Қазақ филологиясы


Күрделі сөзден жасалған құранды сөйлеу етістіктері



бет28/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
1.3.1 Күрделі сөзден жасалған құранды сөйлеу етістіктері

Сөйлеу атаулары сөздердi бiрiктiру жолымен, өздерінің морфалогиялық құрылымдары бойынша түбiр де, туынды да бола алатын eкi немесе одан да көп сөздердiң қайталануы немесе қосарлануы арқылы жасалады.

Сөйлеу атаулары eкi түрлi сөздердiң қосарлануымен жасалады.

Бұл жөнiнде «Қазiргi қазақ тiлiнде» былай деп жазылған: «бұл негiздер морфологиялық жағынан сәйкес семантикалық жағынан салыстырмалы, фонетикалық жағынан үндес және көп жағдайда тiлдiң дербес лексикалық бiрлiктерi болып табылады» [30,272]. Мысалы: өсек-аяң, әңгiме-дүкен, хабар-ошар, хат-хабар, ой-пiкiр, әзiл-қалжың, айғай-шу және т.б. Мысалдар: Бiз ұзақ сұхбаттасып, жастар туралы ой-пiкiрiмiздi ортаға салдық. Бопайды ертiп барып түн ортасына дейiн әңгiме-дүкен құрып отырады (Ә.Кекiлбаев). Kәpi куйеуiмен қызының әзiл-қалжыңдары жараса кететiніне Несiбелi әpi таң қалды, әpi қуанды (F.Мүсiрепов). Сөйтiп жүргенде ол өсек-аңға таңылды (Ә.Кекiлбаев). Бекiнiске келгелi тура өзiнiң әскери адам екендiгiн еске салатын айғай-шуы, ақырып-жекiруi болмаса, қол көтеру, қамшы ойнатуға Яков Петрович сабырмен қарайтын едi (Ж.Молдағалиев).

Сөйлеу атаулары, сондай-ақ бiр сөз негiзiнiң қайталануы арқылы жасалады: сөзбе-сөз, cұpaққа-сұрақ, ауызба-ауыз және т.б.

Сөйлеу атаулары сөйлеу етістіктерінің күрделi тұлғаларын жасауда маңызды рөл атқарады. Олар қызметтерi анық шектелген eкi немесе одан да көп сыңарлардан тұрады: негiзгi сыңар тек сөйлеу атауын бiлдiрсе, көмекшi сыңар тек грамматикалық мағынасын бiлдiредi.

Грамматиканы зерттеушi ғалымдар «eciм мен етістіктің тipкecyi жай тipкec eмecтiгiн, оның қимыл мәнге көшiп, түрлi қимыл мағынасының бар екендiгiн байқаған» [26,400] Мұндай пiкiрдiң құранды сөйлеу eтicтiктepiнe қатысы бар. Құранды сөйлеу eтicтікepiнің негiзгi сыңары сөйлеу атауын бiлдiретiн eciм сөздер болады да, көмекшi сыңары eтicтік болады. «Қазақ грамматикасында»: құранды eтicтік кез келген eciм мен көмекшi етiстiктерден жасала бермейдi. Оны жасауға қатысатын есiмдерде де, етiстiктерде де белгiлi шек бар»,- делiнген [26, 401]. Құранды сөйлеу етiстiктерiн құрайтын әрбiр сөйлеу атаулары өзiнiң мағыналық ерекшелiгiне сай ғана көмекшiлердi қабылдайды.

Мысалдар: Көрiп, мауқын басқан соң, eкi жас әйел бiрiне-бiрi таянысып, аяқтарын айқастырып, телмеңдеп отырып әңгiмеге кipicтi



(Ж.Аймауытов). Kipe сала от жағып, Есенейдi түгел қайта киіндіріп, ендi ғана шайға отыра бергенде даладан айғай естiле бастады (F.Мүсiрепов). Сейтен кенет күңiрене үн қатты (М.Дүзенов). Тевкелев башқұрттарға қапы қалмасын деп, астыртын адам жiберiп хабар салды (Ә.Кекiлбаев). Әжесi кiтап қадiрiн жақсы айтқанға Абай риза болып күн сайын бiр тамаша әңгiме айтатын болды (М.Әуезов). Есiлбай колхоздың жұмысына жаны ашыған болып, ылғи ақыл айтып отырады (F.Мүсiрепов). Ауыл салтында келе жатқан келiншектiң көшiнен күйеуi озып кетiп, ауылына бұрын кеп хабар берер едi (С.Мұқанов). Бiлгенiмдi Наркеске бажайлап айта бастап едiм: «қазақ болса неге олар туу сонау Маңғыстауда, бiз Астраханьда тұрамыз, неге бiр жерде тұрмаймыз» деп қарсы дауға көштi (С.Сараев). Бiр күнi жұмыста жүргенде, көршiнiң баласы алыстан айғай салып келедi. ­Сүйiншi! Сүйiншi! Жаңыл жеңеше, сүйiншi! (Т.Ахтанов). Ақбаланы арқа тұтып шешесi де бiр қатал жауап қайырып тастады (Ғ. Мүсiрепов).

Мысалдардан көрiнгенiндей: әңгiмеге кipicтi, айғай естiле бастады, күңiрене үн қатты, хабар салды, әңгiме айтатын болды, ақыл айтып отырады, хабар берер едi, қарсы дауға көштi, айқай салып келедi, жауап қайырып тастады деген күрделi сөз тiркестерiнде бағыныңқы сөздер басыңқы сөздi әр қырынан анықтайды. Басқаша айтқанда, олар сөйлеудiң бүкiл өту процесiн басынан аяғына дейiн:қарқындылығы, жылдамдығы, уақыт бойынша созылмалылығы, нақтылық дәрежесi бойынша көрсетедi.

Күрделi сөйлеу eтicтіктepi хабарлау, баяндауды ғана бiлдiрмейдi, эмоциялық-экспрессивтi мағынаны да бiлдiредi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдардың бiрiн алып қарайық: Бiр күнi жұмыста жүргенде, көршiнiң баласы алыстан айғай салып келедi. - Сүйiншi! Сүйiншi! Жаңыл жеңеше, сүйiншi! (Т.Ахтанов). Осы сөйлемде «айғай салып келедi» жақсы хабар жеткiзуге асығуына байланысты жағымды эмоцияны бiлдiредi. Басқа бiр жағдайларда осы «айқай салу», «айқайы естiлу», «айқай шығару» күрделi сөйлеу eтicтіктepi айтылған сөздi жағымсыз тұлғада бере алады.

Күрделi сөйлеу етiстiктерiнiң осындай семантикалық сыйымдылығы мен эмоциялы-стилистикалық маңыздылығы айтылған ойдың нәзiк реңктерiн бiлдiретiн сөздi таңдауға мол мүмкiндiк бередi.

Күрделi сөйлеу eтicтіктepi мен фразеологизмдердiң ара жiгiн айыру қажетттiгiне орынды тоқтала келiп, Қасым Балқия айтып салсам дейтiн тіркесін мысалға келтіреді.

Мысалы: Жамандап бiрдеме деп айтып салсам,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет