Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»



бет65/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
6-сыныпта оқушылардың суреттеу туралы ұғымдары кеңейтіліп, портрет, пейзаж, авторлық мінездеу туралы түсінік беріледі. Баяндау мен суреттеудің үстіне диалогпен танысып, оның шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқын ашудың бір құралы, тетігі екндігін аңғарып бақылайтын болады.
6-сыныпта шығарманың композициялық құрылысына байланысты ұғым кеңейтіле түседі. Шығарманың құрылысымен танысу барысында , ондағы табиғат суретінен (пейзаждың) және басқа да көркемдік композицияның (элементерінің ) қандай роль атқарып тұрғанын айырып біледі. Өйткені шығармадағы оқиғаға кейіпкердің күйініш-сүйінішіне байланысты пейзаждың атқаратын ролі алуан түрлі және ол шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұнына бағынышты болады, яғни соған икемдей беріледі. Сондай-ақ оқушылар шығарманың қорытынды бөлімі композицияның құрамында қандай роль атқарып тұрғанымен де танысады. Қорытынды бөлімге баяндау түрінде жазылған көлемді шығармада кейде эпилог, драмалық шығармада немесе спектакльде апофеоз, яғни пьесаның соңғы суреті жатады. Мұндай сурет оқиғаның салтанатты түрде аяқталатын мадақтау, оның қаһармандарын мақтаумен аяқталады. Ал лирикалық өлең-жырларда қорытынды бөлімнің ролін соңғы тармақ не шумақ атқарып тұрады. Мысал өлеңдерде бұған қорытылған түйінді пікір , ақыл-өсиет сөз жатады. Кейде шығарманың қорытынды бөлімінің ролін қайталаудың бір түрі эпифора да атқарады. Мұндай өлең тармақтарының соңында ылғи бір сөз қайталанады. Бұл көркем тәсіл поэтикалық тілдің әуезділігін, өрнектілігін күшейту мақсатында қолданады.
7-сыныпта ақын, жазушылардың өмірбаяны. Оның дүниетанымы, көзқарасы туралы ұғым беріледі. Өмір шындығы юморлық және сатиралық тәсілмен қалай суреттелетінін аңғарады. Оқушылардың көркем әдебиет, әдеби шығарма және ақын, жазушы жоғарыда өткен сыныптарда алған білім-дағдылары ілгері дамытылып тереңдей түседі, жинақталып тұжырымдалады. Мысалы, бұл сыныпта оқушылар көркем әдебиет сөз өнері екені, онда өмір құбылысын көркемдеп суреттеудің шыншылдығы, типтілігі, әдебиеттің халықтығы, идеялылығы сияқты мәселелермен танысады. Әдебиеттегі жағымды образ туралы ұғым алып, жазушының шығармасында қолданылатын ирония мен сарказм сияқты көркемдік тәсілдерін байқап біледі.
7-сыныпта бұлармен қатар лирикалық монологтың айрықша (өзіне тән) белгісіне бақылау жүргізіледі және эпиграф туралы ұғым беріледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы, зат-жағдай бейнеленген суреттеу туралы ұғым беріледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы ұғым беріледі, шамамен айтқанда, 7-сыныпты бітірген оқушы көркем шығарманың құрамды элементтері жөнінде осы көлемде ұғым алып шығады.
Келесі сала – шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымына байланысты мәселелер. Бұлар да жоғарыда айтылған шығарманың құрамды элементіне жатады. Бірақ композиция мен сюжет шығарманы талдаудағы күнделікті мәселелердің қатарына жататындығын , оқушылардың бұл жөніндегі ұғымдарын бірте-бірте сатылап қалыптастыру жолы айқын көрініп тұруы үшін, өз алдына жеке алып қарастырылады. Мысалы 5-сынып оқушыларына композиция деген атау (термин) айтылмайды, яғни қолданылмайды. Оқушы шығарманың композициялық құрылысын оның жай және күрделі жоспарын тізу арқылы танысады. Осының нәтижесінде шығарманы құрап, оған тұтастық сипат беріп тұрған негізгі бөлімнің арасындағы байланысын айырып біледі. Ол үшін бағдарламадағы өлең сөз түріндегі және прозалық шығарманың қолайлылары таңдап алынады. Бірақ алынатын мәтіннің (шығарманың) жоспары айқын, сара болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет