163
рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығы, кері байланыс жасау кезінде және сабақ
барысында қолданатын әдіс-тәсілдер, блум таксономиясы, танымдық деңгейлері, қысқа
мерзімді жоспар жасау – осылардың барлығын меңгертіп жүрміз.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда , қайырымы
қайтпаса» деген екен А.Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып,
жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді.
Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-
Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын болашақ білімді мұғалімдер ғана
жұмыс істей алады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы
— заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Сондықтан да біздер, педагогтер осы жолда шығармашылығымызды шыңдай береміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж.
2. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.
3. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау
және ұйымдастыру» 2017ж
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
басшылығы Астана 2016
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Достарыңызбен бөлісу: