен айналысатын ғалымдар кһркем әдебиетті зерттеуге басқа қырынан келді. Л.Выгодский өзінің «Өнер психологиясы» кітабында кһркем өнердің оқырман ме көрермен психологиясына әсер-ықпалын жан-жақты қарастырған. Ғалым «объективтік психология» мен «жаңа өнертану» бағыттарының түйісетін тұстарына ерекше мән беріп, әлемді билеп тұрған жалпы биологиялық заңдылықтарды табуға бел буды, мұндай ниет оны фрейдизмге алып келді, ол да Фрейд сияқты бейсана психологиялық құбылыстарға әмбебап мазмұн берді. Л.Выготский мен оның жақтастары автордың психикалық дамуын шұқшиып тексеруге кірісті, оның болмысындағы «құпияларды» жаңа жалпы психологиялық теория арқылы зерттеуге ден қойды. Психоанализ, оның пароліне айналған «либидо» ұғымы әдебиеттануға да әсер етті. Адамның іс-әрекетінің түбінде биогенетикалық заңдар жататындығын медициналық тәжірибелер мен дәлелдеу мүмкін болмағандықтан бұл ғалымдар автордың «либидосы» мен оның кейіпкерлерінің «либидосының» арасындағы байланыс деңгейін зерттеуге ауысты. Психологтардың пікірінше адамның есту мүшеліріндегі нерв тал-шықтарының сезімталдығы мен нәзіктігі басқа қабылдау мүшерінен әлдеқайда әлсіз келеді екен. Адамның шудан тез шаршайтыны да сондықтан. Мәтінді аудиалды қабылдаудың тиімділігі мәтіннің дұрыс оқылуына, мәнерлеп оқу шарттарының өз дәрежесінде болуына тікелей қатысты. Оқушылардың мәнерлеп оқу машығының нәтижелі болуы әдеби мәтіндің өз дәрежесінде талдануына, танылуына да тікелей ықпал етеді. Шығарманы көркем қабылдау үдерісін бірнеше қыранан түсінуге болады. Тұжырымдай айтқанды, мәтінде оқу, қабылдау күрделі оқу үдерісі. Оқушының оқырмандық қызығушылығына, эстетикалық талғам, танымына, эмоциялық дамуына, ой-қиял, шығармашылық дамуының бастау көзіне ықпал ететін оқу-таным үдерісі. Шығарманың жекелеген із жолдарын талдау да қабылдаудан басталады. Шығарманы қабылдау үдерісін дұрыс ұйымдастыру, оқушының оқырмандық тәжірибесінің алғашқы «жемістерін» орынды есепке алу алдағы талдау жұмыстарының нәтижелі болуының да шарты. Түтпеп келгенде, шығарманы оқу, қабылдау жұмыстарының барлығы оқушыны дамытуға бағытталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет