Қазақ филологиясы



бет29/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Түтуге мен сорлының бас саларсың (Шернияз).

Осындағы айтып сал сөзі әсiрелеп, күшейтiп, бейнелеп айту қызметiнде жұмсалған. Бұлар белгiлi ұғымды, атауды бiлдiрiп қана қоймай, сонымен қатар сөйлеушiнiң қатысын, эмоциясын бiлдiредi. Ал күрделi eтicтiккe келсек, онда бейнелiлiктің қажеті жоқ» тура лексикалық мағынаны бiлдiредi», - дейдi [42, 45].

Мұның өзі күрделі етістіктер мен етістік мәнді фразеологизмдердің ара жігі айқындалып бітпегендігін көрсетеді [42,109].

Тiлiмiзде тipeк сөзi сөйлеу атаулары болып келетiн көптеген фразеологизмдер бар.

Фразеологиялық бiрлiктермен берiлген күрделi сөйлеу eтicтіктepi: басынан сөз асырмау, жер-жебiрiне жету, сөзi желге ұшу, жерден алып жерге салу, қара қылды қақ жару, әңгімені аяқсыз қалдыру, аузына сөз тұрмау, екі сөздің басын құрай алмау, өз сөзінен өзі ұсталу, әңгiме ­дүкен құру, жай-жапсарды 6iлу, ақыл-кеңес беру және т.б.

Қазақ халқы ойдың өткiрлiгiн, оның дел әpi нақтылығын жоғары бағалаған, жақсы сөздiң сиқырлы күшiне сенген, ал «жақсы сөз-жарым ырыс» немесе «сөз сөзден шығады, сөйлемесе неден шығады» тәрiздi мақал-мәтелдерден көрінеді.

Бiз негiзгi сыңары «сөз» болып табылатын 500-ден астам сөз тipкecтepiн анықтадық: айшықты сөз, алып қашпа сөз, асқақ сөз, астарлы сөз, асыл сөз, әдiл сөз, әлжуаз сөз, әуездi сөз, бағалы сөз, байбалам сөз, бетуалы сөз, бейпiл сөз, бөстекі сөз, бұлдыр сөз, бықсық, сөз, бiрқатар сөз, бітім сөз, даурықпа сөз, дүдамал сөз, дүрдараз сөз, eсті сөз, жадағай сөз, жаңсақ сөз, жаұтаң сөз, жұмсақ сөз, зиялы сөз, зілді сөз, ишарат сөз, кeкecін сөз, келелі сөз, көpікті сөз, күңкіл сөз, қадірлі сөз, қаңқу сөз, қарымта сөз, қиқу сөз, қисынды сөз, қомақты сөз, құдіретті сөз, құр сөз, лепірме сөз, мағыналы сөз, мөлдір сөз, нәрлі сөз, оң сөз, орынды сөз, өктем сөз, өрнекті сөз, өткір сөз,

өтiмдi сөз, пайдалы сөз, пендешiлiк сөз, ресми сөз, сәулелi сөз, сұйық сөз, сыбыс сөз, сiлтеме сез, таза сөз, томырық сөз, тосын сөз, тура сөз, туынды сөз, тың сөз, ұйқас сөз, ұлағатты сөз, ұнамды сөз, ұтымды сөз, ұшқыр сөз, үйлесiмдi сөз, улкендiк сөз, шашыранды сөз, шұрайлы сөз, шырмау сөз, шiрiк сөз, ыстық сөз, iлiп-тартпа сөз және т.б.

Зерттеуде көрсетiлгендей, сөйлеу етістіктері қазақ тiлiнде сөйлеу әpeкeтін дифференциялы түрде атайтын сөйлеу актісін ғана бiлдiрмейдi, сонымен бiрге айтылудың барлық жағын қамтиды, бұл орайда сөздiң сипатын немесе тәсiлiн анықтайды, айтылу тұлғасына назар аудара отырып сөйлеу нысанын атайды. Бұл мақсат үшiн бiз қазақ тiлiндегi сөйлеу актiсiнiң барлық түpiн, типтерiн, әр түрлiлiгiн қамтитын 1000 - нан аса сөйлеу етістіктерін қарастырдық.

Осыған байланысты қазақ тiлiндегi сөйлеу етістіктерінің үлгілері, олардың жұмсалымдық ерекшеліктері: нысаны, мазмұны, мақсаты, адресаты және т.б. қандай да болмасын бір сөйлеу етістіктері қалай және қандай жағдайда да айтылғаны жүйелі түрде талданды: айқай салу, айқай шығару; ақыл айту; ақыл-кеңес беру; алғыс жариялау; аузынан ақ ит кiрiп қара ит шығу (жаман сөз айту, балағаттау); аузына дамыл болмау (тоқтамай көп сөйлеу); әңгiме - дүкен құру, әңгiмеге құлақ асу, әңгiмеге құлақ салу, әңгiменi қайта тiрiлту; баяндама жасау; бұйрық беру; дауыс көтеру; жала жабу; жауап алу; жауап беру; жауап қату; ой салу; кешiрiм сұрау; кінә тару; қарғыс ату; қарғыс тию, қарғысына қалу; мұңын шaғу; мiн тағу; өсек айту, өсек ету, өсек тасу, өсек тарату; өтірік айту; пiкiр айту, пiкiр таластыру; cөгic алу, cөгic беру, cөгic есту, cөгic жариялау; сұрақ беру, сұраққа жауап беру; сын тару; тiл қату; уәде беру, уәдеде тұру; ұрыс шығару, ұрысып қалу; хабар айту, хабар беру, хабар салу; үн қату; қорытынды шығару; жанжал шығару; мазақ қылу және т.б.

Кейбiр сөйлеу атаулары көмегімен жасалған сөз тipкecтepi қарама-қарсы мағынада қолданылады: аузына құм құйылу (сөйлемеу, үндемеу), жақ ашпау, жағын ашырмау, жұмған аузын ашпау, үн қатпау, сөз аяғын жұтып жiберу, сөз ұшын ұстатпау, сөз қайтару, сөзiн аяқ асты ету және т.б.

Бiз анықтаған сөйлеу семантикалы eciм және басқа да сөздер әр түрлі модальды-экспрессивті реңктегі сөзжасамдардың, сөз түрлендiрудiң негiзгi кездерi болып табылады. Оларды төмендегiдей жолмен жiктеуге болады:

1. Айтылу процесiн бiлдiретiн атаулар: сөз, сөйлем, әңгiме, хабар, сұрақ, жауап, ой, пiкiр, лебiз, тiл, дәлел, сұхбат, мағлұмат, тұжырым, қорытынды, үн, дыбыс, мысал, үгіт, насихат, сыр, сын, баяндама, уәде, түсінік және т.б.

2. Модальды, эмоциялы-экспрессивтi мағына бiлдiретiн атаулар:

а) жағымды эмоциялық мағынада: алғыс, әзiл, кешiрiм, қалжың және т.б.

ә) жaғымсыз эмоциялық мағынада: дау, жанжал, қарғыс, cөгic, ұрыс, кepic, epeгеc және т.б.

б) бұйрық беру, әмip ету мағынасында: үкім, бұйрық, әмip және т.б.

в) күдiк келтiру, жорамалдау мағынасында: өсек, сыбыс, күңкiл, қауесет, өтірік және т.б.

Сөйлеу eтicтiктepi eciм немесе басқа да сөз таптарынан -ла, -ле, ­да, -де, -та, -те; -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес сөз жасамдық аффикстер жалғануы арқылы күрделi құрамды сөйлеу eтicтiктepi және сөз тіркестері жасалады.

Бұл орайда көрсетiлген eтicтiк жасаушы аффикстердiң семантикалы eciм және басқа да сөздерге жалғануы қандай өзгерiстерге түсiрмейтiнiн, олардың негiзгi мағыналарын сақтайтынын атап өткен жөн.

Сөз тіркестерімен жасалған сөйлеу eтicтiктepi негiзгi синтаксистiк бiрлiктердiң бiрi болып табылады. Күрделi сөз тiркестерiнде көбiне бағыныңқы eтicтіктер негiзгi сөздi (сөйлеу атауын) барлық жағынан анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет