1.3.3. Эпикалық жанр түрлерін оқыту Мектеп бағдарламасында орта буын сыныптарда эпикалық жанр түрлерінен мысал өлеңдер, әңгімелер, поветтен үзінділер, романнан үзінділер оқытылады.
Мысал жанрын таныту бастауыш сыныптардан –ақ басталады. Бұл жанрдың табиғаты адамгершілікке шақыру болғандықтан, оның педагогикалық қасиеті мол. Мысал жанрын танытуда көбіне мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, мысал мәтініне жоспар құрғызу, мысалдың аллегориялық астарын ашу сияқты жұмыс түрлері жиі қолданылады.
5-сыныптағы мысал өлеңнің сюжеті мен моральдық қорытындысын мына сияқты көрнекі схема пайдалану арқылы түсіндіруге болады:
Ал әңгіме жаныры орта буында елеулі орын алады. Қысқа әңгімелермен оқушылар бастауыш сыныптан таныса бастады. Дегенмен әңгіме жанры туралы теориялық ұғым орта буын сыныптарда ғана беріледі. Әңгіме жанрын орта буында оқытқанда осы жанрдық өзіндік ерекшелктерін түсіндіру керек. Мәселен, 1. әңгіменің эпикалық жанрдың қысқа түрі екендігі;
Әңгімеде қатысушы кейіпердің бірер оқиғаға қатысуы, әңгімеде адам өмірінің басынан өткен бір эпизоды суреттелетіні;
Әңгімеге қатысушы кейіпкерлердің аздығы,
Әңгіме кейіпкерлерінің оқиғаға қатыспай тұрған кезінен қысқаша ғана түсінік берілетіні;