Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет106/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

 


272 
КЕНЕСАРЫ БЕЙНЕСІ 
Табаны күректей он жылға созылған Кенесары қозғалысы халық 
жадында ұмытылмастай із қалдырды. Кенесарының өзі, оның сарбаздары мен 
батырлары жөнінде фольклорлық та, әдеби де туындылар сол заманның 
өзінде-ақ пайда болған. Көтерілістің ішінде болған Нысанбай жырау мен хан 
ордасында жүрген Досқожа ақындардың өлеңдері мен толғаулары - тарихи 
оқиғалардың шежіресі іспетті. Көтерілістің тұсында, одан кейін де әр түрлі 
әңгімелер, аңыздар, дастандар туған. Олардың біразы - авторлық шығармалар 
болса, енді бір тобы - фольклорлық, авторсыз дүниелер. Бұл екі топтағы 
туындылардың ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Авторлық 
шығармалар - әдебиетке жатады, оларда автордың даралық ерекшеліктері 
бой көрсетеді де, бейнеленіп отырған оқиға мен кейіпкердің іс-әрекеті 
автордың ой елегінен өтеді. Яғни автор объектісін өзінің мақсатына, талап-
талғамына сәйкес суреттейді. Сол себепті көтеріліс туралы ертедегі, сондай-
ақ кейінгі замандағы әдеби шығармаларда Кенесары мен оның серіктестері 
туралы, олардың атқарған қызметі жайында жеке автордың ой-өрісі, түсінік-
пайымы көрініс табады.
Ал, фольклорда олай емес. Кез келген фольклорлық туынды ең әуелі 
халық түсінігін, халықтың көзқарасын, ойын білдіреді. Сол себепті ол 
оқиғаны да, бас кейіпкерді де халық ұғымына, халық пайымдауына сай 
бейнелейді. Фольклордың негізгі көркем әдісі - романтика, ал көркем мұраты 
- идеал болғандықтан болмыс та, адамдар да дәріптеле суреттеледі. 
Сондықтан қай оқиға болса да, қай тарихи тұлға болса да дәлме-дәл, сол 
күйінде көрсетілмейді, керісінше «солай болса екен» деген тұрғыда 
бейнеленеді. Екінші сөзбен айтқанда, фольклорда өмірдегі шындық емес, 
қиялдағы шындық суреттеледі. Міне, Кенесарының фольклордағы бейнесін 
осы тұрғыдан түсіну керек.
Кенесары туралы фольклорлық шығарма айтарлықтай көп емес. 
Шынын айтқанда, хатқа түскенінен гөрі ел аузында айтылып, әлі 
жиналмағаны көбірек секілді. Ал, қолда бар мәтіндер жанрлық жағынан да, 
мазмұн жағынан да әр алуан. Әзірше мәлім шығармалардың дені - шағын 
өлеңдер, аңыздар мен әңгімелер. Арасында эпикалық туындылар да бар. 
Мысалы, «Абылай, Кенесары» сияқты қомақты жыр. Ал, «Наурызбай-
Ханшайым» атты шығарма тарихи жырдан гөрі халық балладасына жақын, 
онда Кенесары ешкіммен соғыспайды.
Жалпы, Кенесары туралы фольклорлық шығармаларда нақты бір 
тарихи оқиға баяндалмайды. Оларда ханның орыс қаласын шапқаны және 
қырғыздарға қарсы шабуылы туралы айтылады да, соғыс эпизодтары 
суреттелмейді. Мәселен, Ресейдің қазақ жеріне дендеп кіргеніне қарсы күресі 
жайында Емді, Адырлы деген екі қаланы шапқаны айтылады, бірақ қала 
тұрғындарымен болған шайқас бейнеленбейді, оқиға жалпылама түрде ғана 
әңгімеленеді:


273 
Бес жүз әскер жігітпен
Емдінің шапты қаласын. 
Бес жүз сиыр, мың сарық 
Төлеңгітке айдатты.
Болат қақпа, тас кілт
Көрсетіпті ерлер қайратты.
Жолындағы Адырлы,
Оны да шауып сорлатты.
Көп ажалға қарамай, 
Онан алды қырық атты,
Қалғанына өрт қойып, 
Шүлдірлетіп шулатты, - делінеді жырда [1]. Осы 
шығармада және тағы «Кенесарының сөзі» деген өлеңде Кенесарының қазақ 
елі Ресейдің отары болуына қарсы екені ашық айтылады. Оны Кенесарының 
өз сөзінен анық көруге болады: 

Бағынба, қазақ орысқа,
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа дейтін қонысқа.
Береке кетер асыңнан,
Билігің кетер басыңнан... [2]
Бір ғажабы, Кенесары образы біздің түсініміздегі эпикалық планда 
көрінбейді. Ол ежелгі батырларша қалың жауға жалғыз өзі шаппайды, 
мыңдаған қолды жайратпайды, қамалды бұзып, ойран салмайды. Рас, кейбір 
шығармаларда фольклордың шежірелік тұтастану заңдылығы байқалады. 
Әдетте, ескі батырлар жырында қаһарманның ерекше болып туатындығы 
туралы пролог болады. Онда болашақ батырдың ата-анасы, бабасы жайында 
әңгімеленеді. Осы дәстүр Кенесарыға байланысты да аңғарылады. Мысалы, 
«Наурызбай-Ханшайым» атты эпикалық туындыда Кенесарының ерекше 
екенін айту үшін оның бабалары туралы баяндалады. Онда былай делінеді:
Абылай бүкіл мұсылманға хан болған,
Қалмақ Қалданның қызын алған,
Одан Қасым туған.
Ол «өзге ұлынан асып туған,
Көңілін дұшпанының басып туған.
Қарнында анасының қан шеңгелдеп,
Қызартып екі көзін ашып туған», - деп Кенесарының әкесі 
Қасым ерекше адам болғанын айтады. Ал, одан туған Кенесары да - тегін 
емес деген ұғым жатыр мұнда. Қасымның төрт ұлының ішінде бөлек туған 
Кенесары, ол сол себепті хан болды, - дейді халық жыршысы.
Дәл осындай пролог «Абылай, Кенесары» атты жырда да бар. Мұнда да 
Абылайдың қалмақ ханы Қалданның қызын алуы, одан қан шеңгелдеп, екі 


274 
көзін қызартып Қасымның тууы, оның 14 жаста хан болуы, Қасымнан төрт үл 
туғаны айтылады да:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет