Қазақ филологиясы


Сөйлеу мәнді етістіктердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы



бет39/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Сөйлеу мәнді етістіктердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы

Сөйле, айт, де т.б. етістіктер сөйлемде толықтауыштың да қызметін атқарады.

Де етістігінің толықтауыштық қызметін талдайтын болсақ, тілімізде жиі толықтауыштық қатынаста жұмсалатындығын байқаймыз.

Мысалы, Бірақ құдық иесі дегенін қайтпай орындады (С.Бақбергенов).



Дегенін орындаса, Әзімбайға содан басқа сабақ та, жауап та жоқ (М.Әуезов).

Есім сөз + дегенді” толықтауыш қызметінде жұмсалады. Де етістігі зат есім, сын есім, сан есім сөздермен тіркесіп, тура толықтауыш мүше құруға қатысады.



Баяғыда жас күнімізде ердің бетінен алу дегенді білмейтін едік (Б.Соқпақбаев).

Жалқы есім + дегенді” құрылым объектілік қатынаста болып, аталған кісінің тыңдаушыға белгісіз, таныс емес, бөгде көріну мағынасын береді. Ағам Күләйша дегенді ертіп келді (Ж.Шағатаев). Байтенов дегенді тізімнен таппай қиналды (Ж.Шағатаев).



-Құдай тағала қарын қамы дегенді жаратпаса да болады екен

(Ғ.Мүсірепов). Ұялғаннан тақтайды тепкілеп, бақыра бастадым: “Өлімнен ұят күшті” дегенді кейінірек естісем де өз басымнан бір өткіздім-ау деймін (Ғ.Мүсірепов).

Ән рахат болмай, Әйгерімді жазалаудың, өсектеп кінәлаудың себебі болғандықтан Абайдың есті жары енді ән айтқызуды тоқтатуды сұраған (М.Әуезов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет