Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады


Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп болады



бет2/5
Дата11.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#137380
1   2   3   4   5

Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп болады:

  • Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп болады:
  • - қарапайым диалектика;
  • - ерлік пен батырлық мәселесі;
  • - еріктілік пен бостандық мәселесі;
  • - адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру;
  • - әлеуметтік әділетілік мәселе;
  • - аксиологиялық мәселелер.
  • - дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;
  • - адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ізденістер;
  • - адамгершілік және мораль мәселелері;
  • - ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б.

Алғы философия

  • Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни сенімдер мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірнеше наным сенімдері (шаманизм, тотемизм, Тәңіршілдік, анимизм, фетишизм) болған. Соның ішінде ежелгі қазақтардың дүниетанымын толықтай ашатын Тәңіршілідік діні еді. Тәңіршілдікте басты құдай – Тәңірі, ол аспан әлемнің жалпы сипатын беруші, жердегі өмір образын қадағалаушы. Тәңіршілдіктегі Құдай өзімен-өзі пайда болған немесе батыстық тілмен айтсақ, өзіне-өзі себеп абсолюттілік емес, ол табиғат құбылысы. Оның барлық әрекеті табиғаттың тылсым күштері арқылы адамға танылып отырады.
  • Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінде „Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаратылған ..." – деп жазылған.
  • Көне Түркілердің нанымында ерекше орынға ие болған Ұмай ана – үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түркі ескерткішінде Ұмай анаға арналған қоштасу сөздері жазылған). Қазақтардың дүниетанымындағы екі құдай да табиғаттың бір бөлшегі ретінде болса, өзі сол табиғат бөлшегіне тәуелді жан ретінде айқындалған.
  • Ертедегі ата-баалардың тотемі ретінді қасқырды есептеген. Түрік қағандарының патшалық рәміздерінде қасқыр бейнесі болған.
  • Көне түркілер үшін қайырымды рухтар – ата-баба рухтары болған.оларға арнап құрбандық шалынған. Бұл жөнінде батырлар жырларда сәбиге зар болғандар жөнінде: „Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып" деп, олардың тілеуін де сол әулелер қабыл еткен.
  • Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойдың бастааушысы Анахарсис (Анарыс). Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққанын айтады. Гректер оны жеті дананың бірі деп есептеген, оған арналған ескерткіште Анахарсистің „Тілің мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай біл" – деген сөзі жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет