Әлкей Марғұланның ежелгі импровизатор ақындар жөніндегі зерттеулері



Дата04.05.2023
өлшемі470,08 Kb.
#89673

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Филология» факультеті

Импровизаторлық өнер
пәнінен сөож;
тақырыбы:
Әлкей Марғұланның ежелгі импровизатор ақындар жөніндегі зерттеулері

Орындаған: Асанғожа А.
Қабылдаған: Үмбетбаев М.
Алматы, 2022жыл

Әлкей Марғұланның ежелгі импровизатор ақындар жөніндегі зерттеулері


«Ежелгі жыр аңыздар» атты ғылыми-зерттеу мақалалар топтастырылған ғылыми зерттеу еңбегінің құндылығы жөнінде сараптама
Ең алдымен, Әлкей Марғұлан тарихшы ретінде, тарихшы болғанда кәдуілгі, қатардағы тарихшы ретінде емес, көне кездергі болған оқиғалар төңірегінде тарқатып айтсақ, қазақ сахарасын мекендеген сақ, ғұндардың тіпті, олардың түркі қағанатына қалай ұласқандығы туралы бір әйдік жүйелі баяндау арқылы сөздердің құдіретіне ойысады.
Циклдік эпохалардың жаратқан сөздері – бүгінгі дүниетанымдық бастауларымыз екендігін ескере отырып, сәулет өнерімен тығыз байланысты факторларды да алға тартады. Бір ғажабы, академик эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Мәселен, Жанақ ақынның аузынан жазып алынған «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпос жырындағы образдардың прототиптерінің айғақтамасы – мәдени кешенге айналған Шоқтеректің түбіндегі мазараттарын ежелгі Ғұн династиясының «Дың сұлу» атты мифімен байланыстығына тікелей мән беріп, осындағы мәдени кешендік сипатқа ие болған мазараттың сәулет өнеріндегі орта ғасырлық озық үлгі деп қарастыра отырып, ежелгі қазақ даласында отырықшы мәдениеттің бірқыдыру сапасына да жауап берерлік баған деп түйіндейді.
Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз.
Қадым замандар туралы жанды дерек – сөз арқылы болғанды ұғамыз. Ал сәулет – тұтастай заманның бейнелік тілі. Ол үнсіз қалыпта, қираған кейіпте болсын құнды ақпарат береді, тілсіз сөйлейді.
Жазу – естің бітімі. Жеке сананың өзіндік есте сақтау механизмі болатындығы сияқты коллективті сана да баршаға ортақ құбылыстардың тіркеудің қажеттілігін аңғарта отырып, коллективтік естің механизмдерін қалыптастырады. Жазудың да орны айрықша.
Эпостар мен ежелгі аңыз-әңгімелерді жиыстыру және сауатты топтастыру үшін яғни, энцклопедиялық түрде зерттеушілер еңбегіне сүйене отырып, одан ары толықтыруға құнды пікірлер айтқан.
Көп нұсқалы эпостардың қайсысы қай жерде қалай табылған, қалай хатқа түскендігін анық айтады. Қарапайым ғана баяндаумен халқыңның бүкіл інжу-маржанын алдыңа тосады. Содан кейін қайсыбір жырды оқи отырып, үлгілердің каталогынан қалағаныңды оқуға да мүмкіндік бар. Халықтық дүниенің байлығын сауатты әрі еркін иемденудің ғажап үлгісіне бағыттай білетін құнды зерттеуден академиктің ғылымның шын жанашыры екендігін де ұғынамыз.
«Қорқыт» және «Манас», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» , «Қыз Жібек» жырларының негіздемесін сөзбе-сөз дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып, қателікке бой алдырған тұстарын да көрсете білген.
Ең басты құндылығы:
«Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған. Ескі жырларда айтылатын (1-4ғ) «Қамал», «Темір Қалқа», «Алтын кешен», «Ақсарай» тәрізді ұғымдар сәл дәуірде Жетісуда, Талас өзені бойында, Сырдария, Маңғыстау, Жайық бойларында, Орталық Қазақстанда үлкен-үлкен қалалар болғанын сипаттайды. Оларда қақпасы мықты, биік мұнаралар, сәулетті сарайлар тұратын. (Сығанақ, Сауран, Түркістан, Күлтөбе). Аянышты жері, жоңғар шабуылында бұл шаһарлар тегісімен қирап, қазақ жұрты тегісімен қаласыз қалды. Қасым ханның кезіндегі (13-16ғ.ғ.) қала тұрмысынан қазақ қауымы мүлде айырылып, енді қаланы жоқтап жыр шығарды(Андреев.Киргизская элегия о потери городов).
Қаланы еске түсіру «Едіге», «Ер Сайын», «Қыз Жібек», «Қобыланды», «Шора батыр» сияқты жырларда ғана сақталып қалды. Бірде қаланы сағалап, бірде таза бақташылық тұрмыспен күн кешіру ескі гректерде де болған. Энгельс бұл дәуірді ескі тайпалар кезіндегі «қаһармандық дәуір» деп айтады.» - деген қорытынды түйінде қалалық өркениеттің болғандығын эпостық жыр мен аңыз-әңгімелер куәландыратынын, оның түпкі тамырын:
«Тарихи дәуірлерде тексеріп қарағанда, біздегі қаһармандық жырдың шығуы, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, заманынан басталады.» - деп сол заманғы аңыздарды мысалға келтіру арқылы және олардың құрылымы мен мән-мағынасын ашып та көрсетеді.
Табиғатта ең қастерлі нәрсе – тамыр болса, Табиғатты таныған адам «текст»пен жұмыста көп жеңіске жетпек!

Пайдаланылған әдебиеттер:


Әлкей Марғұлан, «Ежелгі жыр-аңыздар»; ғылыми зерттеу мақалалар, Алматы, 1985жылы.
Құрастырған және арнаулы редактор филология ғылымының докторы Р.Бердібаев.
«Әлем» алманағы; бірінші басылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет