«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ХОРДЫҢ БОЛАШАҚ ДИРИЖЕРІН ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕССІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет54/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92
ХОРДЫҢ БОЛАШАҚ ДИРИЖЕРІН ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕССІНДЕГІ 
ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Куздыбаева С.А., Айдарбек Г.А., 
дирижерлеу пән оқытушылары, М.Мәметова атындағы Қызылорда 
педагогикалық жоғары колледжі,-Қызылорда қ., Қазақстан 
Оқытудың негізгі үрдісі-сабақ. Оны есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру 
әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімі қазіргі оқытудың 
тиімді әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін инновациялық технологияларын пайдалана отырып 
сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, 
шығармашылыққа бағыттау. Оларды жүзеге асыру қазіргі технологияларды тиімді 
пайдалану болып табылады. Сабақта инновациялық технологияларды қолдану, 
оқушыларды сол өтіліп жатқан шығармаларға тереңірірек үңілуі, белсенді болуға 
итермелеу.
Хор дирижерін даярлаудың басты міндеті - оқушылардың бұлшықет еркіндігін 
қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі қамтамасыз ететін, өз кәсібіне құштар, өзін-
өзі жетілдіретін, өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруға ұмтылатын тұлғаны тәрбиелеу 
- кәсіби шеберліктің синтезі және шығармашылық бірегейлігі. Дирижерлық қабілетін 
дамыту үшін ойын элементтерін пайдалану оқытудың жаңашыл әдіс-тәсіліне жатады. Ұстаз 
еңбегінің күрделілігі әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы 
қабілетті дамыту үшін жағдай жасау. Ең бастысы: мұғалім білім алушының өзін тұлға 
ретінде сезінуге көмектесуі керек, өмірді әлемді тануға деген қажеттілікті білу керек, әрбір 
іс-әрекеті үшін өзінің жолдастарының жауапкершілікті, адамгершілікті қадір-қасиетті 
сезінуге тәрбиелеу. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы 
ғана жаңару жолына шыға аламыз. 
Қазақ халқының мәдени өсу тарихына көз жіберсек, не бір тар жол, тайғақ кешуін 
басынан өткергенін байқаймыз. Сөйте тұра мұң-қайғысын, қасіреті мен қуанышын әнмен, 
өлеңмен жырлап отырғаны баршамызға мәлім.
Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының терең бір арнасы- ән өнері.Әннің 
қоғамдық –әлеуметтік сипаты,тәрбиелік мәні елдің санасынан бір сәт тысқары қалған емес. 
Кең далада желдей есіп,ауыздан-ауызға тарап келген ән мен күй халықтың жан дүниесінің 
ең асыл мұраттарын дәріптеп, таратып отырды.Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата- 
баба сұлу ән,асыл сөздің кестесімен сәби жүрегіне әсер етіп тербеп, ой- санасын игі 
адамгершілікке жетеледі.Сондықтан ,кең байтақ ата жұртта буыннан-буынға жалғасып,ұят 


167 
–аят, әдеп- көрген,мейірім- шапағат салтанат құрып, дәстүрге айналған. Ең кереметі хор 
шығармаларында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы кеңінен көрсетілген. 
Мысалы:Япурай, Заман-ай т.б шығармаларды көрініс тапқаны белгілі.
Қазақ халқында алғаш қазақ хор капелласы ұйымдастырылып, оған көп жылдардан 
бері А.Н.Молодов жетекшілік етті. А.Н.Молодов жолдасы Г.Ахметовамен бірлесіп, 
қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының шығармашылығын хорға лайықтап 
өңдеп жинақтады. Қазақ капелласының репертуары өте бай, орындаушылық шеберлігі 
жоғары атақты коллектив болып саналады. Хор жанрының халық арасына кеңінен таралып 
,көпшілікпен орындалатын лайықты шығармаларды уағыздау, халықты өнерге тәрбиелеу
мақсатында дамып келеді. Хор ұжымының шығарманы орындауын жүргізу хор 
жетекшісіне яғни дирижерға миндеттелді. Дирижер шығармалардың мазмұнына сай , 
шығармада көрсетілген музыкалық әсемдіктерді көрсетіп, халыққа жеткізе көркемдеп 
орындату.
Хордың болашақ дирижерін дайындау процессіндегі қазіргі педагогикалық 
технологиялардың бірі инновациялық технологияларды кеңінен қолдану. Осы мақсаттарды 
жүзеге асыруда компьютерлік-музыкалық «Finale» ноталық редакторын музыка пәндерін 
оқыту жұмыстарында тиімді пайдалану музыкалық білім беру ісінің жаңа әдістемеліктерін 
қолдану мүмкіндіктерін тұғызады. 
Бұл бағдарламаны қолдану музыка өнерінің әлемдік үздік үлгілерімен жұмыс 
жүргізу арқылы оқытушылардың және студенттердің кәсіптік деңгейлерін кеңейтуге 
мүмкіндік береді. 
«Finale» ноталық редакторынының мүмкіндіктері мен оны игеру тиімділіктері: 
1.
Музыкалық шығарманың партитурасымен тікілей жұмыс жүргізу. 
2.
Музыкалық шы,армалармен танысу арқылы жұмыс редакторын кеңейту. 
3.
Хор жанырларымен танысу, әртүрлі хор партитураларымен жұмыс 
жүргізу арқылы кәсіби шеберлігін кеңейту. 
4.
Студенттін өзіндік жұмыстары кезіңде өз репертуарларын кеңейтіп,
шығармашылық жұмыстарын (музыкалық жанырларды гармонизациялау, хор және 
оркестір партитураларын жасау, жеке әндер мен хор шығармаларын әрлендіру) 
мүмкіндіктерін молайту. 
Кәсіби маман даярлауда «Finale» ноталық редакторы музыкант педагогтардың 
териялық білімі музыкалық компьютерлік технология негізінде іскелік және білімдік 
деңгейін кеңейтеді. 
Қазіргі білім беру саласында озық технологяларды қолданбайынша жан- жақты 
сауатты маман болу мүмкін емес. Білім беру технологияларының басты мақсаты білім беру 
сапасын арттыру, білім алушылардың, білік дағдаларын қалыптастыру болып табылады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. «Қазақ тілі» Алматы, 2007ж. 
2.
Абуова К. «Хор жүргізу» Алматы, 1993ж.з 
3.
Безбородова Л.А. «Дирижирование» Москва, 1993ж. 
4.
Шамина Л. «Работа с самодеятельным хоровым коллективом» Москва, 
1988ж. 
5.
Салманов Р. «Музыкалық компьютерлік технология «Finale» ноталық 
редакторымен жұмыс» Қызылорда, 2011ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет