«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет52/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92
4-СЕКЦИЯ.
 
ПӘНДІ
 
ОҚЫТУДА
 
ЖАҢА
 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
 
ӘДІСТЕМЕЛІК
 
ЖҮЙЕСІ 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ 
 
Мұхиддинова Г.Ә., 
Қазақ тілі пәні оқытушысы, Филология магистрі, М.Мәметова атындағы педагогикалық 
жоғары колледжі-Қызылорда қ., Қазақстан 
«Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде 
пайдаланған дұрыс»,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім 
беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары 
жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы 
тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми 
жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге 
қызығушылығын арттыра отырып іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін 
ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі колледждегі әдістеме пәндері мен тәжірибе жинақтау 
түрлерінде қамтылатыны сөзсіз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де 
сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып 
отыр. Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі 
ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде 
болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі 
уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Білім беру үрдісінде 
мұғалімнің оқушыны дұрыс бағалауға көңіл бөлгені дұрыс. Баға – оқушының білімін 
көрсететін нәтиже. Мұғалім жаңа форматта құрылған сабақ тақырыбына байланысты 
критерийлер бойынша немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады. Қазіргі 
заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, терең білім беру еліміздің басты 
мәселесі болып табылады. Сабағының жемісті болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болып, 
жаңа бағдарламаны меңгере отырып қолдану әр оқытушының, машықтанушының парызы. 
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын 
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 
5-9 сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары 
оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен 
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. 
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім 
беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе 
жасау, АҚТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта 
жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және 
оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, 
модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)падалану болып табылады. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. 
Бұл бағдарламада коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылады. Осыған 
дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші 
тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын 
тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес 
үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш 
дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу 
процесінде «ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса 
назар аударып отыру, оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын 
қалыптастыру қажет. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын 


162 
таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол 
жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру 
бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік 
саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың 
кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан 
зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді. 
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан 
қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы 
бағалау нәтижесіне есеп беру арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің 
арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде. Кері байланыс 
парақшасынан алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың 
бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске 
ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне көшті.
Критериалды бағалау - оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту 
жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Критериалды бағалау кезінде 
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен 
өлшенеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериальды бағалау жүйесі 
Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де 
пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, 
ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық 
стандартқа 
сәйкестендіру. 
Критериалды 
бағалаудың 
міндеттері: 
Сабақтың 
әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу 
мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының 
білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; Әр түрлі жұмыс 
барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; Оқу бағдарламасының 
тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім 
және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 
Критериалды бағалаудың маңызы: Мұғалімдер үшін: Сапалы нәтижеге әкелетін 
критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын 
мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға; Оқушының жеке ерекшеліктерін 
ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; Бағалаудың әртүрлі 
әдістерін пайдалануға; Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге. 
Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі 
әдістерін пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; Өзін және 
өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, 
өзінің білімін көрсетуге. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: Мұғалімге оқушының 
оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; Оқушыларға оқу үдерісі 
барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді; Ата-аналар 
оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі. 
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды 
сауаттылығын қалыптастыру. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» 
ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Студенттердің бойына 
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту 
үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек 
өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын 
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Біз осы мақсатта 01140600 - «Негізгі орта білім 
берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S01140601 
– «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша даярланып жатқан мамандық 
студенттері мен машықтанушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ әдебиетін оқыту 
әдістемесі пәндері және байқау практикасына, дипломалды практикаға дайындық тәжірибе 
жинақтауларында критериалды бағалаудың түрлері, интербелсенді әдістің түрлері, 


163 
рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығы, кері байланыс жасау кезінде және сабақ 
барысында қолданатын әдіс-тәсілдер, блум таксономиясы, танымдық деңгейлері, қысқа 
мерзімді жоспар жасау – осылардың барлығын меңгертіп жүрміз.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда , қайырымы 
қайтпаса» деген екен А.Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып, 
жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. 
Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет. 
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-
Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. 
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз 
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын болашақ білімді мұғалімдер ғана 
жұмыс істей алады. 
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы 
— заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 
Сондықтан да біздер, педагогтер осы жолда шығармашылығымызды шыңдай береміз.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж. 
2. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж. 
3. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау 
және ұйымдастыру» 2017ж 
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 
5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
басшылығы Астана 2016 
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет