Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата24.03.2017
өлшемі472,92 Kb.
#10170
1   2   3   4   5   6   7

№5 дəріс    Х – ХІІ ғасырлардағы əдебиет 

Қархан  əулеті  билік  жүргізген  тұстағы  /  Х  –  ХІІ  ғасырлар/    қоғамдық 

əлеуметтік  жағдай.  Қарахан  мемлекетіндегі  ру-  тайпалар  ,  ұлыстар.  Түрік 

халықтарының  :  қазақ  ,  өзбек  ,  ұйғыр,  қырғыз,  т.б  халықтардың  этникалық 

құрылымының  қалыптаса  бастауы  .  Х  –  ХІІ  ғасырларда  Орта  Азия,  Жетісу 

жəне  Қашқария  жерінде  түрік  тайпалары  үстемдігі  күшейе  түсті.Қыпшақ  , 

оғыз,  қарлұғ  жəне  ұйғыр  тайпалары  мен  ұлыстарының  тілдері  негізінде  араб 

грфикасындағы  түрік  жазуы  қалыптасты.  Қарахан  мемлекетінде  Х  –  ХІІ 

ғасырларда көптеген əдеби ескерткіштер аралас қарлұғ- ұйғыр жəне қыпшақ- 

оғыз  тілдерінде  жазылды.Қазіргі  Қазақстан  жерінде  ХІ  ғасырда  Қыпшақ 

мемлекеттік  бірлестігі  өмірге  келді.  Х  –  ХІ  ғғ.  Зергерлік  ,сəулетшілік  ,    т.б 

өнерінің  дамуы  .  Қыпшақ  даласындағы  жаңа  қалалар  :    Қранақ,  Қарашоқы, 

Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент, т.б.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қарахан 


мемлекетіндегі 

сəулетшілік 

өнер 


үлгілері:  Айша  бибі,  Бабаша  Хатун  мавзолейі,  Аяққамыр  жəне  Алаша  хан 

күмбездері. Ғылым  саласындағы  жетістіктері:  Əбу  Насыр  əл-  Фараби  ,  Əбу 

Əли  ибн Сина,  Əбу  Райхан  əл-  Беруни  ,  т.б  .  Орта  ғасырлардағы  ең  танымал 

əдеби  туындылар  :  «  Құтадғу  білік»,  «  Хибат  ул  Хақайық»  жəне  «  Диуани 

лұғат  ат-  түрік»  сөздігінің  Қарахан мемлекетіндегі тайпалар  мен ұлыстардың 

бəріне түсінікті ортақ тіл болып табылатын түркі тілінде жазылуы. 



№6 дəріс   Ислам дəуіріндегі əдебиет жəне Əл-Фараби 

Əбу-Насыр əл-Фараби / толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ұзлағ 

Тархани  Əбу-Насыр  əл-Фараби/-  дүние  жүзілік  ғылым  мен  мəдениеттің 

Аристотельден  кейінгі    екіншгі  ұстазы  атанған  əмбебап  ғалым,  əдебиет 

зерттеушісі,  ақын.  Əл-Фарабидің  философия,  этика,  логика,  тіл  білімі, 

əдебиеттану,  музыка,  т.б.  салалар  бойынша  жазған  зерттеу  еңбектер 

жазды.Философиялық  трактаттары:  «Данышпандықтың  інжу  маржаны»,  

«Ғылымдардың  шығуы» , « Философияны оқу үшін алдымен не білу керек », 

«  Аристотеьль  еңбектеріне  түсіндірме»,  т.б.Əл-  Фарабидің  қоғамдық, 

əлеуметтік  жəне  этикалық  мəселелер  жөніндегі  зертеулері:  Қайрымды  қала 

тұрғындарының көзқарастары, « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» , 

«  Бақытқа  жету  жайында»  т.б  Əл-  Фарабидің  музикалық  мұрасы.  « 

Музыканың  ұлы  кітабы»  атты  трактаты  төрт  бөлімнен  тұрады.Ол  əдебиет 

теориясымен  жан-  жақты  шұғылданған  ғалым.Өлең  ырғағы  туралы,  «  Ырғақ 

пен  өлең  туралы  сөз»,  «Поэзия  өнерінің  негіздері  туралы  трактат»,  «  Өлең 

өнерінің  қағидалары  туралы  трактат»,  т.б  еңбектері  кейінгі  ұрпаққа  қалған 

баға жетпес мұра.Əбу- Насыр əл- Фараби- өз дəуірінің көрнекті ақындарының 

бірі.Бұл  жөнінде  əл-  Фарби  замандастары  жəне  одан  кейінірек  өмір  сүрген 

Шығыстың  көрнекті  ақындары,  əдебиетшілері,  тарихшылары  көптеген 

мəліметтер  жазып  қалдырған./Əбу  Əли  Ибн-  Сина  ,  əл-  Кифтий,  т.б/.  Əл-

Фарабидің сан- салалы шығармашылығын жан- жақты зерттеп, оны жариялау 

ісіне  А.Машанов,  А.Қасымжанов,  А.Көбесов  сияқты  қазақ ғалымдары да  көп 

үлес қосты. 

№7 дəріс  Ахмет Йассауи ақын, ойшыл. 

Қожа Ахмет Иассауи – сопылық əдебиеттің ірі өкілі , əйгілі ақын , есімі ислам 

əлеміне  мəшһүр  болған  ойшыл  қайраткер.Ахмет  Яссауи  кезінде  «  жахрия  » 

(экстаз)  немесе  «  Яссауия»  деп  аталып  кеткен    сопылық  –  мистикалық 

ағымның  негізін  қалады.Ахмет  Яссауи  Испиджаб  (Сайрам)  қаласында 

туылған.   

 

«Диуани  хикмат»  («  Даналық  кітабы»)-  түркі 



халықтарының  ХІІ  ғасырдан  сақталған  əдеби  ескерткіші.  Даналық  кітабы 

оғыз-  қыпшақ  тілінде  өмірге  келген  əдеби  туынды.Ахмет  Яссауи  өлеңдер 

жинағының  ең  толық  нұсқасы  Қазан  (1887  жəне  1901)  басылымы  болып 

табылады.  Түрік  ғалымы  М.  Ф.Кепрюлю-  заде  ,  белгілі  орыс  ғалымдары 

А.К.Самойлович, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков , Г.Ф.Благова, т.б Ахмет Яссауи 

жырларын  зерттей  келіп  ,  кезінде  оны  жоғары  бағалады,  əрі  ақынның  өзінен 

кейінгі  сөз  зергерлеріне  тигізген  əсері  зор  болғанын  ерекше  атап  көрсетті.

 

«Диуани  хикмат  »  -  исламның  дін-  шариғат  жолдарын  дидактикалық 



мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. Даналық кітабы адамзатты 

туыстыққа  ,  бауырмалдыққа,  ізгілікке,  имандылыққа  шақырып,  мұсылман 

дінінің  қағида,  шарттарын,  Алланы  танудың  жолдарын  баяндайды.  Диуани 


хикматтағы  сопылық  ағымның  философиялық  ой-  пікірлері:  əділдік  жолына 

түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б 



№8 дəріс  Ахмет Жүйнекей,Сүлеймен Бақырғани шығармашылықтары. 

«Ақиқат  сыйы»  -  дидактикалық  сарында  жазылған  шығарма.Композициялық 

құрылысы.Идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» қоғамдағы моральдық ұғымдар 

мен  мінез-  құлық нормаларын  жыр  еткен  жинақ.  «Ақиқат сыйы  » оқу-  білім, 

мінез-  құлық,  əдептілік,  тілді  тыйып  ұстау  ,  жомарттық  мейірімділік,  ізгі 

қасиеттер  туралы.  «Ақиқат  сыйы  »  дастанының  негізгі  тарауларының 

тақырыптық  атаулары  :  «Бұл  кітаптың  жазылу  себебі  мен  оның  қажеттілігі», 

«Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию əдептілік пен 

тəртіптіліктің  шарты  екендігі  туралы»,  «Жақсының  игі  қылығы  мен 

дүниеқоңыздың  жарамсыз қылығы туралы», т.б. «Ақиқат сыйы» дастанының 

көркемдік  ерекшеліктері.  Ақынның  бір-  біріне  қайшы  екі  құбылысты  қатар 

қойып,  жұптап  суреттеу  əдісі.  Дастанның  он  бір  буынды  аруз  жүйесімен 

жазылуы.  Сүлеймен  Бақырғани  –  сопылық  сарындағы  хикмат  жырларымен 

есімі  мəшһүр  ақын.  Қожа  Ахмет  Иассауидің  философиялық  ой-  пікірлерін 

ислам  қағидалары  бойынша  жалғастырушы  шəкірті.  «Бақырғани  кітабының» 

негізгі  идеясы  –  сопылық  дəстүрді  мадақтау,  адамгершілікке  ,  адалдыққа, 

бауырмалдыққа  үндеу.  Гуманистік  ой-  пікірді  ислам  діні  қағидалары 

тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы. 



№9 дəріс  Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр) 

Махмұт  Қашқари  (ХІ  ғасыр)-  ұлы  филолог,  ауыз  əдебиеті    үлгілерін  жинап, 

зерттеуші  ғалым,  саяхатшы.  «Диуани  лұғат  –ат  түрік»-  түрікше-  арабша 

түсіндіме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың бəріне ортақ мұра. «Диуани 

лұғат  –ат  түрік»-  тек  сөздік  қана  емес,  сонымен  бірге  орта  ғасырлардағы 

түркілердің  қоғамдық,  рухани,  ғылыми,  мəдени,  əдеби,  саяси  өміріне,  көне 

тарихи  мен  əдет  –  ғұрпына,  салт-  санасы  мен  наным  –  сеніміне,  т.б  қатысты 

бағалы деректері мол жинақ. «Диуани лұғат –ат түрік» əдеби мəні. «Сөздікте» 

мысал  ретінде  келтірілген  көркемсөз  үлгілері:  бəйіттер,  ғазалдар,  тұрмыс  – 

салт  жырлары,  мақал-  мəтелдер,  қанатты  сөздер,  ғибрат  сөздер,  сажьдар  /ақ 

өлең/,  насыр/проза/.  М.Қашқари  «Сөздігіндегі»  адамдардың  қадым 

замандардағы  тұрмыс  тіршілігін,  көк  Тəңірісі  мен  Күнге  табыну  дəуірін 

бейнелейтін көркемсөз үлгілері. «Диуани лұғат –ат түрік»- сөздігінде табиғат 

туралы  өлең-  жырлар.  Жылдың  төрт  мезгілі-  көктем,  жаз,  күз  жəне  қыс  – 

көріністеріне арналған өлеңдер.Қыс пен жазың айтысы. Аңшылық жайындағы 

өлеңдер  мен  еңбек,  егін  салу,  мал  бағу  тақырыбына  арналған  өлең-  жырлар.  

Махмұт Қашқари жинаған бəдік, бақсы өлеңдері, бата- тілек, бесік жыры, той 

басар,  жар-жар,  жоқтау,  естірту,  т.б  жыр  үлгілері.  «Диуани  лұғат  –ат 

түріктегі»  мақал-  мəтелдер,  ғибрат  сөздер,  афоризмдер.  Қазіргі  қазақ  тілінде 

қаз- қалпында қолданылатын мақал- мəтелдер, қанатты сөздер.. 



№10 дəріс  Жүсіп Баласағұни (ХІ ғасыр) «Құтты білік» дастаны. 

Жүсіп  Хас  Хажиб  Баласағұн  –  ХІ  ғасырдың  аса  көрнекті  ақыны,  данышпан 

ойшылы,  ғалымы,  белгілі  қоғам  қайраткері.  Жүсіптің  есімін  əлемдік  əдебиет 

тарихына  мəңгілікке  өшпестей  етіп  жазып  қалдырған  бірден  –  бір    əдеби 

мұрасы  –  «  Құтадғу  біліг»  («  Құтты  білік»)  дастаны.Бұл  дастан  қазіргі  түркі 

тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық- саяси өмірі, ғылымы, 

əдебиеті  мен  мəдени  дəрежесі,  əдет-  ғұрпы,  наным-  сенімі,  т.б  жөнінде  аса 


қызықты,  əрі  қыруар  мол  деректер  беретін  көркем  туынды.  «  Құтты  білік  » 

дастанының  бізге  үш  нұсқасы  –  Вена  /  яки  Герат/  ,  Каир  жəне  Намаган 

нұсқалары  жетті.  «  Құтты  білік»  дастанын  зерттеуші  ғалымдар, 

аудармашылар, бастырып шығарушылар : Ж. Амадес, Г.Вамбери, В.В. Радлов, 

Е.Э.Бертельс,  А.Валитова,  С.Е.Малов,  С.Муталлибов,  К.Каримов,  С.Иванов, 

А.Егеубаев,  Б.Сағындықов,  т.б.  Бұл  дастанның  негізгі  идеясы  мемлекетті 

дұрыс  басқару  мəселесі.Дастанның  басты  идеясы  төрт  принципке  негізделіп 

жазылған:  əділдік,  бақ-  дəулет,  ақыл-  парасат,  қанағат.«  Құтты  білік»  - 

дидактикалық  дастан.  Төрт  принциптің  символы  ретінде  көрінетін  төрт 

қаһарманы:  Күнтуды  патша,  уəзірі  Айтолды,  уəзірдің  баласы  Ұғдулміш, 

дəруіш  Одгурміш.  «  Құтты  білік  »  дастанының  негізгі  сюжеттік  желісі, 

шығарманың  негізгі  төрт  қаһарманының  өзара  əңгімесінен,  сұрақ-

жауаптарынан,  бір-біріне  жазған  хаттарынан  тұрады.  «Құтты  білік» 

дастанында  ел  басқарған  əкімдер  мен  қалың  бұқара  арасындағы  қарым-

қатынас  мəселесі  қозғалады.  «Құтты  білік»  дастанында  ел  басқаратын 

əкімдерге қойылатын талаптар: əділдік, ақыл-парасат, өнер-білімге жетік болу, 

ниеті  түзу,  сөзі  шырын,  пейілі  кең,  кек  сақтамайтын  болу.  Дастанда  ақыл  - 

парасат,  өнер-білім,  əдептілік,  тəлім-тəрбие,  мінез-құлық,  кішіпейілдік, 

жомарттылық,  мейірімділік,  тіл  мəдениеті,  əке-шешені  құрметтеу,  т.б. 

мəселелер сөз болады. Дастанның көркемдік ерекшелігі, түркі тілінде аруздың 

«ықшамдалған» мутакарриб деп аталатын өлшем түрімен жазылғандығы. 

№11 дəріс  Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет жəне Насыриддин Рабғузи. 

Дешті  Қыпшақтағы  /  ХІІІ  –  ХҮ  ғғ./  тарихи  -  əлеуметтік  жағдай.  Монғол 

шапқыншылығынның зардаптары. Отырар ойраны / 1220 ж. /. Сығанақ, Жент, 

Үзкент, Баршынлыкент, т.б білім мен мəдениет орталықтарының жер бетінен 

жойылып  кетуі.  Қыпшақ  елінде  мəдениет  пен  экономиканың  құлдырауы. 

Басқыншыларға қарсы жергілікті халықтың күресі. Дешті Қыпшақ, Орта Азия 

жəне  Еуропа  жерлерін  ХІІІ  ғасырдың  орта  кезінде  монғолдардың  жаулап 

алуы.Алтын  Орда  /Жошы  ұлысы  /  мемлекетінің  құрылуы.  Алтын  орда 

мемлекетіне қарсы халықтың басым көпшілігі түркі текті ру- тайпалар, əсіресе 

қыпшақтар, оғыздар болды. Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет түркі тайпалары 

мен  халықтарының  бəріне  бірдей  түсінікті  əдеби  тіл  –  шағатай  тілінде 

жасалды.  Алтын  Орда  дəуірі  əдебиетінің  көрнекті  өкілдері:  Рабғұзи,  Əли, 

Сараи, Хорезми, Құтып, Дүрбек, т.б . Алтын Орда мемлекетінің Батыс Еуропа, 

Мысыр,  Кіші  Азия,  Үндістан,  Қытай  елдерімен  мəдени,,  экономикалық 

байланыста болды. Бұл елдер əдебиеті мен мəдениетінің ықпал- əсері. Алтын 

Орда  дəуірі  əдебиетінің  бізге  жеткен  үлгілері:  Насыр  аддин  Рабғузидің  « 

Қисса-  сул  əнбия»,  Хорезмидің    «  Мұхаббат-  наме»,  Құтыптың  «  Хұсрау- 

Шырыны»,  Дүрбектің  «  Жүсіп-  Зылиха»  ,  Сайф  Саридың  «  Түркі  тіліндегі 

Гүлістан», тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер, т.б. 

Насреддин  Рабғузи  –  Алтын  Орда  дəуірі  əдебиетінің  ірі  өкілдерінің  бірі.  « 

Рабғузи  қиссалары»(1310  ж)  –  табиғат,  дүние  құбылыстары,  жартылыстың 

пайда болуы, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан 

мен  періште,  т.б  уралы  шығыстық  сюжеттегі  қисса-  аңыздар,  өлең-  жырлар 

жинағы. 


№12  дəріс  Сайф  Сарай  «Гүлстан  бит-  турки»,  Құтб  «Құсрау  шырын» 

дастандары. 



Сайф Сарай – Алтын Орда əдебиетінің ХІҮ ғасырдағы аса көрнекті өкілі.Сайф 

Сарай  –  лирик  жəне  эпик  ақын,  аудармашы.  Оның  «Гүлстан  бит-туркидің» 

(1391  ж.)  –  прозамен  жазылған  қыпшақ  тіліндегі  көркем  шығарма.  Ақын  бұл 

еңбегін    Еділ  сағасындағы  Сарай  қаласынан  бастап,  Египеттегі  Ніл  өзені 

бойында жазып бітірген. Бұл өзі парсы-тəжік əдебиетінің классигі əйгілі Сағди 

Шираздың  «Гүлстан»  атты  шығармасының  еркін  аудармасы.  «Түркі  тіліндегі 

Гүлстан» Сайф Сарайдың төл туындысы болып саналады. Мұнда назирагөйлік 

дəстүрдің əсері байқалады, бірақ еркін аудару барысында бірқатар  эпизодтар 

түсіп  қалған,  оның  есесіне  қыпшақтар  өміріне  қатысты  тың  көріністер, 

аудармашының өз жырларының қосылғаны көрінеді.Түркі тіліндегі «Гүлстан» 

шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ə.Н.Нəжіп болды. Ғалым  Сайф 

Сарай шығармасының жазылу тарихын , оның əдеби мəнін, тілін, сол дəуірдің 

əдеби жəне тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, «Гүлстан бит-түрікті» 

транскрипциялап  орыс  тіліне  аударып  шықты.  Түркі  тіліндегі  «Гүлстан» 

композициялық  құрылысы  сегіз  тараудан  тұрады.  Біріншісі  –  ел  билеуші 

əкімдер  туралы,  екіншісі-  халық  бұқарасы  жайында,  үшіншісі  –  қанағат 

жөнінде, төртіншісі – тілге сақ болу туралы, бесіншісі – жігіттік шақ хақында, 

алтыншысы- кəрілік туралы, жетіншісі – тəлім-тəрбие жайында , сегізіншісі - 

əңгімелесудегі  əдептілік  туралы.  Сайф  Сарай  шығармасы  əлемдік  əдебиеттің 

алтын  қорынан  орын  алған  көркем  туынды.Құтыбтың  «Құсрау  Шырын» 

дастаны – азербайжанның ұлы ақыны Низамидің осы аттас поэмасының еркін 

аудармасы.  Құтыптың  Низами    поэмасын  парсы  тілінен  қыпшақ-оғыз  тіліне 

еркін  аударғандығы.    Құтб  аудармасының  көркемдік  ерекшеліктері.  Низами 

поэмасында қала өмірінің, патша сарайындағы сөн – салтанаттың, ал Құтбтың 

дастанында  мал  бағумен  тіршілік  еткен  көк  майсалы  дала  көріністерінің 

көбірек  бейнелетіні.        «Хұсрау-Шырын»  дастанының  негізгі  тақырыбы.     

Дастанның қаһармандары. Шырын патша, Хұсрау патша, құрылысшы Фархад, 

Хұсраудың  досы  Шамур,  Мариям,  Шеруя  т.б  «Хұсрау  Шырын»  дастанының 

қазақтың  лиро-эпостық  жырларымен  сарындастығы,  үндестігі,  ал  баяндау 

тəсілдері мен композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні. 



№13 дəріс  Хорезми «Мұхаббат- наме». Дұрбек «Жүсіп Зылиха» дастаны. 

« Мұхаббат - наме»дастаны – Алтын Орда дəуірі əдебиетінің ең көрнекті 

үлгісі.Хорезми – Алтын Орда ханы Жəнібектің тұсында өмір сүрген ақын.Сол  

Жəнібектің    Сыр  бойындағы  əкімдерінің  бірі  болған  Мұхаммед  Қожабектің 

тапсыруы бойынша 1353 жылы « Мұхаббат- наме» дастанын жазған.  « 

Мұхаббат-  наменің  »  көне  ұйғыр  жазуындағы  жəне  араб  жазуындағы  екі 

нұсқасы  табылды.  «  Мұхаббат  –  намені  »  зерттеуші  ,  аударушы,  бастырып 

шығарушы  ғалымдар:  Э.Н.Нəжіп,  А.М.  Щербак,  С.Қасымов,  В.Валиходжаев, 

Н.Маллаев,  А.Қыраубаевалардың  еңбектері.  «  Мұхаббат-  наме  »  -  адам 

бойындағы  ең  ізгі  қасиеттер  болып  саналатын  махаббатты,  ізгілікті, 

бауырмалдықты, жомарттықты, кішіпейілдікті, т.б ту етіп көтерген дастан. Ол 

Алтын  Орда  түркілерінің  бəріне  бірдей  түсінікті  болған  шағатай  тілінде 

жазылды, Дастанда қыпшақ тілі элементтері басым. Дастан сюжеті қызықты , 

тілі көркем , көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрылысы шебер жасалған . 

«  Мұхаббат-  наме»  дастанының  өлең  үлгісі  негізінен  екі  тармақты,  он  бір 

буынды  болып  келеді.  Дастанның  екі,  үш,  төрт  буынды  ұйқаспен  келетін 

тұстары да бар. 


№14 дəріс  Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер 

«  Түркі  шежіресі»-  бертін  келе  жатқан  қазақ  халқын  құраған  рулар  мен 

тайпалардың  көне  тарихы,  тұрмыс-тіршілігі,  түркі  елін  басқарған 

қайраткерлердің  өмірі  мен  қоғамдық  қызметі  туралы  құнды  деректері  мол 

шежіре.Бұл  шежіре  тоғыз  тараудан  тұрады.  Шежіренің  1-2  тарауларында 

Адам-атадан бастап,Шыңғыс ханға дейінгі оқиғалар, ал 3-5 тарауларында əлем 

əміршісінің 

Шағатай 


жəне 

Төле 


деген 

ұлдарының 

Маураннахр,Моғолстан,Иран  жəне  Қашғария    жерінде  билік  жүргізуі,  7-  8 

таруларында  Жошы  балаларының  Дешті  Қыпшақтағы  əкімшілік  істері,  қазақ 

хандары,  шешендері  мен  ақындары  туралы  əңгіме  болады.  «  Түріктер  

шежіресі»  тек  тарихи  мұра  ғана  емес  ,  өз  дəуірінің  көркем  туындысы. 

Əбілғазының бұл еңбегі туралы белгілі ғалымдар  А.Н Кононов , С.Н.Иванов, 

қазақ  тілі  тұрғысынан  Ғ.Қайдаров,  Б.Əбілқасымов  т.б  зерттеулер 

жасады.Қазақ  тілі  тарихы  мен  қазақ  əдебиеті  тарихын  танып  білуде  баға 

жетпес  жазба  ескеткіштердің  бірі  –  Қадырғали    Жалайыридің  «  Жами-  ат 

тауарих»,(«  Шежірелер  жинағы»)  атты  шығармасы.  «  Шежірелер  жинағы» 

(1602  ж).ХІҮ-  Х  ҮІ  ғасырлардағы  қазақ  елінің  ішкі  жəне  сыртқы  жағдайы, 

басқа  елдермен  қарым  қатынасы,  бірқатар  қазақ  хандарының  генеологиясы, 

қазақ даласындағы саяси əлеуметтік оқиғалар баяндалады. Шежірелер жинағы 

тарихты    баяндайтын  шығарма  болса  да,  онда  ұйқасты  ырғақты  ақ  өлеңге, 

толғауларға,  ғажайып  теңеулерге,  айшықты  сөз  тіркестеріне,  мақал-

мəтелдерге, нақыл-ғақылия сөздерге толы. Мұның өзі көркем проза үлгісіндегі 

шығарма  екенін  танытады.  Шежірелер  жинағы  алғашқы  басылымдарының 

зерттелуіне 

И.Березин, 

Ш.Уалиханов, 

Ə.Марғұлан, 

Қ.Жүнісбеков, 

Т.Р.Қордабаев, Р.Сыздықова, З.Ə.Хисамиева  т.б. еңбектерінің маңызы зор. 



№15  дəріс    Мұхаммед  Бабырдың  «  Бабыр  -  нама»    жəнеХайдар  Дулатидің 

«Тарихи –и - Рашиди» шығармалары. 

Мұхаммед  Хайдар  Дулати  (  1499-  1551)  -  өз  дəуірінің  ғұлама  –  ғалымы, 

тарихшысы, сөз зергері, ақыны, қоғам қайраткері. « Тарихи Рашиди» шежіресі 

негізінен    ХІҮ  –  ХҮІ  ғсырлар  аралығында  Моңғолстан  мен  Қашқарияда 

болған тарихи оқиғаларды баяндайды.Шежіре екі дəптерден тұрады, біріншісі 

Монғолстанда  билік  жүргізген  хандар  шежіресі,  ондағы  халық  тарихы 

баяндалады.  Екінші  дəптерде  қазақ  елінің  өз  көршілерімен  қарым-  қатынасы 

жан-  жақты  сөз  болады.  Ол    ХҮ  –  ХҮІ  ғасырларда  Орта  Азия,  Шығыс 

Түркістан,  Ауғаныстан  жəне  Үндістанда  орын  алған  маңызды  тарихи 

оқиғондағы  халық  тарихы  баяндалады.  Екінші  дəптерде  қазақ  елінің  өз 

көршілерімен  қарым-  қатынасы  жан-  жақты  сөз  болады.  Ол    ХҮ  –  ХҮІ 

ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғаныстан жəне Үндістанда орын 

алған  маңызды  тарихи  оқиғаларды  көркем  тілмен  баяндайды.  «  Тарихи 

Рашидидің » зерттелуі, аударылуы. Захриддин Мұхаммед Бабыр(1483- 1530) – 

көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі 

жазушы, атақты тарихшы ғалым. 

«Бабыр  наме»  -  үш  бөлімнен  тұратын  прозалық  шығарма.Бабырдың 

есімін  аса  дарынды  көркемсөз  зергері  ,  тарихшы-  ғалым,  географ,  этнограф 

ретінде əлемге мəшһүр еткен туынды. Бірінші бөлімде ХҮ- ХҮІ ғасылардағы 

Орта Азиядағы тұрмыс- тіршілігі, қоғамдық- əлеуметтік, саяси оқиғалар, осы 

өлкенің  табиғаты  сөз  болады.  Екіншісінде  қазіргі  Ауғаныстан  жерінде    (  « 


Кабул  уəлаяты»)  орын  алған  маңызды  тарихи  оқиғалар  ,  үшіншісінде  үнді 

елінің  бай  табиғаты  ,  халқы,  əдет-  ғұрпы,  салт-  санасы,  ғылымы,  мəдениеті, 

əдебиеті,  тілі,  тарихы,  ондағы  саяси  оқиғалар  баяндалады.  «  Бабыр-  намені» 

зерттеу  ,  өз  тілдеріне  тəржімə  жасауға  көп  елдердің  ғалымдары  атсалысты.  « 

Бабыр - наменің» идеялық мазмұны, тарихы, əдеби мəні, тілі 

 

6. ПРАКТИКАЛЫҚ - СЕМИНАРЛЫҚ   САБАҚТАРҒА  ƏДІСТЕМЕЛІК  

НҰСҚАУЛАР 

 

1..Тəжірибелік  сабақтың  басты  мақсаты  студенттердің  теориялық  білімдерін 



тереңдетіп бекіту жəне тəжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру. 

 

1.1 Ұйымдастыру талаптары: 

-  Тəжірибелік сабақтың оқу пəнінің жоспарына сəйкестілігі. 

- Тəжірибелік сабақтардың дəріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар 

жəне т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы. 

-  Тəжірибелік  сабақтардың  қазіргі  əдіс-тəсілдерді  жəне  техникалық 

құралдарды қолдана отырып өткізу. 

- Тəжірибелік сабақтарға қажетті ғылыми əдебиеттерді жинақтау. 

-  Тəжірибелік  сабақтар  бойынша  студенттердің  білімдерін  бағалауды 

ұйымдастыру. 

 

1.2. Тəжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар: 



-  Тəжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы. 

- Пəннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету. 

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту. 

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тəсілдерін қарастыру. 

 

1.3. Əдістемелік талаптар: 

- Дəріс жəне басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету. 

- Сұрақтарды талқылау жəне дұрыс жауапты табу. 

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету. 

 

Семинар( практикалық) сабақтардың жоспары. 

 

 

№  Тақырыбы 

Мазмұны 

Апта 


Əдебиеттер 

Ежелгі 



дəуір 

тарихы 


 

 

Ежелгі  дəуір  əдебиетін 



дəуірлеу  жəне  зерттелу 

жайы 


1-апта 

1-аптадаға 

дəріс 

соңындағы 



əдебиеттер  

Түркі  қағанаты 



дəуіріндегі 

əдебиет 


Түрік 

қағандығы 

дəуіріндегі  түркі  тектес 

халықтар 

əдебиетінен 

мəліметтер беру 

2-апта 

2-аптада 



өтілетін  дəріс 

əдебиеттері 

«Қорқыт 


ата» 

кітабы 


«Қорқыт» 

кітабының 

сюжеттік-композициясы, 

3-апта 


3-аптадағы 

дəріс 


көркемдік  ерекшеліктері 

туралы. 


соңындағы 

əдебиеттер 

«Оғыз 


қаған» 

жыры  


«Оғызнаме»  дастанының 

құрылымы 

мен 

семантикасы



4-апта 

4-аптадағы 

көрсетілген 

əдебиеттер 

Орта ғасыр жəне 



ислам əдебиеті 

Исламның 

түркітектес 

халықтар  əдебиеті  мен 

мəдениетіне əсері. 

5-апта 


5-аптада 

өтілетін  дəріс 

соңында 

көрсетілген 

Əл Фараби 



Ислам 

мəдениетінен 

білім алып, төл əдебиетке 

қызмет  еткен  Фарабилер 

əлемінен деректер. 

6-апта 


6-аптада 

өтілетін  дəріс 

соңында 

берілген 

Ахмет Яссауи 



А.Йассауидің  əдебиетке 

қосқан 


үлесі 

жəне 


сопылық 

əдебиеттің 

идеясы мен құрылымы. 

7-апта 


7-аптадағы 

дəріс соңында 

көрсетілген 

Ахмет  Жүйнеки, 



Сүлеймен 

Бақырғани 

Ахмет, 

Сүлеймен 



шығармашылықтары 

жəне дəуірлік көрінісі. 

8-апта 

8-аптадағы 



дəріс соңында 

берілген 

Махмұд 


Қашқари 

Қыпшақ  сөздігінің  ішкі 

семантикасы 

мен 


құрылымы, 

тіл 


мен 

əдебиеттегі алар орны. 

9-апта 

9-апта 


соңындағы 

дəрісте 


көрсетілген 

10  Жүсіп Баласағұн  Баласағұн 

шығармаларындағы 

ел, 


жер  мəселесі  жəне  ел 

басқару 


ісі 

туралы 


ғақлиялар. 

10-апта 


10-аптадағы 

дəрістің 

соңында 

берілген 

11  Алтын 

Орда 


дəуіріндегі 

əдебиет 


Алтын  Орда  дəуіріндегі 

жалпытүркілік 

əдебиет 

нысандары 

мен 

қоғамдағы орны. 



11-апта 

11-апта 


соңында 

көрсетілген 

əдебиеттер 

12  С,Сараи 

«Гүлстан 

бит 


турки» 

Сараи 


шығармашылығының көп 

жанрлылығы, 

көп 

тақырыптығы 



мен 

көркемдік ерекшеліктері. 

12-апта 

12-аптадағы 

дəріс соңында 

көрсетілген 

13  Тарихи  көркем 

шежірелер 

Шежіре 

тарихының 



ежелгі 

сілемдеріндегі 

көркем тарихнама. 

13-апта 


13-апта 

соңында 


берілген 

əдебиеттер 

14  Хорезми 

«Мұхаббатнаме» 

жəне 

Дүрбек  


«Жүсіп-Злиха» 

Бұл  кезең  əдебиетіндегі 

лиризм  мен  трагедияның 

əдебиеттегі бейнеленуі 

14-апта 

14-аптадағы 

дəрістің 

соңында 


көрсетілген 

15  М.Х.Дулати 

Тарих 

атасы-Дулатидің  15-апта 



15-аптадағы 

«Тарихи-и 

Рашиди» 

жалпыхалықтық  тарихқа 

қосқан үлесі. 

дəрістің 

соңында 


көрсетілген 

əдебиеттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет