Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады



бет3/5
Дата11.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#137380
1   2   3   4   5

Ұлттық философия

Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады.

  • Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады.

Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет