Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Орта мектептегі әдебиет сабақтарындағы әдебиеттану ұғымдарын танымдық тұрғыда игертудің жолдары



бет64/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
жауаптары

62. Орта мектептегі әдебиет сабақтарындағы әдебиеттану ұғымдарын танымдық тұрғыда игертудің жолдары
Әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғашқы жазылған еңбек – Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» болды. Ол әдебиет туралы ұлттық ғылымда «Әдебиет теориясы» деп аталатын үлкен саланы қалыптастырды. «Әдебиет танытқышты» оқып-үйрену, игеру және пайдалану үшін, ең алдымен, бұл еңбектегі әр атау, ұғым- түсінік, термин және категориялық мән-мағынаны, мазмұнын түбегейлі түсініп алу керек.
5-7-сыныптарда әдебиет теориясынан мәлімет беруде көзделетін мақсат пен кезекте тұрған міндет – оқушының әдеби-теориялық мәселелер жайындағы негізгі ұғымдарын қалыптастырып, соның нәтижесінде оларға әдебиет тану ғылымының негізінен білім беріп шығару және патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделеді. Бұл міндетті тек жалаң әдебиет теориясын оқыту мен орындап шығу мүмкін емес. Демек, әдеби-теориялық мәселелер көркем әдебиетті, соның ішінде әдеби шығармаларды оқып үйрену негізінде үйретіліп қалыптастырылады.
Егер де әдебиет теориясынан қазіргі қолданып жүрген әдебиет бағдарламасында келтірілген білім жиынтығын талдап қарағанда, онда көркем әдебиет, әдеби шығарма, әдебиеттік процесс туралы ілімнің әрқайсысынан мағлұмат берілген. Бұл әдеби-теориялық мағлұматтарды әр сала бойынша әр сыныпқа мөлшерлеп бөлгенде, төмендегідей 6 жүйемен жүргізіледі:
а) ауыз әдебиет пен жазба әдебиет, шығармалар мен ақын-жазушылар туралы,
ә) шығарманың құрамды элементтері (көркемдік компоненттері туралы);
б) шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысы туралы;
в) шығарманың тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері туралы;
г) өлең сөз және қазақ өлең құрылысы туралы;
д) әдебиеттік мәтіндер мен жанрлар туралы;
Енді осы мәселелердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Шығарма және ақын, жазушы туралы мәселелерге келгенде, 5-сыныпта жазба әдеби шығармамен қатар қазақтың халықтық ауыз әдебиетінің нұсқалары да өтіледі (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, айтыс үлгілері). Осыларды оқып үйренумен байланысты халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында қандай түбегейлі айырмашылық барлығын айыра білуге алғашқы бақылаулар жасалады. Ал ақын-жазушылардың шығармаларын өткенде, олардың идеялық мағвынасын аңғара білуге назар аударылады.
6-сыныпта оқушылардың бұл жөніндегі алған ұғымдары әрі қарай жалғастырылып, енді автордың өз шығармасында суреттелетін кейіпкердің қайсысына қалай қарайтыны (қарым-қатынасы) байқатылады. Сонымен бірге, олардың өмір-тіршілік жағдайына автордың көзқарасы қандай екеніне бақылау жасатылады. Сондай-ақ әдеби шығарманың жарық көруіне негіз болған тарихи фактілерді де түсіне білуге үйретіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет