Қазақ философиясының даму кезеңдері


негiзгi ерекшелiгi, аса баға жетпейтiн қасиетi



бет4/5
Дата09.05.2022
өлшемі36,55 Kb.
#33570
1   2   3   4   5
негiзгi ерекшелiгi, аса баға жетпейтiн қасиетi.

Бұл арада Қ.А. Яссауи үзiлдi-кесiлдi адамның терең мəнiн оның рухани

тұңғиығынан iздейдi – бұл көзқарас немiс ойшылы К. Ясперстiң «нағыз адамның өмiр сүру ақуалы – рухани ақуал» деген сөзiмен үндеседi. Қ.А. Яссауидiң қойған пендешiлiктi шектеу, нəпсiнi тиу, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа келу мəселелерi бүгiнгi жер бетiндегi өмiр сүрiп жатқан адамзат қауымына өзiнiң өзектiлiгiмен танылуда, əрине, арада сан ғасырлар өттi, өндiргiш күштер ол заманда түске де кiрмейтiн ғажап биiктiк-терге көтерiлдi, бiрақ, сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершiлiк саласы да сондай биiктiктерге самғады деп айта алмаймыз, бұл сала да бiр орнында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бiрақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен болуда.

ХV ғ қарай тарихының тамыры көне заманға кететiн түркi тайпалары- ның өмiрiнде елеулi өзгерiстер басталады. Жəнiбек пен Керей бастаған көшпендi тайпалары қазiргi Қазақстан жерiнде өз мемлекеттiгiнiң туын тiгедi де, өзiнiң жаңа этнонимiне – “қазақ»,- деген атқа ие болады. ХV-ХVIII ғғ дүниеге келген философиялық ой-талғамдар негiзiнен алғанда жыраулық түрде таралып өмiр сүрдi. Өйткенi, көшпендiлердiң арасында сауаты ашылған, жазылған сөздi оқитын адамдардың саны көп болмай, олар көбiне ақсүйектерге ғана тəн болатын, қарапайым сөзбен жеткiзiлген ой бiреуден- екiншiге тарау жолында өзгерiп алғашқы мəн-мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мəлiм. Тек қана өткiр де терең, нақышына келтiрiлген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар оның сана-сезiмiне өзiнiң зор əсерiн тигiзiп, халықтың жадында сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен iс- əрекетiне өзгертулер еңгiзе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тəн нəрсе емес.

Қазақ халқының ақын-жырауларының iшiнен аса көрнектi тұлғалар ретiнде Сыпыра жырауды (ХIV ғ), Асан Қайғы, Қазтуған Сүйiнiшұлын (ХV ғ), Доспамбет пен Шалкиiз жырауларды (ХVI ғ), Жиембет пен Марғасқа жырауларды (ХVII ғ), Ақтамбердi мен Тəтiқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (ХVIII ғ) атап өтуге болады. Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгiрт уақытта өмiр сұрген жырау болса керек. ХV ғ өмiр сүрген Қазтуған Сүйiнiшұлы Едiл мен Жайық арасын мекендеген ұлыстарды өмiр бойы бiрлiкке шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дəулет тiлеген жырау ақынның екi жолынан бiр жағынан оның халқына деген махаббатын, екiншi жағынан, оның оған деген аяныш сезiмiн байқауға болатын сияқты. Жырау өзiнiң жеке өмiрiн халқының тағдырымен ажырамастық тұрғыдан қарастырып, өз жұртын Отанды сүюге, ата-бабалардың ғұмыр кешкен жағалай ортасын əлпештеуге, оны қорғауға шақырады.

ХV ғ аса көрнектi жыраулардың бiрi – Асан Қайғы. Оның аты ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен. Жырау өмiр сүрген уақыт: Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырап жаңа қазақ хандық мемлекеттiгiнiң қалыптаса бастау кезеңi болатын. Мiне, Асан қайғы осы күрделi де жауапты iске ат салысып, жаңа мемлекеттiң iрге тасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегi ел басындағылардың кемшiлiктерiн, кейбiр тайыздықтарын көрсетiп, оларға ақыл берiп, дұрыс жол сiлтегенi үшiн оны халық Асан қайғы деп атап кеткен. Жырау халықтың тарихындағы шешушi кезеңi келгенiн сезiп, жаңа мемлекеттiлiктi құру жолында кетiп жатқан қателiктердi əшкерелеп, Жəнiбек ханға сын айтқан. Жыраудың қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынын алаңдап сезгенi сияқты ой келедi. Ол жаулардан құтылудың негiзгi жолы – бейбiт өмiрдi қамтамасыз ету. Асан Қайғы халықты бiрлiкке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз ету керектiгiн талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, əдiлеттiлiкке шақырады. Сонымен қатар, Асан қайғы қоғам өмiрiндегi моральдік қағидаларға да көп көңiл бөледi. Оның ойынша:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет