Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады



бет1/5
Дата11.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#137380
  1   2   3   4   5

Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:

  • Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:
  • Алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін):
  • - қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;
  • - Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойлар
  • Ұлттық философия (XIғ. – XIXғ.):
  • - ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауи;
  • - ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Жыраулар дүниетанымы: Сыпыра жырау (ХІҮ ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ.), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ.), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ.)
  • - ХІХ ғ. ағартушылық философия: Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев
  • - ХХ ғ. философиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы;
  • - ХХғ ағартушылық-демократиялық философия: Жүсіпбек Аймаутов, ахмет Байтұрсынов, Әлиххан Бөкейханов, Мыржақып дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев. Ұлттық демократиялық қозғалыстың жетекшілері, „Алаш" партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға тырысқан.
  • - Кеңестік дәуірдегі отандық философия: Ж.Әбдилдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, М.Сәбитов,З.Мұқашев, А.Балғанбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б.
  •  
  • Қазіргі заман философиясы: қазақ халқының мыңжылдарды қамтыған рухани дүниесі қайта қаралып зерттелуде, сол сияқты әлемдік философияның соңғы тыныс-тіршілігін талдап зерттеулер жүргізілуде: Ә. Нысанбаев, М.Орынбеков, С. Ақатай, Б. Нұржанов, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Қ. Нұрланова, Т. Аитқазин,Т. Бұрабаев, Ғ. Есім т.б.

 Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:

  •  Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:
  • · Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсітесе көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады.
  • · Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы борлды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.
  • · Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді («синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. бұл дүниегекөзқарастық принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипаталады. Ол ауздан ауызға тараған ауыз әдебиетінен көрінді.
  • · Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырымдап отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет