Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, салыстыру, статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні. Қазақ тілі грамматикасындағы сөйлеу мәнді етістіктердің қалыптасу жолын, ерекшелігін, синтаксистік қызметін жан-жақты талдап, сипаттаған еңбек - етістіктің лексика-грамматикалық табиғатын зерттеумен айналысып жүрген зерттеушілерге көмекші құрал. Жоғары оқу орындарында «Қазіргі қазақ тілі», «Сөйлеу мәдениетінің негіздері», «Тіл мәдениеті» т.б. арнайы курстарда пайдалануға болады.