Қазақ филологиясы



бет42/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер сөйлеу әрекетін дифференцияланған түрде атайтын сөйлеу актісін ғана білдірмейді. Сонымен қатар, айтылудың барлық қырын қамтиды, бұл орайда сөйлеудің сипатын немесе тәсілін анықтайды, сөйлеу нысанын оның айтылу тұлғасына назар аудара отырып атайды. Осыған байланысты зерттеу жұмысында сөйлеу етістігі тұлғаларына, олардың нысаны мен мазмұнына, қолданылу ерекшеліктеріне, сөйлемдегі қызметіне талдау жасалынды.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауы « Сөйлеу мәнді етістіктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері» деп аталып, тарауда сөйлеу мәнді етістіктердің зерттелу тарихына шолу жасалды. Сөйлеу мәнді етістіктердің көне түркі тіліндегі қолданыстары С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Әбілқаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, И.Маманов т.б. ғалымдар еңбегіне сүйене отырылып қарастырылды. Ол еңбектерде сөйлеу мәнді етістіктер жөнінде, олардың мағынасы, қызметі туралы құнды пікірлер айтылады. . Осы түркі тіліндегі зерттеулерде және V-VIII ғғ. көне жазба ескерткіштерінің материалдары де –етістігімен оның туынды тұлғаларының қолданылу жиілігі бойынша сөйлеу етістіктерінің ішінде алдыңғы қатардан орын алатынын көрсетеді.

Қазақ тіліндегі сөйлеу етістіктерінің семантика-грамматикалық құрылымы туралы жұмыста мағлұмат берілді. Сөйлеу етістіктері дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктері және жалпы мағыналы сөйлеу етістіктері деп екіге бөлініп талданды. «Де» етістігіне жан-жақты талдау жасалды. Талдау барысында төмендегiдей тұжырым жасауға болады:



де-, те-, тi-, дi-, ди- барлық түpкi тiлдерiнде қолданылады әpi ең көне және байырғы eтicтiк болып табылады;

- де eтicтiгi (көне жазба ескерткiштерiнде) айтылу, хабарлау қызметтерiн дербес атқарады, сонымен бiрге автор сөзiнiң құрамында бөгде сөз бар екендiгiн көpceттi;

- де етістігі қазiргi түркіi тiлдерiнiң бiрқатарында белгiлi бiр өзгерiстерге түсті: айту, деу, қауесеттеу, дауыстау жене т.б. етістік ретiндегi дербес мағынасын жоғалтты;

- қазақ және басқа да түркі тiлдерiнiң нақты материалдары көрсеткендей, де етістігі мен оның мәнiн алдында немесе артында тұрған сөзбен байланыстырып қана бiлуге болады. Сондай-ақ кейбiр түркі тiлдерiнде де етістігі баяндауыш ретiнде дербес қолданылады. Бұлардың қатарында оғыз тобын және басқа түркі тiлдерiн айтуға болады;



-де етістігі түрлi жолдармен ашық райда, бұйрық райда, шартты райда тұрып экспрессивтiк мағына бередi;

-де етістігі күрделi етiстiктердiң құрамында түрлi грамматикалық формаларда келiп, түрлі модальдық реңкте жұмсалады;

- деп көсемше тұлғасы айрықша зерттеудi қажет eтті, өйткенi ол: 1/ жай сөйлемде сан қырлы қызмет атқарады; 2/ eкi дербес сөйлемдi тұтас құрмалас сөйлемге бiрiктiредi; 3/ автор сөзiн бөгде сөзден ажырату үшін қызмет етеді.

Сонымен, де етістігі әр түрлi тұлғалық-семантикалық өзгерiстерге ұшырай отырып, қазiргi қазақ тiлдерiнде әлсiреген лексикалық мағынаға қосымша грамматикалық мағынаны бiлдiретiн күйде, сондай-­ақ, лексикалық мағынасын толық жоғалтқан күйде (демек, дегенмен және т.б.) кездесетiнiн және «дәл», «тура» деген мағынада толық мағыналы сөздің орнына жұмсалатынын көрсетті.



Деп көсемшесiнiң көп қырлы қызметi бұрыннан лингвист­туркiтанушылардың назарында болып келдi. Түркітану ғылымында деп көсемшесiнiң синтаксистiк қызметiне бiрқатар арнайы зерттеулер жасалды.

Соның нәтижесінде, айт етістігінің айтылған сөздің бiрмәртелiлiгiн, дәлдiгiн бiлдiретiндiгiн көpceттi:

-айт сөйлеу етістігі төлеу сөздi жеткiзу де негiзгi рөл атқарады;

-айт етістігімен жасалған аналитикалық формалы сөздерде айт сөзі өзгермей, оған қосылған сөз түрлендіруші элементтер ғана өзгереді, сол сөздiң түрлi грамматикалық формалары жасалады. Айт етістігінің аналитикалық форманттары тiлдi морфологиялық көрсеткiштер қызметiнде әбден қалыптасқан;

- айт сөйлеу eтicтігі қазiргi қазақ тiлiнде шақ, жақ, түр, рай, eтic категорияларына ие бола отырып, түрлi модальдық мағынаны бiлдiредi;

- айт eтістігіне (-c, ыс) ортақ eтic аффиксiнiң жалғануы eкi адам немесе ақындар арасындағы айтысты бiлдiредi, сондай-ақ, айтыс, айтыстым, айтыстың, айтысты және т.б. тұлғаларда қолданылып, ол адамдар арасындары керiсудi бiлдiредi;

- айт eтicтiгi әрекет етушi бастауыш болатын, ал нысанасы табыс септiгiндегi тура толықтауыш болатын сабақты eтicтiккe жатады;

-айт сөйлеу етiстiгiнен шыққан айтпақшы сөзі өзінің лексикалық мағынасын толық жоғалтып, қыстырма сөз ретiнде, сондай-ақ -шы жұрнағының көмегімен модаль сөз peтіндe қолданылады.

Сөйле етістігі жөнінде төмендегiдей қорытынды шығаруға болады:

- сөйле етістігі - негiзгi сөйлеу етістіктерінің бiрi болып табылады және айтылу процесiнiң көп мәртелiк әрекетін бiлдiредi;

-сөзле-сөйле етістігі көне түркі жазба ескерткiштерiнде

баяндауыш ретiнде де, төл сөздiң жалғастырушы қызметiнде де қолданылады;

- қазiргi қазақ тiлiнде сөйле eтicтігі және оның туынды тұлғалары кеңінен қолданылады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет