Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


«Әдебиет танытқыш» және жанрлар теориясы



бет26/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
жауаптары

27. «Әдебиет танытқыш» және жанрлар теориясы
https://adebiportal.kz/kz/news/view/erbol-tilesov-adebiet-tanytqys-zane-zanrlar-teoriiasy__12977
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі, ұлт руханиятындағы, қала берді азаматтық тарихымыздағы орны жөнінде сан айтылып та, сан жазылып та жүргені баршамызға мәлім. Мұндай еңбектерде қайраткердің ағартушылығы, «Қазақ» газетін шығарудағы басты рөлі, Алаш көсемдерінің бірі екендігі жөнінде орайлы сөздер, лайықты пікірлер ортаға салынып та жүр. Ұлы қайраткердің халқы үшін атқарған ісін, өз дәуірі үшін жасаған ілгерінді қадамдарын ұрпақ санасына сіңіру, мұсылмандық жолымен келгенде аруақтың рухы ырза болуы үшін – сауап іс. Десек те Ахаңның сан салалы мұрасы жайынан сөз қозғағанда, біз мұнымен шектеле алмаймыз. Себебі, Ахаң біздің қолға алып әуелете көтерер туымыз ғана емес, ой-санамыз, ғылыми зердеміз өсіп-өнер құнарлы топырағымыз да. Әдебиеттегі идеяны жеткізуші, көркем образды таңбалаушы шығарма тілінің тұтас жүйесін қалыптастыратын, мөлшері мен түрін айқындайтын жанр туралы сонау көне заманғы Платон мен Аристотельдерден бастап Ахаңның замандастары Потебня мен Веселовскийге дейін ондаған, бәлкім жүздеген үлкенді-кішілі, маңызды-маңызсыз дүниелер жазылғаны ғылым тарихында хаттаулы. Бұлардың қай-қайсысы да әдебиеттің түрлері жөнінде өздері білетін, өз дәуірлерінде танымал болған шығармаларды жүйелесе, ал әдеби текке келгенде лирика, эпос, драма деп жіктейді. «Әдебиет танытқыш» авторы да «Ақындықтан шыққан сөзді, яғни лебізді шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бөледі: 1. Әуезеленіп айтылуына қарай. 2. Толғанып айтылуына қарай. 3. Ғамалдап айтылуына қарай» - деп әдебиеттің үш тегін көрсетеді. Әдебиетті текке бөлудің осы күнге дейін ең аз дегенде негізгі үш принципі белгілі болып отыр. Жанрлық тек мәселесінде ғалымдар негізінен осыларға сүйеніп келеді. Біріншісі – Аристотельдің «Поэтикасынан» бастау алады да әдеби тек автордың қатысына қарай сараланады. Көне грек философы: «... оқиғаны өзіне қатыссыз түрде әңгімелей отырып, бір нәрсеге тек бір тұрғыда ғана еліктеуге болады немесе еліктеуші өз болмысын жасырмай, өзімен-өзі жеке қалады, не болмаса суреттеп отырған адамдарды қимыл-әрекет үстінде көрсетеді» - дейді. Яғни, грек ойшылының айтуынша, автор өзі бейнелеп отырған жайттарға тікелей қатысты болады немесе қатыссыз болады, болмаса оларды әрекет арқылы көрсетіп береді. Содан барып эпос, лирика және драма жеке-жеке сараланады. Біздің заманымызға дейінгі ІҮ ғасырда әдебиеттің көптеген терминдері қалыптаспаған себепті Аристотель мынау эпос, мынау лирика, мынау драма демеген. А. Байтұрсынұлы: «Ақын әуезе түрінде сөйлегенде, уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемейді. Тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, біреуден естіген адамша айтады... Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды... Айтыс-тартыста ақын өз басындағы емес, басқаның басындағы уақиғаны көрсетіп, өз басынан, көңілінің күйінен еш нәрсе қатыстырмайды» - деп әуезеге, толғауға, айтыс-тартысқа қысқаша анықтамалар береді /1/. Осылардан Аристотельдің жанрды автордың қатысына қарай бөлуінің ой сілемдерін аңғару аса қиын емес. Қазақ оқымыстысы әдебиетті текке бөлуде Аристотельдің бейнелеу тәсіліне негізделген принципін негізге алғанмен де жанрға бөлу тәжірибесінде оны бірден-бір принцип ретінде қабылдамаған. Әдебиеттің тектерін көрсете отырып оларға сипаттама беруде А.Байтұрсынұлы Аристотельдің бейнелеу тәсіліне, яғни автордың қатысына негізделген принципінде қалып қоймайды. Сөйтіп, «Әдебиет танытқыш» авторы ары қарай ішкі ғалым, тысқы деген ұғымдарды қолдана отырып әуезе, толғау және айтыс-тартыс жөніндегі ойларын тиянақтай түседі. Ахаңның осындай ой жосығынан Гегельдің «Эстетика» еңбегінің әсері байқалады. Әйгілі еңбегінде неміс философы эпос жөнінде: «рухани әлемнің сыртқы болмысын кең түрде көрсетеді» десе, лириканы, оның мазмұны – барлық субъективті нәрсе, ішкі әлем деп анықтаса, драмаға келгенде «алдыңғы объективті дүниені әкеледі» - дейді.
Әуезенің түрлерін А. Байтұрсынұлы ертегі жыр, ұлы әңгіме яки роман, әуезе жыр, тарихи жыр, ұзақ әңгіме, аңыз өлең, әңгіме, көңілді сөз, мысал деп аңғартады. Бүгінгі күнде бұларды роман, повесть, поэма, новелла деп жүрміз. Ғалымның жанрлық түрлерді жіктеуінен ол ұстанған үшінші принципті аңғаруға болады. Мәселен, қазіргі әдебиеттануда поэма делініп жүрген жанрды А. Байтұрсынұлы ертегі жыр, тарихи жыр, әуезе жыр, аңыз өлең дейді, яғни мұнда ең алдымен идеялық мазмұн және шығарма пафосы бірінші қатарға шығарылады, осындай ұстанымды толғауды ішкі түрлерге таратуынан да байқаймыз. Бұл, ХХ ғасырдағы әдебиеттануда бар принцип. Әдеби жанрды осындай мазмұны мен пафосына қарай бөлу, мәселен, Г.Н.Поспеловтың белгілі еңбегінен көрініс берген болатын /6/. Ахаңның әуезенің түрлерін таратудағы еңбегін жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» пәндерінде жанрлық түрлерді түсіндіру барысында қолдануға әбден болады.

28,29,30 Жұлдыз апай






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет