86
Х.СҮЙІНШӘЛИЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қайрат А.Қ.,
Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау мамандығының 2-курс магистранты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті-Қызылорда қ., Қазақстан
Қазақ әдебиеті жанрының жілігін шағып, майын ішкен талай тарихтан орын алған
әдебиеттің жанашырлары мен сол жолда қажырлы еңбек етіп келе жатқан жандарды айтуға
болады. Қазақ әдебиетінің тарихының өзін бірнеше бөліп қарастыруға болады. Әр кезеңнің
өз қаламгерлері мен дүлділдерінің аттары бүгінде әдебиеттанушы ғалымдардың еңбегімен
танылып, талай кедергілер мен талай дүрбелеңнен сары майдай сақталып, бүгінгі
оқырманға жол тартып келеді. Әдебиет әлемі, мөлдір шыныдай таза кірлемеген сара
сөздермен дара жолдардан жинақталады. Әр ғасырды жырлар әдебиеттің бөлімінен
тұратын бөлімдері бар деп атауға да болады. Сол әдебиет әлемінің төрінен, бүгінде тарих
төрінен ойып орын алған аты дара, жаны таза, тек халықтың қамы үшін қаламымен сыр
шерткен, ұрпаққа аты жетіп отырған тау тұлғаның бірі де, бірегейі – Ханғали Сүйіншәлиев
жайлы сыр шерту мәртебесі бұйырған екен. Әдебиет әлемінің тарихын,
шығу төркінін,
кезеңдерін жік-жігіне ажыратып, әр тарауын таразыға сала отыра, қазақ әдебиетін біздерге
яғни қазақ халқына оның ішінде әдебиет сүйер қауымға ажыратып берген дей аламыз.
Ендеше әдебиет жанашыры Ханғали Сүйіншәлиевтің өмір жолына тоқталып кету біздер
үшін ұрпақтық міндет. Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген болатын. Мектеп қызметкері болып
қызмет атқарып, білім ордасымен өмір жолын байланыстыра білген. Ұлы Отан соғысына
қатысқан.
Көрнекті қазақтың ғалымы, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ханғали Сүйіншәлиевті білмейтін қазақ кемде-кем болар. Әдебиет оның ішінде
қазақ әдебиеті тарихын көп жылдар зерттеп, зерделей түскен тау тұлғаның еңбегі ерен.
Қаламынан шыққан туындыларының өзі бір төбе. Тарау-тарау болып, бүгінде оқырманның
алдында жатқан жайы бар. Жазған еңбектері мен жазған кітаптарына тоқталатын болсақ,
елуден астам кітап шығарып, төрт жүзге жуық мақала жазылып, оқырманға жол тартқан.
Бұл еңбектерін
жазу әлбетте оңайға соқпай, сыншылдар мен көреалмаушылық пен
кереғарлық көздер табылса да кедергіде өтіп, өзінің білімімен сенімділігіне сеніп,
еңбектерін ерен еңбекпен алып шыққан болатын. Қазақ әдебиетінің керегесін кеңейтіп,
шаңырағын мықтап берді. Қазақ әдебиетін зерттеу жолында тыңғылықты істер мен
ізденімпаздылықтың арқасында жаңаша жол сала отырып,
сөйтіп қазақ әдебиетіміздің
ежелгі дәуірін жеке пән ретінде ретінде негіздеп берді. Бұл туындыда әдебиет дәуірінің
талай ғасырлық сырларымен жырлары тамаша суреттелген. Тыңғылықты да, танымды етіп
жазылған. Заман талабына сай етіп жинақталып баяндалған.
Зерттеуші қаламгердің әдебиетті зерттеудегі негізгі басты мақсаты әдебиет
кезеңдерінің ара жігін ажыратып, саралап беру еді. Әр дәуірдегі әдебиет қайраткерлері сол
дәуірдің сұранысы аясында бағаланады, оның қоғамдық ойға, санаға қосқан үлесін анықтау
үшін өз дәуірінің негізгі мәселелерін ұғынуды қажет етеді. Әдебиет тарихы өткен дәуір
жазушыларының қолынан шыққан көркем шығармаларды талдап, поэзиямыздың
қалыптасуына үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттейді.
Бірақ
әдебиет тарихы көркем шығармалар мен жазушылардың ғасыры бола алмайды. Оны әдеби
ағымдардың жинағы деп қарау да орынсыз. Өйткені, әдебиет тарихы күрделі де жарқын
процесс. Ол сан алуан идеяларды, көркемдік ағымдарды, белгілі бір қарама-қайшы топтар,
жанрдың тарихи нормалары, әдеби стильдер, өсу, кемелдену, әдіс-тәсілдердің қалыптасу
кезеңдері, көркем сөз өнерінің даму кезеңдері, тілдік құралдарды жетілдіру жолдары, т.б.
тарихи заңдылықтарын ашады. Белгілі бір тарихи кезеңдердегі көркем шығармалардың
негізгі тақырыбы болып табылатын біртұтас көзқарасты айқындау үшін сол халық
әдебиетінің даму үрдісі мен ішкі сырын белгілі бір дәрежеде ашу қажет.Үнемі ізденісте
87
толғанып жүретін Ханекеңнің қаламынан осы мәселелердің тыңғылықты зерттелгенін көре
аламыз. Ғалымның еңбектеріне тоқталатын болсақ, 1967 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің
қалыптасу кезеңдері» атты зерттеуінде әдебиет бастауларының түп-төркіні көне дәуірлерде
жатқандығын айтса, 90-жылдардарда жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихында» ХІ
ғасырлардағы сына жазулардан басталғандығын көрсетуге болады. Жалпы бізге қазақ
әдебиеті кезеңінің дәуірлеу кезеңдерінің үш тобы белгілі.
1.
Хронологиялық;
2. Азаматтық тарихпен орайлас;
3. Әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай.
Осы үш топты басшылыққа ала отырып, жұмыстың нәтижелі шығуына барын сала
білген. Үш топты біріктіру арқылы әдебиеттің жаңа кезеңіне жаңаша леп, жаңаша бағыт,
жаңаша шабыт ала келген.
Ұстаздық жолында шәкіртті білімімен сусындата жүріп, зерттеу жұмыстарының
жүйелі болуын қолға ала білген. Осы тұста Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті
кезеңдері» атты еңбегінен қысқаша шолу жасап кетейін. «Түркі ұлыстардан шыққан
тұңғыш оқымысты, әдебиетшілер өздері қай ру,
қай ұлыстан шықпасын, өз шығармаларын
сол кездің ортақ әдеби тілінде, өз тұсындағы барлық түркі елдер тайпасы қолданған тілде,
көне таңба үлгілерінде жазған. Сондықтан, ерте дәуірге жататын кейбір жазба деректер мен
көне ескерткіштер, әдеби еңбектер қазіргі Орта Азия мен Қазақстан елдеріне ортақ мұра
болып танылады». Иә, осы тұстан өткен ғасырдағы әр ру, әр тайпа қандай еңбектерін жазып,
жарыққа шығарса да, тек ортақ тілде жазып, жарыққа шығара білген. Тілді құрметтеуді ерте
заманнан қолға алынып, құрмет тұтқандығын көруге болады.
Сондықтан да ру, тайпа болса да, сол замандарда жазылған құнды дүниелердің
барлығы ортақ тілде болғандықтан қазақ елінің де ортақ мұра, сарқылмас қазына екендігін
автор алға тартып, көрсете білген. Туындылардың тарауын тармақтайтын болсақ,
әдебиеттің бастауының түп-төркіні сонау көне дәуірден бастау алатынын сондай-ақ,
әдебиеттің сол замандардан құндылығын жоймағандығын айта түскен. Ханағаның бұл
зерттеулерді жазу барысында үлкен сыр жатқандығын көруге болады.
Тіл жоғалса,
әдебиеттің өмірі қысқа болатындығы мәлім дейік. Әдебиет кезеңдерінен де тілге аса
құрметтілік пен ізеттіліктің иісі аңқып тұрады. Тілдің тарихына алаңдаушылық білдіруі
мен қоса, тілдің тазалығына мән бергендігін оқырман толығымен көре алады. Әдебиеттің
өміршеңдігімен тарихының басты тақырыбы тіл екенін Әдебиеттің шығу тарихы сонау
Бұқар жыраудың тұсынан ХІІІ-ғасырдан бастап оқытылып сондай-ақ, бастау алғандығын
мақтана айтуға болады. Әлбетте өткен замандағы әдеби жәдігерлерімізді зерттеу, зерделеу
сол заманда мүмкін бола қоймады. Сол кезеңнің әдеби құндылықтарын зерттеуге көптеген
әдеби зерттеушілер зерттеуге барлары мен ғұмырларын арнай білді. Соның ішінде әр
зерттеуші әр түрлі кезеңге бөліп қарастырады. Осындай дәйек айта отырып, Ханғали
Сүйіншәлиевтің әдебиет тарихын зерттеуде өзіндік стилі мен зерттеу қарқыны болды.
Әдебиеттің әр кезеңін тарау-тарауға бөлгенде арнасына айналып толығып, тұтас әдебиет
тарихын құрай білетіндігі анық байқалады. Дереккөздерге сүйенетін болсақ, әдебиеттің
тереңгі тарихына үңіле түскен. Әдебиеттің тарихының ара-жігін ажыратып алу мақсатымен
айналыса отырып, содан кейін кезеңдерге бөлген. Екі
мыңыншы жылдары шыққан он
томдықта қазақ әдебиетінің арихын көне грек тарихшысы Геродоттың деректеріне сүйене
отырып, біздің жыл санауымызға дейін үш мың жылдай бұрын өмір сүрген сақтардың
қаһармандық дастандарынан бастаған. Әдебиеттің тереңіне бойлау арқылы Орта Азияға
ортақ әдебиеттен қазақ әдебиетін бөліп ала білгендігінен үлкен көрегендікпен шеберлікті
көреміз. «Әдебиеттің даму кезеңдері» еңбегінен тағы бір тарауына шолу жасайтын болсақ,
сол әр заманның зертеуші ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға бере отырып, кеңінен
тоқтала кеткен. Сондай-ақ, қазақтың зерттеуші ғалымы Шоқан Уәлихановтың еңбектерін
зерттеу арқылы өзінің зерттеу еңбектеріне шабыт қоса білген. «Тіпті, XIX ғасырдың өзі де
соншалық қысқа, 5-6 жазушының творчествосы (Махамбет, Ыбырай, Абай, Шоқан т.б.)
идеясы жағынан талданып, әдебиеттің тек санаулы өкілдері ғана қысқаша баяндалып жүрді.
88
Жоғарыда аталған Х.Сүйіншәлиев зерттеулері нәтижесінде соңғы жылдары қазақ
әдебиетінің ежелгі дөуірлері, XVIII ғасыр өз алдына жеке пән болып қалыптасты». Міне,
әдебиеттің кезеңдерін зерттеу арқылы әдебиетке тың жаңалықтар қалыптастыра білді.
Қазақтың әдебиетінің жанашыры Ханғали Сүйіншәлиевтың еңбектерін зерттеу
арқылы әдебиеттің өзіндік сырына әбден қаныға түсуге болады. «Біздің халқымыз ақындық
дарыны өшпейтін өскелең өдебиетке бай, реалистік әдебиеті бар халық», -деп Шоқан
Уәлиханов
айтпақшы, профессор Х.Сүйіншәлиев қазақ әдебиеті тарихының VIIІ-IX
ғасырлардан басталып, үздіксіз дамып келе жатқанын айқын дәлелдей алган, шынында да
үздік ғалым. Ғалым ұрпаққа азық болар қаншама зерттеу жұмыстарын жазса да, еш
тоқталып қалмай зерттеу жұмыстарын үздіксіз жазып отырған. Әдебиет кезеңдерін зерттеп
қана қоймай, әдебиеттің ескерткіштерін де қолға алып, таңғажайып туындылар тудыра
білген профессор деп те мақтана да, марқая айтып келеміз. Сенімен қазақ халқы мақтанып,
айтып тауыса алмайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Біздің ардагерлер: Сүйіншәлиев Х.Ж. //ҚазМУ хабаршысы. Информ.сер.-Алматы,
1994.-104-105 бет.
2. Сүйіншәлиев Х.Ж. / / Оразаев Ф. Қазақ өдебиетін зерттеушілер.- Алматы, 1991.-
102-104 бет.
3. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. Оқулық. Алматы, 1991 жыл
Достарыңызбен бөлісу: