Кетер жылдың соңында



жүктеу 479.18 Kb.

бет1/5
Дата10.01.2017
өлшемі479.18 Kb.
  1   2   3   4   5

K

K

K



K

Кетер жылдың соңында қол жеткізген 

жетістіктерімізді саралап, әлі де алуға болатын немесе 

алуға тиісті шыңдарымызды белгілейтін шартты дәстүр 

қалыптасқан. Сондықтан VOX.com да бұл дәстүрден сырт 

айналмады. Біз редакциялық алқаның жаңа құрамын 

жинап, келер жылы журнал да өзгеше болуы тиіс 

деген шешім қабылдадық. Осындай кейбір өзгерістер 

орын алып та үлгерді — сіздер оларды 2012 жылдың 

соңғы нөмірінен байқай аласыздар. Біздің құрметті 

оқырмандар, осы өзгерістер сіздердің көңілдеріңізден 

шығады деп үміттенеміз. 

Телекоммуникациялық секторды дамыту нәтижелеріне 

қатысты да осындай шартты қорытынды жасалды. 

Александр Талановтың мақаласынан 2012 жылы қандай 

тағдыр шешті әрі қызықты оқиғалардың болғанын біле 

аласыздар. 

Kcell компаниясының негізі қаланған 1998 жылдан бас- 

тап есептегенде 2012 жыл аталмыш компания үшін ең 

маңызды белестердің бірі болды. Қазақстанның ірі ұялы 

операторының IPO-сы бірден екі алаңда жүзеге асырыл-

ды– Алматыда Қазақстан қор биржасында (KASE) және 

Лондонда London Stock Exchange-та. Жылдың осы басты 

оқиғалары туралы Татьяна Батищеваның «Welcome, 

Kcell» талдамасы мен қор биржасынан жасалған фоторе-

портаждарынан толығымен біле аласыздар. 

Ұялы телефонның өмірде алатын орнына қатысты 

өзінің көзқарасымен «Сұхбат» айдарында табысты 

бизнесмен, «Меломан» компаниясы иегерлерінің бірі 

Игорь Дериглазов бөлісті. Ал «Дара тұлға» айдарында 

Ерлан Ысқақов халықаралық ритейл жетекшісі METRO 

Cash&Carry-ң Қазақстанда өркениетті сауданы қалай 

дамытып келе жатқаны туралы әңгімелеп береді. 

Жаңа жылда үнемі алда не күтіп тұрғанын білгің келеді. 

Біз арнайы «мобильді» жұлдыз жорамалын жасаған 

жоқпыз. Тек болашаққа көз тастап, мобильді байла-

ныс құрылғыларының қандай болуы мүмкін екендігін 

болжауға тырыстық. Бұл жөнінде Лидия Стоялованың 

«Қалтадағы «кірпіштен», қолыңдағы «түйетабан» жақсы» 

атты материалынан біле аласыздар. 

 Сондай-ақ жаңа жылда барлық күмәнді сейілтіп, бүкіл 

әлеммен тығыз байланыста болуға ешнәрсе кедергі 

келтірмеу үшін біз ұялы байланыс айналасында барынша 

кеңінен тараған бес аңызды жоққа шығаруға тырыстық. 

 

Біз Сіздерге Жаңа жылда мол қуаныш, көздеген 



мақсаттарыңызға жетелейтін сәттілік пен қажырлы 

қайрат, жаңа биіктерді бағындыруға итермелейтін 

талмас талап тілегіміз келеді. Сондай-ақ, әрине, өз 

туыстарыңыз бен жақындарыңызға телефон соғып, 

оларды қаншалықты жақсы көретіндіктеріңіз бен 

бағалайтындықтарыңызды жеткізуге уақыттарыңыздың 

үнемі жеткілікті болуын тілейміз! 

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Құрметпен сіздердің — VOX.com редакциясы

Баспагер:

«Apriori Communications» ЖШС



Бас редактор:

 

Аида Досаева



Шеф-редактор: 

Наталья Еськова



директор:

 

Динара Шериева



Корректор:

 Елена Ким 



дизайн:

 Давид Джубаев, www.vkartinke.com 

Қазақ | ағылшын тіліне аударма:

«InterBridge-A» аударма бюросы



Мәтін авторлары:

Татьяна Батищева

Наталья Еськова

Еркiн Удербай

Салтанат Бердiқұлова

Иван Глущенко

Лидия Стоялова

 

редакцияның мекен-жайы:

050000 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Мақатаев көшесі, 118, 6 пәтер

тел.: 8 [727] 232 71 408

ұялы тел.: +7 701 211 31 77

e-mail: edition.voxcom@mail.ru



«PRIDE PRINT» баспасында басылған

Алматы қаласы, 050000, Мирзоян көшесі, 13–15

тел: 8 [727] 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

 

Журнал Қазақстан Республикасының Байланыс 



және ақпарат министрлігінде 19.10.2011

жылы қайта тіркелген.

Есепке қою туралы куәлік нөмірі 12052-Ж

Енді сіз VOX.com-ды өз 

мобильді телефоныңыздан 

оқи аласыз!



ж

аң

алық

тар

04

 TeliaSonera жаңалықтары

 

12

 K

cell жаңалықтары



 

та

лд

ау

06 

W

elc



ome, K

cell


 

14

 «Ыңғайлы әрі ж

әй ғана қаж

ет!»


 

Фо

то

ж

арияла

М

а

08 

Kcell Қ


аза

қстан 


қор бир

жасында


 

10 

Лондондық City — қала ішіндегі қала

 

сұ

хБ

ат

24 

Игорь Дериг

лазов. Ұ

ялы телефон — бұ

л күрделі бизнес

-құрал


 

18

 

д



айд

жес

т

 

Мар



Кет

20 

Қалтадағы «кірпіштен», қ

олың

дағы «т


үйетабан» жақ

сы

 



28 

Ұялы байланыс т

уралы 5 аңыз

 

34 

Kcell купон — Қазақ

стандағы мобильдік төлем қызмет

терінің бүгіні мен к

елешегі


 

36 

Kcell-ден жаңа телефон

 

тұ

лға

32 

Metro Cash&Carr

y. Өрк

ениет


ті са

уданы дамыт

у ж

олында


ма

зм

ұны



4

5

Биыл БаКуде дәл Швеция 

«Евровидение»-ның жеңімпазы 

атанды. Сондықтан 2013 жылы 

TeliaSonera жергілікті брендтер-

мен қосылып, осы байқаудың бас 

әріптесі болады, оның финалы 18 

мамырда өтеті. «Евровидение»-ні 

әлемдегі 40 елде 100 миллионнан 

астам көрермен тамашалайды. Бұл 

бүкіл әлем бойынша көрсетілетін 

ірі сауықтыру оқиғасы. Бүгінгі таңда 

сауықтырудан рахат алу- сандық 

TeliaSonera Ericsson-нан жаңа M2M 

платформасын дамыту үстінде

TeliaSonera қаңтар-қыркүйек айларында:

бір акцияға қатысты тұрақты таза пайда 

TElIaSoNERa Мен ERIcSSoN 

компаниялары өзара келісім 

жасап, оған сәйкес TeliaSonera 

Global M2M Services Ericsson 

компаниясы ұсынған 

құрылғыны қосу Платформа-

сын енгізбекші (Ericsson Device 

Connection Platform). Негізінен 

скандинавиялық және балтық 

нарықтарында қолданылатын 

жаңа платформа TeliaSonera 

компаниясының M2M 

стратегиясының негізгі құрамдас 

бөлігі болмақ. 

«Жаңа платформа 

біздің скандинавиялық және 

балтық нарықтарындағы 

М2М саласындағы жаңа 

ұсынысымызды толығымен 

нығайта түспек. Бұл әріптестер 

үшін қанық экожүйені, бүкіл 

өңір бойынша сенімді ұялы 

желіні, жоғары қызмет көрсету 

деңгейіне кепілдік беретін 

клиенттерді қолдауға бөлінетін 

ресурстарды білдіреді. Осының 

барлығы отандық M2M 

шешімдерін коммерциялық 

тұрғыда дамыту үшін өте 

маңызды», — деді TeliaSonera 

Global M2M Services-ң басшысы 

Ханс Дальберг.

M2M бизнесі («машинаға 

машина») мобильді опера-

тор тұрғысынан өнеркәсіптік 

көлемдегі ауқымды мобильді 

жазылуларды дамыту мен 

басқаруға алып келеді. Жаңа 

платформа машинааралық бай-

ланыс функциясын қамтитын 

шешімдер саласындағы 

мобильді жазылуларды енгізу 

мен басқарудың бүкіл үздіксіз 

процесі бойынша әріптестер 

мен клиенттер үшін икемділікті 

қамтамасыз етеді. 

TeliaSonera компаниясының 

жүргізген есебі бойынша 2020 

жылға қарай скандинавиялық 

және балтық елдерінде бір 

миллиардтан артық қосылған 

құрылғы болмақ, оның ішінде 

100 миллионы ұялы байланысқа 

қосылады. 

Ericsson компаниясымен 

жасалған келісім жақын жыл-

дары сандық технологиялар 

саласындағы жетістіктердің екі 

есе артатындығын ескере оты-

рып, М2М нарығының жылдам 

келешегін нығайту мақсатында 

компаниялар арасындағы 

стратегиялық әріптестіктің 

бір бөлігі болып табылады. 

Ericsson компаниясы көптеген 

нарықтар мен кәсіпорындарда 

қолданылатын M2M шешімдері 

провайдерлерінің желісіне 

бай TeliaSonera-ң әріптестік 

экожүйесінде сенім артуға 

тұратын әріптес. 

Солтүстік Еуропа мен 

Орталық Азия бойынша Ericsson 

компаниясының аймақтық 

бөлімшесінің басшысы Роберт 

Пускарик осы келісімнен бастап 

қызмет көрсетудің жаһандық 

аймағы құрылатындығы туралы 

айтты.«TeliaSonera мен Ericsson 

компаниялары өзара бірігіп, 

скандинавиялық және балтық 

нарықтарында машинааралық 

байланыстардың кең ауқымды 

шешімін енгізеді », — деп атап 

өтті.

Global M2M Association-ң 



құрылтайшы мүшесі ретінде 

TeliaSonera компаниясы 

операторлардың желілері 

арқылы M2M шешімдері үшін 

бүкіл әлем бойынша клиенттерді 

қосу және оларға қызмет көрсету 

мүмкіндіктерін кеңейте алады.

TElIaSoNERa 2012 жылдың 

қаңтар-қыркүйек айларындағы өз 

жұмысы туралы есеп берді. Ком-

пания бір акцияға қатысты таза 

тұрақты пайданы көрсетіп отыр. 

Үшінші тоқсанда сатып алу-

ларды қоспағанда жергілікті 

валютадағы таза сатылымдар 

өзгерген жоқ. Есеп валютасында 

таза сатылымдар 3.2 пайызға, яғни 

25842 миллион швед кронына 

дейін азайған. EBITDA, бір жолғы 

орындарды қоспағанда және сатып 

алуларды есептемегенде жергілікті 

валютада 4.0 пайызға азайған. Есеп 

валютасында, EBITDA, бір жолғы 

орындарды қоспағанда 6.3 пайызға, 

яғни 9 255 миллион швед кронына 

дейін құлаған).

Тоғыз ай ішіндегі жергілікті 

валютадағы таза сатылымдар, сатып 

алуларды қоспағанда, 1.0 пайызға 

артқан. Есеп валютасында таза саты-

лымдар 0,4 пайызға, яғни 77829 мил-

лион швед кронына дейін артқан 

(77,545). Еркін ақша қаражатының 

ағыны 20806 миллион швед кроны-

на дейін артқан (8863).

 Компания қызметінің 

нәтижелеріне сипаттама бере 

отырып, компания президенті және 

бас атқарушы директоры Ларс Ни-

берг былай деп атап өтті: «Үшінші 

тоқсан операциялық үдерістер 

жағынан екінші тоқсанға ұқсас бол-

ды. Біздің жергілікті валютадағы 

түсім соңғы жылғы деңгейде 

сақталып қалды. Еуразияның екі 

мәнді өсімін жалғастырып келе 

жатқанына, ал деректерді кең 

жолақты өткізу қызметтерінің 

орташа құлдырағанына 

қарамастан біз өзіміздің көптеген 

нарықтарымызда қызметтерді 

жүзеге асырудан түсетін түсімнің 

тапшылығын көріп отырмыз. Біз 

соңғы айларды өз жұмысымызды 

жан-жақты талдауға жұмсадық. 

Басты мақсатымыз — жұмыс істеу 

әдістерін барынша жеңілдете 

отырып, өз бизнесімізді түбегейлі 

өзгерту. Біздің пайымдауымыз 

бойынша, бұл келесі екі жыл 

ішінде шығын көлемін шамамен 

2 миллиард швед кронына дейін 

төмендетуге алып келуі тиіс. 

Біздің клиенттеріміздің 

қорытындысы өте жиі өзгеріп 

отырады, сондықтан біз өз биз-

нес үлгілерімізді дауыстыдан 

деректерді беру жағына қарай 

өзгертуіміз тиіс. Мысалы, қыркүйек 

айында Швецияда өзіміздің жаңа 

абоненттік қосымшаларымызды 

іске қостық, бұл жағдайда біздің 

клиенттеріміз бұрынғысынша Skype 

пен IP-телефонияның басқа да 

мобильді қызметтерін пайдалануды 

жалғастыра береді. Біз біруақытта 

деректерді беру қызметтеріміздің 

бағасын да деректерді беру 

қызметтеріне деген өсіп келе жатқан 

сұранысқа барынша жауап беретіндей 

етіп түзеттік.

Біз «Мегафон» компаниясының  

өзінің бастапқы жария ұсынысын 

жаңартуға және өз акцияларын Лон-

дон мен Мәскеудегі биржада тіркеуге 

деген ұмтылысын қолдаймыз әрі 

құптаймыз.  Бастапқы жария ұсыныс  

сәтті болған жағдайда біз мөлдір, 

өтімді және Ресей бойынша көлемі 

жағынан екінші мобильді операторға 

тікелей иелік етуге қол жеткізуді 

көздеген мақсатымызға жетеміз.  

Бірақ біздің ұмтылысымыз — бір ак-

цияны қоса алғанда кемінде 25 пайыз 

акцияға ұзақ мерзімді стратегиялық  

иелік ету. Біруақытта Қазақстандағы  

Kcell-ң 25 пайызын жария ұсынуына 

дайындық басталды және нарық 

жағдайы мүмкіндік берген жағдайда 

жылдың соңына дейін аяқталады. 

тәжірибе. TeliaSonera Ғаламтор 

мен әлеуметтік медиа-платфор-

малар арқылы «Евровидение»-ні 

көрермендерге бұрынғыдан ба-

рынша жақындату жолында жұмыс 

істейді.

«Біз көптеген жылдардан 

бері швед байқауының әріптесі 

болдық. Енді біз тағы да бір қадам 

алға ілгерілеп, мамыр айында 

өтетін үлкен мерекеге жүздеген 

миллионнан астам адамның басын 

қосқымыз келеді, — деді, TeliaSonera 

компаниясы тобының коммуникациялар 

жөніндегі директоры Сесилия Эдстром 

— Еуропадағы озық операторлардың бірі 

бола отырып, «Евровидение–2013»-ң 

құлашын барынша кең жаюы үшін өз 

халықаралық тәжірибемізді, жергілікті 

ерекшеліктерді терең түсінуімізді, 

технологиялық шеберлігіміз бен 

білімімізді қолдануға тырысамыз, ал 

көрермендер-ең жақсы сандық тәжірибе 

болмақ».

жаңалықтары

TeliaSonera — «Евровидение–2013»-ң

басты әріптесі

қ а з а н   —   же л т о қс а н   /   № 4  [2 4 ]



6

7

13

Welcome,

Kcell


«Эк

сперт Қ

азақ

стан» ж

урналында ж

арияланған, 24.12.2012

Татьяна Батищева



2012 жылдың 13 желтоқсанында 

Қазақстан 

қор биржасында (KASE) Қазақстандағы ұялы байла-

ныс нарығының көшбасшысы — Kcell компаниясы 

акцияларының қайталама сауда-саттығы ашылды. 

Бағалы қағаз шығарушы мекеме үшін бұл сауда-

саттықтың маңызы зор еді. Нарықтың қайта ашы-

луымен акцияларға еркін баға белгілене бастады. 

Енді, акциялардың бағасын нарық белгілегендіктен, 

бірінші орналастырудағы бағалардың ауқымы 

қаншалықты әділ және үйлесімді болғаны белгілі 

болды. Инвесторлар акцияларды орналасты-

ру бағасы бойынша сатып алған кезде нарық 

бағасы мен орналастыру бағасы арасындағы 

айырмашылықтан табыс табуға үміттенеді. 

Kcell-дің бастамасы сәтті өтті. Бірінші 

франкфурттық аукцион бір акция үшін 1700 теңгеден 

басталып, кейін ойын барысында жоғарылап, келесі 

Франкфурт бағасы 1712 теңге деңгейінде тіркелді. 

Нәтижесінде, Қазақстандағы сауда-саттықтың 

бірінші күні инвесторлар үшін табысты өтті — акция 

бағасының ең жоғарғы мәні 1770 теңгеге жетсе, ал 

соңғы мәміле 1760 теңге деңгейінде жабылды.

Бағалау дұрыс жүргізілді

Бізге белгілі болып отырғандай, Kcell желтоқсанның 

басында әлемдік IPO шеңберінде қазақстандық және 

шетелдік инвесторларға жай акцияларының 25% 

ұсынды. Лондон мен Алматыда бірдей талаптармен 

50 млн дана акция ұсынылды. Әлемдік депозитарлық 

қолхаттарды ұсынудың баға ауқымы бір қолхат 

үшін 10,5-тен 13 АҚШ долларына дейінгі аралықта 

белгіленді (Бір акцияға қатысты құқықтарды бір 

GDR куәландырады

). 


Акцияларға деген сұраныс айтарлықтай жоғары 

болды. Kcell-дің жай акцияларының Қазақстандағы 

сатылымы мен Лондондық қор биржасында 

әлемдік депозитарлық қолхаттарды ұсыну қатар 

өтті. KASE-де 30 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі 

аралықта акциялар жазылу тәсілімен сатылды 

және 2012 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 

мамандандырылған сауда-саттықтар жүргізілді. 

Екі жағдайда да есеп айырысу 12 желтоқсан күні 

жүргізілді.

Биржаның сауда желісіне жазылу барысында 

инвесторлар 6,3 млрд теңге сомасын құрайтын 

213 арыз берді. Жазылу нәтижесі бойынша бағалы 

қағаз шығарушы мекеме 2,2 млрд теңге сомасында 

209 мәміле жасап, акция сатылымының бағасын 1 

578,68 теңге деңгейінде белгіледі (бір акция үшін 10,5 



доллар

).

талдау

Мамандандырылған сауда-саттыққа сұраныс 

ұсынысқа қарағанда айтарлықтай жоғары болды. 

Сауда-саттық кезінде 3,5 млн акцияны сатып алуға 

101 өтінім қатысты. Инвесторлардың бір акция үшін 

ұсынған баға ауқымы 1 577,10-нан 2 300 теңгеге 

дейін немесе орта есеппен өлшенген құн бойынша 

1 678,55 теңгені құрады. Сауда-саттық нәтижелері 

бойынша бағалы қағаз шығарушы мекеме 3,3 млн 

акцияны сатып алуға 5,2 млрд теңгелік сұранысты 

қанағаттандырды, кесілген баға бір акция үшін 

1 578,68 теңгені құрады. Бағалы қағаздардың 

Орталық депозитарийінің мәліметтері бойын-

ша мамандандырылған саудалар мен жазылулар 

нәтижесінде жасалған мәмілелердің барлығы орын-

далды. 

Kcell биржаға жол ашты

Қайталама сауда-саттықтың ашылу салтанатында 

сөз кезегін алған Kcell компаниясының бас атқарушы 

директоры Вейсел Арал компания үшін бұның 

маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Kcell 

акцияларының инвестициялық тартымдылығының 

жоғары екендігін баса айтты, себебі, мұнда 

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының 

қомақты үлесі, сонымен қатар, елдегі маңызды 

макроэкономикалық жағдай, компанияның табыс-

ты қаржылық қызметі «қапталған», адам басына 

санағанда ЖІӨ және халық саны да жыл санап өсуде, 

осының өзі ұялы оператор бизнесінің гүлденуіне 

әбден жеткілікті.

«Қазақстанның жоғары инвестициялық 

рейтингі Kcell акцияларына тартымдылық қосып 

тұр. Жақында ғана Standard&Poor's агенттігі 

Қазақстанның рейтингін Ресей Федерациясының 

тәуелсіз рейтингінен де жоғары ВВВ+ деңгейіне 

дейін көтерді және инвесторларға қазақстандық 

компанияларды айтарлықтай жоғары бағалауға 

мүмкіндік береді», — деп есептейді Арал мырза.

Оның пікірінше, еуропалық TeliaSonera ұялы 

операторының Kcell-дің сенімді акционері болуы 

инвесторлар үшін аса маңызды. «Біз TeliaSonera 

бизнесінің тиімділік тәжірибесін қабылдаудамыз, 

атап айтқанда, шығындарды оңтайландыру және 

корпоративті басқарудың үздік тәжірибелерін 

енгізу»,- деп есептейді Kcell-дің бас атқарушы дирек-

торы.


Өз кезегінде, KASE президенті Қадыржан 

Дамитов, Kcell акцияларының қайталама сауда-

саттығының Алматыда ашылуы Қазақстандық 

қор биржасы үшін маңызы зор екендігін атап өтті. 

Бұл қадам, KASE-нің бірнеше алаңдарда орналастырылатын 

акциялардың листингіне заңды және техникалық дайындығын 

көрсетіп, басқа компанияларға биржаға жол ашады. 

«Қазақстан қор биржасындағы Kcell акцияларының листингі 

отандық қор нарығына және Қазақстанның инвестициялық 

тартымдылығын арттыруға салмақты үлес қосады», — деді 

Дамитов мырза. 

2008 жылға дейін, яғни дүниежүзілік қаржы 

дағдарысынан бұрын, ондаған қазақстандық компаниялардың 

IPO мақсатымен халықаралық алаңдарға шыққандығы туралы 

атап айтқымыз келеді. Қаржы нарығының турбуленттілігі 

артқаннан кейін, қазақстандық компаниялар халықаралық са-

лымдар жасаған жоқ. Kcell, соңғы алты жыл ішінде Лондондық 

биржада IPO-ны жүзеге асырған алғашқы қазақстандық 

компания болды. Kcell IPO-сының ерекшелігі — экономиканың 

шикізат секторына жатпайтын, компанияның алғашқы 

нарықтық салымы болып табылады. 

Kcell-дің ЖДҚ-ң және акцияларының негізгі өтімділігі 

Лондонда орналасқанына қарамастан «Halyk Finance» АҚ 

басқармасының мүшесі Арнат Абжанов Kcell-дің Қазақстандағы 

орналастыруларын отандық қор нарығын дамыту жолындағы 

нағыз жетістік деп есептейді. «Kcell секілді инвестициялық 

сапасы жоғары компаниялардың биржаға шығуы үшін барлық 

шараларды қолдану қажет, — деп есептейді қор нарығына 

қатысушы. — Бүгінгі таңда, отандық инвесторларға түсінікті 

және жоғары сапалы құралдардың айқын жетіспеушілігі 

орын алғандықтан, Қазақстанда мықты инвесторлық база 

құрылған, — негізінен, бұл институционалды инвесторлар. 

Kcell — бұл, өз кезегінде күшті, мөлдір, түсінікті және табыс-

ты бизнес-үлгімен қорғалатын, өте тартымды дивидендті 

саясаты мен мінсіз дивидендтік тарихы бар құралдың тап 

өзі. Қазақстандықтардың көпшілігі компания қызметтерін 

күнделікті пайдалануда. Мен, Kcell-дің қор нарығына 

сәтті шығуы мен дайындығына «Halyk Finance» АҚ-ң көп 

жағдайларда белсенді қатысқандығын мақтан тұтамын және 

Kcell — бұл халықаралық және отандық нарыққа қалай шығу 

керектігі мен оның дамуына қалай толық қолдау көрсету 

керектігін көрсетіп қана қоймай, біздің қазақстандық компа-

ниялар үшін, оған қоса әлемдегі барлық әлеуетті бағалы қағаз 

шығарушы компаниялар үшін де мінсіз өнегелі үлгі болып 

отыр деп есептеймін».

Бизнестің өркендеуі

Бағаның жақсы бастамасы, сарапшыларға, түрлі санаттағы 

инвесторлар үшін Kcell акцияларының тартымдылығы 

жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Тұрақты табыс пен зор 

дивидендті саясатына байланысты телекоммуникациялық 

сектор кәсіби инвесторлар арасында көптен бері танымал. 

Қазақстандық ұялы байланыс нарығы дамуының әлі бастапқы 

деңгейде болуы, отандық компанияларды басқа да ұқсас 

дамушы нарықтардағы компаниялармен салыстырғанда 

ерекше тартымды етеді. Инвесторлардың қазақстандық 

салаларға қызығушылығы арта түседі, себебі, Kcell акцияла-

ры қоржынды әртараптандыру үшін жақсы мүмкіндік береді. 

Тамаша операциялық нәтижелер, салыстырмалы төмен 

борыштық жүктемелер және шығындарды тиімді басқару 

Kcell акцияларының тартымдылығын қамтамасыз етуде. Kcell, 

сақталып тұрған мықты бәсекелестікке қарамастан, мобильді 

бизнес нарығының мәліметтерді беру секторы мен Интер-

нетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну секторын да жетілдіруді 

жалғастыру үстінде. Соңғы үш жылдағы компанияның 

шоғырландырылған табысы жылдық салыстыру бой-

ынша 2009 жылғы 130 млрд теңгеден 2011 жылы 178,7 

млрд теңгеге дейін артты. Ал, таза пайдасы, сәйкесінше, 

43,1 млрд теңгеден 66,8 млрд теңгеге дейін артты. 2012 

жылдың тоғыз айында компания 133,1 млрд теңге 

табыс тапты, ал, пайда 46 млрд теңгені құрады. Ұлттық 

экономиканың оңтайлы дамуы мен халық табысының 

ұлғаюы арқасында жаңа абонеттердің қосылуы Kcell 

бизнесінің әрі қарай гүлденуіне себепкер болады. Ком-

пания заманауи байланыс қызметтерінеғ яни қосымша 

жоғары құны бар мобильді байланысқа, Интернетке, 

мәліметтерді беруге ерекше көңіл бөледі. 

Kcell-дің мықты инфрақұрылымы — жекеменшік 

желісі, кең дистрибуциясы және кәсіби менеджменті — 

Kcell-дің айтарлықтай мықты бәсекелестік ұстанымын 

қамтамасыз етеді.

«Біз инвесторлардан кері байланыс ретінде алған ең 

қызықты ескерту- бұл біздің менеджентіміздің жоғары 

кәсіби деңгейіне тамсану болды. Кездесуге келген 

инвесторлардың Қазақстанға салым салуды бастапқыда 

жоспарламағаны секілді сезім менде бірнеше рет пайда 

болды, алайда, Kcell менеджментінің жоғары кәсіби деңгейі 

туралы көп естіп, кездескісі келгендей болып көрінді. 

Нәтижесінде, біз олардан салым туралы айтарлықтай 

маңызды мәлімдемелер қабылдадық»,- деп атап өтті Вей-

сел Арал.

Инвесторлардың адалдығын арттыру үшін Kcell-ң 

директорлар кеңесіне халықаралық қаржы нарығында 

беделді абыройға ие тәуелсіз директорлар кірді. Қазір ди-

ректорлар кеңесіне 6 адам кіреді, оның ішінде 2 директор 

тәуелсіз мәртебеге ие және солардың біреуі — Иан Эрик 

Рудберг директорлар кеңесін басқарады. «Инвесторлар 

Kcell –де қабылданған корпоративті басқару стандарттары 

TeliaSonera-да да бар екенін естігенде, бұл компаниямызға 

деген сенім деңгейін артыра түсті», — деп атап өтті Вейсел 

Арал.

Акциялары Лондондық қор биржасында айналымда 



жүрген шетелдік телекоммуникациялық компаниялар 

тізімінде Kcell түсінікті құрылымымен және тартымды 

инвестициялық тарихымен көзге түседі. Қазақстандық 

компанияның қаржы және өндірістік көрсеткіштері жақсы, 

бизнесі тиімді және дивидендтік саясаты тартымды. 

Атап айтқанда, компания қабылдаған жаңа дивидендтік 

саясатқа сәйкес, таза табысының кемінде 70% жыл сайын 

дивидендтерді өтеуге жіберіп тұруды жоспарлауда.

Kcell-дің биржаға шығуы, батыстық инвесторларды 

Қазақстан экономикасын диверсификациялауды ұғыну 

тұрғысынан қызықтырып отыр. Олар, күшті әрі мықты 

қаржылық компаниялардың арасында тек өндіруші 

компаниялар мен банктер ғана емес, сонымен қатар, 

телекоммуникациялық компаниялардың да бар екендігін 

түсініп отыр.

Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан 

нарықтардың бірі. Kcell секілді серпінді даму үстіндегі 

және инновациялық компаниялардың акциялар листингі 

елдің инвестициялық беделін нығайта түсуде. Шикізат 

өндірумен айналыспайтын компаниялар жергілікті қор 

нарығында ерекше рөл атқаруы тиіс. Инвесторлар жоғары 

табыстылық пен сапалы диверсификацияны сағынуда. ●

Инвесторлар ұялы 

оператордың 

акцияларын 

үлкен сеніммен 

қарсы алды: 

қайталама нарықта 

қағаздар лезде 

қымбаттады және 

бақылаушылардың 

бағалауы 

бойынша, Kcell 

акцияларының өсу 

мүмкіндігі жоғары

қ а з а н   —   же л т о қс а н   /   № 4  [2 4 ]



Kcell акциялары 

көз алдымызда өсіп 

жатыр!

Сауда-саттықтың ашылу салтанатына 



дейін санаулы минуттар ғана қалды

Жарыс


басталды!

Сауда-саттық 

ашылды!

Kcell-ң табысты IPO 



командасы

KASE Президенті 

Кадыржан Дамитов 

Қазақстан қор 

биржасында акцияларды 

орналастырудың 

маңыздылығы туралы 

айтады


СЕО Kcell Вейсел Арал: «Компания Қазақстанның 

қаржы нарығын қолдауға және жергілікті 

инвесторларды тартуға мүдделі»

8



  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал