Қолқа сала келген қазақ пен өтініп тұрған қазақ. Енді түсінікті болар,«Қолқа салып келіп отырмын» деген «Жүк артқалы келіп отырмын» дегенді білдіреді. Қолқа-қалаудың, біреуді көмекке шақырудың, қазіргі тілмен айтқанда, өтініш айтудың ұшар басы, қазақ біреуден бір нәрсе сұраудағы сөзінің шегі. Қазақта «өтінемін» деген жоқ-тұғын. Бұл өте жалынышты хал. Аталарымыз бір-біріне ондай күйге түсіргісі келмейлі.«Айналайын, қолқа сала кеп отырмын» дейді ақсақал. Шарсыздығын айтты, бірақ мүсәпір, аянышты, жалынышты күйге түсіп айтқан жоқ. Себебі, бұл сөз оның қадірін сақтап, белгілі дәредеде тепе-теңдікті ұстап тұр.Ал, қолқа салынып қойды, қолқа салынған адам қайтпек? Оны қазақ алып қашып әкелген келіннің алдына көлденең жатып алып «кетсең, мені аттап кет» деген енедей сезінелі. Сондықтан қолқаны аттап кету деген үлкен әбестік. Мінеки, мұның арғы жағында қазақтың бір-бірімен қарым-қатынасының, болмысының қандай болғанынан хабар беретін үлкен ақпарат бұрғып жатыр. Енді қолқаны аттауға болмайтынын білдік. Орынбай алмаса, орындауға мүмкіндігі болмаса ше? Сондықтан «маған қоьқа сала көрмеңіздерші»,«қолқалай көрмеңіздерші» деген сөздер жиі айтылады. Ал саоынып қойған қолқадан мыңнан бір адам ғана құтылады. Аттап емес, сөз тауып құтылады. Сол кезде қолқа келе салған адамның өзі оған рища болып қолқасын киін тартып алмақ. Өйткені,«Сөз тапқанға қолқа жоқ». Қалай ә?! Бұл-шығар жол. Аталарымыз мұны да ескерген екен. Қолқа салып сұрап тұрған дүниесін берсең де бересің, бермесең де бересің, шақырған жеріне барсаң да барасың, бармасаң ла барасың демейді, көкейге қонымды, қызықты да тапқыр жауапсөз айтсаң қолқасын өзі қайтып алуы керек һәм реніш молмауы тиіс. Міне бұл сөз ғана емес, бұл-біз көп айта беретін, таңдай қаға беретін, тереңіне жете алмай тамсана беретін аталар болмысының бір ғана көрінісі. Бұл біщдің көшпенді дәуірден отырықшылыққа ауысу барысындағы жоғалтуымыз. Қазіргі уақытта қазақтың қанша сөзі архаизмге айналып бара жатқанын санап тауыса алмайсыз. Ахаңның жоғарыдағы сөщі, әрине, тіл, тіл болғанда да құр атаулар тізбегі емес, сөщ, сөз ұстап тұрған мағына, сол мағынаға сай ұлт деңгейінде айтылған сөз. Сөз жоғалса, болмыс жоғалады. Мысалы, ақылсыз хайуан аттамаған қолқаны ақылды адам неге аттап кетеді? Өйткені, ол сөз жоғалған. Иә, әзірге сырты бар, іші жоғалған. Осы күнде біз оның қандай мәселеге байланысты айтылуы керек екенін бұрынғы қолданыстағы инерциямен түйсік арқылы болжап қана айтып жүрміз. Дәл қазіргі инерция баулады, оны бұл сөздің бұрынғыдан әлдеқайда сирек қолданылатынындығынан көруге болады. Сондықтан біраз жылдарда сырты да жоғалады.